SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  33
Télécharger pour lire hors ligne
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ
СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ
ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ
АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Астана, 2014
КІРІСПЕ
БҰЛ НҰСҚАУЛЫҚ «ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ШЕҢБЕРІНДЕ АРДАГЕРЛЕР МЕН ВОЛОНТЕРЛЕР ӘЛЕУЕТІН БІРІКТІРУ
ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІН ӨТКІЗУ» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ
ҚОЛДАУЫМЕН ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІМЕН ДАЙЫНДАЛДЫ.
Н ҰС Қ АУЛ Ы ҚТА В ОЛ О Н Т Е РЛ Е Р М Е Н В ОЛ О Н Т Е РЛ І К ТУ РАЛ Ы Ж АЛ П Ы
ҰҒЫМДАРҒА, ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ ҰСЫНЫЛҒАН.
ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ,
ВОЛОНТЕРЛЕРДІҢ АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ Т.Б.ҚАРАСТЫРЫЛҒАН.
НҰСҚАУЛЫҚ ҚАРТ АДАМДАРМЕН, АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ,ВОЛОНТЕРЛІК ЖӘНЕ АРДАГЕРЛІК ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
Волонтерлер мен волонтерлік туралы ………………………………………………………....................... 4
Волонтерлер деген кімдер? ………………………………………………………………………………………. 4
Неге адамдар волонтер болуға шешім қабылдайды? ...………………………………………………. 6
Волонтерлік тарихы: әлемде және Қазақстанда ………………………………………………………… 8
Қазақстан Республикасында волонтерлік қозғалыстың қалыптасуы ...................................... 11
Қазақстанда волонтерлік қозғалысты дамытудың құқықтық негіздері мен негізгі
қағидаттары ……………………………………………………………………………………………………………… 12
Кім волонтер бола алады …………………………………………………………………………………………... 13
Волонтерлік қағидаттары …………………………………………………………………………………………... 14
Волонтерлердің өсиеттері …………………………………………………………………………………………. 14
Волонтерлер қызметінің қағидалары ………………………………………………………………………… 14
Волонтерлер қандай салаларда жұмыс істей алады ……………………………………...…………… 15
Волонтерлердің жұмысы қанша уақытқа созылады? ………………………………………………….. 17
Волонтерлер үшін пайдалы ақпарат ………………………………………………………………………….. 18
Қарт адамдар туралы қамқорлық – басымдылықта. Ардагерлермен қалай жұмыс
істеу керек ………………………………………………………………………………………………………………… 19
Дереккөздер мен әдебиеттер тізімі …………………………………………………………………………… 21
Глоссарий ………………………………………………………….………………………………………………………. 22
Қосымша деректер ……………………………………………………………………………………………………. 24
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
4
ВОЛОНТЕРЛЕР ДЕГЕН КІМДЕР?
«Волонтер» – мақтанышпен естіледі! Бірақ барлығы волонтер кім екенін білмейді. Егер,
сөздіктерге көз салсақ, онда француз тілінен, волонтер – бұл әртүрлі әлеуметтік-маңызды
науқандарға риясыз қатысатын ерікті-адам: қажетті ақпаратты тарату, қоғамдық
акцияларды дайындау және өткізу, жақындарға көмектесу және т.б. Яғни, волонтерлер
ақысыз жұмыс істеп, білімімен және тәжірибесімен бөлісе отырып, социумның дамуына
өзінің қолдан келерлік үлесін қосады.
Оның орнына волонтерлер жаңа білімдерді, жаңа таныстарды, әртүрлі адамдармен
қарым-қатынастарды алады. Волонтерлер алатын ең басты нәрсе – бұл қоғамдағы
өздерінің пайдалылық сезімі, елеулі көмек көрсетілген адамдардың алғысы мен
ризашылығы. Осының арқасында, волонтерлер өз елінің игілігі үшін мүлдем тегін еңбек
етеді.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
5
Әлемнің көптеген елдерінде көптеген волонтерлік ұйымдар бар. Волонтерлер мен
волонтерлік ұйымдар Қазақстанда да бар, әрі, жылдан жылға жасампаз бастамалар
көбеюде. Оның үстіне волонтерлік лагерлер мен интернационалдық топтар құрылуда.
Өйткені, волонтерліктің басты идеясы – әлем идеяларын, ұлтаралық достық пен
түсіністікті тарату үшін жоба шеңберінде әртүрлі елдердің адамдарын біріктіру.
Волонтерлік қызмет – бұл кең жұртшылықтың игілігіне өз еркімен жүзеге асырылатын
өзара көмек пен өзіне өзі көмек көрсетудің дәстүрлі түрлерін, қызметтерді ресми ұсыну
және азаматтық қатысудың басқа да түрлерін енгізетін қызметтің кең шеңбері, әрі,
ақшалай сыйақы басты себеп болып табылмайды. Солай бола тұра, осы қызметке
волонтерлер аптасына алты сағатқа дейін жұмсауы мүмкін.
Волонтерлер - тек альтруисттер ғана емес, олар тәжірибе, арнайы дағдылар мен
білімдерді жинау, жеке байланыстарды орнату үшін жұмыс істейді. Көбінесе, волонтерлік
қызмет – бұл төленетін жұмысқа тура жол, мұнда үнемі өзін жақсы жағынан көрсетіп,
таныту, қызметтің әртүрлі салаларында өзін байқап көру және өмірлік жолын таңдау
мүмкіндігі бар.
ҮЕҰ (үкіметтік емес, бейкоммерциялық ұйымдар) үшін волонтерлік – тек еңбек ресурсы
ғана емес, бұл кадрлар ұстаханасы. Көптеген ұйымдарда адамдар еріктілер ретінде жұмыс
істей бастайды. Әрі қарайғы, оның ішінде, штаттық ынтымақтастық (ақылы негізде) адам
қалай жұмыс істейтініне, ұйымға қалай кіретініне және тұлғаның дамуына ұйымның өзі
қалай жәрдемдесетініне байланысты.
Адам үшін волонтерлік – бұл әлеуметтік тәжірибе жинау, әрі қарай жылжуы мен
мансаптық өсуі үшін мінездеме алу мүмкіндігі, сондай-ақ, бұл бейкоммерциялық
қызметпен танысу және өзін «үшінші секторда» табу мүмкіндігі. Көптеген волонтерлер
уақыт өте келе өздерінің ҮЕҰ құра бастайды, өздерінің авторлық әлеуметтік жобаларын
іске асыра бастайды.
Осыдан басқа, волонтер – қажетті адам. Мамандар, волонтерлік қызметтің болашағы бар
деп сендіреді. Волонтерлік адамға өз өмірін «бұзбай», оны өте маңызды бөлікпен
толықтыруға мүмкіндік береді – орын алғаны үшін жеке азаматтық жауапкершілік сезімін
іске асыру.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
6
Волонтерлік қызмет себептерінің ішінде қоғамдық себептерді (өзіне, әріптестерге, өз
еңбегінің нәтижелеріне деген жоғары талап етушілік, жауапкершілік, борыш, патриотизм,
аяушылық және т.б. сезімі), танымдық себептерді, прагматикалық себептерді, сыртқы
белгілердің өсуін, еліктеу себептерін бөліп шығаруға болады.
Еріктілік қызметінің негізгі себептері:
Жеке басының әлеуетін іске асыру. Жеке басының әлеуетін іске асыру, өз қабілеттері мен
мүмкіндіктерін көрсету, адамгершілікті жүзеге асыру әлеуметтік маңызды қызметте
адамның қатысуының жетекші себептері болуы керек. Осы себептерді қолдаудағы
маңызды рөл адамның өзінің ішкі әлеуетін сезінуге, жеке миссияны анықтауға, өмірлік
жолды таңдауға жатады.
Қоғамдық тану, әлеуметтік маңыздылық сезімі. Адам үшін қоршағандар жағынан өз
қызметінің жағымды жәрдемін алу, өзінің орнығуы, жалпыға пайдалы іске өзінің қатысын
сезіну маңызды. Осы себептің негізі – адамның жоғары өзін-өзі бағалауы мен
қоршағандар жағынан бағалаудағы қажеттілігінде. Осындай баға, адам өз қызметінің
мақсаты мен міндеттерін, тұлғалық өсуінің бағытын таңдаған кезде маңызды рөл ойнайды.
Өз ойын білдіру және өзін-өзі анықтау. Өзін көрсету, өзінің өмірлік ұстанымын білдіру,
қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде өз орнын табу мүмкіндігі. Адамның өзінің
даралығын, өзінің ішкі әлемінің бірегейлігі мен өз даралығына сәйкес қоғамдағы рөлін
орындау ықыласын сезіну – өз ойын білдіру мен өзін-өзі анықтаудың негізі.
Кәсіби бағдарлау. Еріктілік қызмет адамға, әсіресе, жас адамға әртүрлі кәсіби қызметтің
түрлерін жақсы білуге, болжалды мамандық туралы нақты түсінік алуға немесе кәсіби
дайындық бағытын таңдауға мүмкіндік береді.
Пайдалы әлеуметтік және тәжірибелік дағдыларды алу. Волонтерлік қызмет адамның
кәсіби таңдауына тікелей қатысы жоқ, бірақ өмір үшін маңызды дағдыларды алуға
мүмкіндік береді. Оларға компьютермен, әртүрлі техника түрлерімен жұмыс істеу
дағдыларын, құрылыс дағдыларын, жеке тұлға аралық өзара әрекеттесу тәжірибесін
жатқызуға болады. Қоршаған ортаны қызметтік және әлеуметтік игерудегі, адамға қоғам
ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдаланудағы қажеттілік – қазіргі адамның маңызды
қажеттіліктерінің бірі. Еріктілік қызмет келесідей әлеуметтік дағдыларды дамытуға
көмектесу керек:
жауапты өзара әрекеттесу тәжірибесі;
көшбасшылық дағдылар;
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
7
орындаушылық тәртіп;
құқықтар мен мүдделерді қорғау;
өкілеттікті табыстау;
жігерлілік.
Пікірлестермен тілдесу, өзара әрекеттесу мүмкіндігі. Еріктілік қызмет пікірлестерді, өзіне
маңызды қарым-қатынас жасау ортаны және достық өзара әрекеттесуде қолдау табуға
мүмкіндік береді. Терең адами қажеттіліктердің бірі – қарым-қатынасқа және өзара
әрекеттесуге ұмтылу, жеке тұлғалық маңызды әлеуметтік қатынасқа қабылдану және
тартылу қажеттілігі. Қызметті ерікті таңдау, оның әлеуметтік бағыттылығы адамдарға
пікірлестерді табуға, олармен достық қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік береді.
Еріктілік қызмет адамдарға бірлескен өзара әрекеттесу мүмкіндігін ұсынуы тиіс.
Жауапты көшбасшылық және әлеуметтік өзара әрекеттесу тәжірибесін алу. Еріктілік
қызмет жас адамға өзара әрекеттесудің әртүрлі үлгілерінде өзін көрсету мүмкіндігін, әрі
қарайғы өмірі, жауапты көшбасшылығы мен орындаушылық қызметі үшін қажетті
дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Жауапты өзара әрекеттесу тәжірибесін алудағы
қажеттілік саналы әлеуметтік қажеттілік болып табылады.
Қоғамдық және діни борышты орындау. Әлеуметтік еріктілік қызмет адамның табиғи
қажеттілігі, оның тағдыры болып табылады. Бұл қажеттілік діни және этикалық борышты
ұғынудан шығады және жеке тұлғаның жоғары дамуын айғақтайды.
Бос уақытты ұйымдастыру. Еріктілік қызметке қатысудың маңызды себебі өзінің бос
уақытын ұйымдастыру болып табылады. Сонымен бірге, бос уақытты ұйымдастыру
еріктілік қызметке қатысу үшін жетекші себеп бола алмайды.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
8
Бүгінгі күні волонтерлік қозғалыс жаңа көрініс алуда. Волонтерлік ұйымдар әлемнің 80
елдерінде бар. Осы елдердің үкіметтері шынында ғаламдық сипат алған волонтерлік
қозғалысқа қолдау көрсетуде. Халықаралық волонтерлік ұйымдар жұмыс істеуде. 1990
жылғы 14 қыркүйекте Париждегі Бүкіләлемдік еріктілік күш салудың халықаралық
қауымдастығының ХІ конференциясында Волонтерлердің жалпыға бірдей декларациясы
қабылданды. Декларациядағы волонтерлік келесідей анықталады: «өмір сапасын, жеке
жетілуді және тілектестікті тереңдетуді жақсартуға көмектесетін жеке көзқарастар
мен ұстанымдарды көрсететін еріктілік таңдау, әдетте, әртүрлі әлеуметтік маңызды
жобалар шеңберінде бірлескен қызметте көрінеді, әділ және бейбіт жолды құруда негізгі
адами қажеттіліктерді іске асыруға, теңдестірілген экономикалық және әлеуметтік
дамуға, жаңа жұмыс орындары мен жаңа мамандықтарды құруға көмектеседі».
Волонтерлік жалпы, қоғаммен қатар, әрбір жеке еріктіге де пайдасын тигізеді. Ол қоғамға
экономикалық, сонымен қатар, әлеуметтік пайда әкеледі. Волонтерлік қызмет азаматтар
арасында сенім мен өзара әрекеттесуді тәрбиелей отырып, қоғамның бірігуіне
көмектеседі.
Волонтерлік тарихын бақылау айтарлықтай қиын. Қоғамда, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі
кемелдендіру, басқа адамдармен байланысу және тілдесу арқылы басқалардың игілігі
үшін еңбектенетін адамдар әрдайым табылатын.
Жақынға деген ақысыз көмек әрқашан болған. Грецияда – бұл кедей азаматтарды
емдеген және тырысқақ пен оба індетінің алдын алуын өткізген саяхатшы-дәрігерлер.
Ежелгі Русьте «жетімдер мен кемтарларға» қайырымдылық танымал болған. Шығыс
елдерінде филантропия нышандары пайда болған. Осының барлығында біз волонтерліктің
болашақ үлгілерін көреміз.
Бастапқыда «волонтер» сөзі латынның «voluntarius» («ерікті» немесе «тілеуші») деген
сөзінен шыққан. Орыс тілінде оны француздың «volontaire» кірме сөзі деп есептейді, бұл
әскери қызметке өз еркімен түскен тұлға дегенді білдіреді.
1792 жылғы Ұлы француз төңкерісіне дейін корольдық армияның құрамына тек
жалданушылар ғана кірген. Француз Коммунасы оның ыдырауының себебі болды. Бірақ,
тез арада Францияға әскерилер керек болды – мемлекет шекарасына австрия әскерлері
жақындады. Нәтижесінде, ерлер өз еркімен отан қорғаушылар қатарларына жазылды. Дәл
сол кезде сөз қолданысқа кірді. Өз қалауымен әскери киім киген шаруалар, жұмысшылар
мен қолөнершілер волонтерлер болып атала басталды. Қызықтысы, солдаттар әскери
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
9
командирді өздері таңдаған. Ал наразылық болған жағдайда жұмыстан босату
мүмкіндігіне ие болды.
Әскер жинаудың осындай тәжірибесі көптеген еуропа елдеріне тән, атап айтқанда,
Испанияда, Италияда, Ұлыбританияда және Австро-Венгрияда. Бірінші дүниежүзілік
соғысына дейін (1914 - 1918 жж.) волонтерлік Ұлыбританияда әскерлерді құрудың жалғыз
тәсілі болған. Австро-Венгрия мен Италия сияқты елдерде волонтерлік батальондар мен
полктар тұрақты армияның құрамына кірген. ХІХ ғасырдың екінші жартысында армия
құрудың осындай тәсілі өз қажеттілігін жоғалтты.
Қазіргі түсініктегі алғашқы волонтерлік жоба Бірінші дүниежүзілік соғыспен қиратылған
Верден (Франция) жанындағы фермаларды қалпына келтіру болды. Неміс және француз
жастары – волонтерлік пионерлері жасаған жұмыстары үшін бір тиын алған жоқ, бірақ,
тұрумен, тамақтанумен және медициналық сақтандырумен қамтамасыз етілген. Атап
өтерлігі, волонтерлік еңбектің осындай жағдайлары қазіргі күні де өзекті.
Русьта, ал одан кейін Кеңес Одағында волонтерлік мейірбикелер қызметі, тимур және
пионер қозғалыстары, табиғат пен ескерткіштерді қорғаудың әртүрлі қоғамдары түрінде
болған, өткізілетін сенбіліктер де волонтерлік қызмет деп есептелген.
АҚШ-та волонтерлік қызметтің шыңы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына келді (оған 3
миллионға жуық жас адам қатысты). «Civilian Conservation Corps» волонтерлік ұйымы
жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты сақтау бойынша маңызды жұмысты
орындау үшін президент Франклин Рузвельтпен құрылды.
Волонтерлік халықаралық деңгейде де орынға ие: бұл әртүрлі бағдарламалар,
халықаралық ұйымдар.
Мысалы, Канадалық «Help the Aged» (Қарттарға көмектес) атты бағдарламасы бар, ол
әлемнің 11 елінде іске асырылады, оның ішінде Канада, Конго, Индия, Гаити, Кения, Шри-
Ланка, Филиппины, Гана, Гаити, Ямайка және т.б. Дамыған елдер дамып жатқан елдерге
көмек көрсетеді.
Құтқару армиясы, Қызыл Крест, БҰҰ волонтерлері, International Association for Volunteer
Effort (Еріктілік күш салудың халықаралық қауымдастығы) ең ірі халықаралық ұйымдар
болып есептеледі, оларға әлемнің 90 елдері кіреді.
Әлемдегі ең белігілі халықаралық волонтерлік ұйымдар:
• UNV (United Nations Volunteers) – тікелей БҰҰ-ға бағынатын волонтерлік ұйым;
• SCI (Service Civil International) – 1920 жылы құрылған халықаралық волонтерлік
ұйым, бүкіл әлем бойынша 33 бөлімшесі бар;
• CCIVS (Coordinating Committee for International Voluntary Service) – ЮНЕСКО
қамқорлығымен 1948 жылы құрылған халықаралық волонтерлік ұйымдардың үйлестіру
комитеті;
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
10
• Еуропалық волонтерлік ұйымдардың альянсы (Alliance of European Voluntary
Service Organizations) 1982 жылдан бастап жұмыс істейді.
• IAVE (International Association for Volunteer Effort) – Волонтерлік күш салудың
халықаралық қауымдастығы;
• AVSO (Association of Voluntary Service Organisation) – Волонтерлік ұйымдардың
қауымдастығы;
• YAP (Youth Action for Peace);
• ICYE (International Cultural Youth Exchange).
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
11
Қазақстанда «волонтерлік» немесе «еріктілік» ұғымының өз тарихы бар. Волонтерлік
дәстүрлердің қазақ қоғамында терең тарихи тамырлары бар. Олардың негізін топтық
көмектің әртүрлі түрлері құрады, ең алдымен «асар», яғни көшпенділердің дәстүрлі
әлеуметтік ұйымының қойнауында қалыптасқан, өздерінің туған-туысқандарына
материалдық қолдау мен еңбекті жәрдемдесу. Қазақ қоғамының өмірін экономикалық
және әлеуметтік-мәдени жаңғырту үрдісінің әсерінен волонтерлік уақыт өте келе бірте-
бірте дамыды. Қазақстанда бірнеше ғасыр бойы әлеуметтік көмектің негізігі түрі
қайырымдылық болды. Негізінде, қамтамасыз етілген адамдардың қайырымдылығы
мектептер мен мешіттерге бағытталды. Рулық қарым-қатынастар рудың әрбір мүшесі
туралы қайырымдылықты көздеді, себебі, көшпелі тұрмыс, өмір сүрудің ауыр жағдайы
жеке адамға жекелей қалуға мүмкіндік берген жоқ.
Кеңестік кезеңде КСРО құрамына кірген барлық республикалардағыдай Қазақстандағы
қайырымдылық пен волонтерлікке билік деңгейінде ынтагерлік пен қолдау көрсетілді –
бұл еріктілік сенбіліктер, құрылыстар, «тимур отрядтары», мейірбикелер, комсомолдық-
пионерлік-қазан бастамалар.
Егеменді мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасуы кезеңінде волонтерлік бастамалар
өте өзекті болды. Әртүрлі бағыттағы волонтерлік акцияларға жастарды тарта отырып,
оларға шетелдік қорлармен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қолдау
көрсетілді. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанда шетелден волонтерлерді тартқан
халықаралық волонтерлік ұйымдардың бірқатары пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың
Бейбітшілік корпусының бағдарламасы 1993 – 2011 жылдар аралығында Қазақстанда
жүзеге асырылды, 1993 жылдан бастап БҰҰ еріктілерінің (UNV) бағдарламасы, 1999
жылдан бастап Шетел волонтерлік қызметі (VSO) жұмыс істей бастады. Тәуелсіздік
жылдары Қазақстанның көптеген қалаларында шетел тілін оқыту, үмітсіз науқастарға
медициналық көмек көрсету, физикалық және психикалық ауытқулары бар балаларды
оңалту, әйелдер көшбасшылығын дамыту және т.б. бағыттарда осы халықаралық
ұйымдардың мыңдаған волонтерлері жұмыс істеді. Тоқсаныншы жылдардың соңында
республикада волонтерлікті көпшілікке таратуға, волонтерлік жобаларды іске асыруға
және волонтерлік іс-шараларды ұйымдастыруға маманданған отандық ҮЕҰ пайда болды,
бірақ қазіргі күні волонтерлік қозғалысты бұқаралық ету үшін олардың саны өте аз. 2010
жылы Қазақстанда азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті республикалық қоғамдық
бейресми бірлестігі ретінде Ұлттық волонтерлік желісі (НВС) пайда болды. 2012 жылғы 23
қыркүйекте НВС «Ұлттық волонтерлік желісі» қауымдастығы түрінде ЗТБ ретінде ресми
түрде тіркелді. НВС волонтерлікті азаматтық секторды дамытудың базалық факторы
ретінде қарастырады, себебі, әлемдік тәжірибе волонтерліксіз азаматтық қоғам жоқ
екенін көрсетеді. БҰҰ еріктілерінің бағдарламасы ұзақ мерзімді серіктес болып табылады.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
12
Қазіргі уақытта Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың негізгі тасымалдаушысы
жергілікті ҮЕҰ болып табылады, бірақ тұрақты негізде волонтерлерді тартатын
ұйымдардың саны өте аз және бұқаралық сипаты жоқ. Бұл халықты ақпараттандырудың,
еріктілік пен қайырымдылық іс-шараларға қатысудың төмен деңгейіне сәйкес келеді
Соңғы жылдары волонтерлер ЕҚЫҰ мүше елдерінің саммиті, Ислам конференциясы, VII
қысқы Азия ойындары және т.б. мемлекеттік маңызды іс-шараларды ұйымдастыру кезінде
белсенді тартылады, бұл Қазақстандағы волонтердің мәртебесіне өте жағымды әсер етті.
1970 жылдан бастап жыл сайын 5 желтоқсан күні әлемнің барлық елдерінде Халықаралық
волонтер күні атап өтіледі. 1985 жылдан БҰҰ-ң Бас Ассамблеясы барлық елдердің
үкіметтеріне экономикалық және әлеуметтік даму үшін 5 желтоқсан күнін Халықаралық
волонтерлер күні ретінде атап өтуді ұсынды. БҰҰ Бас Ассамблеясы үкіметтерді
волонтерлік қызметтердің үлесі туралы хабардарлықты арттыруда жәрдемдесуді және
мұнымен, бұдан да көп адамға түрткі болуға, отанында, сонымен қатар, шетелде
волонтерлер ретінде барлық салаларда өз қызметтерін ұсынуға шақырды. 10 жыл бойы
Қазақстанда волонтерлермен жұмыс істейтін ұйымдар басқа елдермен қатар
Халықаралық волонтерлер күнін атап өтуде. Қазақстан волонтерлері бұл күнді қоғамның
дамуына адамдардың волонтерлік үлесін атап өтудің және бағалаудың, қайырымдылық іс-
шаралар мен волонтерлік акцияларды өткізудің бірегей мүмкіндігі ретінде қарастырады.
• Волонтерлік қызмет негізделген нормативтік-құқықтық база Адам құқытарының
жалпыға бірдей декларациясы болып табылады (1948 жыл);
• Бала құқықтары туралы конвенция (1989 жыл);
• БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен Халықаралық волонтерлік күш салу
қауымдастығының XVI бүкіләлемдік конференциясында қабылданған волонтерлік қызмет
туралы жалпыға бірдей декларациясы (Амстердам, қаңтар, 2001 жыл, Халықаралық
волонтерлер жылы);
• Қазақстан Республикасының Конституциясы;
• Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі;
• «Қазақстан Республикасындағы бейкоммерциялық ұйымдар туралы» ҚР Заңы;
• «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңы;
• «Білім туралы» ҚР Заңы;
• «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
13
Жасына (тәрбие мекемелеріндегілерден басқалары; кәмелетке толу ауруханада жұмыс
істеу үшін керек), біліміне, материалдық мәртебесіне және т.б. қарамастан әрбір адам
волонтер бола алады. Басты шарт – адамдарға көмектесу, ақ жүрек пен бос уақыттың
болуы.
Көбінесе, волонтердің портреті келесідей: өзінің уақыты мен дағдысын еріктілік еңбекке
арнай алатын икемді және жауапты, жас немесе ересек адам. Нәтижесінде, ол көптеген
жағымды әсерлерді, жаңа пікірлес-достарды алады, өз қызметінің нақты жемістерін
көреді, ал кейде өмір мағынасын табады.
Волонтерлік қозғалыс, көбінесе достық қарым-қатынастарға және өзара жәрдемдесуге
негізделеді.
Басқа адамға көмектескісі келетін, басқа адамдарға жай ғана жақсы көңіл-күй сыйлағысы
келетін кез келген мейірімді адам волонтер бола алады.
Қоршаған ортасы, өмір сүретін, оқитын және жұмыс істейтін орны бәрібір емес, бір
нәрсені жақсы жаққа өзгерткісі келетін адам волонтер бола алады.
Жақсылық жасау, басқаларға өзінің жылуын сыйлау және оған қуану үшін өзіндегі күшті
сезетін, адамдарға өзінің жүрегін ашуға дайын адам волонтер бола алады.
Ал тағы, бір орында отыра алмайтын, оқиғалардың қақ ортасында болғысы келетін,
жаңаны оқығысы келетін, өз білімін қайрағысы келетін, кәсіби ортада дағдыларды алғысы
келетін, сондай-ақ, өзін-өзі, өз уақыты мен жағдайды қолда ұстауға үйренгісі келетін,
пайдалы және қарапайым мейірімді таныстарды тапқысы келетін, кез келген оқиға орын
алса, сені қорғауға бүкіл армия тұратынын немесе сенімен бірге қуанатын достар
жаныңда бар екенін білігісі келетін адам да волонтер бола алады!
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
14
ВОЛОНТЕРЛІК ҚАҒИДАТТАРЫ
ЕРІКТІЛІК:
Біз тәулік бойы жұмыс істейміз, бірақ ешқашан ақша алмаймыз;
ТӘУЕЛСІЗДІК:
Бізді корольдер емес, қажеттіліктер жетелейді;
БІРЛІК:
Бізде идеялар көп, бірақ мұрат бір;
ЖАН-ЖАҚТЫЛЫҚ:
Біз ұлттарды құрметтейміз, бірақ көмек көрсету үшін шекаралардан өтеміз;
АДАМГЕРШІЛІК:
Біз жүйелерге емес, адамдарға қызмет етеміз;
АЛАЛЫҚСЫЗДЫҚ:
Біз жазықты және жазықсын құрбандардың қамын ойлаймыз;
БЕЙТАРАПТЫҚ:
Біз бастамаларды аламыз, бірақ ешқашан жақтарды алмаймыз.
ВОЛОНТЕРЛЕРДІҢ ӨСИЕТТЕРІ
1. Волонтердің мәртебесін мақтан тұт. Волонтерлік қызмет айтарлықтай жан байлығын
арттырады.
2. Қоғам үшін кез келген пайдалы қызметте өзіңді аш.
3. Болашақта өзің айналысатын игі істі таңда.
4. Сенің қолдауыңды қажет ететін жанға көмектес.
5. Бүкпесіз жұмыс істе, волонтерлік қызметтің жұмысын тиімдірек етуің туралы жаңа
ойларыңмен басқалармен бөліс.
6. Сенің күшің мен сенің байлығың – сенің денсаулығың мен мейірімділігіңде екенін есте
сақта.
7. Өзіңнің және өзіңнің пікірлестеріңнің мейірімді істерін бағала.
8. Талқылауларға, тренигтерге қатыс және өз ой-өрісіңді кеңейт.
9. Өз мүдделерің мен волонтерлік қозғалыстың міндеттерін есепке ал.
10. Патриотизмді, руханиятты, шығармашылықты, кәсіпқойлықты дамыту мүмкіндіктеріне
өзіңді аш.
11. Өз жақсылығыңды сыйла, оны көбі күтуде.
ВОЛОНТЕРЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ
1. Сен волонтерсің – мейірімділігіңді барлық қоршағандарға көрсет!
2. Сын жаңа идеялардың шығуын іске асырады!
3. Тілдессең – игі іс жаса!
4. Істей алмасаң – үйретеміз!
5. Басқалардың пікірлерін құрметте!
6. Мақсаттарға жетуде мейрімді және табанды бол!
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
15
Волонтерлік қызметтің бағыттары шынында алуан түрлі:
• балалар үйлерін әлеуметтік қамқорлау;
• қарт адамдарды әлеуметтік қамқорлау;
• медициналық көмек (ауруханалардағы мейірімділік қызметтері);
• салауатты өмір салтын насихаттау, темекі тартудың, маскүнемдіктің алдын алу,
нашақорлықты, ЖИТСті, жасөспірімдер қылмыстылығын алдын алуға бағытталған
ағартушылық әңгімелер;
• педагогикалық сүйемелдеу (балалар мен жасөспірімдерді қолдау);
• әлеуметтік-психологиялық және заңгерлік қолдау (жастар психологиялық және
заңгерлік қызметтер, мигранттарға, босқындарға, бұрын қамауда болғандарға және
басқаларға көмек);
• экологиялық қорғау (қоқыс жинау, бұлақтарды, өзендердің жағаларын, саябақтарды,
ЕҚТА тазалау);
• интеллектуалды дамыту (интеллектуалды конкурстарды ұйымдастыру және өткізу);
• спорттық, туристік және әскери дайындық;
• шығармашылық дамыту (шығармашылық іс-шараларды, конкурстарды, мерекелерді);
• сауық қызметі (балалардың, жасөспірімдердің және жастардың бос уақытын
ұйымдастыру);
• әлеуметтік өлкетану;
• еңбек көмегі (еңбек лагерлері мен бригадалар);
• қалпына келтіру жұмыстарындағы көмек;
• жануарларға көмек, хайуанаттар бақтары мен қорықтарға еріктілік көмек;
• қайырымдылық концерттер мен театрлық өнер көрсетулер;
• экскурсиялық қызмет;
• қолөнер шеберханалары (дәстүрлі кәсіптерді жандандырудағы көмек);
• ақпараттық қамтамасыз ету, әлеуметтік жобалардың PR-науқандары;
• интернет-еріктілік және т.б.
Жоғарыда көрсетілген бағыттар еріктілік бірлестіктер мен ұйымдардың әрекеттегі
жобаларына байланысты кеңейе алады.
Тәжірибе көрсеткендей, жастар үшін сауық қызметі (балалардың, жасөспірімдердің және
жастардың бос уақытын ұйымдастыру), әлеуметтіік-психологиялық және заңгерлік қолдау
(жастар психологиялық және заңгерлік қызметтер), экологиялық қорғау, шығармашылық
дамыту (шығармашылық іс-шараларды, конкурстарды, мерекелерді), ақпараттық
қамтамасыз ету, медициналық көмек (ауруханалардағы мейірімділік қызметтері),
жандандыру жұмыстарындағы көмек және т.б. сияқты волонтерлік қызмет түрлері ең
қолайлылары болып табылады.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
16
Сонымен бірге, жас адам үшін көлік-қолайлы аумақта волонтерлік қызмет бағыттарын
таңдау волонтерлік қызметке қатысу себептерімен арақатынаста болуы керек.
Бағыттардан бөлек, волонтерлік қызметтің алуан түрлері бар:
• бір жолғы іс-шаралар мен акциялар, жобалар мен гранттар, мақсатты бағдарламалар;
конференциялар, дөңгелек үстелдер, фестивальдер, конкурстар, лагерлер, қайырымдылық
маусымдар;
• үнемі еңбекті көп керек ететін жұмыс (мысалы, ауруды күтушінің немесе қаланың
көрікті жерлері туралы ақпаратты таратушының міндеттерін орындау).
Сол уақытта, волонтерлік бір орнында тұрмайды. Мысалы, онлайн-волонтерлік сияқты
инновациялық волонтерлік тәжірибелерді дамыту қажет.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
17
Волонтердің жұмысы жиі 1 күннен 5 жылға дейін созылады. Кейбірі 1 рет келіп, одан
кейін мүлдем келмеуі мүмкін. Басқалары 6 айдан 2 жылға дейін жұмыс істейді, алатынын
алып, кетеді, себебі оларда басқа қызығушылықтар, мәселелер мен жаңа үміттер пайда
болады.
3-5 жыл істейтіндер де бар. 3-5 жылдан кейін, өзінің бүкіл бос уақытын ол үшін қызықты
іске арнаған волонтер, кәсіпқой болады және әдеттегідей, ұйымда маман ретінде жұмыс
істей бастайды.
Волонтерлердің кетуі – қайта айналмайтын үрдіс. Біреуге басқа іс қызықтырақ болды,
біреу кетіп қалды, отбасын құрды, жұмыс тапты. Бірақ, волонтер тәжірибесі ізсіз
қалмайды, қайту феномені бар. Өзінен волонтердің ауыртпалығын алып тастаған адам
оқуға, жұмысқа барады, отбасымен айналысады. Бірақ, уақыт өтіп, көбі бірінен соң бірі игі
іске өздерінің күштері мен өз уақытының бөлігін арнап, көмектесуге келеді. Сондықтан,
бастысы, кете отырып, волонтерлер оларды әрдайым күтетінін сезінулері керек.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
18
Мұқтаждарға көмек көрсету туралы ойланғандардың барлығына бірнеше маңызды
ережелер.
1. Өз уақытын бағалау. Күніне/ аптасына/ айына көмекке нақты қанша уақыт бөлуге
дайынсыз. Осыдан көмек көрсету тәсілінің таңдауы байланысты.
2. Өз күшін бағалау. Маңызды және қажетті болып көрінетін істерді бастамас бұрын,
ойлану қажет: сіз бұл істі соңына дейін жеткізе аласыз ба? Таңдалған көмек түрін сапалы
түрде жүзеге асыра аласыз ба? Тоқтап, өз күшіңізді бағалаңыз.
3. Аздан бастау. Бұл өз күшіңізді бағалауға, бірге жұмыс істеуге келетін адамдармен
көрісуге, сізді іс жүзінде көруге нақты мүмкіндік береді.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
19
Қазіргі уақытта, біздің елімізде соғыс ардагерлері өздерін қорғалған болып сезінулері
үшін мемлекет тарыпынан көптеген игі істер жасалуда.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлеуметтік бастамалары
негізінде, барлық мұқтаж жандар - қарттар, ардагерлер және зейнеткерлер туралы
қамқорлық ерекше орында. «Қазақстан – 2050» стратегиясында қоғамның әлеуметтік
осал топтарын – зейнеткерлерді, мүгедектерді, еңбекке жарамсыздарды, науқас
балаларды және т.б. атаулы қолдауға толық жауапкершілік анықталған.
Барлық азаматтар ардагерлердің ерліктерін тек Жеңіс күні ғана емес, үнемі есте
сақтағандарын атап өткен жөн.
Диалог пен ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, қоғамда тілектестікті, патриотизмді,
салт-дәстүрлер мен қарт адамдарға құрметті нығайту – біздің қоғамымыздың дамуы үшін
маңызды міндеттердің бірі. Дәл осы жерде маңызды үлесті волонтерлер қоса алады.
Бүгін көптеген ардагерлік ұйымдар үйден шығуға мүмкіндіктері жоқ адамдарды күту
бойынша көмек көрсету өтінішімен жас адамдарға жүгінеді. Қарапайым адами тілдесуді
айтпағанда, олардың көбіне үйдегі медициналық тексерістен өту үшін көмек көрсету
керек. Шынында, қазіргі уақытта барлық ардагерлер мен соғысқа қатысушылар толығымен
өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерімен қатар, бастауыш, физиологиялық және виталды
қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Ардагерлердің әлеуметтік қорғалуын
қамтамасыз етуде негізгі жан-жақты тәсілді жүзеге асыра отырып, олардың физикалық
өмір сүрулерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар,
әлеуметтік белсенді топ ретінде олардың әлеуетін қолдауға болады. Сонда, социумда,
ардагерлер өздерін қоғамның толық жарамды және талап етілген мүшелері ретінде сезіне
алатын моральдық-психологиялық ахуал пайда болады.
Сол уақытта, осы санатпен әлеуметтік жұмыс істеудің бірқатар ерекшеліктері бар және
белгілі бір өзгешелікке ие.
Ең алдымен, сөз психикалық және физикалық денсаулығының жағдайын, көңіл-күй
ерекшеліктері мен мінез-құлықтың өзгешелігін есепке алатын әлеуметтік жұмыстың
стратегиясы туралы. Істің мәні – ардагерлер айырылу, қайғы және өлім жағдайларына өте
жиі тап болады: өмірден майдандастары, жақындары мен туысқандары кетеді, әлеуметтік
байланыстар мен істер аз қалады. Сондықтан, волонтерлер тек ардагерге ғана емес,
сонымен қатар, оның отбасына, оларды күтетіндерге назар аударулары қажет.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
20
Сондай-ақ, волонтерлер, қарт адамдар мен ардагерлер уайым-қайғы мен түңілуге толы
оқиғаларды әңгімелейтіндеріне кездесулері мүмкін. Іс жүзінде, қарт адамдардың өмірі тек
қайғылы тәжірибеден тұрмайды. Ардагерлер олардың өмірлерінде орын алған көптеген
жағымды оқиғаларды еске алмайды. Оқиғалар олардың кештеу өмірінде көрініс тапқан
жағдайда ғана маңызды болады. Көбіне, бұл әрі қарайғы байланыстарға із қалдырып,
тілдесудің басында орын алады. Бұл жерде келесі қиындық пайда болады. Волонтерлер
кәрі адамнан нені күтуге болатынын, нені тілейтінін біледі (алдыңғы байланыстан кейін). Іс
жүзінде, бұл олай емес, ардагер жақсы, жағымды оқиғаларды әңгімелей алады, бұл үшін
ардагердің өміріндегі жағымды оқиғаларға жарық түсіру үшін өмірбаяндық сұхбаттасу
әдісін қолдану пайдалы.
Бұдан шығатын қорытынды, ардагерлермен жұмыс істеу алғашқыда көрінгендей
соншалықты қарапайым болмайтыны түсінікті болады.
Кез келген жағдайда, қарт адамдармен,
ардагерлермен және Ұлы Отан соғысының
қатысушыларымен тілдескен кезде, ардагер
– есейген, тәжірибелі, көпті көрген, жаңа
тәжірибені меңгеруге қабілетті екенінен
шығу қажет. Осындай тәсіл тамырында
қалпына келуге мұқтаж, немесе әлеуметтік
жүйенің жағымсыз ықпалынан кінәсіз
құрбаны ретінде жарымжан объектілері
ретіндегі егде жастағы адамдарға деген
қарым-қатынастан ерекшеленеді. Және
волонтердің еңбекке деген жағымды
уәждемесі, адамдарға тілектестік қарым-
қатынас, коммуникативтік қабілет, эмпатия,
жүйке-психикалық тұрақтылық, шыдамдылық
сияқты қасиеттері туралы ұмытпау керек.
Оның орнына волонтер көп нәрсе алады –
дәл осы кездесулер кезінде ұрпақтар
арасындағы баға жетпес тәжірибе алмасу
орын алады және жанкешті еңбегі мен
волонтердің шынайы қамқорлығының
арқасында бұл әлемде күлімсірейтін адамдар
көбірек болады!
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
21
Вестник благотворительности. – 1995. - N 5(21), сентябрь-октябрь 1995. - С. 12.
Ветераны / под ред. Б. В. Громова. - М., 2007.
Волонтеры. Как все начиналось. – 2010. - http://www.moeobrazovanie.ru/istoriya_ vo
lonterstva.html
Методические рекомендации по развитию добровольческой (волонтерской) деятельности
молодежи в субъектах Российской Федерации. - 2014.
Перспективы развития волонтерской деятельности в РК: сборник рекомендаций. - Астана,
2012.
Республиканская общественная организация «МОЛОДЕЖЬ НОВОГО ВЕКА». - 2014. -
http://ngoyonc.org/%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%BD%D1%82%
D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BC/%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%BD
%D1%82%D0%B5%D1%80-%D0%BA%D1%82%D0%BE-%D0%BE%D0%BD/
С заботой о старшем поколении. – 2014. - http://nurotan.kz/ru/content/s-zabotoy-o-
starshem-pokolenii
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
22
Волонтер – бұл қоғамның игілігі үшін өз еркімен және ақысыз негізде жұмысты
орындайтын немесе қызмет ұсынатын адам. Волонтер қызметпен қатар, қоғам,
қауымдастық немесе қандай болса да мұқтаж адам үшін жұмысты (қажеттілікке
байланысты) орындай алады. Волонтер, волонтерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты
өтемақы алуға құқылы (мысалы, жол жүруге, ұзақ уақытқа созылған жұмыс болған
жағдайда тамақтануға, тұратын жерінен алыс жерде волотерлік қызметті іске асыруда,
жабдықтауға, үйретуші немесе әдістемелік және т.б. үшін өтемақылар).
Волонтерлік қызмет – бұл қоғамның игілігі үшін ақысыз және өз еркімен жасалатын нақты
белгіленген қызмет немесе жұмыс. Волонтерлік қызметті немесе жұмысты қабылдайтын
жақ, мүмкіндігіне қарай волонтердің жұмысы үшін қажетті жағдайларды ұсынуға, сондай-
ақ, волонтер орындаған жұмыстың сапасын және жұмыс көлемін немесе қызметті
барынша атап өтуге міндетті. Волонтерлік қызметті өлшеу бірлігі волонтермен істелген
сағат саны, сонымен қатар, волонтермен ақысыз ұсынылған қызмет құнының ақшалай
баламасы болуы мүмкін.
Волонтерлік ұйым – бұл волонтерлікті дамытуға және волонтерлік қызметті жүзеге
асыруға жұмылдырылған ұйым, дәлірек айтқанда, (1) волонтерлік еңбекті, қызметті немесе
мұқтаждарға көмекті кәсіби ұйымдастыру, (2) әлеуетті волонтерлерге волонтерлік қызмет
арқылы жүзеге асуы үшін мүмкіндікті ұсыну және (3) волонтерлік қызметті жүзеге асыруға
ниет білдіргендерді оқыту және тиісті дайындықты ұсыну. Волонтерлік ұйым – бұл,
волонтерлермен қызмет толық немесе ішінара іске асырылатын ұйым, бұл ұйымның
жарғысымен және/немесе ережелерімен қарастырылған.
Волонтерлік қозғалыс – елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне волонтерлердің белсенді
қатысуына бағытталған елдің азаматтары мен ұйымдарының волонтерлік әрекеттерінің
жиынтығы.
Волонтерлік ресурстар – қайнар көзі волонтерлер болып табылатын еңбек, уақытша,
интеллектуалды, кәсіби, материалдық және басқа да ресурстардың жиынтығы.
Кәсіби волонтерлік – көмекке мұқтаж қоғамдық ұйымдарға, ҮЕҰ-ға, сонымен қатар, жеке
тұлғаларға ақысыз кәсіби көмек көрсету. Кәсіби волонтерлік кәсіби дағдыларды,
тәжірибені және бос уақыттың болуын, сондай-ақ, кәсіпқой жұмыс істейтін жұмыс беруші
жағынан қолдау мен түсіністікті қажет етеді.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
23
Жастар волонтерлігі – өз еркімен жүзеге асырылатын және қызмет субъектісіне
әлеуметтендіруші ықпал ететін қоғамдық мәселелерді заттық шешу бойынша жастар
волонтерлік қызметі.
Әлеуметтік волонтерлікті қолдау жүйесі – қоғамдық және мемлекеттік ресурстарды
жұмылдыру және шоғырландыру негізінде волонтерлікті ынталандыруға, қолдауға және
дамытуға бағдар алған іс-шаралар мен мамандырылған инфрақұрылым кешені.
Волонтерлердің үйлестірушісі – ұйымда арнайы дайындығы бар және волонтерлерді
тартуға, оқытуға, уәждемелеу мен дайындауға, олардың жұмысын ұйымдастыру мен
олардың қызметін үйлестіруге жауапты тұлға.
Волонтерлік бағдарлама – азаматтар мен азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне
бағытталған гуманитарлық бағдарлама, оны іске асырудың негізгі тәсілі адамдардың өз
еркімен жұмыс істеуі, ал басты міндеті – волонтерлік жұмысты тиімді ұйымдастыру болып
табылады.
Волонтерлік қозғалыс қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады, олар өздерінің
жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес азаматтарды тартады, оқытады және
жұмылдырады және олармен бірге қайырымдылық, әлеуметтік іс-шараларды жүзеге
асырады, қызметтерді көрсетеді және әлеуметтік-маңызды жұмысты орындайды.
Коммерциялық ұйымдар да кәсіби волонтерлерді жұмылдыра және ақысыз жұмыс
істеулері үшін оларға жағдай жасай отырып, волонтерлік қызметті жүзеге асыра алады.
Мемлекеттік мекемелер волонтерлік ұйымдар арқылы және қызметінде салмақты
волонтерлік компоненті бар волонтерлік ҮЕҰ мен ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік
тапсырысты орналастыру арқылы волонтерлерді тарта отырып, волонтерлік қызметке
қатыса алады. Сондай-ақ, мамандырылған волонтерлік ұйымдар мемлекеттің, бизнестің
және өзінің бастамасының қолдауымен волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша қызметті
жүзеге асыра алады. Мүдделі жақтар волонтерлікпен айналысатын азаматтар мен
ұйымдарға білім, ақпараттық және консультациялық қолдауды жүзеге асыра алады.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
24
ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ
1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен 1989 жылғы Бала
құқықтары туралы халықаралық конвенцияға сәйкес, «кез келген тұлға бейбіт
қауымдастықтарға еркін бірігуге құқылы» қағидатынан шыға отырып, волонтерлер өз
қызметін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық даму құралы ретінде қарастырады.
Волонтерлік:
- бұл жеке көзқарастар мен ұстанымдарды қамтып көрсететін ерікті таңдау;
- бұл адам қауымдастықтарының өміріне азаматтың белсенді қатысуы;
- өмір сапасын жақсартуға, жеке басының өркендеуіне және тілектестікті тереңдетуге
көмектеседі;
- әдетте, әртүрлі қауымдастықтар шеңберінде бірлескен қызметте көрінеді;
- тым әділ және бейбіт қоғамды құру жолында негізгі адами қажеттіліктерді іске
асыруға көмектеседі;
- тым теңдестірілген экономикалық және әлеуметтік дамуға, жаңа жұмыс орындар мен
жаңа мамандықтарды құруға көмектеседі.
ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ
Волонтерлер келесі қағидаттарды ұстанып, тәжірибеде қолданады:
- нәсіліне, дін тұтуына, дене ерекшеліктеріне, әлеуметтік және материалдық
жағдайына қарамастан, ерлердің, әйелдердің, балалардың бірігу құқығын мойындайды;
- басқа адамдардың абыройы мен мәдениетін құрметтейді;
- серіктестік пен бауырластық рухында жеке немесе ұйымшылдықпен өзара көмек,
ақысыз қызмет көрсетеді;
- жеке және ұжымдық қажеттіліктердің бірдей маңызын мойындайды, осы
қажеттіліктерді ұжымдық қамтамасыз етуге көмектеседі;
- өз алдына волонтерлікті жеке өркендеу элементі - жаңа білімдер мен дағдыларды
алуға, қабілеттерді жетілдіруге айналдыру мақсатын қояды, бұл үшін әрбіріне
пайдаланушы емес, жасаушы мүмкіндігін бере отырып, адамдардың бастамасы мен
шығармашылығын ынталандырады;
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
25
- жауапкершілік сезімін ынталандырады, отбасылық, ұжымдық және халықаралық
тілектестікті көтермелейді.
Осы негізгі қағидаттардан шыға отырып, волонтерлер:
- жеке басының қатысуы ұжымдық әрекетке айналуына жәрдемдесу;
- өз қауымдастықтарын белсенді қолдау, олардың мақсаттарына берілген және
олардың саясаты мен қызметі туралы хабардар болу;
- өз қабілеттері мен бос уақытының бар болу шамасына қарай, бірге шығарған
бағдарламаларын өзіне алған жауапкершілікке сәйкес, ойдағыдай аяқталуына дейін
жеткізуге ұмтылу;
- қауымдастық бойынша өз әріптестерімен өзара түсіністік пен өзара құрмет рухында
қызметтес болу;
- жаңа білімдерден бас тартпау;
- егер қызметінде құпия ақпараттың болуы қарастырылса, оны жария етпеу керек.
Өз жағынан, Адам құқытары мен волонтерлік қағидаттарының негіздерін құрметтей
отырып, қауымдастық:
- волонтерлік қызметтің дұрыс реттемелеуін қамтамасыз ету, еріктілік
ынтымақтастықтың шектерін анықтау, олардың міндеттерін түсінікті тұжырымдау және
құрметпен қарау;
- қажетті оқу мен көмекті қамтамасыз ете отырып, әрбіріне, өзіне сай келетін қызметті
тапсыру;
- үнемі қызметтің қорытындыларын шығару және олардың жариялануын қамтамасыз
ету;
- қажет болған жағдайда волонтерлердің қызметімен байланысты тәуекелдің
өтемақысын, сондай-ақ, волонтерлер қызметінің нәтижесінде үшінші жақтармен еріксіз
жасалған залалды қамтамасыз ету;
- қажет болған жағдайда жасалған шығындардың орнын толтыра отырып, волонтерлік
қызметке жалпы қол жеткізуді қамтамасыз ету;
- қауымдастықтың, сондай-ақ, олардың өздерінің бастамасы бойынша
волонтерлермен өз қызметін тоқтату әдістерін қарастыру тиіс.
ДЕКЛАРАЦИЯ
Халықаралық волонтерлер қауымдастығының бастамасы бойынша Бүкіләлемдік
конгрессті жинап, волонтерлер волонтерлік қызметтің жасампаз және бітімгерлік сипатқа
берілгендігі туралы хабарлайды:
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
26
- адамның адамгершілігін құрметтеу үшін, өз тағдырын құруға және өз азаматтық
құқытарын жүзеге асыруға жеке адамның құқықтарын мойындау;
- әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу үшін;
- халықаралық ынтымақтастықты дамытуда жәрдемдесу кезінде гуманистік және әділ
қоғамды құру мақсатында.
Біз мемлекеттерді, халықаралық ұйымдарды, кәсіпорындарды, бұқаралық ақпарат
құралдарын бүкіл волонтерлікке тиімді, ашық болып табылатын жағымды қозғалыс –
адамдар мен халықтар арасындағы тілектестікті іске асыратын халықаралық ахуалды
құруда серіктес болуға шақырамыз.
Париж, 1990 жылғы 14 қыркүйек
Халықаралық волонтерлік күш салу
қауымдастықтарының ХІ бүкіләлемдік
конференциясында қабылданды
(IAVE* World Volunteer Conference)
_________________
* International Association for Volunteer Effort // www.iave.org.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
27
Волонтерлік қызмет – азаматтық қоғамның іргетасы. Ол адамзаттың бейбітшілікке,
бостандыққа, қауіпсіздікке және әділдікке жету деген ұмтылыстарын өмірге қосады.
Біздің жаһандану және үнемі өзгеріс дәуірінде әлем тым қиын және өзара байланысты.
Волонтерлік – жеке немесе топтық қызмет болсын, ол арқылы:
- қоғамда қайырымдылық пен көмек сияқты адами құндылықтар сақталып, күшейеді;
- адамдар бір уақытта жаңаны тану, өз өмірін жетілдіру, өзінің адами әлеуетін ашу
үдерісімен өз құқықтары мен қоғам мүшелерінің жауапкершілігін іске асырады;
- айырмашылықтарға қарамастан, дұрыс, тұрақты қауымдастықтарда өмір сүруге,
жалпы мәселелерді инновациялық шешуге және ортақ тағдырды құру үстінде бірге жұмыс
істеуге көмектесетін байланыстар орнатылуы мүмкін.
Жаңа мың жылдықтың басында волонтерлік –барлық қоғамдардың ажырамас элементі.
Ол біріккен ұлттардың «Біз, халықтармыз» атты декларациясын әлемді өзгерте алатын
тиімді тәжірибелік әрекетке іске асырады.
****
Декларация, өздерінің мәдени және этностық ерекшеліктеріне, дініне, жасына, жынысына,
физикалық, әлеуметтік және материалдық жағдайына қарамастан, волонтерлік қызметке
әрбір әйелдің, әрбір ердің және баланың еркін қатысуын қолдайды. Әлемдегі барлық
адамдар қаржылық сыйақы күтусіз жеке және топтық әрекеттер арқылы басқа адамдарға
немесе қауымдастықтарға өз уақытын, талантын, жігерлілігін өз еркімен арнауға құқылы.
Волонтерлік қызметті дамыту, келесідей мүмкіндіктерді ұсынатынына сенеміз:
- бүкіл қауымдастыққа, оның мәселелерін анықтау мен шешу үдерісіне қатыстыруға
көмектеседі;
- әрбіріне естіліп қалу мүмкіндігін береді;
- барлығына волонтер болу мүмкіндігін құрады;
- басқа секторлардың жауапты әрекеттерін және ақылы қызметкерлердің күш
салуларын толықтырады, бірақ ауыстырмайды;
- адамдарға жаңа білімдер мен дағдыларды алу, өзінің дербес шығармашылық әлеуеті
мен өзіне деген сенімді толық дамыту үшін мүмкіндік құрады;
- отбасылық, қауымдық, ұлттық және жаһандық тілектестікке жәрдемдеседі.
Волонтерлер, өздері қызмет ететін ұйымдар мен қауымдастықтарға:
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
28
- волонтерлердің қоғамдық маңызды мақсаттарға жетуге көмектесетін жұмысында
ортаны құру;
- ұйым мен волонтер волонтерлік қызметтің басшылық саясатын бірге дамыта алатын,
сондай-ақ, өз міндеттемелерін тоқтата алатын жағдайларды енгізетін волонтерлік
қызметтің өлшемдерін анықтау;
- мүмкін болған тәуекелдерден волонтерлерді және олар қызмет көрсететіндерді
қорғау;
- волонтерлерді оқумен, үнемі бағалаумен және мойындаушылықпен қамтамасыз ету;
- олардың қатысуларына кедергі болатын физиологиялық, экономикалық, әлеуметтік
және мәдени тосқауылдарды шешу жолымен волонтерлік қызметке қол жетіміділік үшін
жалпы жауапты болатындарына сенеміз
****
Адам құқықтары туралы Біріккен ұлттардың декларациясында баяндалған базалық адам
құқықтарына, волонтерлік қағидаттар мен волонтерлердің, сондай-ақ, олар жұмысқа
тартылған ұйымдардың жауапкершілігіне сүйене отырып, біз шақырамыз:
Барлық волонтерлер, волонтерлік қызмет жасампаз күш ретінде өз сенімін білдіру керек:
- адамдардың абыройын құрметтейтін дұрыс, тұрақты қауымдастықты құру;
- адамдарға тәжірибелік өмірде өз құқықтарын пайдалануға, мұнымен өз өмірін
жақсартуға уәкілеттік беру;
- әлеуметтік, мәдени, экономикалық, экологиялық мәселелерді шешуге көмектесу;
- бүкіләлемдік ынтымақтастық арқылы тым гуманистік және әділ қоғам құру.
Көшбасшылар:
- барлық секторлардың көшбасшылары жетекші ұйымдар ретінде волонтерлікті
қолдау үшін мықты, нақты және тиімді жергілікті ұлттық волонтерлік орталықтарды құру
үшін біріксін;
- үкімет көшбасшылары волонтерлік қызметке барлық адамдардың құқықтарына
кепілдік берсін; олардың жұмысына волонтерлердің қатысуына және қолдауына бөгет
болатын барлық тосқауылдарды жойсын; ҮЕҰ-ғы басқарудың тиімді жұмылуын алға
бастыру және қолдау үшін ресурстармен қамтамасыз етсін;
- бизнес көшбасшылары өз қызметкерлерін волонтерлер ретінде қолдауп, тартылуға
жәрдемдессін, волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылымды дамыту
үшін адами және қаржылық ресурстармен көмектессін;
- бұқаралық ақпарат құралдарының көшбасшылары адамдарға волонтер болуға
көмектесетін ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, волонтерлердің тарихын баяндасын;
- білім беру саласының көшбасшылары әртүрлі жастағы адамдарға, олардың қызмет
ету үдерісінде рефлексиясы мен оқуы үшін мүмкіндіктерді құра отырып, көтермелеп,
көмектессін;
- діндердің көшбасшылары адамдарды қызмет етуге шақыра отырып, рухтылықтың
көрінісі ретінде волонтерлік қызметті бекітсін;
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
29
- ҮЕҰ-ң көшбасшылары волонтерлердің жұмысы істеуі үшін жағымды
ұйымдастырушылық жағдайларды құрсын және оларды тиімді тарту үшін қажетті адамдық
және қаржылық ресурстарды тартсын.
Біріккен Ұлттар Ұйымы:
- Еркін қауымдастықтардың институттарын күшейтудегі қажеттілікті мойындау
мақсатында «Волонтерліктің және азаматтық қоғамның онжылдығын» жарияласын;
- «V» қызыл әрпін бүкіләлемдік волонтерлік нышаны ретінде танысын.
Волонтерлік күш салудың халықаралық қауымдастығы (International Association for
Volunteer Effort (IAVE) бүкіл әлемдегі барлық секторлардың волонтерлері мен
көшбасшыларын барлық адамдар мен барлық ұлттардың тілектестік нышаны ретінде
барлығына қолжетімді тиімді волонтерлікті алға бастыру және қолдау серіктестері ретінде
бірігуге шақырады. Волонтерлік күш салудың халықаралық қауымдастығы,
волонтерлердің әлемдік қауымдастығын Волонтерлік қызмет туралы жалпыға бірдей
декларацияны зерттеуге, талқылауға, растауға және тәжірибелік қолдануға шақырады.
Амстердам, қаңтар, 2001 ж.,
Халықаралық волонтерлер жылы
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы
жанындағы Халықаралық волонтерлік күш салу
қауымдастықтарының XVI бүкіләлемдік
конференциясында қабылданды
(IAVE* World Volunteer Conference
_________________
* International Association for Volunteer Effort // www.iave.org.
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
30
Бас Ассамблея
Distr.: General
13 February 2003
Елу жетінші сессия
98 тармақ күн тәртібі
Бас Ассамблея қабылдаған қарар
[бас комитеттерге берусіз (A/57/L.8 и Add.1)]
57/106. Халықаралық еріктілер күніне байланысты кейінгі жұмыс
Бас Ассамблея,
экономикалық және әлеуметтік даму үшін үкіметтерге жыл сайын Халықаралық еріктілер
күнін 5 желтоқсанда атап өтуді ұсынған өзінің 1985 жылғы 17 желтоқсандағы 40/212
қарарына сілтеме жасап,
сондай-ақ, 2001 жылды - Халықаралық еріктілер жылы ретінде жариялаған өзінің 1997
жылғы 20 қарашадағы 52/17 қарарына және Халықаралық еріктілер жылын өткізу туралы
өзінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы 55/57 қарарына сілтеме жасап,
әрі қарай, үкімет пен Бірікке Ұлттар Ұйымының жүйесі еріктілікті қалай қолдайтыны
туралы ұсыныстар баяндалатын өзінің 2001 жылғы 5 желтоқсандағы 56/38 қарарына
сілтеме жасап және қайтадан осы қарарды растап,
қауым мен еріктілердің өздерінің жалпы қоғам үшін әлеуметтік-экономикалық даму
пайдасымен өзара көмек пен өзіне-өзі көмек көрсетудің дәстүрлі түрлерін, қызметтерді
ресми ұсыну және азаматтық қатысудың басқа түрлерін енгізіп, еріктіліктің бағалы үлесін
мойындап,
сонымен қатар, еріктілік бастаулардағы жұмыс кедейлікті азайту, тұрақты даму, денсаулық
сақтау, апаттарды болдырмау, апаттарға әсер ету және әлеуметтік біріктіру, әсіресе,
әлеуметтік шеттету және кемсіту сияқты салаларда мәселелерді шешуге бағытталған кез
келген стратегияның маңызды компоненттері болып табылатынын мойындап,
ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен
АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ
ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ
31
әрі қарай, еріктілік, әсіресе, қауым деңгейінде, даму мақсаттарға және Біріккен Ұлттар
Ұйымының мың жылдық декларациясында1
, сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа
ірі конференцияларында, самиттерінде, арнайы сессияларында және келесі іс-шараларда
қойылған мақсаттарға жетуге көмектесетінін мойындап,
еріктілерге арналған тиімді желі құру бойынша күш салуды қоса отырып, атап айтқанда,
Халықаралық еріктілер жылының2
веб-сайтының және онымен байланысты ұлттық веб-
сайттардың көмегімен бүкіләлемдік ақпарат және ағартушылық алмасудың көмегімен
еріктілік бастаулардағы жұмыс туралы ақпаратты тарату бойынша күш салуды құрметпен
атап өтіп,
еріктілікті қолдауда бүкіл әлем бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы еріктілерінің жұмысын
қоса отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің қазіргі үлесін мойындап,
Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйеснің тиісті бөлімдерінде жүзеге асырылуға тиіс Халықаралық
еріктілер жылына байланысты келісілген және үйлестірілген кейінгі қызметтің қажеттілігін
есепке ала отырып,
1. 2001 жылы Халықаралық еріктілер жылын өткізу қорытындылары туралы және осыған
байланысты кейінгі қызмет туралы Бас хатшының баяндамасын қарсы алады3
;
2. сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдарды қоса, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың,
азаматтық қоғамның, сонымен қатар жеке сектордың кеңінен қатысумен Халықаралық
еріктілер жылын өткізу бойынша 123 ұлттық және көптеген аймақтық, қалалық комитеттер
жағынан қолдаумен 2001 жылы Халықаралық еріктілер жылын ойдағыдай өткізілуін қарсы
алады, бұл жетістікке халықаралық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде
мемлекеттер мен азаматтық қоғам ұйымдарының және бірлестіктердің үлесін
мойындайды және еріктілерге ақпарат пен тәжірибені таратуға, әсіресе, дамыған елдерде
еріктілердің дайындығы мен оқуын ұйымдастыруға және барлық деңгейлерде жаңа
серіктес қарым-қатынастарды қалыптастыруға қатысты зерттеулерді өткізуде барлық
мүдделі жақтардың әрі қарайғы қатысуын қамтамасыз ету мақсатында бұл жүйенің тиісті
сақталуы мен кеңейтілуін ынталадырады;
3. әрі қарай, Халықаралық жылды өткізу нәтижесінде жасалған еріктілік бастаулардағы
жұмыстың кеңеюі мен дамуын қамтамасыз ету мүдделерінде саясатты әзірлеу мен
заңдарды қабылдау бойынша әртүрлі күш салуларды қарсы алады және үкіметтерге
болашақта да еріктілердің баға жетпес рөлін мойындауды және еріктілік қызметті
қолдауды, оның ішінде, тиісті саясатты өткізу мен имплементациялық заңдарды
қабылдауды ұсынады;
_________________
1
55/2 қарарын қараңыз.
2
www.iyv2001.org.
3
А/57/352.
инструкция каз.яз.
инструкция каз.яз.

Contenu connexe

Tendances

Queen Elizabeth II Coronation in 1953
Queen Elizabeth II Coronation in 1953 Queen Elizabeth II Coronation in 1953
Queen Elizabeth II Coronation in 1953 guimera
 
ENGLAND PRESENTATION
ENGLAND PRESENTATIONENGLAND PRESENTATION
ENGLAND PRESENTATIONadamson1218
 
The united kingdom_presentation 2
The united kingdom_presentation 2The united kingdom_presentation 2
The united kingdom_presentation 2rosaanguita
 
Психологічна травма учня
Психологічна травма учня Психологічна травма учня
Психологічна травма учня Київ Київ
 
портфоліо вчителя іноземної мови савко н.і.
портфоліо вчителя іноземної мови савко н.і.портфоліо вчителя іноземної мови савко н.і.
портфоліо вчителя іноземної мови савко н.і.kotubej
 
4. the parts of great britain
4. the parts of great britain4. the parts of great britain
4. the parts of great britainJohn Folstrom
 
9 statistica desriptiva
9 statistica desriptiva9 statistica desriptiva
9 statistica desriptivaOnofreiMaria1
 
портфоліо вчителя анг мови кзш №14 долід н.і. (2)
портфоліо вчителя анг мови кзш №14 долід н.і. (2)портфоліо вчителя анг мови кзш №14 долід н.і. (2)
портфоліо вчителя анг мови кзш №14 долід н.і. (2)dolidn
 
England United Kingdom
England United KingdomEngland United Kingdom
England United KingdomEdmundo Dantes
 
all a bout UK culture
all a bout UK cultureall a bout UK culture
all a bout UK cultureJulie Mutia
 
Kate middleton
Kate middletonKate middleton
Kate middletonasracp
 
Cardiff
CardiffCardiff
CardiffS B
 

Tendances (20)

Queen Elizabeth II Coronation in 1953
Queen Elizabeth II Coronation in 1953 Queen Elizabeth II Coronation in 1953
Queen Elizabeth II Coronation in 1953
 
England
EnglandEngland
England
 
ENGLAND PRESENTATION
ENGLAND PRESENTATIONENGLAND PRESENTATION
ENGLAND PRESENTATION
 
Great britain
Great britainGreat britain
Great britain
 
Scotland Presentation
Scotland PresentationScotland Presentation
Scotland Presentation
 
Harvard university
Harvard universityHarvard university
Harvard university
 
The united kingdom_presentation 2
The united kingdom_presentation 2The united kingdom_presentation 2
The united kingdom_presentation 2
 
Психологічна травма учня
Психологічна травма учня Психологічна травма учня
Психологічна травма учня
 
Реклама школи 7клас
Реклама школи 7класРеклама школи 7клас
Реклама школи 7клас
 
портфоліо вчителя іноземної мови савко н.і.
портфоліо вчителя іноземної мови савко н.і.портфоліо вчителя іноземної мови савко н.і.
портфоліо вчителя іноземної мови савко н.і.
 
4. the parts of great britain
4. the parts of great britain4. the parts of great britain
4. the parts of great britain
 
The British Royal Family
The British Royal FamilyThe British Royal Family
The British Royal Family
 
9 statistica desriptiva
9 statistica desriptiva9 statistica desriptiva
9 statistica desriptiva
 
портфоліо вчителя анг мови кзш №14 долід н.і. (2)
портфоліо вчителя анг мови кзш №14 долід н.і. (2)портфоліо вчителя анг мови кзш №14 долід н.і. (2)
портфоліо вчителя анг мови кзш №14 долід н.і. (2)
 
портфоліо о.в.
портфоліо о.в.портфоліо о.в.
портфоліо о.в.
 
England United Kingdom
England United KingdomEngland United Kingdom
England United Kingdom
 
all a bout UK culture
all a bout UK cultureall a bout UK culture
all a bout UK culture
 
Kate middleton
Kate middletonKate middleton
Kate middleton
 
Oxford university
Oxford universityOxford university
Oxford university
 
Cardiff
CardiffCardiff
Cardiff
 

Similaire à инструкция каз.яз.

Proekt zakona molpol kaz
Proekt zakona molpol kazProekt zakona molpol kaz
Proekt zakona molpol kazZhaskenes
 
балалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғыртубалалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғыртуAsem Sarsembayeva
 
Ekstremizm 28 04_2016
Ekstremizm 28 04_2016Ekstremizm 28 04_2016
Ekstremizm 28 04_2016bekzhan90
 
Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016bekzhan90
 
«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының тұғырнамасы
«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының тұғырнамасы«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының тұғырнамасы
«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының тұғырнамасыChingiz Saulebek
 
тұрлыбай б.с. макала
тұрлыбай б.с.  макалатұрлыбай б.с.  макала
тұрлыбай б.с. макалаAsem Sarsembayeva
 
Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Bilim All
 
Біздің жолымыз!
Біздің жолымыз!Біздің жолымыз!
Біздің жолымыз!Chingiz Saulebek
 
Презентация
ПрезентацияПрезентация
ПрезентацияZhastarbko
 

Similaire à инструкция каз.яз. (9)

Proekt zakona molpol kaz
Proekt zakona molpol kazProekt zakona molpol kaz
Proekt zakona molpol kaz
 
балалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғыртубалалардың қбб жүйесін жаңғырту
балалардың қбб жүйесін жаңғырту
 
Ekstremizm 28 04_2016
Ekstremizm 28 04_2016Ekstremizm 28 04_2016
Ekstremizm 28 04_2016
 
Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016Mangilik el 16_03_2016
Mangilik el 16_03_2016
 
«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының тұғырнамасы
«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының тұғырнамасы«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының тұғырнамасы
«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысының тұғырнамасы
 
тұрлыбай б.с. макала
тұрлыбай б.с.  макалатұрлыбай б.с.  макала
тұрлыбай б.с. макала
 
Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?Жастар ұйымы бізге не береді?
Жастар ұйымы бізге не береді?
 
Біздің жолымыз!
Біздің жолымыз!Біздің жолымыз!
Біздің жолымыз!
 
Презентация
ПрезентацияПрезентация
Презентация
 

инструкция каз.яз.

  • 1. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ Астана, 2014
  • 2. КІРІСПЕ БҰЛ НҰСҚАУЛЫҚ «ПАТРИОТТЫҚ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ШЕҢБЕРІНДЕ АРДАГЕРЛЕР МЕН ВОЛОНТЕРЛЕР ӘЛЕУЕТІН БІРІКТІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР КЕШЕНІН ӨТКІЗУ» ЖОБАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІМЕН ДАЙЫНДАЛДЫ. Н ҰС Қ АУЛ Ы ҚТА В ОЛ О Н Т Е РЛ Е Р М Е Н В ОЛ О Н Т Е РЛ І К ТУ РАЛ Ы Ж АЛ П Ы ҰҒЫМДАРҒА, ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ТАРИХЫНА ШОЛУ ҰСЫНЫЛҒАН. ВОЛОНТЕРЛІК ҚОЗҒАЛЫС ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАҒИДАТТАРЫ МЕН БАҒЫТТАРЫ, ВОЛОНТЕРЛЕРДІҢ АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫСЫ ЖӘНЕ Т.Б.ҚАРАСТЫРЫЛҒАН. НҰСҚАУЛЫҚ ҚАРТ АДАМДАРМЕН, АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ,ВОЛОНТЕРЛІК ЖӘНЕ АРДАГЕРЛІК ҰЙЫМДАРҒА АРНАЛҒАН.
  • 3. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ Волонтерлер мен волонтерлік туралы ………………………………………………………....................... 4 Волонтерлер деген кімдер? ………………………………………………………………………………………. 4 Неге адамдар волонтер болуға шешім қабылдайды? ...………………………………………………. 6 Волонтерлік тарихы: әлемде және Қазақстанда ………………………………………………………… 8 Қазақстан Республикасында волонтерлік қозғалыстың қалыптасуы ...................................... 11 Қазақстанда волонтерлік қозғалысты дамытудың құқықтық негіздері мен негізгі қағидаттары ……………………………………………………………………………………………………………… 12 Кім волонтер бола алады …………………………………………………………………………………………... 13 Волонтерлік қағидаттары …………………………………………………………………………………………... 14 Волонтерлердің өсиеттері …………………………………………………………………………………………. 14 Волонтерлер қызметінің қағидалары ………………………………………………………………………… 14 Волонтерлер қандай салаларда жұмыс істей алады ……………………………………...…………… 15 Волонтерлердің жұмысы қанша уақытқа созылады? ………………………………………………….. 17 Волонтерлер үшін пайдалы ақпарат ………………………………………………………………………….. 18 Қарт адамдар туралы қамқорлық – басымдылықта. Ардагерлермен қалай жұмыс істеу керек ………………………………………………………………………………………………………………… 19 Дереккөздер мен әдебиеттер тізімі …………………………………………………………………………… 21 Глоссарий ………………………………………………………….………………………………………………………. 22 Қосымша деректер ……………………………………………………………………………………………………. 24
  • 4. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 4 ВОЛОНТЕРЛЕР ДЕГЕН КІМДЕР? «Волонтер» – мақтанышпен естіледі! Бірақ барлығы волонтер кім екенін білмейді. Егер, сөздіктерге көз салсақ, онда француз тілінен, волонтер – бұл әртүрлі әлеуметтік-маңызды науқандарға риясыз қатысатын ерікті-адам: қажетті ақпаратты тарату, қоғамдық акцияларды дайындау және өткізу, жақындарға көмектесу және т.б. Яғни, волонтерлер ақысыз жұмыс істеп, білімімен және тәжірибесімен бөлісе отырып, социумның дамуына өзінің қолдан келерлік үлесін қосады. Оның орнына волонтерлер жаңа білімдерді, жаңа таныстарды, әртүрлі адамдармен қарым-қатынастарды алады. Волонтерлер алатын ең басты нәрсе – бұл қоғамдағы өздерінің пайдалылық сезімі, елеулі көмек көрсетілген адамдардың алғысы мен ризашылығы. Осының арқасында, волонтерлер өз елінің игілігі үшін мүлдем тегін еңбек етеді.
  • 5. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 5 Әлемнің көптеген елдерінде көптеген волонтерлік ұйымдар бар. Волонтерлер мен волонтерлік ұйымдар Қазақстанда да бар, әрі, жылдан жылға жасампаз бастамалар көбеюде. Оның үстіне волонтерлік лагерлер мен интернационалдық топтар құрылуда. Өйткені, волонтерліктің басты идеясы – әлем идеяларын, ұлтаралық достық пен түсіністікті тарату үшін жоба шеңберінде әртүрлі елдердің адамдарын біріктіру. Волонтерлік қызмет – бұл кең жұртшылықтың игілігіне өз еркімен жүзеге асырылатын өзара көмек пен өзіне өзі көмек көрсетудің дәстүрлі түрлерін, қызметтерді ресми ұсыну және азаматтық қатысудың басқа да түрлерін енгізетін қызметтің кең шеңбері, әрі, ақшалай сыйақы басты себеп болып табылмайды. Солай бола тұра, осы қызметке волонтерлер аптасына алты сағатқа дейін жұмсауы мүмкін. Волонтерлер - тек альтруисттер ғана емес, олар тәжірибе, арнайы дағдылар мен білімдерді жинау, жеке байланыстарды орнату үшін жұмыс істейді. Көбінесе, волонтерлік қызмет – бұл төленетін жұмысқа тура жол, мұнда үнемі өзін жақсы жағынан көрсетіп, таныту, қызметтің әртүрлі салаларында өзін байқап көру және өмірлік жолын таңдау мүмкіндігі бар. ҮЕҰ (үкіметтік емес, бейкоммерциялық ұйымдар) үшін волонтерлік – тек еңбек ресурсы ғана емес, бұл кадрлар ұстаханасы. Көптеген ұйымдарда адамдар еріктілер ретінде жұмыс істей бастайды. Әрі қарайғы, оның ішінде, штаттық ынтымақтастық (ақылы негізде) адам қалай жұмыс істейтініне, ұйымға қалай кіретініне және тұлғаның дамуына ұйымның өзі қалай жәрдемдесетініне байланысты. Адам үшін волонтерлік – бұл әлеуметтік тәжірибе жинау, әрі қарай жылжуы мен мансаптық өсуі үшін мінездеме алу мүмкіндігі, сондай-ақ, бұл бейкоммерциялық қызметпен танысу және өзін «үшінші секторда» табу мүмкіндігі. Көптеген волонтерлер уақыт өте келе өздерінің ҮЕҰ құра бастайды, өздерінің авторлық әлеуметтік жобаларын іске асыра бастайды. Осыдан басқа, волонтер – қажетті адам. Мамандар, волонтерлік қызметтің болашағы бар деп сендіреді. Волонтерлік адамға өз өмірін «бұзбай», оны өте маңызды бөлікпен толықтыруға мүмкіндік береді – орын алғаны үшін жеке азаматтық жауапкершілік сезімін іске асыру.
  • 6. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 6 Волонтерлік қызмет себептерінің ішінде қоғамдық себептерді (өзіне, әріптестерге, өз еңбегінің нәтижелеріне деген жоғары талап етушілік, жауапкершілік, борыш, патриотизм, аяушылық және т.б. сезімі), танымдық себептерді, прагматикалық себептерді, сыртқы белгілердің өсуін, еліктеу себептерін бөліп шығаруға болады. Еріктілік қызметінің негізгі себептері: Жеке басының әлеуетін іске асыру. Жеке басының әлеуетін іске асыру, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін көрсету, адамгершілікті жүзеге асыру әлеуметтік маңызды қызметте адамның қатысуының жетекші себептері болуы керек. Осы себептерді қолдаудағы маңызды рөл адамның өзінің ішкі әлеуетін сезінуге, жеке миссияны анықтауға, өмірлік жолды таңдауға жатады. Қоғамдық тану, әлеуметтік маңыздылық сезімі. Адам үшін қоршағандар жағынан өз қызметінің жағымды жәрдемін алу, өзінің орнығуы, жалпыға пайдалы іске өзінің қатысын сезіну маңызды. Осы себептің негізі – адамның жоғары өзін-өзі бағалауы мен қоршағандар жағынан бағалаудағы қажеттілігінде. Осындай баға, адам өз қызметінің мақсаты мен міндеттерін, тұлғалық өсуінің бағытын таңдаған кезде маңызды рөл ойнайды. Өз ойын білдіру және өзін-өзі анықтау. Өзін көрсету, өзінің өмірлік ұстанымын білдіру, қоғамдық қарым-қатынастар жүйесінде өз орнын табу мүмкіндігі. Адамның өзінің даралығын, өзінің ішкі әлемінің бірегейлігі мен өз даралығына сәйкес қоғамдағы рөлін орындау ықыласын сезіну – өз ойын білдіру мен өзін-өзі анықтаудың негізі. Кәсіби бағдарлау. Еріктілік қызмет адамға, әсіресе, жас адамға әртүрлі кәсіби қызметтің түрлерін жақсы білуге, болжалды мамандық туралы нақты түсінік алуға немесе кәсіби дайындық бағытын таңдауға мүмкіндік береді. Пайдалы әлеуметтік және тәжірибелік дағдыларды алу. Волонтерлік қызмет адамның кәсіби таңдауына тікелей қатысы жоқ, бірақ өмір үшін маңызды дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Оларға компьютермен, әртүрлі техника түрлерімен жұмыс істеу дағдыларын, құрылыс дағдыларын, жеке тұлға аралық өзара әрекеттесу тәжірибесін жатқызуға болады. Қоршаған ортаны қызметтік және әлеуметтік игерудегі, адамға қоғам ұсынатын барлық мүмкіндіктерді пайдаланудағы қажеттілік – қазіргі адамның маңызды қажеттіліктерінің бірі. Еріктілік қызмет келесідей әлеуметтік дағдыларды дамытуға көмектесу керек: жауапты өзара әрекеттесу тәжірибесі; көшбасшылық дағдылар;
  • 7. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 7 орындаушылық тәртіп; құқықтар мен мүдделерді қорғау; өкілеттікті табыстау; жігерлілік. Пікірлестермен тілдесу, өзара әрекеттесу мүмкіндігі. Еріктілік қызмет пікірлестерді, өзіне маңызды қарым-қатынас жасау ортаны және достық өзара әрекеттесуде қолдау табуға мүмкіндік береді. Терең адами қажеттіліктердің бірі – қарым-қатынасқа және өзара әрекеттесуге ұмтылу, жеке тұлғалық маңызды әлеуметтік қатынасқа қабылдану және тартылу қажеттілігі. Қызметті ерікті таңдау, оның әлеуметтік бағыттылығы адамдарға пікірлестерді табуға, олармен достық қарым-қатынасты орнатуға мүмкіндік береді. Еріктілік қызмет адамдарға бірлескен өзара әрекеттесу мүмкіндігін ұсынуы тиіс. Жауапты көшбасшылық және әлеуметтік өзара әрекеттесу тәжірибесін алу. Еріктілік қызмет жас адамға өзара әрекеттесудің әртүрлі үлгілерінде өзін көрсету мүмкіндігін, әрі қарайғы өмірі, жауапты көшбасшылығы мен орындаушылық қызметі үшін қажетті дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Жауапты өзара әрекеттесу тәжірибесін алудағы қажеттілік саналы әлеуметтік қажеттілік болып табылады. Қоғамдық және діни борышты орындау. Әлеуметтік еріктілік қызмет адамның табиғи қажеттілігі, оның тағдыры болып табылады. Бұл қажеттілік діни және этикалық борышты ұғынудан шығады және жеке тұлғаның жоғары дамуын айғақтайды. Бос уақытты ұйымдастыру. Еріктілік қызметке қатысудың маңызды себебі өзінің бос уақытын ұйымдастыру болып табылады. Сонымен бірге, бос уақытты ұйымдастыру еріктілік қызметке қатысу үшін жетекші себеп бола алмайды.
  • 8. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 8 Бүгінгі күні волонтерлік қозғалыс жаңа көрініс алуда. Волонтерлік ұйымдар әлемнің 80 елдерінде бар. Осы елдердің үкіметтері шынында ғаламдық сипат алған волонтерлік қозғалысқа қолдау көрсетуде. Халықаралық волонтерлік ұйымдар жұмыс істеуде. 1990 жылғы 14 қыркүйекте Париждегі Бүкіләлемдік еріктілік күш салудың халықаралық қауымдастығының ХІ конференциясында Волонтерлердің жалпыға бірдей декларациясы қабылданды. Декларациядағы волонтерлік келесідей анықталады: «өмір сапасын, жеке жетілуді және тілектестікті тереңдетуді жақсартуға көмектесетін жеке көзқарастар мен ұстанымдарды көрсететін еріктілік таңдау, әдетте, әртүрлі әлеуметтік маңызды жобалар шеңберінде бірлескен қызметте көрінеді, әділ және бейбіт жолды құруда негізгі адами қажеттіліктерді іске асыруға, теңдестірілген экономикалық және әлеуметтік дамуға, жаңа жұмыс орындары мен жаңа мамандықтарды құруға көмектеседі». Волонтерлік жалпы, қоғаммен қатар, әрбір жеке еріктіге де пайдасын тигізеді. Ол қоғамға экономикалық, сонымен қатар, әлеуметтік пайда әкеледі. Волонтерлік қызмет азаматтар арасында сенім мен өзара әрекеттесуді тәрбиелей отырып, қоғамның бірігуіне көмектеседі. Волонтерлік тарихын бақылау айтарлықтай қиын. Қоғамда, өзін-өзі іске асыру, өзін-өзі кемелдендіру, басқа адамдармен байланысу және тілдесу арқылы басқалардың игілігі үшін еңбектенетін адамдар әрдайым табылатын. Жақынға деген ақысыз көмек әрқашан болған. Грецияда – бұл кедей азаматтарды емдеген және тырысқақ пен оба індетінің алдын алуын өткізген саяхатшы-дәрігерлер. Ежелгі Русьте «жетімдер мен кемтарларға» қайырымдылық танымал болған. Шығыс елдерінде филантропия нышандары пайда болған. Осының барлығында біз волонтерліктің болашақ үлгілерін көреміз. Бастапқыда «волонтер» сөзі латынның «voluntarius» («ерікті» немесе «тілеуші») деген сөзінен шыққан. Орыс тілінде оны француздың «volontaire» кірме сөзі деп есептейді, бұл әскери қызметке өз еркімен түскен тұлға дегенді білдіреді. 1792 жылғы Ұлы француз төңкерісіне дейін корольдық армияның құрамына тек жалданушылар ғана кірген. Француз Коммунасы оның ыдырауының себебі болды. Бірақ, тез арада Францияға әскерилер керек болды – мемлекет шекарасына австрия әскерлері жақындады. Нәтижесінде, ерлер өз еркімен отан қорғаушылар қатарларына жазылды. Дәл сол кезде сөз қолданысқа кірді. Өз қалауымен әскери киім киген шаруалар, жұмысшылар мен қолөнершілер волонтерлер болып атала басталды. Қызықтысы, солдаттар әскери
  • 9. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 9 командирді өздері таңдаған. Ал наразылық болған жағдайда жұмыстан босату мүмкіндігіне ие болды. Әскер жинаудың осындай тәжірибесі көптеген еуропа елдеріне тән, атап айтқанда, Испанияда, Италияда, Ұлыбританияда және Австро-Венгрияда. Бірінші дүниежүзілік соғысына дейін (1914 - 1918 жж.) волонтерлік Ұлыбританияда әскерлерді құрудың жалғыз тәсілі болған. Австро-Венгрия мен Италия сияқты елдерде волонтерлік батальондар мен полктар тұрақты армияның құрамына кірген. ХІХ ғасырдың екінші жартысында армия құрудың осындай тәсілі өз қажеттілігін жоғалтты. Қазіргі түсініктегі алғашқы волонтерлік жоба Бірінші дүниежүзілік соғыспен қиратылған Верден (Франция) жанындағы фермаларды қалпына келтіру болды. Неміс және француз жастары – волонтерлік пионерлері жасаған жұмыстары үшін бір тиын алған жоқ, бірақ, тұрумен, тамақтанумен және медициналық сақтандырумен қамтамасыз етілген. Атап өтерлігі, волонтерлік еңбектің осындай жағдайлары қазіргі күні де өзекті. Русьта, ал одан кейін Кеңес Одағында волонтерлік мейірбикелер қызметі, тимур және пионер қозғалыстары, табиғат пен ескерткіштерді қорғаудың әртүрлі қоғамдары түрінде болған, өткізілетін сенбіліктер де волонтерлік қызмет деп есептелген. АҚШ-та волонтерлік қызметтің шыңы ХХ ғасырдың 30-шы жылдарына келді (оған 3 миллионға жуық жас адам қатысты). «Civilian Conservation Corps» волонтерлік ұйымы жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты сақтау бойынша маңызды жұмысты орындау үшін президент Франклин Рузвельтпен құрылды. Волонтерлік халықаралық деңгейде де орынға ие: бұл әртүрлі бағдарламалар, халықаралық ұйымдар. Мысалы, Канадалық «Help the Aged» (Қарттарға көмектес) атты бағдарламасы бар, ол әлемнің 11 елінде іске асырылады, оның ішінде Канада, Конго, Индия, Гаити, Кения, Шри- Ланка, Филиппины, Гана, Гаити, Ямайка және т.б. Дамыған елдер дамып жатқан елдерге көмек көрсетеді. Құтқару армиясы, Қызыл Крест, БҰҰ волонтерлері, International Association for Volunteer Effort (Еріктілік күш салудың халықаралық қауымдастығы) ең ірі халықаралық ұйымдар болып есептеледі, оларға әлемнің 90 елдері кіреді. Әлемдегі ең белігілі халықаралық волонтерлік ұйымдар: • UNV (United Nations Volunteers) – тікелей БҰҰ-ға бағынатын волонтерлік ұйым; • SCI (Service Civil International) – 1920 жылы құрылған халықаралық волонтерлік ұйым, бүкіл әлем бойынша 33 бөлімшесі бар; • CCIVS (Coordinating Committee for International Voluntary Service) – ЮНЕСКО қамқорлығымен 1948 жылы құрылған халықаралық волонтерлік ұйымдардың үйлестіру комитеті;
  • 10. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 10 • Еуропалық волонтерлік ұйымдардың альянсы (Alliance of European Voluntary Service Organizations) 1982 жылдан бастап жұмыс істейді. • IAVE (International Association for Volunteer Effort) – Волонтерлік күш салудың халықаралық қауымдастығы; • AVSO (Association of Voluntary Service Organisation) – Волонтерлік ұйымдардың қауымдастығы; • YAP (Youth Action for Peace); • ICYE (International Cultural Youth Exchange).
  • 11. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 11 Қазақстанда «волонтерлік» немесе «еріктілік» ұғымының өз тарихы бар. Волонтерлік дәстүрлердің қазақ қоғамында терең тарихи тамырлары бар. Олардың негізін топтық көмектің әртүрлі түрлері құрады, ең алдымен «асар», яғни көшпенділердің дәстүрлі әлеуметтік ұйымының қойнауында қалыптасқан, өздерінің туған-туысқандарына материалдық қолдау мен еңбекті жәрдемдесу. Қазақ қоғамының өмірін экономикалық және әлеуметтік-мәдени жаңғырту үрдісінің әсерінен волонтерлік уақыт өте келе бірте- бірте дамыды. Қазақстанда бірнеше ғасыр бойы әлеуметтік көмектің негізігі түрі қайырымдылық болды. Негізінде, қамтамасыз етілген адамдардың қайырымдылығы мектептер мен мешіттерге бағытталды. Рулық қарым-қатынастар рудың әрбір мүшесі туралы қайырымдылықты көздеді, себебі, көшпелі тұрмыс, өмір сүрудің ауыр жағдайы жеке адамға жекелей қалуға мүмкіндік берген жоқ. Кеңестік кезеңде КСРО құрамына кірген барлық республикалардағыдай Қазақстандағы қайырымдылық пен волонтерлікке билік деңгейінде ынтагерлік пен қолдау көрсетілді – бұл еріктілік сенбіліктер, құрылыстар, «тимур отрядтары», мейірбикелер, комсомолдық- пионерлік-қазан бастамалар. Егеменді мемлекет ретінде Қазақстанның қалыптасуы кезеңінде волонтерлік бастамалар өте өзекті болды. Әртүрлі бағыттағы волонтерлік акцияларға жастарды тарта отырып, оларға шетелдік қорлармен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қолдау көрсетілді. ХХ ғасырдың 90-шы жылдары Қазақстанда шетелден волонтерлерді тартқан халықаралық волонтерлік ұйымдардың бірқатары пайда болды. Мысалы, АҚШ-тың Бейбітшілік корпусының бағдарламасы 1993 – 2011 жылдар аралығында Қазақстанда жүзеге асырылды, 1993 жылдан бастап БҰҰ еріктілерінің (UNV) бағдарламасы, 1999 жылдан бастап Шетел волонтерлік қызметі (VSO) жұмыс істей бастады. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның көптеген қалаларында шетел тілін оқыту, үмітсіз науқастарға медициналық көмек көрсету, физикалық және психикалық ауытқулары бар балаларды оңалту, әйелдер көшбасшылығын дамыту және т.б. бағыттарда осы халықаралық ұйымдардың мыңдаған волонтерлері жұмыс істеді. Тоқсаныншы жылдардың соңында республикада волонтерлікті көпшілікке таратуға, волонтерлік жобаларды іске асыруға және волонтерлік іс-шараларды ұйымдастыруға маманданған отандық ҮЕҰ пайда болды, бірақ қазіргі күні волонтерлік қозғалысты бұқаралық ету үшін олардың саны өте аз. 2010 жылы Қазақстанда азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті республикалық қоғамдық бейресми бірлестігі ретінде Ұлттық волонтерлік желісі (НВС) пайда болды. 2012 жылғы 23 қыркүйекте НВС «Ұлттық волонтерлік желісі» қауымдастығы түрінде ЗТБ ретінде ресми түрде тіркелді. НВС волонтерлікті азаматтық секторды дамытудың базалық факторы ретінде қарастырады, себебі, әлемдік тәжірибе волонтерліксіз азаматтық қоғам жоқ екенін көрсетеді. БҰҰ еріктілерінің бағдарламасы ұзақ мерзімді серіктес болып табылады.
  • 12. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 12 Қазіргі уақытта Қазақстандағы волонтерлік қозғалыстың негізгі тасымалдаушысы жергілікті ҮЕҰ болып табылады, бірақ тұрақты негізде волонтерлерді тартатын ұйымдардың саны өте аз және бұқаралық сипаты жоқ. Бұл халықты ақпараттандырудың, еріктілік пен қайырымдылық іс-шараларға қатысудың төмен деңгейіне сәйкес келеді Соңғы жылдары волонтерлер ЕҚЫҰ мүше елдерінің саммиті, Ислам конференциясы, VII қысқы Азия ойындары және т.б. мемлекеттік маңызды іс-шараларды ұйымдастыру кезінде белсенді тартылады, бұл Қазақстандағы волонтердің мәртебесіне өте жағымды әсер етті. 1970 жылдан бастап жыл сайын 5 желтоқсан күні әлемнің барлық елдерінде Халықаралық волонтер күні атап өтіледі. 1985 жылдан БҰҰ-ң Бас Ассамблеясы барлық елдердің үкіметтеріне экономикалық және әлеуметтік даму үшін 5 желтоқсан күнін Халықаралық волонтерлер күні ретінде атап өтуді ұсынды. БҰҰ Бас Ассамблеясы үкіметтерді волонтерлік қызметтердің үлесі туралы хабардарлықты арттыруда жәрдемдесуді және мұнымен, бұдан да көп адамға түрткі болуға, отанында, сонымен қатар, шетелде волонтерлер ретінде барлық салаларда өз қызметтерін ұсынуға шақырды. 10 жыл бойы Қазақстанда волонтерлермен жұмыс істейтін ұйымдар басқа елдермен қатар Халықаралық волонтерлер күнін атап өтуде. Қазақстан волонтерлері бұл күнді қоғамның дамуына адамдардың волонтерлік үлесін атап өтудің және бағалаудың, қайырымдылық іс- шаралар мен волонтерлік акцияларды өткізудің бірегей мүмкіндігі ретінде қарастырады. • Волонтерлік қызмет негізделген нормативтік-құқықтық база Адам құқытарының жалпыға бірдей декларациясы болып табылады (1948 жыл); • Бала құқықтары туралы конвенция (1989 жыл); • БҰҰ Бас Ассамблеясының қолдауымен Халықаралық волонтерлік күш салу қауымдастығының XVI бүкіләлемдік конференциясында қабылданған волонтерлік қызмет туралы жалпыға бірдей декларациясы (Амстердам, қаңтар, 2001 жыл, Халықаралық волонтерлер жылы); • Қазақстан Республикасының Конституциясы; • Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі; • «Қазақстан Республикасындағы бейкоммерциялық ұйымдар туралы» ҚР Заңы; • «Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңы; • «Білім туралы» ҚР Заңы; • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы.
  • 13. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 13 Жасына (тәрбие мекемелеріндегілерден басқалары; кәмелетке толу ауруханада жұмыс істеу үшін керек), біліміне, материалдық мәртебесіне және т.б. қарамастан әрбір адам волонтер бола алады. Басты шарт – адамдарға көмектесу, ақ жүрек пен бос уақыттың болуы. Көбінесе, волонтердің портреті келесідей: өзінің уақыты мен дағдысын еріктілік еңбекке арнай алатын икемді және жауапты, жас немесе ересек адам. Нәтижесінде, ол көптеген жағымды әсерлерді, жаңа пікірлес-достарды алады, өз қызметінің нақты жемістерін көреді, ал кейде өмір мағынасын табады. Волонтерлік қозғалыс, көбінесе достық қарым-қатынастарға және өзара жәрдемдесуге негізделеді. Басқа адамға көмектескісі келетін, басқа адамдарға жай ғана жақсы көңіл-күй сыйлағысы келетін кез келген мейірімді адам волонтер бола алады. Қоршаған ортасы, өмір сүретін, оқитын және жұмыс істейтін орны бәрібір емес, бір нәрсені жақсы жаққа өзгерткісі келетін адам волонтер бола алады. Жақсылық жасау, басқаларға өзінің жылуын сыйлау және оған қуану үшін өзіндегі күшті сезетін, адамдарға өзінің жүрегін ашуға дайын адам волонтер бола алады. Ал тағы, бір орында отыра алмайтын, оқиғалардың қақ ортасында болғысы келетін, жаңаны оқығысы келетін, өз білімін қайрағысы келетін, кәсіби ортада дағдыларды алғысы келетін, сондай-ақ, өзін-өзі, өз уақыты мен жағдайды қолда ұстауға үйренгісі келетін, пайдалы және қарапайым мейірімді таныстарды тапқысы келетін, кез келген оқиға орын алса, сені қорғауға бүкіл армия тұратынын немесе сенімен бірге қуанатын достар жаныңда бар екенін білігісі келетін адам да волонтер бола алады!
  • 14. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 14 ВОЛОНТЕРЛІК ҚАҒИДАТТАРЫ ЕРІКТІЛІК: Біз тәулік бойы жұмыс істейміз, бірақ ешқашан ақша алмаймыз; ТӘУЕЛСІЗДІК: Бізді корольдер емес, қажеттіліктер жетелейді; БІРЛІК: Бізде идеялар көп, бірақ мұрат бір; ЖАН-ЖАҚТЫЛЫҚ: Біз ұлттарды құрметтейміз, бірақ көмек көрсету үшін шекаралардан өтеміз; АДАМГЕРШІЛІК: Біз жүйелерге емес, адамдарға қызмет етеміз; АЛАЛЫҚСЫЗДЫҚ: Біз жазықты және жазықсын құрбандардың қамын ойлаймыз; БЕЙТАРАПТЫҚ: Біз бастамаларды аламыз, бірақ ешқашан жақтарды алмаймыз. ВОЛОНТЕРЛЕРДІҢ ӨСИЕТТЕРІ 1. Волонтердің мәртебесін мақтан тұт. Волонтерлік қызмет айтарлықтай жан байлығын арттырады. 2. Қоғам үшін кез келген пайдалы қызметте өзіңді аш. 3. Болашақта өзің айналысатын игі істі таңда. 4. Сенің қолдауыңды қажет ететін жанға көмектес. 5. Бүкпесіз жұмыс істе, волонтерлік қызметтің жұмысын тиімдірек етуің туралы жаңа ойларыңмен басқалармен бөліс. 6. Сенің күшің мен сенің байлығың – сенің денсаулығың мен мейірімділігіңде екенін есте сақта. 7. Өзіңнің және өзіңнің пікірлестеріңнің мейірімді істерін бағала. 8. Талқылауларға, тренигтерге қатыс және өз ой-өрісіңді кеңейт. 9. Өз мүдделерің мен волонтерлік қозғалыстың міндеттерін есепке ал. 10. Патриотизмді, руханиятты, шығармашылықты, кәсіпқойлықты дамыту мүмкіндіктеріне өзіңді аш. 11. Өз жақсылығыңды сыйла, оны көбі күтуде. ВОЛОНТЕРЛЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚАҒИДАЛАРЫ 1. Сен волонтерсің – мейірімділігіңді барлық қоршағандарға көрсет! 2. Сын жаңа идеялардың шығуын іске асырады! 3. Тілдессең – игі іс жаса! 4. Істей алмасаң – үйретеміз! 5. Басқалардың пікірлерін құрметте! 6. Мақсаттарға жетуде мейрімді және табанды бол!
  • 15. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 15 Волонтерлік қызметтің бағыттары шынында алуан түрлі: • балалар үйлерін әлеуметтік қамқорлау; • қарт адамдарды әлеуметтік қамқорлау; • медициналық көмек (ауруханалардағы мейірімділік қызметтері); • салауатты өмір салтын насихаттау, темекі тартудың, маскүнемдіктің алдын алу, нашақорлықты, ЖИТСті, жасөспірімдер қылмыстылығын алдын алуға бағытталған ағартушылық әңгімелер; • педагогикалық сүйемелдеу (балалар мен жасөспірімдерді қолдау); • әлеуметтік-психологиялық және заңгерлік қолдау (жастар психологиялық және заңгерлік қызметтер, мигранттарға, босқындарға, бұрын қамауда болғандарға және басқаларға көмек); • экологиялық қорғау (қоқыс жинау, бұлақтарды, өзендердің жағаларын, саябақтарды, ЕҚТА тазалау); • интеллектуалды дамыту (интеллектуалды конкурстарды ұйымдастыру және өткізу); • спорттық, туристік және әскери дайындық; • шығармашылық дамыту (шығармашылық іс-шараларды, конкурстарды, мерекелерді); • сауық қызметі (балалардың, жасөспірімдердің және жастардың бос уақытын ұйымдастыру); • әлеуметтік өлкетану; • еңбек көмегі (еңбек лагерлері мен бригадалар); • қалпына келтіру жұмыстарындағы көмек; • жануарларға көмек, хайуанаттар бақтары мен қорықтарға еріктілік көмек; • қайырымдылық концерттер мен театрлық өнер көрсетулер; • экскурсиялық қызмет; • қолөнер шеберханалары (дәстүрлі кәсіптерді жандандырудағы көмек); • ақпараттық қамтамасыз ету, әлеуметтік жобалардың PR-науқандары; • интернет-еріктілік және т.б. Жоғарыда көрсетілген бағыттар еріктілік бірлестіктер мен ұйымдардың әрекеттегі жобаларына байланысты кеңейе алады. Тәжірибе көрсеткендей, жастар үшін сауық қызметі (балалардың, жасөспірімдердің және жастардың бос уақытын ұйымдастыру), әлеуметтіік-психологиялық және заңгерлік қолдау (жастар психологиялық және заңгерлік қызметтер), экологиялық қорғау, шығармашылық дамыту (шығармашылық іс-шараларды, конкурстарды, мерекелерді), ақпараттық қамтамасыз ету, медициналық көмек (ауруханалардағы мейірімділік қызметтері), жандандыру жұмыстарындағы көмек және т.б. сияқты волонтерлік қызмет түрлері ең қолайлылары болып табылады.
  • 16. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 16 Сонымен бірге, жас адам үшін көлік-қолайлы аумақта волонтерлік қызмет бағыттарын таңдау волонтерлік қызметке қатысу себептерімен арақатынаста болуы керек. Бағыттардан бөлек, волонтерлік қызметтің алуан түрлері бар: • бір жолғы іс-шаралар мен акциялар, жобалар мен гранттар, мақсатты бағдарламалар; конференциялар, дөңгелек үстелдер, фестивальдер, конкурстар, лагерлер, қайырымдылық маусымдар; • үнемі еңбекті көп керек ететін жұмыс (мысалы, ауруды күтушінің немесе қаланың көрікті жерлері туралы ақпаратты таратушының міндеттерін орындау). Сол уақытта, волонтерлік бір орнында тұрмайды. Мысалы, онлайн-волонтерлік сияқты инновациялық волонтерлік тәжірибелерді дамыту қажет.
  • 17. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 17 Волонтердің жұмысы жиі 1 күннен 5 жылға дейін созылады. Кейбірі 1 рет келіп, одан кейін мүлдем келмеуі мүмкін. Басқалары 6 айдан 2 жылға дейін жұмыс істейді, алатынын алып, кетеді, себебі оларда басқа қызығушылықтар, мәселелер мен жаңа үміттер пайда болады. 3-5 жыл істейтіндер де бар. 3-5 жылдан кейін, өзінің бүкіл бос уақытын ол үшін қызықты іске арнаған волонтер, кәсіпқой болады және әдеттегідей, ұйымда маман ретінде жұмыс істей бастайды. Волонтерлердің кетуі – қайта айналмайтын үрдіс. Біреуге басқа іс қызықтырақ болды, біреу кетіп қалды, отбасын құрды, жұмыс тапты. Бірақ, волонтер тәжірибесі ізсіз қалмайды, қайту феномені бар. Өзінен волонтердің ауыртпалығын алып тастаған адам оқуға, жұмысқа барады, отбасымен айналысады. Бірақ, уақыт өтіп, көбі бірінен соң бірі игі іске өздерінің күштері мен өз уақытының бөлігін арнап, көмектесуге келеді. Сондықтан, бастысы, кете отырып, волонтерлер оларды әрдайым күтетінін сезінулері керек.
  • 18. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 18 Мұқтаждарға көмек көрсету туралы ойланғандардың барлығына бірнеше маңызды ережелер. 1. Өз уақытын бағалау. Күніне/ аптасына/ айына көмекке нақты қанша уақыт бөлуге дайынсыз. Осыдан көмек көрсету тәсілінің таңдауы байланысты. 2. Өз күшін бағалау. Маңызды және қажетті болып көрінетін істерді бастамас бұрын, ойлану қажет: сіз бұл істі соңына дейін жеткізе аласыз ба? Таңдалған көмек түрін сапалы түрде жүзеге асыра аласыз ба? Тоқтап, өз күшіңізді бағалаңыз. 3. Аздан бастау. Бұл өз күшіңізді бағалауға, бірге жұмыс істеуге келетін адамдармен көрісуге, сізді іс жүзінде көруге нақты мүмкіндік береді.
  • 19. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 19 Қазіргі уақытта, біздің елімізде соғыс ардагерлері өздерін қорғалған болып сезінулері үшін мемлекет тарыпынан көптеген игі істер жасалуда. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың әлеуметтік бастамалары негізінде, барлық мұқтаж жандар - қарттар, ардагерлер және зейнеткерлер туралы қамқорлық ерекше орында. «Қазақстан – 2050» стратегиясында қоғамның әлеуметтік осал топтарын – зейнеткерлерді, мүгедектерді, еңбекке жарамсыздарды, науқас балаларды және т.б. атаулы қолдауға толық жауапкершілік анықталған. Барлық азаматтар ардагерлердің ерліктерін тек Жеңіс күні ғана емес, үнемі есте сақтағандарын атап өткен жөн. Диалог пен ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, қоғамда тілектестікті, патриотизмді, салт-дәстүрлер мен қарт адамдарға құрметті нығайту – біздің қоғамымыздың дамуы үшін маңызды міндеттердің бірі. Дәл осы жерде маңызды үлесті волонтерлер қоса алады. Бүгін көптеген ардагерлік ұйымдар үйден шығуға мүмкіндіктері жоқ адамдарды күту бойынша көмек көрсету өтінішімен жас адамдарға жүгінеді. Қарапайым адами тілдесуді айтпағанда, олардың көбіне үйдегі медициналық тексерістен өту үшін көмек көрсету керек. Шынында, қазіргі уақытта барлық ардагерлер мен соғысқа қатысушылар толығымен өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерімен қатар, бастауыш, физиологиялық және виталды қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Ардагерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуде негізгі жан-жақты тәсілді жүзеге асыра отырып, олардың физикалық өмір сүрулерін қамтамасыз ету үшін жағдай жасап қана қоймай, сонымен қатар, әлеуметтік белсенді топ ретінде олардың әлеуетін қолдауға болады. Сонда, социумда, ардагерлер өздерін қоғамның толық жарамды және талап етілген мүшелері ретінде сезіне алатын моральдық-психологиялық ахуал пайда болады. Сол уақытта, осы санатпен әлеуметтік жұмыс істеудің бірқатар ерекшеліктері бар және белгілі бір өзгешелікке ие. Ең алдымен, сөз психикалық және физикалық денсаулығының жағдайын, көңіл-күй ерекшеліктері мен мінез-құлықтың өзгешелігін есепке алатын әлеуметтік жұмыстың стратегиясы туралы. Істің мәні – ардагерлер айырылу, қайғы және өлім жағдайларына өте жиі тап болады: өмірден майдандастары, жақындары мен туысқандары кетеді, әлеуметтік байланыстар мен істер аз қалады. Сондықтан, волонтерлер тек ардагерге ғана емес, сонымен қатар, оның отбасына, оларды күтетіндерге назар аударулары қажет.
  • 20. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 20 Сондай-ақ, волонтерлер, қарт адамдар мен ардагерлер уайым-қайғы мен түңілуге толы оқиғаларды әңгімелейтіндеріне кездесулері мүмкін. Іс жүзінде, қарт адамдардың өмірі тек қайғылы тәжірибеден тұрмайды. Ардагерлер олардың өмірлерінде орын алған көптеген жағымды оқиғаларды еске алмайды. Оқиғалар олардың кештеу өмірінде көрініс тапқан жағдайда ғана маңызды болады. Көбіне, бұл әрі қарайғы байланыстарға із қалдырып, тілдесудің басында орын алады. Бұл жерде келесі қиындық пайда болады. Волонтерлер кәрі адамнан нені күтуге болатынын, нені тілейтінін біледі (алдыңғы байланыстан кейін). Іс жүзінде, бұл олай емес, ардагер жақсы, жағымды оқиғаларды әңгімелей алады, бұл үшін ардагердің өміріндегі жағымды оқиғаларға жарық түсіру үшін өмірбаяндық сұхбаттасу әдісін қолдану пайдалы. Бұдан шығатын қорытынды, ардагерлермен жұмыс істеу алғашқыда көрінгендей соншалықты қарапайым болмайтыны түсінікті болады. Кез келген жағдайда, қарт адамдармен, ардагерлермен және Ұлы Отан соғысының қатысушыларымен тілдескен кезде, ардагер – есейген, тәжірибелі, көпті көрген, жаңа тәжірибені меңгеруге қабілетті екенінен шығу қажет. Осындай тәсіл тамырында қалпына келуге мұқтаж, немесе әлеуметтік жүйенің жағымсыз ықпалынан кінәсіз құрбаны ретінде жарымжан объектілері ретіндегі егде жастағы адамдарға деген қарым-қатынастан ерекшеленеді. Және волонтердің еңбекке деген жағымды уәждемесі, адамдарға тілектестік қарым- қатынас, коммуникативтік қабілет, эмпатия, жүйке-психикалық тұрақтылық, шыдамдылық сияқты қасиеттері туралы ұмытпау керек. Оның орнына волонтер көп нәрсе алады – дәл осы кездесулер кезінде ұрпақтар арасындағы баға жетпес тәжірибе алмасу орын алады және жанкешті еңбегі мен волонтердің шынайы қамқорлығының арқасында бұл әлемде күлімсірейтін адамдар көбірек болады!
  • 21. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 21 Вестник благотворительности. – 1995. - N 5(21), сентябрь-октябрь 1995. - С. 12. Ветераны / под ред. Б. В. Громова. - М., 2007. Волонтеры. Как все начиналось. – 2010. - http://www.moeobrazovanie.ru/istoriya_ vo lonterstva.html Методические рекомендации по развитию добровольческой (волонтерской) деятельности молодежи в субъектах Российской Федерации. - 2014. Перспективы развития волонтерской деятельности в РК: сборник рекомендаций. - Астана, 2012. Республиканская общественная организация «МОЛОДЕЖЬ НОВОГО ВЕКА». - 2014. - http://ngoyonc.org/%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%BD%D1%82% D0%B5%D1%80%D0%B0%D0%BC/%D0%B2%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%BD %D1%82%D0%B5%D1%80-%D0%BA%D1%82%D0%BE-%D0%BE%D0%BD/ С заботой о старшем поколении. – 2014. - http://nurotan.kz/ru/content/s-zabotoy-o- starshem-pokolenii
  • 22. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 22 Волонтер – бұл қоғамның игілігі үшін өз еркімен және ақысыз негізде жұмысты орындайтын немесе қызмет ұсынатын адам. Волонтер қызметпен қатар, қоғам, қауымдастық немесе қандай болса да мұқтаж адам үшін жұмысты (қажеттілікке байланысты) орындай алады. Волонтер, волонтерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты өтемақы алуға құқылы (мысалы, жол жүруге, ұзақ уақытқа созылған жұмыс болған жағдайда тамақтануға, тұратын жерінен алыс жерде волотерлік қызметті іске асыруда, жабдықтауға, үйретуші немесе әдістемелік және т.б. үшін өтемақылар). Волонтерлік қызмет – бұл қоғамның игілігі үшін ақысыз және өз еркімен жасалатын нақты белгіленген қызмет немесе жұмыс. Волонтерлік қызметті немесе жұмысты қабылдайтын жақ, мүмкіндігіне қарай волонтердің жұмысы үшін қажетті жағдайларды ұсынуға, сондай- ақ, волонтер орындаған жұмыстың сапасын және жұмыс көлемін немесе қызметті барынша атап өтуге міндетті. Волонтерлік қызметті өлшеу бірлігі волонтермен істелген сағат саны, сонымен қатар, волонтермен ақысыз ұсынылған қызмет құнының ақшалай баламасы болуы мүмкін. Волонтерлік ұйым – бұл волонтерлікті дамытуға және волонтерлік қызметті жүзеге асыруға жұмылдырылған ұйым, дәлірек айтқанда, (1) волонтерлік еңбекті, қызметті немесе мұқтаждарға көмекті кәсіби ұйымдастыру, (2) әлеуетті волонтерлерге волонтерлік қызмет арқылы жүзеге асуы үшін мүмкіндікті ұсыну және (3) волонтерлік қызметті жүзеге асыруға ниет білдіргендерді оқыту және тиісті дайындықты ұсыну. Волонтерлік ұйым – бұл, волонтерлермен қызмет толық немесе ішінара іске асырылатын ұйым, бұл ұйымның жарғысымен және/немесе ережелерімен қарастырылған. Волонтерлік қозғалыс – елдің әлеуметтік-экономикалық өміріне волонтерлердің белсенді қатысуына бағытталған елдің азаматтары мен ұйымдарының волонтерлік әрекеттерінің жиынтығы. Волонтерлік ресурстар – қайнар көзі волонтерлер болып табылатын еңбек, уақытша, интеллектуалды, кәсіби, материалдық және басқа да ресурстардың жиынтығы. Кәсіби волонтерлік – көмекке мұқтаж қоғамдық ұйымдарға, ҮЕҰ-ға, сонымен қатар, жеке тұлғаларға ақысыз кәсіби көмек көрсету. Кәсіби волонтерлік кәсіби дағдыларды, тәжірибені және бос уақыттың болуын, сондай-ақ, кәсіпқой жұмыс істейтін жұмыс беруші жағынан қолдау мен түсіністікті қажет етеді.
  • 23. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 23 Жастар волонтерлігі – өз еркімен жүзеге асырылатын және қызмет субъектісіне әлеуметтендіруші ықпал ететін қоғамдық мәселелерді заттық шешу бойынша жастар волонтерлік қызметі. Әлеуметтік волонтерлікті қолдау жүйесі – қоғамдық және мемлекеттік ресурстарды жұмылдыру және шоғырландыру негізінде волонтерлікті ынталандыруға, қолдауға және дамытуға бағдар алған іс-шаралар мен мамандырылған инфрақұрылым кешені. Волонтерлердің үйлестірушісі – ұйымда арнайы дайындығы бар және волонтерлерді тартуға, оқытуға, уәждемелеу мен дайындауға, олардың жұмысын ұйымдастыру мен олардың қызметін үйлестіруге жауапты тұлға. Волонтерлік бағдарлама – азаматтар мен азаматтық қоғамның қажеттіліктеріне бағытталған гуманитарлық бағдарлама, оны іске асырудың негізгі тәсілі адамдардың өз еркімен жұмыс істеуі, ал басты міндеті – волонтерлік жұмысты тиімді ұйымдастыру болып табылады. Волонтерлік қозғалыс қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады, олар өздерінің жарғылық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес азаматтарды тартады, оқытады және жұмылдырады және олармен бірге қайырымдылық, әлеуметтік іс-шараларды жүзеге асырады, қызметтерді көрсетеді және әлеуметтік-маңызды жұмысты орындайды. Коммерциялық ұйымдар да кәсіби волонтерлерді жұмылдыра және ақысыз жұмыс істеулері үшін оларға жағдай жасай отырып, волонтерлік қызметті жүзеге асыра алады. Мемлекеттік мекемелер волонтерлік ұйымдар арқылы және қызметінде салмақты волонтерлік компоненті бар волонтерлік ҮЕҰ мен ҮЕҰ арасында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы волонтерлерді тарта отырып, волонтерлік қызметке қатыса алады. Сондай-ақ, мамандырылған волонтерлік ұйымдар мемлекеттің, бизнестің және өзінің бастамасының қолдауымен волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша қызметті жүзеге асыра алады. Мүдделі жақтар волонтерлікпен айналысатын азаматтар мен ұйымдарға білім, ақпараттық және консультациялық қолдауды жүзеге асыра алады.
  • 24. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 24 ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ МӘНІ МЕН МАҚСАТТАРЫ 1948 жылғы Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен 1989 жылғы Бала құқықтары туралы халықаралық конвенцияға сәйкес, «кез келген тұлға бейбіт қауымдастықтарға еркін бірігуге құқылы» қағидатынан шыға отырып, волонтерлер өз қызметін әлеуметтік, экономикалық және экологиялық даму құралы ретінде қарастырады. Волонтерлік: - бұл жеке көзқарастар мен ұстанымдарды қамтып көрсететін ерікті таңдау; - бұл адам қауымдастықтарының өміріне азаматтың белсенді қатысуы; - өмір сапасын жақсартуға, жеке басының өркендеуіне және тілектестікті тереңдетуге көмектеседі; - әдетте, әртүрлі қауымдастықтар шеңберінде бірлескен қызметте көрінеді; - тым әділ және бейбіт қоғамды құру жолында негізгі адами қажеттіліктерді іске асыруға көмектеседі; - тым теңдестірілген экономикалық және әлеуметтік дамуға, жаңа жұмыс орындар мен жаңа мамандықтарды құруға көмектеседі. ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ НЕГІЗГІ ҚАҒИДАТТАРЫ Волонтерлер келесі қағидаттарды ұстанып, тәжірибеде қолданады: - нәсіліне, дін тұтуына, дене ерекшеліктеріне, әлеуметтік және материалдық жағдайына қарамастан, ерлердің, әйелдердің, балалардың бірігу құқығын мойындайды; - басқа адамдардың абыройы мен мәдениетін құрметтейді; - серіктестік пен бауырластық рухында жеке немесе ұйымшылдықпен өзара көмек, ақысыз қызмет көрсетеді; - жеке және ұжымдық қажеттіліктердің бірдей маңызын мойындайды, осы қажеттіліктерді ұжымдық қамтамасыз етуге көмектеседі; - өз алдына волонтерлікті жеке өркендеу элементі - жаңа білімдер мен дағдыларды алуға, қабілеттерді жетілдіруге айналдыру мақсатын қояды, бұл үшін әрбіріне пайдаланушы емес, жасаушы мүмкіндігін бере отырып, адамдардың бастамасы мен шығармашылығын ынталандырады;
  • 25. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 25 - жауапкершілік сезімін ынталандырады, отбасылық, ұжымдық және халықаралық тілектестікті көтермелейді. Осы негізгі қағидаттардан шыға отырып, волонтерлер: - жеке басының қатысуы ұжымдық әрекетке айналуына жәрдемдесу; - өз қауымдастықтарын белсенді қолдау, олардың мақсаттарына берілген және олардың саясаты мен қызметі туралы хабардар болу; - өз қабілеттері мен бос уақытының бар болу шамасына қарай, бірге шығарған бағдарламаларын өзіне алған жауапкершілікке сәйкес, ойдағыдай аяқталуына дейін жеткізуге ұмтылу; - қауымдастық бойынша өз әріптестерімен өзара түсіністік пен өзара құрмет рухында қызметтес болу; - жаңа білімдерден бас тартпау; - егер қызметінде құпия ақпараттың болуы қарастырылса, оны жария етпеу керек. Өз жағынан, Адам құқытары мен волонтерлік қағидаттарының негіздерін құрметтей отырып, қауымдастық: - волонтерлік қызметтің дұрыс реттемелеуін қамтамасыз ету, еріктілік ынтымақтастықтың шектерін анықтау, олардың міндеттерін түсінікті тұжырымдау және құрметпен қарау; - қажетті оқу мен көмекті қамтамасыз ете отырып, әрбіріне, өзіне сай келетін қызметті тапсыру; - үнемі қызметтің қорытындыларын шығару және олардың жариялануын қамтамасыз ету; - қажет болған жағдайда волонтерлердің қызметімен байланысты тәуекелдің өтемақысын, сондай-ақ, волонтерлер қызметінің нәтижесінде үшінші жақтармен еріксіз жасалған залалды қамтамасыз ету; - қажет болған жағдайда жасалған шығындардың орнын толтыра отырып, волонтерлік қызметке жалпы қол жеткізуді қамтамасыз ету; - қауымдастықтың, сондай-ақ, олардың өздерінің бастамасы бойынша волонтерлермен өз қызметін тоқтату әдістерін қарастыру тиіс. ДЕКЛАРАЦИЯ Халықаралық волонтерлер қауымдастығының бастамасы бойынша Бүкіләлемдік конгрессті жинап, волонтерлер волонтерлік қызметтің жасампаз және бітімгерлік сипатқа берілгендігі туралы хабарлайды:
  • 26. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 26 - адамның адамгершілігін құрметтеу үшін, өз тағдырын құруға және өз азаматтық құқытарын жүзеге асыруға жеке адамның құқықтарын мойындау; - әлеуметтік және экологиялық мәселелерді шешу үшін; - халықаралық ынтымақтастықты дамытуда жәрдемдесу кезінде гуманистік және әділ қоғамды құру мақсатында. Біз мемлекеттерді, халықаралық ұйымдарды, кәсіпорындарды, бұқаралық ақпарат құралдарын бүкіл волонтерлікке тиімді, ашық болып табылатын жағымды қозғалыс – адамдар мен халықтар арасындағы тілектестікті іске асыратын халықаралық ахуалды құруда серіктес болуға шақырамыз. Париж, 1990 жылғы 14 қыркүйек Халықаралық волонтерлік күш салу қауымдастықтарының ХІ бүкіләлемдік конференциясында қабылданды (IAVE* World Volunteer Conference) _________________ * International Association for Volunteer Effort // www.iave.org.
  • 27. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 27 Волонтерлік қызмет – азаматтық қоғамның іргетасы. Ол адамзаттың бейбітшілікке, бостандыққа, қауіпсіздікке және әділдікке жету деген ұмтылыстарын өмірге қосады. Біздің жаһандану және үнемі өзгеріс дәуірінде әлем тым қиын және өзара байланысты. Волонтерлік – жеке немесе топтық қызмет болсын, ол арқылы: - қоғамда қайырымдылық пен көмек сияқты адами құндылықтар сақталып, күшейеді; - адамдар бір уақытта жаңаны тану, өз өмірін жетілдіру, өзінің адами әлеуетін ашу үдерісімен өз құқықтары мен қоғам мүшелерінің жауапкершілігін іске асырады; - айырмашылықтарға қарамастан, дұрыс, тұрақты қауымдастықтарда өмір сүруге, жалпы мәселелерді инновациялық шешуге және ортақ тағдырды құру үстінде бірге жұмыс істеуге көмектесетін байланыстар орнатылуы мүмкін. Жаңа мың жылдықтың басында волонтерлік –барлық қоғамдардың ажырамас элементі. Ол біріккен ұлттардың «Біз, халықтармыз» атты декларациясын әлемді өзгерте алатын тиімді тәжірибелік әрекетке іске асырады. **** Декларация, өздерінің мәдени және этностық ерекшеліктеріне, дініне, жасына, жынысына, физикалық, әлеуметтік және материалдық жағдайына қарамастан, волонтерлік қызметке әрбір әйелдің, әрбір ердің және баланың еркін қатысуын қолдайды. Әлемдегі барлық адамдар қаржылық сыйақы күтусіз жеке және топтық әрекеттер арқылы басқа адамдарға немесе қауымдастықтарға өз уақытын, талантын, жігерлілігін өз еркімен арнауға құқылы. Волонтерлік қызметті дамыту, келесідей мүмкіндіктерді ұсынатынына сенеміз: - бүкіл қауымдастыққа, оның мәселелерін анықтау мен шешу үдерісіне қатыстыруға көмектеседі; - әрбіріне естіліп қалу мүмкіндігін береді; - барлығына волонтер болу мүмкіндігін құрады; - басқа секторлардың жауапты әрекеттерін және ақылы қызметкерлердің күш салуларын толықтырады, бірақ ауыстырмайды; - адамдарға жаңа білімдер мен дағдыларды алу, өзінің дербес шығармашылық әлеуеті мен өзіне деген сенімді толық дамыту үшін мүмкіндік құрады; - отбасылық, қауымдық, ұлттық және жаһандық тілектестікке жәрдемдеседі. Волонтерлер, өздері қызмет ететін ұйымдар мен қауымдастықтарға:
  • 28. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 28 - волонтерлердің қоғамдық маңызды мақсаттарға жетуге көмектесетін жұмысында ортаны құру; - ұйым мен волонтер волонтерлік қызметтің басшылық саясатын бірге дамыта алатын, сондай-ақ, өз міндеттемелерін тоқтата алатын жағдайларды енгізетін волонтерлік қызметтің өлшемдерін анықтау; - мүмкін болған тәуекелдерден волонтерлерді және олар қызмет көрсететіндерді қорғау; - волонтерлерді оқумен, үнемі бағалаумен және мойындаушылықпен қамтамасыз ету; - олардың қатысуларына кедергі болатын физиологиялық, экономикалық, әлеуметтік және мәдени тосқауылдарды шешу жолымен волонтерлік қызметке қол жетіміділік үшін жалпы жауапты болатындарына сенеміз **** Адам құқықтары туралы Біріккен ұлттардың декларациясында баяндалған базалық адам құқықтарына, волонтерлік қағидаттар мен волонтерлердің, сондай-ақ, олар жұмысқа тартылған ұйымдардың жауапкершілігіне сүйене отырып, біз шақырамыз: Барлық волонтерлер, волонтерлік қызмет жасампаз күш ретінде өз сенімін білдіру керек: - адамдардың абыройын құрметтейтін дұрыс, тұрақты қауымдастықты құру; - адамдарға тәжірибелік өмірде өз құқықтарын пайдалануға, мұнымен өз өмірін жақсартуға уәкілеттік беру; - әлеуметтік, мәдени, экономикалық, экологиялық мәселелерді шешуге көмектесу; - бүкіләлемдік ынтымақтастық арқылы тым гуманистік және әділ қоғам құру. Көшбасшылар: - барлық секторлардың көшбасшылары жетекші ұйымдар ретінде волонтерлікті қолдау үшін мықты, нақты және тиімді жергілікті ұлттық волонтерлік орталықтарды құру үшін біріксін; - үкімет көшбасшылары волонтерлік қызметке барлық адамдардың құқықтарына кепілдік берсін; олардың жұмысына волонтерлердің қатысуына және қолдауына бөгет болатын барлық тосқауылдарды жойсын; ҮЕҰ-ғы басқарудың тиімді жұмылуын алға бастыру және қолдау үшін ресурстармен қамтамасыз етсін; - бизнес көшбасшылары өз қызметкерлерін волонтерлер ретінде қолдауп, тартылуға жәрдемдессін, волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті инфрақұрылымды дамыту үшін адами және қаржылық ресурстармен көмектессін; - бұқаралық ақпарат құралдарының көшбасшылары адамдарға волонтер болуға көмектесетін ақпаратпен қамтамасыз ете отырып, волонтерлердің тарихын баяндасын; - білім беру саласының көшбасшылары әртүрлі жастағы адамдарға, олардың қызмет ету үдерісінде рефлексиясы мен оқуы үшін мүмкіндіктерді құра отырып, көтермелеп, көмектессін; - діндердің көшбасшылары адамдарды қызмет етуге шақыра отырып, рухтылықтың көрінісі ретінде волонтерлік қызметті бекітсін;
  • 29. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 29 - ҮЕҰ-ң көшбасшылары волонтерлердің жұмысы істеуі үшін жағымды ұйымдастырушылық жағдайларды құрсын және оларды тиімді тарту үшін қажетті адамдық және қаржылық ресурстарды тартсын. Біріккен Ұлттар Ұйымы: - Еркін қауымдастықтардың институттарын күшейтудегі қажеттілікті мойындау мақсатында «Волонтерліктің және азаматтық қоғамның онжылдығын» жарияласын; - «V» қызыл әрпін бүкіләлемдік волонтерлік нышаны ретінде танысын. Волонтерлік күш салудың халықаралық қауымдастығы (International Association for Volunteer Effort (IAVE) бүкіл әлемдегі барлық секторлардың волонтерлері мен көшбасшыларын барлық адамдар мен барлық ұлттардың тілектестік нышаны ретінде барлығына қолжетімді тиімді волонтерлікті алға бастыру және қолдау серіктестері ретінде бірігуге шақырады. Волонтерлік күш салудың халықаралық қауымдастығы, волонтерлердің әлемдік қауымдастығын Волонтерлік қызмет туралы жалпыға бірдей декларацияны зерттеуге, талқылауға, растауға және тәжірибелік қолдануға шақырады. Амстердам, қаңтар, 2001 ж., Халықаралық волонтерлер жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы жанындағы Халықаралық волонтерлік күш салу қауымдастықтарының XVI бүкіләлемдік конференциясында қабылданды (IAVE* World Volunteer Conference _________________ * International Association for Volunteer Effort // www.iave.org.
  • 30. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 30 Бас Ассамблея Distr.: General 13 February 2003 Елу жетінші сессия 98 тармақ күн тәртібі Бас Ассамблея қабылдаған қарар [бас комитеттерге берусіз (A/57/L.8 и Add.1)] 57/106. Халықаралық еріктілер күніне байланысты кейінгі жұмыс Бас Ассамблея, экономикалық және әлеуметтік даму үшін үкіметтерге жыл сайын Халықаралық еріктілер күнін 5 желтоқсанда атап өтуді ұсынған өзінің 1985 жылғы 17 желтоқсандағы 40/212 қарарына сілтеме жасап, сондай-ақ, 2001 жылды - Халықаралық еріктілер жылы ретінде жариялаған өзінің 1997 жылғы 20 қарашадағы 52/17 қарарына және Халықаралық еріктілер жылын өткізу туралы өзінің 2000 жылғы 4 желтоқсандағы 55/57 қарарына сілтеме жасап, әрі қарай, үкімет пен Бірікке Ұлттар Ұйымының жүйесі еріктілікті қалай қолдайтыны туралы ұсыныстар баяндалатын өзінің 2001 жылғы 5 желтоқсандағы 56/38 қарарына сілтеме жасап және қайтадан осы қарарды растап, қауым мен еріктілердің өздерінің жалпы қоғам үшін әлеуметтік-экономикалық даму пайдасымен өзара көмек пен өзіне-өзі көмек көрсетудің дәстүрлі түрлерін, қызметтерді ресми ұсыну және азаматтық қатысудың басқа түрлерін енгізіп, еріктіліктің бағалы үлесін мойындап, сонымен қатар, еріктілік бастаулардағы жұмыс кедейлікті азайту, тұрақты даму, денсаулық сақтау, апаттарды болдырмау, апаттарға әсер ету және әлеуметтік біріктіру, әсіресе, әлеуметтік шеттету және кемсіту сияқты салаларда мәселелерді шешуге бағытталған кез келген стратегияның маңызды компоненттері болып табылатынын мойындап,
  • 31. ҰЛТТЫҚ ВОЛОНТЕРЛІК ЖЕЛІ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен АРДАГЕРЛЕРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕ ВОЛОНТЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ 31 әрі қарай, еріктілік, әсіресе, қауым деңгейінде, даму мақсаттарға және Біріккен Ұлттар Ұйымының мың жылдық декларациясында1 , сондай-ақ, Біріккен Ұлттар Ұйымының басқа ірі конференцияларында, самиттерінде, арнайы сессияларында және келесі іс-шараларда қойылған мақсаттарға жетуге көмектесетінін мойындап, еріктілерге арналған тиімді желі құру бойынша күш салуды қоса отырып, атап айтқанда, Халықаралық еріктілер жылының2 веб-сайтының және онымен байланысты ұлттық веб- сайттардың көмегімен бүкіләлемдік ақпарат және ағартушылық алмасудың көмегімен еріктілік бастаулардағы жұмыс туралы ақпаратты тарату бойынша күш салуды құрметпен атап өтіп, еріктілікті қолдауда бүкіл әлем бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы еріктілерінің жұмысын қоса отырып, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйесінің қазіргі үлесін мойындап, Біріккен Ұлттар Ұйымы жүйеснің тиісті бөлімдерінде жүзеге асырылуға тиіс Халықаралық еріктілер жылына байланысты келісілген және үйлестірілген кейінгі қызметтің қажеттілігін есепке ала отырып, 1. 2001 жылы Халықаралық еріктілер жылын өткізу қорытындылары туралы және осыған байланысты кейінгі қызмет туралы Бас хатшының баяндамасын қарсы алады3 ; 2. сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымдарды қоса, үкіметтердің, халықаралық ұйымдардың, азаматтық қоғамның, сонымен қатар жеке сектордың кеңінен қатысумен Халықаралық еріктілер жылын өткізу бойынша 123 ұлттық және көптеген аймақтық, қалалық комитеттер жағынан қолдаумен 2001 жылы Халықаралық еріктілер жылын ойдағыдай өткізілуін қарсы алады, бұл жетістікке халықаралық, аймақтық, ұлттық және жергілікті деңгейлерде мемлекеттер мен азаматтық қоғам ұйымдарының және бірлестіктердің үлесін мойындайды және еріктілерге ақпарат пен тәжірибені таратуға, әсіресе, дамыған елдерде еріктілердің дайындығы мен оқуын ұйымдастыруға және барлық деңгейлерде жаңа серіктес қарым-қатынастарды қалыптастыруға қатысты зерттеулерді өткізуде барлық мүдделі жақтардың әрі қарайғы қатысуын қамтамасыз ету мақсатында бұл жүйенің тиісті сақталуы мен кеңейтілуін ынталадырады; 3. әрі қарай, Халықаралық жылды өткізу нәтижесінде жасалған еріктілік бастаулардағы жұмыстың кеңеюі мен дамуын қамтамасыз ету мүдделерінде саясатты әзірлеу мен заңдарды қабылдау бойынша әртүрлі күш салуларды қарсы алады және үкіметтерге болашақта да еріктілердің баға жетпес рөлін мойындауды және еріктілік қызметті қолдауды, оның ішінде, тиісті саясатты өткізу мен имплементациялық заңдарды қабылдауды ұсынады; _________________ 1 55/2 қарарын қараңыз. 2 www.iyv2001.org. 3 А/57/352.