SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  28
Télécharger pour lire hors ligne
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі
          «КазАгроИнновация» Акционерлік қоғамы
    «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС
  «Жамбыл ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы» филиалы




 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҤСТІГІНДЕ АУЫЛШАРУШЫЛЫҚ
ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАЗИТОЗДАРЫМЕН КҤРЕСУ
                 ШАРАЛАРЫ



                    ҰСЫНЫСТАР




                     Алматы 2010
УДК 636.08:614.9(574)




ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ АУЫЛШАРУШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ
НЕГІЗГІ ПАРАЗИТОЗДАРЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ

ҰСЫНЫСТАР


Республиканың оңтҥстігінде Жамбыл облысындағы ауылшаруашылық
жануарлары жиі шалдығатын паразиттік аурулар және олармен кҥресу
жолдары туралы ҧсыныстарды дайындаған «Қазақ ғылыми – зерттеу
ветеринария институты» ЖШС және «Жамбыл ветеринария ғылыми –
зерттеу стансасы» филиалы қызметкерлері ветеринария ғылымдарының
кандидаты М.А. Бердіқҧлов, паразитология зертханасының меңгерушісі,
ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ж. Сулейменов, ғылыми
қызметкер Жҧмаханов Б, ветеринария ғылымдарының кандидаты К.М.
Қазақбаев, биология ғылымдарының докторы, профессор М.С. Сабаншиев,
кіші ғылыми қызметкер А.А. Абдібаева.

   Ҧсыныс ғылыми және малдәрігерлік қызметкерлерге арналған, және
әртҥрлі әлем елдерінің зерттеулерімен озық әдістемелерін негізге ала отырып
дайындалды.

Жеке қожалықтар мен фермерлердің мал дәрігерлеріне және зертхана
қызметкерлеріне арналған




Издано в рамках программы 056
«Повышение конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции»

Рассмотрено и одобрено на заседании научно-технической комиссии
АО «КазАгроИнновация», 2 августа 2010 года.




                                     2
1.Кіріспе

      Қазақстан республикасы ӛңірлерінде кең таралған паразиттік аурулар
еліміздің мал шаруашылығына елеулі экономикалық зиян келтіреді. Қазіргі
жағдайда шағын фермерлер мен жеке шаруашылықтар малдарын ауыл
тӛңерегіндегі шектеулі жайылымдарға жаюға мәжбҥр. Мҧдай жағдайда ауыл
маңындағы жайлымдар тҥрлі паразит элементтерімен залалданады, соның
нәтижесінде паразитоздардың эпидемиологиялық шиеленісу кӛрсеткіштері
жоғарлайды. Республикамыздың оңтҥстігінде мал санын кӛбейтіп, олардан
алынатын ӛнімдері арттыру ҥшін қолда бар мҥмкіндіктерді толық
пайдаланумен қатар, мал басын аман сақтаудың, оларды әсіресе аурулардан
қорғаудың маңызы зор. ҚР Оңтҥстігінде жиі кездесетін паразиттік
(трематодоздар, цестодоздар, қанмен тері ҥсті паразитоздары) аурулар ауыл
экономикасына едәуір шығын келтіреді.
      Инвазиялық аурулар мал ӛнімдерін тӛмендетіп, шығынға ҧшыратады,
сонымен қатар жануарлардың иммунитеті тӛмендеп басқа жҧқпалы
аурулармен ауыруына бірден-бір себебкер болып табылады.
      Жануарлардың паразиттер қоздыратын ауруларына қарсы қҧралдар,
әртҥрлі емдік, алдын алу және ауруларды азайту мәселесімен кӛптеген
ғалымдар айналысуда [Г.С.Шабдарбаева, А.М. Сазанов, В.Т.Рамазанов,
Г.И.Диков, Н.Т.Қадыров және т.б.]
      Бҧрын ҚР Оңтҥстігінде мал шаруашылықтары жайылымдарында
кӛшіп-қону әдісімен жыл мезгілдеріне сәйкес пайдаланумен ерекшеленетін,
ал қазіргі нарықтық ҧсақ тауарлы шаруашылықтар жағдайында, малдар
белгілі жайылым алқабында жыл бойы шамалы орын ауыстырумен
шектеледі.
      Бҧл дертке қарсы экономикалық тҧрғыдан тиімді және ғылыми негізде
жасалған шараларды ҧйымдастыру кезінде, паразитоздардық биологиялық
ерекшеліктерін, олардың аралық иелері (тасымалдаушылары) арқылы таралу
механизімін, жергілікті табиғи ортадағы эпизоотиялық жағдайды және мал
шаруашылығын жҥргізу технологиясын ескерген жоқ.
      Сыртқы     ортаның    қолайсыз    факторларын     тӛмендету    және
жануарлардың паразитоздарының алдын алу және паразиттер қоздыратын
ауруларды жою ӛзекті мәселе болып отыр




                                    3
ФАСЦИОЛЕЗ

      Фасциолез – жануарларда жіті және созылмалы тҥрде ӛтетін бауыр
қҧрт ауруы.
      Қоздырғышы екi тҥрлi қан сорғыштар: Fasciola hepatica және
F.gigantica(Cobbold,1885). Бiрiншiсiн кәдiмгi, екiншiсiн алып фасциола деп
атайды.
      Кәдiмгi фасциола жапырақ тәрiздi, ҧзындығы 2-3 см, қҧрттың тҧмсық
жағы сәл шығыңқы келедi де кӛптеген тiкеншелерiмен жабдықталады.
      Алып фасциола сҥлiк сияқты ҧзынша келедi, тҧрқы 3,5-7,5 см болды,
iшкi мҥшелерiнiң орналасуы кәдiмгi фасциоланыкiндей, айырмашылығы
шамалы.
      Биологиясы. Сорғыштар қосжыныстылар. Жҧмыртқалары денесiнен
бӛлiнiп, ақтық иесiнiң ӛтiмен бiрге iшегiне енiп, одан нәжiспен сыртқы
ортаға шығады. Жҧмыртқа iшiнде балаңқҧрттың алғашқы сатысы-мирацидий
7-15 кҥн аралығында қалыптасады.
      Мирацидилер бауыраяқтылардың денесiне тесiп кiрiп, кӛбейе
бастайды. Фасциоланың екеуi де дамуы жағынан бiрдей деуге болады,
айырмашылығы тек қана аралық иелерiнде: кәдiмгi фасциоланыкi-кiшi тоспа
ҧлу (малый прудовик), алып фасциоланыкi-қҧлақша тоспа ҧлу. Ҧлулардың
денесiнде 2-3 айдың iшiнде мирацидиден, спороцист, реди және церкари деп
аталатын сатылары ӛрбидi. Қҧйрықты церкари ҧлуларды тастап бiраз уақыт
суда жҥзiп жҥредi, сонан кейiн шӛптiң тамыр жағына немесе сабағына
қонып, қҧйрығынан қҧтылып, қабықшамен қапталады, жҧқпалы сатысы
адолескариларға айналады.
      Жануарлар адолескарилермен залалданған шӛп не су арқылы ауруды
жҧқтырады. Денеге енiсiмен адолескари iшеккке барып жетедi, сыртқы
қабыршағынан айырылады. Қабыршағынан босаған адолескари iшектi тесiп,
қҧрсақ қуысына тҥсiп, онан әрi жылжып бауырдың сыртқы қабығын,
қантамырларын жыртып iшкi ҧлпасына ауысады, жыбырлап кезiп жҥрiп ӛт
жолдарына барып тҧрақтайды. Ал жас қҧрттардың бауырға жететiн тағы бiр
жолы қан тамырлары. Малдың бауырына жеткен фасциолалар 2-5 айдан
кейiн ӛсiп-жетiлiп, ересек сорғышқа айналады да тағы да жҧмыртқа сала
бастайды. Жануар денесiнде бҧл трематодалар 5-10 жылға дейiн тiршiлiк ете
алады.
      Эпизоотологиясы.
      Республиканың оңтҥстігінде қой және ірі қараның фасциолезі кӛбінесе
жиі тіркеледі. Фасциолез кӛлшiктi, сазды, ылғалды алқаптарда және
жаңбырлы жылдары кӛп кездеседi. Әсiресе шалшық сулары мол, саз-
батпақты ӛрiстерде мал кӛптеп зақымданады.
      Фасциолез ҥй тҧяқтыларының барлығына жҧғады, бiрақ бҧл ауруға
кӛбiне қой мен iрi қара шалдығады да ӛлiм-жiтiмге осы тҥлiктер ҧшырайды.
Бауырқҧртпен барлық жастағы мал жайылымға шығысымен залалданады,
әсiресе қозы, бҧзау жиi шалдығады да кӛбiнесе ӛлiмге ҧшырайды.
      ҚР Оңтҥстігінде бҧл дерт жылдың барлық маусымында кездесе бередi.
                                    4
Патогенезі. Денеге тҥскен адолескарилер бiртiндеп ӛсе бастайды,
жынысы жетiлмеген жас трематодалар тҧмсығымен, денесiнiң сыртындағы
тiкеншелерiмен ащы iшектi тесiп жаралайды, қанын сорғалатады. Олар
жылжып отырып бауырға жетiсiмен оның сыртқы қабығын (капсуласын),
ҥлпершегiн (паренхимасын), кӛптеген қантамырларын жарақаттап, ӛздерiнiң
тҧрақты мекенiне - ӛт жолдарына ӛтедi.
       Ересек фасциола қанмен қоректенедi. Сонымен бiрге трематода ӛзiнiң
уытын шығарып, дененi          уландырады (интоксикация), бiртiндеп қан
мӛлшерiн азайтады (анемия), қҧрамын ӛзгертедi.
       Сорғыш қҧрттар бауырдың iшкi ҧлпаларын зақымдап, ӛт жолдарын
(холангит), ӛт қалтасын (холеоцистит) қабындырады. Ӛттiң iшекке қарай
жҥрмей, жетпей қалуы салдарынан асқорыту ағзаларының атқарар қызметi
тежеледi, кҥрт бҧзылады. Бауыр iсiнiп қабынады, ӛт жолдарының кiлегей
қабығы қалыңдайды, зақымдалған ҧлпалардың орнын дәнекер ҧлпалар
басып, ҧлғайып (цирроз) , ӛзiнiң жҧмысын нашар атқара бастайды.
       Клиникалық белгiлерi. Фасциолез жiтi және созылмалы тҥрде ӛтедi.
       Жiтi түрi жас қҧрттардың денеге енген сәтiнен ересек сатыға жетуiне
дейін, 2-2,5 айға созылады, кӛбiнесе кҥзде тiркеледi. Дертке шалдыққан
жануардың дене қызуы кӛтерiледi, жем- шӛпке зауқы шаппайды, iшi кебедi,
ауыз, танау, кӛз кiлегей қабықтары қансызданып бозарып кетедi, жҥрек
соғуы жиiлейдi, тынысы тарылып, демiгедi.
       Созылмалы түрi. Фасциолезге шалдыққан мал емделмесе ауру
созылмалы тҥрге айналады. Ауру кӛбiнесе қыста, кейде жазғытҧрым
байқалады. Ауырған қойдың клиникалық белгiлерi кӛмескi бiлiнедi, азыққа
тәбетi кемидi, ас қорытуы нашарланады, iшi бiресе ӛтiп, бiресе қатады. Ауыз,
танау, кӛздiң кiлегей қабықтары бозарып, артынан сарғая бастайды. Мал
жҥдейдi, кӛбiнесе жатып алады, алқымы, кейде омырауы, қарынның тҧсы
iседi.
        Патанатомиялық өзгерістер .
       Фасциолездiң жiтi тҥрiнен ӛлген малға диагноз қою қиындау.
        Бауыр ҧлғайған, паразит тескен ҧлпасына қан қҧйылған. Ҧлпаны
саусақтармен мыжығанда қойыртпақ сықпаға iлесiп балаң қҧрттар шыға
бастайды.     Фасциолездiң созылмалы тҥрiнде бауыр қатайып, ҥлкейiп
(цирроз), тҥсi ӛзгерiп бозарады, қабығының астынан ӛт жолдары бҧлтиып,
сҧрғылт ақшыл жолақ болып кӛрiнедi. Ӛт жолдары қалыңдаған, кескенде
шықырлайды, iшiнен сҧйық заттармен бiрге кӛптеген сорғыштар табылады.
Ӛтi қою, қара қошқыл-жасыл, арасында гельминттер кездеседi.
        Диагноз қою тәсілдері. Фасциолезге диагноз қою ҥшiн
эпизоотологиялық мәлiметтердi пайдаланып, клиникалық сыртқы белгiлерiн
ескерiп және гельминтокопрологиялық зерттеулер жҥргiзу керек. Ӛлекседен
немесе лажсыз сойылған малдан ауруға тән бауырдағы патологоанатомиялық
ӛзгерiстердi айқындап, ӛт жолдарынан қҧрттарды iздестiредi.
        Емдеу жолдары.
       Роленол (қҧрамы 5%-ды клозантел) 1мл 10кг тірі салмаққа бҧлшық етке
бір рет егіледі.
                                     5
Клозантекс - 1мл 10 кг тірі салмаққа бҧлшық етке бір рет егіледі.
      Фаскоцид - (қҧрамы 10% оксиклозанид)-1г.тҥйіршік препарат 10кг
немесе 1 таблетка 50кг тірі салмаққа бір рет беріледі.
      Рамектин – (қҧрамы 12,5% рафоксанид және 1% ивермектин) – 1мл
50кг тірі салмаққа тері астына бір рет егіледі.
      Фазинекс-триклабендазол.
      Қолданылатын тҥрлерi 2,5-5 %-тiк немесе 10 %-тiк суспензия таблетка
немесе ҧсақ тҥйiршiктер. Қойдың жынысы жетiлген сорғыштарына қарсы
1,5-2,5 г/кг мӛлшерiнде, қҧрттың басқа сатысына 5-10-12,5 мг/кг; iрi қраға 6-
12 мг/кг есебiнде қолданылады. Қойға 5%-дық, iрi қараға 10%-дық
фазинекстiң шыламасын жҧтқыздырады.
       Алдын - алу шаралары. Фасциолездан сақтандыру шараларын жан-
жақты жҥргiзген жӛн. Сақтық дауалардың ең негiзгiсi малды
дегельминтизациядан ӛткiзу арқылы жер-суға, жайылымға қҧрттардың
жҧмыртқаларын таратпау. Аурудың алдын алу ҥшiн белгiлi жоспар бойынша,
дәрiгерлiк нҧсқауларға сәйкес дегельминтизацияны жылына екi рет жҥргiзу
қажет. Бiрiншi рет малды ӛрiске шығарардан 10-15 кҥн бҧрын дәрiлейдi,
екiншi рет-жайылым маусымы аяқталған кезде.
      Кҥйiс малына фасциолезды жҧқтырмау ҥшiн оларды шалшықты, сазды,
батпақты, ойпаң жерлерге, кӛл маңайына, ағыны баяу ӛзен жағаларына
жаюға болмайды: қақ және шалшықты сулардан суармау керек.


                             ДИКРОЦЕЛИОЗ

      Дикроцелилозбен ҥй және жабайы жануарлардың кӛптеген тҥрi, әсiресе
кҥйiс малы және кемiргiштер ауырады.
      Қоздырғышы. Dicrococoelium lanceatum (Stiles et Hassal,1896) ҧзынша
келген (тҧрқы 0,5-1,5 см) жiңiшке, ӛте ҧсақ, қандауыр (ланцент) тәрiздi
жалпақ қҧрттар.
      Биологиясы. Дикроцелиоз қоздырғышы аралық және қосымша иелерi
кӛмегiмен дамиды. Олар жер бетiндегi аралық иелерi-қҧрлық ҧлулары
(Bradibenidae тҧқымдастары) және қосымша иелерi қҧмырсқалар (Formica
туысынан) болып табылады.
      Қҧрт жҧмыртқалары iшiнде қалыптасқан ҧрығы – мирациди бар. Олар
мал нәжiсiмен бiрге сыртқа шығады. Одан кейiн олар жайылымдардағы
ҧлулар денесiне дариды. Ҧлу iшегiнде мирациди жҧмыртқа қақпақшасынан
шығып, бауырына ӛтедi. Мҧнда ол ӛзiнiң сыртқы тҥгiнен айырылып, аналық
спороцистаға айналады. Ал аналық спороциста бойында кезектi ҧрпағы
жеткiн спороцистасы қалыптасады, ал одан келесi сатысы-церкари пайда
болады.
      Церкарилермен қҧмырысқалар        қоректенгенде, олардың қҧрсақ
қуысында 1-2 ай аралығында ең қауiптi метацеркария сатысы пайда болады.
Мал ӛрiсте зақымдалған қҧмырсқаларды шӛппен бiрге жҧтып, дикроцелиоз
ауруын жҧқтырады. Ақтық иесiнiң “асқазан-iшегiне” жетiсiмен
                                      6
метацеркаридiң сыртқы қабығы ерiп кетедi, сонан соң олар iшектен ӛт
арнасы арқылы бауырдағы ӛт жолдарына жетiп, 2,5-3 ай аралығында
жынысы жетiлген ересек трематодаға айналады. Мал бауырында олар 6
жылдан артық кҥнелтедi.
      Эпизоотологиясы.         Оңтстік ӛңірінде кең тараған гельминтоз.
Дикроцелиоз малға тек қана ӛрiсте жҧғады. Тау бӛктерiнде дикроцелидiң
аралық иесi ҧлулар, сондай-ақ трематодалардың қосымша иелерi-
қҧмырысқалар жиi кездеседi. Дикроцели жҧмыртқалары ыстық, суыққа ӛте
тӛзiмдi келедi. Ҧлулар мен қҧмырысқада қҧрт ҧрпақтары (церкари және
метацеркари) 3 жылдай сақталады.
      Дикроцелиозбен тӛрт тҥлiкпен қатар шошқа, және кемiргiштер
ауырады.
      Патогенезі. Бауырды жайлаған сорғыштар жалжып орындарын
ауыстырып отырады, сӛйтiп ӛт арнасын бiтеп тастайды. Созылмалы тҥрi мен
ауырған малда паренхиматоздық және интерстициалды гепатиттiң белгiлерi
айқын кӛрiнедi. Бҧл уақытта бауыр бiртiндеп iсiне бастайды, ӛт жолдары
қабынып, жараланады (цирроз). Мҧның салдарынан ащы iшекке ӛт
қҧйылмайды, асқорыту жҥйесi қызметi бҧзылады: малдың iшi ӛтедi, денесi
уланады.
      Клиникалық белгілері. Мал бауырындағы гельминт саны аз болса
ауру белгiлерi бiлiнбейдi. Егер бауырда жҥздеген, мыңдаған қҧрт болса, мал
қатты ауырады және дерт белгiлерi айқындала тҥседi. Жануардың жем-шӛпке
зауқы нашарлайды, оның қоңы кеми бередi, тамағында, кеудесiнде жалқаяқ
iсiк пайда болады, бауыр кӛлемi ҧлғаяды, кейде iшi ӛтедi, кӛзге iлiнетiн
мҥшелердiң кiлегей қабықтары ақсарғыш тартады.
      Патанатомиялық өзгерiстер.             Бауырдың кӛлемi ҥлкейедi,
капсуласының кейбiр тҧстары қалыңдап, сырттан қарағанда олар қаптаған ақ
даққа ҧқсайды. Ӛт қалтасы бҧлтиған, iшi қою қоңыр жасыл ӛтке толып,
арасында қҧжынаған трематодалар жҥредi.
      Диагноз қою тәсілдері. Дикроцелиозға диагноз қою ҥшiн
эпизоотологиялық деректердi сараптайды.
       Аурудың сыртқы белгiлерi арқылы диагноз қою мҥмкiн емес.
Сондықтан тiрi малдың трематодозын дәлелдеу ҥшiн оның нәжiсi әртҥрлi
гельминтовоскопия тәсiлдерiмен зерттеледi.
      Дикроцелиоздан ӛлген не лажсыз сойылған малға диагноз қою қиын
емес. Ол ҥшiн ӛт қалтасы тҧсынан бауырдың iшкi бетiн тереңдетiп кӛлденең
кеседi, кесiктiң ернеулерiн саусақпен сәл қысып сығады, осы сәттте ӛт
жолдарынан бар болса, жай кӛзге кӛрiнетiн сорғыштар шыға бастайды.
      Емдеу жолдары. Кҥйiс малының дикроцелиозына қарсы белгiленген
ҧсыныстар бойынша бiрнеше антгельминттиктер қолданылады.
      Қҧрамы 5%-ды клозантелден тҧратын препараттар (роленол,
клозантекс т.б). 1мл 10кг тірі салмаққа бҧлшық етке егіледі.
      Алдын – алу шаралары. Сақтық шаралардың ең негiзгiсi дикроцелиоз
кездесетiн шаруашылықта малды мiндеттi тҥрде дегельминтизациялап отыру.
Ҧсыныстар      бойынша      Жамбыл      облысының     аймақтарында   кҥйiс
                                    7
қайыратындарға дегельминтизацияның бiрiншiсiн желтоқсанда, екiншiсiн
наурызда, ҥшiншiсiн шiлдеде жҥргізген жӛн.
      Аурудың алдын алудың тағы бiр жолы сорғыштың аралық және
қосымша иелерiнiң тҧрақты мекен қоныстарын тҥбегейлi ӛзгерту. Бҧл ҥшiн
ӛткен жылғы ескi шӛппен қоса тал-томар шоғырларын ӛртеп жiбередi, жердi
жыртып, мәдени ӛсiмдiктердi егу шарт.


                ЭХИНОКОККОЗ (БЕРIШ, БЕРШIМЕК)

       Эхинококкоз ауруы мал шаруашылығына кӛп зиын келтiретiн
адамзатқа қауiптi ауру.
       Эхинококктың таспасы ит, қасқыр, қарсақ, тҥлкi ащы iшегiн
мекендейдi, ал кӛпiршiктерi (берiш-бершiмектерi) адам, ҥй және жабайы
тҧяқтылардың ӛкпесiнде, бауырында, кейде басқа да мҥшелерiнде тiршiлiк
етедi.
       Қоздырғышы. Ересек жетiлген тҥрi- Echinococcus granulosus ӛте уақ
гельминт, ҧзындығы 2-6 мм (0,5 см) сколекстен, 3-4 бунақтардан тҧрады.
Мойыннан кейiнгi буылтықтар қосжынысты,          соңғы тӛртiншiсi пiсiп-
жетiлгенi, ал оның қапшық секiлдi жатыры жҥздеген жҧмыртқаға толы.
       Биологиясы. Ит және т.б. ет қоректiлер нәжiсi арқылы эхинококктың
жҧмыртқалары жайылымға, шалшық суларға тарайды. Мал олармен жем-
шӛп, су арқылы зақымданады. Эхинококкоз адамға иттен, қҧрт
жҧмыртқалары жабысқан киiм-кешек, ыдыс-аяқ, жемiс-жидек, кӛкӛнiс және
судан жҧғады. Денеге тҥсiсiмен гельминт ҧрығы жҧмыртқаны жарып
шығып, iшектiң iшкi қабатына енiп, одан әрi қан тамырлары арқылы денеге
тарайды. Олар ӛкпе мен бауырға және басқа органдарға жетiп, онда бiрте-
бiрте эхинококк кӛпiршiк-берiштер пайда болады. Берiштер ӛте баяу, айлап
жылдап ӛсiп жетiледi. Кейбiр ларвоцисталардың есеюi кӛп жылдарға (адамда
10-30 жыл) созылады. Ал, бҧралқы иттер т.б. жыртқыштар эхинококкоздан
ӛлген малдың iшкi мҥшелерiн жеп ауруға шалдығады. Эхинококктың
жыныстық жетiлуiне 1-3 айға жуық мерзiм керек. Ит iшегiнде бҧл цестодалар
5-6,5 айдай ӛмiр сҥре алады.

        Эпизоотологиясы. Оңтҥстік облыстарының аудандарында 4 жастан
асқан қойдың 20-80% бершiмекпен ауыратыны белгiлi. Мал ӛлiмi қыста,
ерте кӛктемде,      яғни кҥтiмi нашарлаған жағдайда байқалады. Қой
шаруашылығы ӛркендеген жерде адам мен мал эхинококкозының кӛбiрек
тарайтыны кездейсоқ жай емес. Ӛйткенi басқа тҥлiкке қарағанда қой
малдәрiгерлiк тексеруден ӛткiзiлмей-ақ сойыла бередi.
      Қҧрттың ақтық иелерiнен гельминтозды таратушылардың негiзгiсi ит.
Бҧлар сыртқы ортаға кҥн сайын таспа қҧрттың мыңдаған жҧмыртқаларын
шашады. Олар сыртқы орта жағдайына ӛте тӛзiмдi.
      Патогенезі. Бауыр мен ӛкпеде орналасқан эхинокок кӛпiршiктерi ӛсе
келе ағзалардың бiр қалыпты қызметiн бҧзады. Ларвоцисталар ӛте кӛп болған
                                    8
жағдайда олардың толық iстен шығуына әкелiп соқтырады. Ӛкпе мен
бауырдағы берiштер органдарды қысып, оларды семуге (атрофияға)
ҧшыратады. Кӛпiршiк жатқан орын ҥңгiр қуысқа айналады, ҧлпалар желiнiп
кетедi. Денеге эхинокок сҧйық затының уыты да ықпал етедi. Микробтар
қосылып дерттi онан сайын ҧшықтырып жiбередi. Жануар әбден арықтап
барып ӛледi.
      Клиникалық белгiлерi. Бершiмiктер ӛкпеде дамыса, оның ауа
тамырларын қысуынан жануардың кҥйi тӛмендейдi, тынысы тарылып,
жӛтелi жиiлейдi. Мал бiрте-бiрте арықтап, әдетте қыс айларында шығынға
ҧшырайды. Эхинококктер бауырға орналасқанда малдың кҥйiс қайыруы
нашарлайды, ас қорытуы бҧзылады, кейде iшi кебедi. Ағза кӛлемi ҧлғайғанда
жануардың оң жақ қарыны шығыңқырап тҧрады, бауыр тҧсын қолмен басса
ауырсынады. Кейде цисталар қҧрсақ қуысында, шажырқайда болса, буаз
сиырлар iш тастауы ықтимал.
      Патанатомиялық өзгерiстер. Ӛлген не амалсыз сойылған малдың
ӛкпе-бауырын     тексергенде    олардың     сырты    кӛптеген     эхинокок
кӛпiршiктерiнiң орналасуынан кедiр-бҧдыр болады, кейде ларвоцисталар
органдардың сыртына шықпай iшiнде қалады. Ондай да мҥшелердi кескенде
iшiнен бершiмектер шығады. Олардың кӛлемi әрқилы, бҧршақтың
ҥлкендiгiндей, жҧмыртқадай, тiптi нәресте басындай болады. Ал
эхинококкпен бҥлiнген ӛкпе-бауырдың тҥрi ӛзгерiп, ҧлғайып, салмағы ауыр
келедi.
      Диагноз қою тәсілдері. Малдың тiрiсiнде эхинококкозға клиникалық
белгiлерi арқылы диагноз қою қиын. Кейiнгi жылдары иммунобиологиялық,
анықтап айтқанда, аллергиялық және серологиялық әдiстердi пайдаланады.
Егер бiрiншi әдiс шаруашылықта қолдау тапса, ал екiншiсi ғылыми-зерттеу
мекемелерiнде ғана жҥргiзiледi.
      Ӛлгеннен кейін балау мал ӛлекселерін қарау арқылы анықталады, бірақ
кӛпіршіктердің бірен-сараны табылған жағдайда, оларды мал ӛлуінің себебі
деп санауға болмайды. Малдың эхинококкоздан ӛлуі ларвоцисталармен
қатты инвазияланғанда ғана болуы мҥмкін.
      Емдеу тәсілдері. Малдың эхинококкозын дәрi-дәрмекпен немесе
оташылдық жолмен емдеудiң әдiс-тәсiлдерi бҥгiнгi таңда әлi табылған жоқ.
      Алдын – алу шаралары. Қазақ малдәрiгерлiк ғылыми-зерттеу
институты қҧрттың протосколекстерiнен жасалған ақсҧр тҥстi иiссiз қҧрғақ
аллерген ҧнтағын (“Эхиноаллерген”) ӛндiрiске ҧсынған.
      Малды жылауық, айналма, бершiмек т.б. цестодоз ауруларынан
сақтандыру жолдары. Қой және сиыр ӛсiретiн шаруашылықтар тек қажеттi
иттердi ғана ҧстап, оларды есепке алу, арнаулы журналға тiркеу, санын
азайту, сондай-ақ кҥтiмiн бiрыңғай тәртiпке келтiру, әрқайсысына “тӛл
қҧжат” беру, қарғыбаумен қамтамасыз ету сияқты жҧмыстар жҥргiзедi.
Иесiз, қаңғыбас бҧралқы иттердiң барлығын қҧрту шарт. Иттердi қҧрттардан
арылту мақсатымен дегельминтизациялар ӛткiзiлуi тиiс.



                                    9
Дегельминтизацияны топтастырып жҥргiзу (15-20 иттi) әдiсiмен орындағанда
жақсы нәтижелерге қол жетедi. Мҧндайда тек жҧмыс iстелген жер ғана
зарарланады, уақыт ҥнемделедi.
      Ареколиннің - бромды сутегi қолданылады. Бҧл дәрiнi итке 12-14 сағат
ашықтырып, әр кг салмағына 0,004-0,005 г есебiнде бередi. Ит денесiнен
гельминттердiң шығуы 30-40 минуттан кейiн басталады.
      Қҧрамы празиквантелден тҧратын антгельминтті препараттар: дронцит,
дронтал плюс, азинокс, празикол, празив-К, т.б. Дозасы 1 таблетканы 10кг
тірі салмаққа тамағына қосып береді немесе кҥштеп жҧтқызады.
      Дәрiленген иттер ҥш мәрте нәжiс шығарғанша байлаулы тҧрады.
Иттерден шыққан қҧрттарды нәжiсiмен қоса бiр орынға жинап ӛртеп, кӛмiп
тастайды. Жердiң беткi қабаты да қырып алынып, шҧңқырға кӛмiледi. Қазық
шынжыр, қарғыбауларды лаулап тҧрған отқа қарып алады.
      Иттер емделген алаңды каустикалық соданың (NaOH) 3%-ды ыстық
ерiтiндiсiмен зарарсыздандырады (дезинвазияланады). Дегельминтизацияның
сапалы не сапасыз ӛткенiн анықтау ҥшiн 2-3 жҧмадан кейiн iшiнара тексеру
мақсатымен кейбiр иттердi қайта дәрiлейдi.
      Иттердi цестодоздардан сақтандыру жолдары. Ең алдымен
шаруашылықтағы қой мен iрi қараны, т.б. ларвалды цестоздарға (айналмаға,
бершiмекке, жылауыққа т.б.) шалдыққандарын сау малдан бӛлiп алу қажет.
Малдың зақымданғанын анықтау ҥшiн аллергиялық реакциялар қолданады.
Ценурозды болдырмау ҥшiн, мал отарын тексеруден ӛткiзiп, миқҧртының
клиникалық белгiлерi байқалған малдар сойылады. Сойылған не ӛлген
малдың басын итке жегiзбеу қажет. Эхинококк берiштерiмен зақымданған
ӛкпе-бауыр, жылауығы бар шарбы-шажырқай, миқҧрты бар бас,
кӛпiршiктерге толы басқа мҥшелер итке мҥлдем берiлмейдi, оларды ӛртеп
жiбередi.


                               ЦЕНУРОЗ

     Қой ценурозы (айналма, тентек) - бас миының, кейде жҧлынның
зақымдалуымен және олардың қызметінің бҧзылуы.
    Айналманы тудыратын қҧрттың жыныстық жетiлген сатысы
етқоректілердің ащы iшегiн, ал кӛпiршiк ларвоциста кезi қойдың, сирегiрек
ешкiнiң, бҧзаудың, кейбiр тағы тҧяқтылардың орталық жҥйке жҥйесi
ҧлпаларын мекендейдi.
    Аралалық иелері қой, қозы, ірі қара мал, сирегірек тҥйе, шошқа, жылқы,
сайғақ, жайран, архар, сондай-ақ адамдар ауырады.
     Ақтық иелері. - ит, ӛте сирек тҥлкі, қорқау және қасқыр болып
табылады. Аш ішек бӛлімінде ми цепенінің жынысы жетілген сатысы
паразиттік тіршілік етеді.
      Қоздырғышы. Имаго- Multiceps multiceps ҧзындығы 40-60 см-ден 1-
1,5 м-ге дейiн барады, денесi 200-250 бунақтардан қҧралған. Кӛпiршiгi -
Coenurus cerebralis - iшi тҥссiз сҧйыққа толы, iшкi жағынан бҥртiк секiлдi
                                    10
нҥктедей жҥзден артық сколекстерi байқалады. Мида 2-3 ценур кездеседi,
олардың ҥлкендiгi кейде тауық жҧмыртқасындай.
      Биологиясы. Кҥн сайын ондаған бунақтар қҧрт денесiнен ҥзiлiп,
нәжiспен бiрге сыртқы ортаға шығып жатады. Бунақтар жауын-шашын, жел-
су ықпалымен ыдырайды да, ал олардан ажыраған жҧмыртқалар ӛсiмдiкке,
суға тҥсiп, мал ӛрiсiне тарайды. Малға айналма дертi гельминт
жҧмыртқасымен былғанған, шӛппен, сумен жҧғады. Қҧрт жҧмыртқасы мал
асқазанына тҥсiсiмен сыртқы қабықтарынан айырылады, одан босап шыққан
онкосфера iшектi тесiп ӛтiп, қан тамырларына енедi, қан арқылы миға не
жҧлынға орналасып, 3 ай iшiнде ценурға, яғни тентек кӛпiршiгiне айналады.
Ит ӛлген немесе сойылған ценуроз қойдың басын кемiрiп жеу арқылы
зақымданады. Ит iшегiне тҥскен балаңқҧрт орта есеппен 1,5-2 айда
жыныстық сатысына жетiлiп, 6-8 ай, тiптi 1,5-2 жыл сонда тiршiлiк етедi.
      Эпизоотологиясы. Ценуроз Жамбыл және Оңтҥстік Қазақстан
облыстарының қой ӛсiретiн барлық шаруашылықтарында кездеседi.
Айналмамен кӛбiнесе бiр жасқа дейiнгi қозылар ауырады. Ал екi жастан
асқан қой бҧл дертке сирек шалдығады. Мал шығыны жылдың барлық
айларында тiркеледi. Жас тӛлдердiң тентекке ҧшырауы сәуiр-мамыр
айларында басталады, ал шiлде-тамызда кӛбейе тҥседi. Ценуроздың
клиникалық белгiлерi қойға оның қоздырғышы жҧққанан кейiн 3-6 ай ӛткен
соң ғана бiлiне бастайды. Бҧл аурудың ең асқынатын кезi- ерте кӛктем.
      Ценуроздың эпизоотологиясында иттер маңызды мiндет атқарады,
ӛйткенi олар сыртқы ортаға таспа қҧрттың жҥзмыңдаған, миллиондаған
жҧмыртқаларын шашады. Цестодалардың жҧмыртқасы кҥн сәулесi тiкелей
тҥсетiн жерлерде тез жойылады, ол керiсiнше кӛлеңкелi, ылғалды жерлерде
тiрлiгiн ҧзақ уақыт (бiр жылға дейiн) сақтай алады.
    Патогенезі. Ценуроз қоздырғышының мал денесiне тигiзер ықпалы
балаңқҧрт ащы iшек қабаттарын тесiп ӛткенiнен-ақ байқалады.
Патоморфологиялық ӛзгерiстер ащы iшек пен тоқ iшекте, бҥйенде айқындала
тҥседi, бҧлардың кiлегей қабатынан кӛптеген нҥкте тәрiздес қанталауларды
кӛруге болады. Одан кейiн онкосфера қан, сӛл (лимфа) жолдары арқылы
барлық дене мҥшелерiне таралады. Бас миында алғашқы ӛзгерiс ауру
жҧқтырғаннан кейiн 2 тәулiк ӛтiсiмен анықталған. Ценур орналас-қан жер
зақымдалып қабынады. Бiртiндеп ӛсiп жетiлген кӛпiршiк тҥзiлiп, ол орталық
жҥйке жҥйесiнiң қызметiн бҧза бастайды. Бҧл гельминтоз ӛте зардапты дерт,
одан мал ӛлмей тiрi қалуы екіталай.
       Клиникалық белгiлерi. Ауру сырт белгiлерiне қарай тӛрт сатыға
бӛлiнедi.
      Бiрiншi сатысы немесе алғашқы жасырын кезеңi. Ценуроз жҧққан
қойда ешқандай клиникалық белгi байқалмайды, бiрақ қоздырғышты
организмде бар екенiн иммунологиялық реакцияны пайдалану арқылы табуға
болады. Екiншi сатысы немесе сырт белгiлерi бiлiнген кезеңi шамамен
алғанда жануар залалданғаннан кейiн 17-29 кҥн ӛткен соң басталады. Мал аз
жусап, денесi дiрiлдейдi, тiсiн қайрайды, елеңдеп, жоқтан ӛзгеден ҥркiп,
кейде жатқан орнынан атып тҧрып, қҧлақтарын қайшылап, шошынған қалып
                                   11
танытады. Бҧл кезең 2-7 кҥнге созылады. үшiншi сатысы немесе екiншi
жасырын кезеңiнде малдың кҥйi кәдiмгiдей жақсарады, аталған клиникалық
белгiлер ӛзiнен-ӛзi жойылып, бiлiнбей кетедi. Миқҧрттың бҧл сатысы 2-8
айға созылады. Төртiншi сатысы 8-9 айды қамтиды немесе соңғы кезеңiнде
ценуроздың ерекше айқын белгiлерi анықтала тҥседi. Ауру асқынған кезде
жҥрiп келе жатып мелшие қалу, бағытсыз жҥрiп кету, қоралы малдан бӛлiне
қашу, кiлт тоқтап артқа шегiну, оқтын-оқтын басын бiр жағына қисайтып
алып, бағдарсыз жҥрiп барып сҥрiну, жығылу, басын кекжитiп алып тҧра
жӛнелу, кӛбiне бағытын жоғалтып, бiр орнында айнала беру сияқты белгiлер
байқалады. Мiне осындай белгiлерiне қарай халық бҧл дерттi айналма, тентек
деп атайды. Егер ценур жҧлында ӛссе, тҥлiктiң жҥрiсi ӛзгерiп тәлтiректейдi,
ақырында артқы екi аяғын баса алмай, шойырылып жатып қалады. Негiзiнде
ценурозға шалдыққан малдың бәрi де ӛлiмге ҧшырайды немесе қолдан
амалсыз сойылады.
      Патанатомиялық өзгерiстер. Аурудың алғашқы кезеңiнде ӛлген
қозының бас сҥйегiн жарып тексергенде, ми қабығы қызарыңқырап тҧрады.
Мидың әр тҧсынан айналма балаңқҧрттарының iздерiн кӛруге болады.
Дерттiң созылмалы тҥрiнде мида 1 немесе 2-3, кӛлемi кӛгершiн не тауық
жҧмыртқасындай кӛпiршiктер табылады. Бас сҥйек жҧқарып, саусақпен
басқанда былқылдап тҧрады.
      Диагноз қою тәсілдері. Диагноз эпизоотологиялық мәліметтер,
клиникалық белгілері және патологанатомиялық сойып тексеру нәтижесінде
бас миында немесе жҧлында ценур кӛпіршігін табу негізінде қойылады.
      Малдың тiрi кезiнде ценурозды клиникалық белгiлерiне қарап,
офтальмоскопия және аллергиялық тәсiлдер арқылы анықтауға болады.
Ценурозды ӛлген қойдың бас сҥйегiн жарып, миын тексерiп дәл ажыратуға
болады. Ми iшiнен қҧрт кӛпiршiгi табылады.
            Емдеу жолдары. Айналманы оташылдық (хирургиялық)
тәсiлмен, емдейдi. Бҧл әдiс аурудың сырт белгiлерiнiң тӛртiншi сатысы
кезiнде, яғни миқҧртының мейлiнше ҥлкейген шағында қолданылады.
      Алдын алу шаралары.
      Жануарлардың ценурозбен ауруының алдын алу мақсатында заңды
және жеке тҧлғалар, малдардың иелері ценуроздың және басқа аурулардың
алдын алуға бағытталған қоздырғыштың биологиясы мен малды кҥтіп-
бағудың технологиясын ескере отырып шараларды жҥзеге асырады.
      Жануарлардың ӛлекселерін және қасапханалық қалдықтарды (бас, ішкі
мҥшелері) ӛртеу, биотермиялық орға кӛму арқылы зарарсыздандырады.
Малдарды сою ветеринариялық маманның рҧқсатымен жҥзеге асырылады.
Иттерді азықтандыру ҥшін қасапханалық қалдықтар толық қайнатылғаннан
кейін пайдаланылады.
      Қой ценурозына қарсы вакцина шығарылған (Қазақ ғылыми-зерттеу
ветеринария институты, Ресей Федерациясы). Оны қозыларға ерте кӛктемде
бір рет егеді.



                                    12
ТЕНУИКОЛДЫ ЦИСТИЦЕРКОЗ (ҚҦРСАҚ ЖЫЛАУЫҒЫ.)

      Бҧл гельминтозға қой, ешкi, шошқа, жабайы кҥйiс қайыратындар ӛте
сирек болса да iрi қара мен тҥйе шалдығады. Цистицеркоз малға, әсiресе
тӛлге (қозыға, лаққа, торайға) ҥлкен әсер етiп, шығын болуына да әкеп
соғады.
      Цестодалар ересек сатысында иттiң, кейде қасқырдың, шие бӛрiнiң,
тҥлкiнiң ащы iшегiнде, ал ларвоцисталары (жылауық) тҧяқтылардың қҧрсақ
қабықтарында, шарбы-шажырқайда, iш майында және бауырдың сыртқы
қабығында тiршiлiк етедi.

      Қоздырғышы. Қҧрттың имагосын, яғни жынысы жетiлгенiн Taenia
hydatigena (Pallas,1766) деп атайды. Оның тҧрқы 5 м-ге жуық, бунақ-денесi
жҥздеген буылтықтардан қҧралған. Кӛпiршiктiң ғылыми атауы - Cysticercus
tenuicollis, қазақшасы жылауық. Цистицерк- жылауықтың кӛлемi әртҥрлi-
бҧршақ дәнiндей, кӛгершiн, тауық жҧмыртқасындай, саны бiрнешеден жҥзге
шейiн жетедi, сыртқы бiтiмi домалақ, сопақтау, кейбiреуi алмҧрт сияқты
болып кӛрiнедi.
       Биологиясы. Аралық иелерiнiң, яғни тҧяқтылардың бҧл гельминтозға
шалдығуы қҧрт жҧмыртқаларымен ластанған жем-шӛптi пайдаланудан
болады. Малдың асқорыту жҥйесiнде жҧмыртқадан бӛлiнген онкосфера
iшектi тесiп, қанға ӛтiп, қан ағынымен бауырға жетедi. Сонан кейiн
цистицерк ӛзiнiң толық даму сатысына жету ҥшiн бауыр ҥлпершегi арқылы,
оның сыртқы қабығына шығып жайласуы немесе қҧрсақ қуысына ӛтуi қажет.
Ӛздерiнiң тҧрақты мекенiне жеткен цистицерктер 1-2 ай ӛткен соң ауру
жҧқтыра алатын ларвоцистаға - жылауыққа айналады. Қҧрттың ақтық иелерi
ит. Олар аралық иелерiнiң зарарланған iшкi ағзаларын жеп, iшқҧрт ауруын
жҧқтырады. Ит iшегiнде гельминт 2 ай шамасында ӛсiп жетiлiп, онда 4-11 ай
ӛмiр сҥредi.
       Эпизоотологиясы. Гельминтоздың кең таралуына бiрден-бiр себепкер
болып отырған жағдай, сойылған, ӛлген малдың iшкi ағзаларын итке беру.
Қыл мойынды финноз малға әдетте фермадағы және қойшы меншiгiндегi
дегельминтизациядан ӛтпеген иттер арқылы тарайды. Қойға бҧл дерт
кӛбiнесе қора маңында жайылып жҥрген шақта жҧғады.
       Патогенезі. Гельминтоздың жiтi тҥрi тӛлдер арасында кездеседi. Мал
денесiне енген қҧрт ҧрпақтары қан айналу жҥйесiне ӛтiп, мҥшелердi
зарарлайды, бауырға енiп, оның ҧлпаларын зақымдайды, кейде ӛлiмге де
ҧшыратуы мҥмкiн. Қҧрсақ жылауығы кӛбiнесе жасырын, созылмалы тҥрде
ӛтедi, тҧяқтылардың қан қҧрамы ӛзгередi.
       Клиникалық белгiлерi. Аурудың жiтi тҥрiнде, тӛл тынышсызданады,
жем-шӛпке қарамайды, ауызы сiлекейленедi, iшi ӛтедi, кейде дене қызуы
кӛтерiледi. Бiрақ кӛптеген iшқҧрт аурулары секiлдi жылауық та астыртын
ӛтедi, клиникалық белгiлерi байқаусыз онша кӛңiл аударарлықтай емес.
       Патанатомиялық өзгерiстер. Аурудың жiтi тҥрi: бауыр кӛлемi
ҧлғайған оның сыртқы бетiндегi бҥлiнген тҧсы қоңыр - қызыл не сҧрғылт-
                                   13
қызыл тҥстi, ал кӛлемi тары мен бҧршақ дәнiндей. Созылмалы тҥрi: қҧрсақ
қуысындағы сiрi қабықтың ҥстiне жайғасқан, шарбы, шажырқай және
бауырға да жабысқан жылауықтарды табуға болады.
      Диагноз қою тәсілдері. Жануардың тiрi кезiнде оның жылауыққа
шалдыққанын бiлу ҥшiн иммунобиологиялық зерттеулердi ӛткiзген жӛн,
ӛкiнiшке орай, бҧл әдiстер шаруашылықтарда қолданылмайды. Ӛлi малдың
бауырын тiлiп жiбергенде қоңырқай сҧрғылт сҧйық ағады, арасынан
ҧзындығы 3-6 мм-дей паразиттер шығады. Оны ҥлкейткiш әйнек –лупамен
тексерiп анықтайды. Қҧрсақ қуысындағы iшкi ағзалардан жылауық
iздестiрiледi.
       Емдеу жолдары. Тенуикольдi цистицеркозды емдеу жолдары әзiрге
табылған жоқ.
       Алдын – алу шаралары (қараңыз: ит пен басқа жыртқыштар
тениидоздарына және тҧяқтылардың ларвальды цестодоздарына қарсы
қолданылатын сауықтыру шаралары).



                              МОНИЕЗИОЗ

      Мониезиоздар - таспа қҧрттар аурулары, тудыратын қоздырғыштары
Оңтҥстіктің қой шаруашылықтарында қозының 30-60 %-ы монезиозға
шалдығып, 20-40 %-ы шығынға ҧшырауы ықтимал.
      Қоздырғышы.
      M.еxpansа- ҧзындығы 6-10 м, тҥсi ақшыл, бунақ (проглоттида)
аралықтарындағы бездерi дӛңгелене келiп, буылтықтың алдыңғы жақ
шеттерiне орналасқан. M.benedeni – тҧрқы 2,5-4 м, тҥсi кҥңгiрттеу,
бунақаралық бездерi кӛлденең сызықшаға ҧқсайды.
       Биологиясы. Мал таспа қҧрттың пiсiп-жетiлген соңғы буылтықтарын
ӛз нәжiсiмен берге сыртқы ортаға шығарады. Әр бунақтарда мыңдаған
жҧмыртқалар болады. Қоршаған ортада таспа проглотидалары ҥзiлiп,
iшiндегi жҧмыртқалары шашылады. Кенелер ӛiмдiктердiң тҥбiнде
органикалық қалдықтармен, мал тезегiмен қоректенiп, қҧрт жҧмыртқасын
қоса жҧтады. Кене денесiне тҥскеннен кейiн гельминт жҧмыртқасынан
онкосфера бӛлiнiп iш қуысына енедi, одан әрi балаңқҧрттың келесi сатысы
цистицеркоидқа айналады. 3-5 ай аралығында цистицеркоид ӛсiп жетiлiп,
инвазиялық сатыға жетедi. Мал жайылымда шӛппен бiрге мониезиоз
қҧртымен залалданған орибатид кенелерiн жҧтып ауру жҧқтырады. Қозы мен
бҧзаудың iшегiне тҥскен мониезия қҧрты тез ӛсiп, 35-48 кҥн аралығында
жетiлiп, ересек таспаға айналады. Бҧл паразит ақтық иесiнiң iшiнде 2 айдан 6
айға дейiн тiршiлiк етедi.
      Эпизоотологиясы. Мал бҧл дерттi қора тӛңiрегiндегi қи, тезек
шашылған жерлерден жҧқтырады, ӛйткенi ӛте ҧсақ, жай кӛзге кӛрiнбейтiн
сауытты кенелер-орибатидтер шiрiген органикалық заттары мол топырақ
қабатында ӛмiр сҥредi.
                                     14
Мониезиоз қҧрты малға ӛрiске шығысымен жҧға бастайды, ал тӛл
арасында аурудың алғашқы клиникалық белгiлерi 15-20 кҥн ӛткеннен кейiн
байқалады. Оңтүстік ӛңірінде бҧл гельминтоз 2-3 айлық қозыларды едәуiр
дәрежеде шығынға ҧшырататын iндет болып саналады. Сонымен қатар ол
тоқтыларда және сақа қойларда да кездеседi.
      Iшқҧрт ауруы қоздырғыштарының ӛздерiне тән айырмашылығы бар.
Мысалы, жаз ортасына дейiн негiзiнен алғанда M. еxpansa, ал кҥзге қарай
M.benedeni кездеседi. Қҧрттың бiрiншi тҥрi кӛбiнесе жас қозыларды
зақымдаса, ал екiншiсi – сақа малды зарарлайды.
      Патогенезі. Зақымданған мал iшегiнде таспа қҧрттың жалпы саны
жҥзге дейiн баруы ықтимал. Қҧрт созылмалы денесi арқылы малдың қоректiк
затарын сорып, сколекске орналасқан тӛрт сорғышымен iшекке жабысып,
кiлегейлi қабығын жаралайды. Кейде паразиттер iшек iшiне толып, азық
жҥргiзбей қояды. Осының нәтижесiнде iшек созылып, iшкi қабаты қабынады,
бара-бара iшектiң тҥйiлуiне немесе ыдырап, ҥзiлiп кетуiне ҧшыратады.
Гельминттерден бӛлiнiп шыққан уыты қан арқылы дене мҥшелерiне
жайылады, жҥйке жҥйесiнiң қызметiн бҧзады, бҥкiл мал денесiн уландырады.
Соның салдарынан тӛлдiң, кейде ересек малдың iшi кеуiп ӛтедi, нәжiс, зәр
шығару кезiнде мал қиналады, бҧлшық етi дiрiлдейдi, қан азаюы байқалады.
Сонымен бiрге басқа инфекциялық iндеттерге қарсы малдың тӛзiмдiлiгi
тӛмендейдi.
      Ауру малдың тәбетi нашарлап, тез жҥдейдi, кӛбiнесе жата бередi,
ақырында ӛлiм-жiтiмге ҧшырайды.
      Клиникалық белгiлерi. Клиникалық белгiлердiң пайда болуы мал
организмiнiң шыдамдылығына және жҧққан қҧрт санына байланысты. Қозы
iшегiндегi ондаған немесе жҥздеген таспа қҧрт ауруды тым ҥдетiп жiбередi.
Малдың жем-шӛпке зауқы бәсеңдейдi, шӛлiркеп iшi ӛтедi, сҧйық нәжiсiне
шырыш және қан араласады. Тӛлдiң арты ҥнемi былғанып жҥредi, ал кейде
кӛтен iшектен таспа қҧрттар ҥзiндiлерi салбырап тҧрады.
      Патанатомиялық өзгерiстер. Мониезиоздан ӛлген немесе онымен
ауырған қозылар мен қойды сойып қарағанда олардың етiнiң қашқаны
кӛрiнедi. Кiлегей қабықтары бозарыңқы, терi астынан жалқаяқтар байқалады.
Iшiн жарып қарағанда қҧрсақ қуысынан сарқылма сарысу кӛрiнедi. Ащы
iшектiң кiлiгей қабығы жарақаттанған нҥкте тәрiздi қанталаған.
      Диагноз қою тәсілдері. Мониезиозды жануарлардың тірі кезінде
анықтау ҥшін копроскопия (гельминтоскопия және гельминтоовоскопия)
әдістерін қолданады. Бҧл әдістермен мал ішегінде жыныстық мҥшелері
жетілген таспа қҧрттардың болуын ғана анықтайды. Сонымен қатар
диагностикалық дегельминтизация әдісімен малдың залалданғанын
цестодолар жетілгенге дейін де анықтауға болады.
     Гельминтоскопия әдісі арқылы отардағы қозылардың қҧмалақтарында
таспа қҧрттардың буындары бар, не жоқ екенін тексереді. Егер тӛлдер ересек
қҧрттармен зақымдалған болса олардың қҧмалағымен бірге мониезия
бӛлшектері сыртқа тҥседі.

                                    15
Гельминтовоскопия әдісімен мал нәжісін тексеріп мониезиозды дәлірек
анықтауға болады. Осы мақсатта флотациялық әдістердің (Фюллеборн,
Дарлинг, Котельников пен Хренов және тағы басқа) бірін қолданған жӛн.
Ӛлген малдың аш ішегін гельминтологиялық жарып тексеру әдісімен
зерттегенде ақ таспа тәрізді жалпақ, шҧбатылған қҧртты табу аса қиынға
соқпайды. Бір малда бірнеше қҧрт кездесуі мҥмкін.
      Емдеу жолдары. Республиканың оңтҥстік облыстарында аталған
препараттардын тӛмендегі дәрілік тҥрлері пайдаланылады.
     Альбендазол – таспа қҧрттарды жоюға әсері жоғары антгельминттік
препарат. Альбендазолды мониезиозға қарсы қойларға ауыз арқылы 1кг
салмаққа 7,5мг әсер етуші зат есебімен беріледі. Бҧл препараттың мынадай
белгілі дәрілік тҥрлері бар: альбен, албекс, вальбазен, зальбен, 10%-ды
альбендазол суспензиясы, альбендазен, т.б.
     Алдын - алу жолдары. Дегельминтизация қойды таспа қҧрттардан
арылтудың және бҧл ауруды сыртқа таратпаудың негізгі профилактикалық
шарасы болып табылады.
    Әсіресе қҧрт буындары мен жҧмыртқаларын нәжістен тапқан кезде,
паразиттердің ӛсіп жетілген шағында осы шараның әсері кҥшті келеді.
Профилактика мерзімі ӛтіп кетсе, емдеу дегельминтизациясы жҥргізіледі.
Бҧл ҥшін алдыңғы жылдардан тәжірибесін, таспа қҧрт дертінің қозу
динамикасын жиі тексеріп, нәжісте қҧрт буындары кездескенге дейін 1-2
апта бҧрын емдеу шараларын жҥргізу керек. Қойлар жоспарлы тҥрде жылына
3-4 рет дегельминтизациядан ӛтіп тҧрады.
    Дегельминтизация арнаулы орындарда жҥргізіледі. Бҧл шараға қҧрғақ,
ӛсімдіксіз, суаттан қашық жер қолайлы. Кӛрсетілген мерзімде қойлар сол
жердегі бақылауға алынған орындарға жеткізіледі. Профилактикадан ӛткен
жануарлар 1-2 кҥн қолда бағылады. Малды жыртылатын отамалы дақылдар
аңызында немесе 1,5-2 жылға жайылымдықтан шығарылған, шӛбі сирек
алқаптарда жайып ҧстаған жӛн.


                             ГЕМОНХОЗ

       Қоздырғышы- Haemonchus contortus - қой-ешкi, iрi қара, тҥйе т.б.
кейбiр жабайы кҥйiстiлер ҧлтабарында мекендейдi. Бҧл қҧрт жiңiшке қыл
тәрiздi қызғылт тҥстi нематода, тҧрқы 2,5 см (еркегi), 3,5 см (ҧрғашысы)
дейiн жетедi.
       Эпизоотологиясы. Гельминтозбен ҚР оңтүстігінде әсiресе екi
жасқа дейiнгi қой жиi ауырады. Малдың кӛп ауырып, ӛлiм-жiтiмге ҧшырауы
қыстың аяғында, кӛктемде, кейде кҥзде байқалады. Паразит малға ӛрiсте
жҧғады. Жауын-шашыны кӛп жылдары, ылғалы мол жерлерде дерттiң
жаппай жҧғуына қолайлы жағдай туады.
      Биологиясы. Гемонхтар-гематофаг, қансорғыш қҧрттарға жатады,
олар ҧлтабардың iшкi кiлегей қабығын тiсiмен жаралайды, қабындырады, қан

                                   16
ағызады, улы заттар бӛлiп шығарып, бҥкiл дененi уландырады. Соның
салдарынан малдың ас қорытуы бҧзылып, арықтайды.
      Клиникалық белгiлерi. Дертке шалдыққан қозы мен тоқтының жем-
шӛпке тәбетi тӛмендейдi, салмағы азаяды, алқымы iсiнедi, iшi бiресе ӛтiп
бiресе қатады, кейде тҥлiк жатқан орнынан тҧра алмай кӛтерем болады,
әлсiрейдi, кӛпке ҧзамай ӛледi.
      Патанатомиялық өзгерiстер. Ӛлекседен қаны аздық және кӛтеремдiгi
бiлiнедi. Қҧрсақ қуысында сарғыш сҧйық жиналған. Ҧлтабардың кiлегейлi
қабығында кӛптеген қанталау ошақтары бар. Қатпары қалыңданған, ал iшi
қызғылт тҥстi сҧйыққа және жҥздеген не мыңдаған қҧрттарға толған. Ащы
iшек пен тоқ iшектердiң кiлегей қабықтары қабынған.

                           НЕМАТОДИРОЗ

      Қоздырғышы - ҥй және кейбiр жабайы кҥйiс қайыратындардың ащы
iшегiн мекендейтiн жiп тәрiздi жҧмыр қҧрт - Nematodirus туысының әралуан
тҥрлерi.
      Эпизоотологиясы. Нематодироз ҚР          оңтүстігінде       жаппай
таралған ауру. Қой нематодирозының жыл маусымына қарай таралуы
бiрнеше шартқа байланысты. Ауру тӛлдердiң саны бiрте-бiрте кӛбейе тҥседi
де, кҥз айларында молаяды. Қарашадан бастап, малдың ауруға шалдығуы
азая бастайды. Дерт белгiлерi болмаса да 1,5-2 айлық қозылардан бiрлi-
жарым аталған гельминттер тiркелген.
     Биологиясы. Нематодирлер қозы денесiн уландырады (интоксикация)
және оның қанымен қоректене бастайды (гематофагия). Қҧрттар iшектiң
кiлегейлi қабығының жҥйке ҧштарын тiтiркендiредi. Осының салдарынан
iшек қабығы қалыңдап, iсiнiп қанға толады. Ас қорыту процесi ауытқып
отырады, iшек-қарынның жалпы қызметi нашарлайды. Соның салдарынан
жануарлардың iшi ӛтiп, нәжiсi сҧйылады. Организм кӛп судан айырылады,
осыған байланысты су-тҧз алмасу процесi бҧзылады. Дененiң улануы
әсерiнен ауру мал қанының сарысуындағы қышқылдық-сiлтiлiк теңдiк
бҧзылып, қышқылдық (ацидоз) басталады.
      Клиникалық белгiлерi. Жiтi түрi 2-6 айлық тӛлде, кӛбiнесе кеш
туғандарында және жетiм қозыларда 4-10 кҥннен 3-4 аптаға ӛрбидi. Ауру
шiлде-қыркҥйек айларында байқалады. Мал тез арықтайды, тәбетi
нашарлайды, кӛздiң, танаудың, ауыздың кiлегей қабықтары қан аздығынан
бозарады, iшi қабысып, бҥйiрлерi тартылады, iшектiң жиырылуы кҥшейедi,
iшi ӛте бастайды.
      Созылмалы түрiне тоқты және сақа қой шалдығады. Мал арықтап,
кiлегей қабықтары сҧрғылттанып (анемия) iсiнедi, терiсiнiң кей жерлерiнде
жҥнi тҥсiп қалады. Ауру бiрнеше айға созылады.
      Жасырын түрi ересек қойға тән, оның клиникалық белгiлерi анық
бiлiнбейдi. Мҧндай мал нематодироз таратушы болып табылады.
     Патанатомиялық өзгерiстер. Қозы ӛте арықтаған, аузының және
мҧрнының кiлегей қабығы бозарған. Оны сойып қарағанда ащы iшек
                                   17
қалыңдап, оның кiлегей қабығы қанталап iсiнген және қатпарланған. Iшiнен
кiлегей арасынан
      500 - ден 2000 - ға дейiн нематодирлер табылады. Жас ӛлексе iшегiнiң
қан тамырлары айқын, iшiндегi нематодирлер табылады. Жас ӛлексе ішегінің
қан тамырлары айқын, ішіндегі нематодирлер қызыл тҥсті.

                              ХАБЕРТИОЗ

       Қоздырғышы - Chabertia ovinae – iрi және кейбiр жабайы (қодас, бҧғы
т.б.) кҥйiстiлердiң бҥйенi мен тоқ iшегiн жайлайтын iрi қҧрттар. Олардың
тҧрқы 1,3-2,6 см, ақсары тҥстi, денесiнiң жуан-дығы оның басынан
қҧйрығына дейiн бiркелкi десе де болады.
       Эпизоотологиясы. Хабертиоз ауруының белгiлерi кӛбiнесе қыс
айларында байқалады, ал оның таралуы кӛктем шығысымен кҥшейiп кетедi.
Осы кезде тӛл шығыны кӛп болуы ықтимал. Паразиттiң ӛздiгiнен азаюы
нәтижесiнде, әдетте мамырдан бастап, дерттiң жҧғу деңгейi тӛмендей бередi.
Малға ауру ӛрiсте жҧғады. Суаттардың да залалданғыш екенiн естен
шығармау керек. Жаңбырлы жылдары ойпатты жайылымдар және сазды
жерлер ӛте қауiптi. Балаңқҧрттар суыққа ӛте тӛзiмдi, олар сыртқы ортада бiр
жылдай тiрi қалуы мҥмкiн.
       Биологиясы. Ересек қҧрттар ӛзiнiң ауыз қуысымен бҥйен мен тоқ
iшектiң кiлегей қабығын, қылтамырларын жарақаттайды. Жаралы жерден
аққан қанмен паразит қоректенедi. Ағзаның зақымданған бӛлiктерiне зиянды
бактериялар жиналып, кӛбейе бастайды. Микроб және нематодалардың
тiршiлiгiнен пайда болған улы заттар iшекке сiңiп, қан тамырларына енiп,
бҥкiл денеге жайылып жануарды уландырып, оны ӛлiмге әкеп соғуы да
мҥмкiн.
      Клиникалық белгiлерi. Аурудың жiтi түрiнде, жануардың дене
қызуы кӛтерiлiп, тамыр соғуы мен демалуы жиiлейдi, ол кҥйсiзденедi,
кiлегейлi қабықтары бозарады, алқым тҧсынан жалқаяқ байқалады, малдың
iшi ӛтедi, қҧйрығы мен артқы аяқтары сҧйық нәжiспен былғанады, дерт
ӛршiген сайын тҥлiк етiнен айырылып, кӛтерем халге жетiп, ӛлiп те кетедi.
Созылмалы түрiнде ауырған малдың азыққа зауқы болмайды, жҥнi ҧйысып
тҥскiш келедi, жағының асты iсiнiп кетедi, жануар тышқақтайды, кҥтiмге
қарамастан азып-тозып ӛлiмге ҧшырайды.
       Патанатомиялық өзгерiстер. Ӛлексе ӛте арық, кӛтерем. Оның кеуде
және қҧрсақ қуыстарында 2-3 л сары сҧйық жиналған. Тоқ iшек пен тiк
iшектiң қатпарлар сiлiкпе iркiлумен (студенистый инфирьтрат) толғандықтан
олар жуандаған, iшiндегiсi қоңыр тҥске боялған, арасынан хабертиялар
табылады. Тоқ ішектiң кiлегей қабығы iсiнген, қызарған, қалыңдаған. Кейбiр
тҧстарында бҥрлерiнен айырылған, кӛптеген жерлерiн қаптаған ноқат
қанталаулар, кӛлемi тары дәнiндей жарақаттар басқан.
       Диагноз қою жолдары. Нематодаларға диагноз қою ҥшін аурудың
клиникалық кӛріністерін, эпизоотологиялық деректерді еске алады, ал оны


                                    18
нақтылы дәлелдеу ҥшін гельминтолярвоскопиялық Вайда немесе Берман-
Орлов әдісін іске қосады.
       Емдеу тәсілдері. Левомизол – жҧмыр және қыл тәріздес ағза
қҧрттарына қарсы қолданылатын, иньекциялық препарат. Малдарға 1мл/10кг
тірі салмағына тері астына егеді.
       Панакур түйіршіктері (қҧрамы 22,2% фекбендазол) 22мг/кг тірі
салмағына, ірі сиырмен жылқыға 34мг/кг беріледі.
       Қҧрамы 1% ивермектиннен тҧратын ивермек, ивермектин, ивамек,
авимек т.б. препараттарды 1мл/50кг тірі салмағына есептеп тері астына бір
рет егеді.
      Рамектин - 1мл/50кг тірі салмаққа тері астына бір рет егеді.
Тетрамизол 0,005г/кг тірі салмаққа кҥніне бір рет 3 кҥн қатарынан береді.
      Алдын – алу жолдары. Нематода дертінен сақтау ҥшін қозыларды
жаздың аяғында, кҥздің басында дегельминтизациялау керек, ал сақа малға
бҧл дуаны қыстың соңында, кӛктемнің кірісінде жҥргізген жӛн. Дәріленген
тҥлікті 3-5 тәулік бойы аңызға жая тҧрады. Пайдаланған дәрмектің әсері
жақсы тиіп жатқанын білу ҥшін дегельминтизация ӛткеннен кейін 8-10 тәулік
ӛтісімен 50 шақты қойды лабораториялық тексеруден ӛткізеді. Гельминтоз
жылда тіркелетін шаруашылықта жас ткған тӛлді бҧл кеселге қарсы кҥзде
дәрілеу қажет.

                                ПИРОПЛАЗМОЗ

      Пироплазмоз - жануарлардың анемиямен, сарғаюмен, жҥрек
жҧмысының зақымдануымен, кҥйзелуімен, тәбеттің жоғалуымен, дене
қызуының жоғарылауымен, сондай-ақ аурудың ауыр кезеңінде кілегей
қабығының қанталауымен, гемоглобинуриямен, ӛліммен ерекшеленетін,
эритроциттердің пигментсіз эндоглобулярлы паразиттері қоздыратын
трансмиссивтік ауру.
      Қоздырғышы. Pіroplasma bіgemіnum Романовский әдісімен бояғанда
пироплазмалардың цитоплазмасы кӛкшіл, ядросы қызғылт тҥске боялады.
Әдетте эритроцит ішінде бір, екі, кейде одан да кӛбірек паразит болады.
Паразит пішіні алмҧрт, дӛңгелек, сақина тәрізді және ҧзынша сопақ.
Аурудың әрі дамуына байланысты, зақымданған эритроциттердің саны тез
кӛбейіп, 5-1 % -ке жетеді.
      Биологиясы. Эритроцит ішіндегі пироплазма жыныссыз екіге бӛліну
арқылы немесе бҥршіктену арқылы кӛбейеді. Пироплазмалар кене денесінде
шизогония әдісімен кӛбейеді. Пироплазмалардың тасымалдаушысы – бір иелі
Boophіlus calcaratus, екі иелі Rhіpіcephalus bursa және ҥш иелі-Haemophysіalіs
punсtata кенелері. Ріroplasma bіgemіnum паразитін кенелер трансовариалдық
жолмен тасымалдайды. Boophіlus calcaratus кенелері пироплазмаларды,
әдетте, нимфа сатысында, ал H.punctata, R.bursa кенелері имаго сатысында
тасымалдайды.
     Эпизоотологиясы. Пироплазмоз еліміздің Оңтҥстік бӛлігінде таралған.
В.calcaratus кенелері негізінен Жамбыл облысымен Оңтҥстік Қазақстан
                                      19
облысында кездеседі. Олар кӛбінесе ірі қараның қанын сорады да басқа
тҥлікке сирек жабысады. Жайылымда олар 35-40 кҥн ӛмір сҥріп, ҧрғашылары
мыңдаған жҧмыртқа салады. Олардан 2-3 апта ішінде алты аяқты балаң
кенелер дамып шығады. Олар жҧмыртқадан шығысымен ірі қара денесіне
жабысып, паразиттік ӛмір сҥре бастайды да, 3-4 апта ішінде нимфа және
имаго сатыларына жетеді. Жылы кезеңде В.calcaratus кенелері ҥш ҧрпақ
беріп ҥлгереді. Осыған орай Жамбыл облысында ірі қара мал арасында
пироплазмоз 3 рет байқалуы мҥмкін. Бірінші рет кӛктемде-сәуір , мамыр
айларында, пироплазмоздың бҧл толқыны ӛлім-жітімсіз жеңіл тҥрде ӛтеді.
Екінші рет жазда шілде-тамыз айларында ауру кең етек алып, ӛлім-жітім
кӛбейеді. Ҥшінші рет кҥзде-тамыз айының аяғынан бастап, қазан айына дейін
байқалады. Бҧл кезде ауру мал арасына кӛбірек тарайды.
       Клиникалық белгілері. Пироплазмоздың жасырын кезеңі 14-24 кҥн.
Бір жасқа дейінгі тӛлде және жергілікті малда пироплазмоз әдеттегіден
жеңілдеу ӛтеді.
       Ауруға шалдыққан ірі қара малының ең алдымен дене ыстығы 41-420
дейін кӛтеріледі де, осы деңгейден тӛмендемей тҧрып алады. Ауырған мал
қатты кҥйзеледі. Жемге сылбыр қарап, қатты шӛліркейді. Сауын сиырдың
сҥті азаяды.
       Тамыр соғуы минутына 100-120-ға дейін шапшаңдап, жҥрек соғуы,
тыныс алуы жиілейді. Екінші кҥннен бастап-ақ ауру мал басын салбыратып,
кҥйзеледі, кӛзінен жас жиі ағады. Жем мен суға сылбыр қарайды, кейде
мҥлде жем жемейді. Мес қарынның қозғалысы сирейді. Зәрі алғашында сары
тҥсті, аурудың жіті тҥрінде 2-кҥннен бастап-ақ қызыл тҥске боялады.
3-4 кҥннен соң ауру белгілері ең жоғарғы дәрежесіне жетеді. Бҧл мезгілде
мал қатты кҥйзеледі, жем-судан бас тартып, жатып алып тісін қайрайды. Мес
қарын қозғалуын мҥлде қояды немесе ӛте баяу қозғалады. Жҥрек соғу
ырғағы бҧзылады. Зәрі қоңырлау-қызыл тҥсті, жиі және аз мӛлшерде
шығады. Осы белгілері 5-7 кҥнге созылып, мал ӛлім-жітімге ҧшырауы
мҥмкін.
       Патанатомиялық өзгерістер. Кілегей және сірі қабықтары бозарың-
қы, сарғыш тартқан және ҧсақ нҥкте тәрізді қанқҧйылған. Сӛл бездері
ҧлғайған. Талағы қызыл-қышқыл тҥсті, ҥлкейген, ҥстіңгі жағы қанталаған,
ҧлпасы жҧмсарып босаңсыған. Бауыры ҥлкейген, қоңыр-қызыл тҥсті. Қуығы
әдетте қоңыр-қызыл, сирек жағдайда қоңыр-сары тҥсті зәрге толы.
Жалбыршағы әдетте қатты, ішіндегі жемі қҧрғақ жентектелген. Жҥрек,
әсіресе жҥрекше ҥсті нҥкте және сызықша тәрізденіп қанталаған.
       Диагноз қою тәсілдері. Ауырған малдың жайылымда болуы және
аталған кенелердің мал денесінен табылуы, ӛткен жылдарда осы аймақта
аурудың кездесуі еске алынады. Ауру малды тексеріп, қарағанда дене
қызуының кӛтерілуі, қан аздық, кілегей қабықтарының сарғыштануы және
гемоглобинурия сияқты белгілерді байқауға болады.
       Эпизоотологиялық сараптау және ауру белгілерін анықтау, қанды
микроскопиялық зерттеу нәтижелерімен салыстыра келіп диагноз қойылады
да, оның негізінде қажетті ем қолданылады.
                                   20
Лептоспироздың пироплазмозбен ортақ белгісі-гемоглобинурия. Бірақ
лептоспирозда дене қызуы қалыптағыдай, кілегей қабықтарының
сарғыштануы ӛте анық, майтҧмсық зақымданады, талағы ҥлкеймеген.
Пироплазмоз бен лептоспироз аралас білінген жағдайда, дәрі кҥшімен қызба
тӛмендетіледі және қанда пироплазмалар жоғалады, бірақ қызыл тҥсті зәр
шығуы тоқтамауы мҥмкін. Мҧндайда лептоспирозға қосымша зерттеулер
жҥргізу шарт.
       Емдеу жолдары. Азидинді ауру малдың барлығына (қатты ауырған
малға жарты доза мӛлшерінде) тері астына немесе бҧлшық етке 3,5 мг/кг
мӛлшерінде 7 % ерітінді тҥрінде егеді.
      Диамидин тері астына немесе бҧлшық етке 1-2 мг/кг мӛлшерінде 7 %
ертінді тҥрінде егіледі. Ем жҥргізгеннен кейін оның емдік әсері 10-14
сағаттан кейін байқалады, ал нәтижесі келесі кҥні (24 сағ) ғана білінеді.
       Жануардың клиникалық белгілеріне қарай симптоматикалық емдеу
шаралары қолданылады.
       Алдын алу шаралары.
       Ауру малды міндетті тҥрде арнайы дәрілермен емдеу шарт, емделмесе
ауру ӛліммен аяқталады. Сондықтан пироплазмоз шыққан табында аурудың
алдын алу ҥшін химиопрофилактика жасау ҥшін азидин немесе наганинмен
аралас қолданады. Соңғы дәрі арнайы дәрілердің әсерін ҧзартады. Егер мал
бастапқы жайылымда қалатын болса, осы емді 10-14 кҥннен соң қайталау
қажет.
      Химиялық профилактика жҥргізумен қатар, жоспарлы тҥрде
кенелермен кҥрес жҥргізу орынды.
      Мал қораларын профилактикалық дезакаризациялауды жылына
кемінде 3-4 рет ӛткізеді.

                          ІРІ ҚАРА ТЕЙЛЕРИОЗЫ

       Тейлериоз – қан паразиттерімен шақырылатын және жіті тҥрде ӛтетін
қанда паразитарлық тіршілік ететін мҥйізді ірі қара малының ауруы.
       Ауруға шалдыққан малдың сӛл бездері ҥлкейеді, қызба, қаназдық
белгілері байқалып, жҥрек-қан тамыр жҥйесінің және асқазан жолдарының
қызметі бҧзылуымен сипатталатын аса қауіпті ауру.
       Қоздырғышы - Thеіlerіa аnnulata малдың сӛл бездерінде, талағында
және эритроциттерде тіршілік ететін бір торшалы қарапайымдылар.
Эритроциттер ішіндегі тейлериялар дӛңгелек, сопақша, таяқша, ҥтір және
нҥкте тәрізді. Ҧзындығы 0,5-1,6 мкм. Әрбір эритроцит ішінде 7-ге дейін, ал
кӛбінесе 1-2 паразит тіршілік етеді.
       Биологиясы. Бҧл паразиттерді гиаломма туысына жататын Hyaloma
detrіtum, H.anatolіcum деген жайылым кенелері тасымалдайды. Кененің
сілекейі арқылы мал денесіне енісімен олар сӛл бездеріне және бауыр мен
талаққа барып, ӛсіп-ӛніп тез арада шизагония әдісімен бӛлшектеніп кӛбейе
бастайды. Мҧның нәтижесінде кӛп ядролы анар тәрізді (гранат) денелер
пайда болып, олардың бір цитоплазмасында 40-50, кейде одан да кӛп ядро
                                    21
болады. Кейінірек бҧл паразит бӛлшектері ыдырап, қанның эритроциттеріне
енеді. Осы уақыттан бастап, оларды тейлериялардың эритроцитарлық тҥрі
деп атайды.
      Эпизоотологиясы. Жамбыл, Оңтҥстік Қазақстан және Қызылорда
облыстарында тейлериоз кең етек алып, шаруашылықтарда энзоотия тҥрінде
байқалады. Себебі бҧл аймақтарда ауру қоздврғышын тасымалдайтын
Hyalomma туысына жататын кене тҥрлері кӛп тараған. Жас мал тейлериозбен
асқынып ауырады. Сондай-ақ сырттан әкелінген малдар да ӛте қатты
ауырып, тейлериоздан ӛлім-жітімге кӛп шалдығады.
     Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 11-15 кҥн. Алғашқы
кҥндері ауру малдың бір жақ шабындағы, желіні мен мойнындағы, жаурын
алдындағы бездері қабынып, “безі шошып”, ісіп кетеді. Оларды сипап
кӛргенде ӛте қатты екендігі және мал ауырсынатыны байқалады. Сонан соң
дене ыстығы 40-41,1 ал кейде 41,80 дейін кӛтеріледі, малдың жемге тәбеті
тартпайды, сҥті азаяды, жҥні ҥрпиіп, қатты кҥйзеледі. Тамыр соғуы
минутына 80-130-ға дейін жиілейді, тыныс алуы минутына 50-60 дейін
шапшаңдап, мал демігеді. Асқазан жолдарының қызметі бҧзылады. Малдың
қиы сҧйық, оған шырыш, ал кейде қан қосылады. Кейін ішек
перистальтикасы мҥлде әлсіреп, тҧрақты атония дамиды. Қандағы эритроцит
саны мен гемоглобин мӛлшері 2-3 есе кемиді. Зәр шығару қиындайды.
      Ауру мал жемнен бас тартады, суды сҥйсінбей ішеді, кҥйіс қайыру
және сҥт шығару мҥлде тоқтайды, 6-8 кҥннен соң дене қызуы шҧғыл
тӛмендеп, мал тез арада шығынға ҧшырайды.
      Диагноз қою тәсілдері. Тейлериоздың эпизоотологиялық деректерін
есепке ала отрып, микроскопиялық зерттеу жҥргізу шарт. Ол ҥшін аурудың
алғашқы сатысында шошынған бездерінен шприцпен шырынды сҧйық сорып
алып, таза шыныға жағады да Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сонан
соң микроскоппен қарайды.
      Аурудың екінші сатысында, яғни ауру басталғаннан 3-4 кҥннен кейін,
тейлериозға шалдыққан малдың қаны зерттеледі. Қҧлақ тамырларынан
алынған бір тамшы қан шыныға жағылып, Романовский-Гимза әдісімен
боялады.
      Патанатомиялық өзгерістер. Тейлериоздан ӛлген мал ӛлексесі ӛте
арық келеді. Кілегей қабықтары бозарыңқы және сарғыш тартқан,
қанталаған. Сыртқы бездері ісініп қабынған, қанталаған, кӛкірек қуысына
қызғылт сҧйық зат жиналған. Жҥрек ҧлғайған, оның ішкі және сыртқы жағы
нҥкте тәрізденіп қанталаған. Жҥрек қабы сарғыш тҥсті экссудатқа толы.
Бауыры ҧлғайған, оның тҥсі сары топырақ тәрізді. Талақ 1,5-2 есе ҧлғайған,
пышақпен тілгенде тіліктің беті қызыл-қоңыр тҥстес, ҧлпасы жҧмсақ, сірі
қабығы асты қанталағандығы байқалады. Ҧлтабардың іші қызарып,
қанталайды, кейбір жерлері ойылып, уытты жараға айналады. Бҧл ӛзгеріс тек
тейлериозға ғана тән қҧбылыс.
       Емдеу жолдары. Ірі қара тейлериоздан емдеудің басты принципі
ағзадағы ауру қоздырғыштарын жойып, олар зақымдаған жҥйелерді қайта
қалпына келтіру болып табылады.
                                    22
жануарлардын паразит
жануарлардын паразит
жануарлардын паразит
жануарлардын паразит
жануарлардын паразит
жануарлардын паразит

Contenu connexe

Tendances

Undesnii_bichig_usgiin_bayart_zoriulsan_sanamj_uguh_nomzui
Undesnii_bichig_usgiin_bayart_zoriulsan_sanamj_uguh_nomzuiUndesnii_bichig_usgiin_bayart_zoriulsan_sanamj_uguh_nomzui
Undesnii_bichig_usgiin_bayart_zoriulsan_sanamj_uguh_nomzuiUuganbayar Uuganaa
 
хорвоотой танилцсан түүх
хорвоотой танилцсан түүххорвоотой танилцсан түүх
хорвоотой танилцсан түүхOtgonjargal Tsengelmaa
 
монгол ардын аман зохиол (уран зохиол
монгол ардын аман зохиол (уран зохиолмонгол ардын аман зохиол (уран зохиол
монгол ардын аман зохиол (уран зохиолErdenetuya Galbadrah
 
б.явуухулан
б.явуухуланб.явуухулан
б.явуухуланsendom_shuree
 
хөгжмийн урсгал чиглэлүүд болон хөгжмийн зохиолчид хулан
хөгжмийн урсгал чиглэлүүд болон хөгжмийн зохиолчид хуланхөгжмийн урсгал чиглэлүүд болон хөгжмийн зохиолчид хулан
хөгжмийн урсгал чиглэлүүд болон хөгжмийн зохиолчид хуланch-boldbayar
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5sanvia
 
5 р анги эхийн хэв маяг
5 р анги эхийн хэв маяг5 р анги эхийн хэв маяг
5 р анги эхийн хэв маягOyuOyu-Erdene
 
1 р анги у үсэг
1 р анги у үсэг1 р анги у үсэг
1 р анги у үсэгOyuOyu-Erdene
 
30 жилийн дайны үүсэл
30 жилийн дайны үүсэл 30 жилийн дайны үүсэл
30 жилийн дайны үүсэл Batsaikhan Enkhzul
 
оюун.хэрэглэгдэхүүн
оюун.хэрэглэгдэхүүноюун.хэрэглэгдэхүүн
оюун.хэрэглэгдэхүүнOyunaa_B
 
№18 «Қызыл кітап» поэмасы.ppt
№18 «Қызыл кітап» поэмасы.ppt№18 «Қызыл кітап» поэмасы.ppt
№18 «Қызыл кітап» поэмасы.pptssuser7a793e
 
Neelttei hicheel math
Neelttei hicheel mathNeelttei hicheel math
Neelttei hicheel mathhaliuk74
 
Tadbir: Til bayramining senariysi
Tadbir: Til bayramining senariysiTadbir: Til bayramining senariysi
Tadbir: Til bayramining senariysiferghanasoft
 

Tendances (20)

Undesnii_bichig_usgiin_bayart_zoriulsan_sanamj_uguh_nomzui
Undesnii_bichig_usgiin_bayart_zoriulsan_sanamj_uguh_nomzuiUndesnii_bichig_usgiin_bayart_zoriulsan_sanamj_uguh_nomzui
Undesnii_bichig_usgiin_bayart_zoriulsan_sanamj_uguh_nomzui
 
хорвоотой танилцсан түүх
хорвоотой танилцсан түүххорвоотой танилцсан түүх
хорвоотой танилцсан түүх
 
монгол ардын аман зохиол (уран зохиол
монгол ардын аман зохиол (уран зохиолмонгол ардын аман зохиол (уран зохиол
монгол ардын аман зохиол (уран зохиол
 
б.явуухулан
б.явуухуланб.явуухулан
б.явуухулан
 
хөгжмийн урсгал чиглэлүүд болон хөгжмийн зохиолчид хулан
хөгжмийн урсгал чиглэлүүд болон хөгжмийн зохиолчид хуланхөгжмийн урсгал чиглэлүүд болон хөгжмийн зохиолчид хулан
хөгжмийн урсгал чиглэлүүд болон хөгжмийн зохиолчид хулан
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
 
5 р анги эхийн хэв маяг
5 р анги эхийн хэв маяг5 р анги эхийн хэв маяг
5 р анги эхийн хэв маяг
 
улаанбаатар хотын хөшөө
улаанбаатар хотын хөшөөулаанбаатар хотын хөшөө
улаанбаатар хотын хөшөө
 
1 р анги у үсэг
1 р анги у үсэг1 р анги у үсэг
1 р анги у үсэг
 
Zadlal hiih argachilal
Zadlal hiih argachilalZadlal hiih argachilal
Zadlal hiih argachilal
 
Чингис хичээл
Чингис хичээлЧингис хичээл
Чингис хичээл
 
дуурайн зохиох
дуурайн зохиохдуурайн зохиох
дуурайн зохиох
 
30 жилийн дайны үүсэл
30 жилийн дайны үүсэл 30 жилийн дайны үүсэл
30 жилийн дайны үүсэл
 
Mongol hel 5
Mongol hel 5Mongol hel 5
Mongol hel 5
 
с. эрдэнэ
с. эрдэнэ с. эрдэнэ
с. эрдэнэ
 
оюун.хэрэглэгдэхүүн
оюун.хэрэглэгдэхүүноюун.хэрэглэгдэхүүн
оюун.хэрэглэгдэхүүн
 
№18 «Қызыл кітап» поэмасы.ppt
№18 «Қызыл кітап» поэмасы.ppt№18 «Қызыл кітап» поэмасы.ppt
№18 «Қызыл кітап» поэмасы.ppt
 
Ehuud
EhuudEhuud
Ehuud
 
Neelttei hicheel math
Neelttei hicheel mathNeelttei hicheel math
Neelttei hicheel math
 
Tadbir: Til bayramining senariysi
Tadbir: Til bayramining senariysiTadbir: Til bayramining senariysi
Tadbir: Til bayramining senariysi
 

En vedette

What Makes Great Infographics
What Makes Great InfographicsWhat Makes Great Infographics
What Makes Great InfographicsSlideShare
 
STOP! VIEW THIS! 10-Step Checklist When Uploading to Slideshare
STOP! VIEW THIS! 10-Step Checklist When Uploading to SlideshareSTOP! VIEW THIS! 10-Step Checklist When Uploading to Slideshare
STOP! VIEW THIS! 10-Step Checklist When Uploading to SlideshareEmpowered Presentations
 
Masters of SlideShare
Masters of SlideShareMasters of SlideShare
Masters of SlideShareKapost
 
A Guide to SlideShare Analytics - Excerpts from Hubspot's Step by Step Guide ...
A Guide to SlideShare Analytics - Excerpts from Hubspot's Step by Step Guide ...A Guide to SlideShare Analytics - Excerpts from Hubspot's Step by Step Guide ...
A Guide to SlideShare Analytics - Excerpts from Hubspot's Step by Step Guide ...SlideShare
 
How To Get More From SlideShare - Super-Simple Tips For Content Marketing
How To Get More From SlideShare - Super-Simple Tips For Content MarketingHow To Get More From SlideShare - Super-Simple Tips For Content Marketing
How To Get More From SlideShare - Super-Simple Tips For Content MarketingContent Marketing Institute
 
10 Ways to Win at SlideShare SEO & Presentation Optimization
10 Ways to Win at SlideShare SEO & Presentation Optimization10 Ways to Win at SlideShare SEO & Presentation Optimization
10 Ways to Win at SlideShare SEO & Presentation OptimizationOneupweb
 
2015 Upload Campaigns Calendar - SlideShare
2015 Upload Campaigns Calendar - SlideShare2015 Upload Campaigns Calendar - SlideShare
2015 Upload Campaigns Calendar - SlideShareSlideShare
 
What to Upload to SlideShare
What to Upload to SlideShareWhat to Upload to SlideShare
What to Upload to SlideShareSlideShare
 
How to Make Awesome SlideShares: Tips & Tricks
How to Make Awesome SlideShares: Tips & TricksHow to Make Awesome SlideShares: Tips & Tricks
How to Make Awesome SlideShares: Tips & TricksSlideShare
 
Getting Started With SlideShare
Getting Started With SlideShareGetting Started With SlideShare
Getting Started With SlideShareSlideShare
 

En vedette (11)

What Makes Great Infographics
What Makes Great InfographicsWhat Makes Great Infographics
What Makes Great Infographics
 
You Suck At PowerPoint!
You Suck At PowerPoint!You Suck At PowerPoint!
You Suck At PowerPoint!
 
STOP! VIEW THIS! 10-Step Checklist When Uploading to Slideshare
STOP! VIEW THIS! 10-Step Checklist When Uploading to SlideshareSTOP! VIEW THIS! 10-Step Checklist When Uploading to Slideshare
STOP! VIEW THIS! 10-Step Checklist When Uploading to Slideshare
 
Masters of SlideShare
Masters of SlideShareMasters of SlideShare
Masters of SlideShare
 
A Guide to SlideShare Analytics - Excerpts from Hubspot's Step by Step Guide ...
A Guide to SlideShare Analytics - Excerpts from Hubspot's Step by Step Guide ...A Guide to SlideShare Analytics - Excerpts from Hubspot's Step by Step Guide ...
A Guide to SlideShare Analytics - Excerpts from Hubspot's Step by Step Guide ...
 
How To Get More From SlideShare - Super-Simple Tips For Content Marketing
How To Get More From SlideShare - Super-Simple Tips For Content MarketingHow To Get More From SlideShare - Super-Simple Tips For Content Marketing
How To Get More From SlideShare - Super-Simple Tips For Content Marketing
 
10 Ways to Win at SlideShare SEO & Presentation Optimization
10 Ways to Win at SlideShare SEO & Presentation Optimization10 Ways to Win at SlideShare SEO & Presentation Optimization
10 Ways to Win at SlideShare SEO & Presentation Optimization
 
2015 Upload Campaigns Calendar - SlideShare
2015 Upload Campaigns Calendar - SlideShare2015 Upload Campaigns Calendar - SlideShare
2015 Upload Campaigns Calendar - SlideShare
 
What to Upload to SlideShare
What to Upload to SlideShareWhat to Upload to SlideShare
What to Upload to SlideShare
 
How to Make Awesome SlideShares: Tips & Tricks
How to Make Awesome SlideShares: Tips & TricksHow to Make Awesome SlideShares: Tips & Tricks
How to Make Awesome SlideShares: Tips & Tricks
 
Getting Started With SlideShare
Getting Started With SlideShareGetting Started With SlideShare
Getting Started With SlideShare
 

Similaire à жануарлардын паразит

Паразиттік кенелер
Паразиттік кенелерПаразиттік кенелер
Паразиттік кенелерBilim All
 
5445rtretrtersss
5445rtretrtersss5445rtretrtersss
5445rtretrtersssnurlan93kz
 
ғылыми жоба камилла
ғылыми жоба камиллағылыми жоба камилла
ғылыми жоба камиллаoquzaman
 
сардар айжан, өзен шаяны
сардар айжан, өзен шаянысардар айжан, өзен шаяны
сардар айжан, өзен шаяныAsem Sarsembayeva
 
Түр оның белгілері және құрамы
Түр оның белгілері және құрамыТүр оның белгілері және құрамы
Түр оның белгілері және құрамыwer rew
 
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыру
жануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыружануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыру
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыруAsem Sarsembayeva
 
Органикалық дүниенің алуан түрлілігі (1).pdf
Органикалық дүниенің алуан түрлілігі (1).pdfОрганикалық дүниенің алуан түрлілігі (1).pdf
Органикалық дүниенің алуан түрлілігі (1).pdfAruzhanAblay
 

Similaire à жануарлардын паразит (16)

конф.абылай
конф.абылайконф.абылай
конф.абылай
 
баяндама
баяндамабаяндама
баяндама
 
конф.шүкір
конф.шүкірконф.шүкір
конф.шүкір
 
баян.рамазан
баян.рамазанбаян.рамазан
баян.рамазан
 
Паразиттік кенелер
Паразиттік кенелерПаразиттік кенелер
Паразиттік кенелер
 
конф.жангали
конф.жангаликонф.жангали
конф.жангали
 
5445rtretrtersss
5445rtretrtersss5445rtretrtersss
5445rtretrtersss
 
аусыл ауруы
аусыл ауруыаусыл ауруы
аусыл ауруы
 
ғылыми жоба камилла
ғылыми жоба камиллағылыми жоба камилла
ғылыми жоба камилла
 
ашық сабақ
ашық сабақашық сабақ
ашық сабақ
 
сардар айжан, өзен шаяны
сардар айжан, өзен шаянысардар айжан, өзен шаяны
сардар айжан, өзен шаяны
 
асқорыту жүйесі ауруларын тексеру әдістері
асқорыту жүйесі ауруларын тексеру әдістеріасқорыту жүйесі ауруларын тексеру әдістері
асқорыту жүйесі ауруларын тексеру әдістері
 
Түр оның белгілері және құрамы
Түр оның белгілері және құрамыТүр оның белгілері және құрамы
Түр оның белгілері және құрамы
 
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыру
жануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыружануарлардың  өлексесі мен көңді  залалсыздандыру
жануарлардың өлексесі мен көңді залалсыздандыру
 
Органикалық дүниенің алуан түрлілігі (1).pdf
Органикалық дүниенің алуан түрлілігі (1).pdfОрганикалық дүниенің алуан түрлілігі (1).pdf
Органикалық дүниенің алуан түрлілігі (1).pdf
 
конф.акмарал
конф.акмаралконф.акмарал
конф.акмарал
 

Plus de Вячеслав Ипполитов

26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»
26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»
26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»Вячеслав Ипполитов
 
24. қазақша басқарма туралы ереже қазагроинновация
24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация
24. қазақша басқарма туралы ереже қазагроинновацияВячеслав Ипполитов
 
проект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. наукипроект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. наукиВячеслав Ипполитов
 
новое положение об информационной политике
новое положение об информационной политикеновое положение об информационной политике
новое положение об информационной политикеВячеслав Ипполитов
 
новое положение об инф политике ао каи 2012
новое положение об инф политике  ао каи 2012новое положение об инф политике  ао каи 2012
новое положение об инф политике ао каи 2012Вячеслав Ипполитов
 
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...Вячеслав Ипполитов
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудахрекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудахВячеслав Ипполитов
 

Plus de Вячеслав Ипполитов (20)

6df
6df6df
6df
 
Evolution
EvolutionEvolution
Evolution
 
1
11
1
 
программа апк каз
программа апк казпрограмма апк каз
программа апк каз
 
программа апк рус
программа апк руспрограмма апк рус
программа апк рус
 
26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»
26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»
26. кодекс корпоративной этики ао «казагроинновация»
 
24. қазақша басқарма туралы ереже қазагроинновация
24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация24. қазақша басқарма туралы ереже  қазагроинновация
24. қазақша басқарма туралы ереже қазагроинновация
 
устав каи 04.11.2011
устав каи 04.11.2011устав каи 04.11.2011
устав каи 04.11.2011
 
проект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. наукипроект программы реформ. отеч. агр. науки
проект программы реформ. отеч. агр. науки
 
кодекс корп этики ао каи
кодекс корп этики  ао каикодекс корп этики  ао каи
кодекс корп этики ао каи
 
новое положение об информационной политике
новое положение об информационной политикеновое положение об информационной политике
новое положение об информационной политике
 
положение о правлении ао каи
положение  о правлении ао каиположение  о правлении ао каи
положение о правлении ао каи
 
кодекс корп этики ао каи
кодекс корп этики  ао каикодекс корп этики  ао каи
кодекс корп этики ао каи
 
новое положение об инф политике ао каи 2012
новое положение об инф политике  ао каи 2012новое положение об инф политике  ао каи 2012
новое положение об инф политике ао каи 2012
 
кодекс корп упрваления ао каи
кодекс корп упрваления ао каикодекс корп упрваления ао каи
кодекс корп упрваления ао каи
 
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
технологии выращивания сеголеток и двухлеток осетровых рыб в бассейнах с испо...
 
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
рекомендации по формированию ремонтно маточных стад осетровых рыб в рыбоводны...
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в условиях рыбоводных хо...
 
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
рекомендации по улучшению состояния рыбных ресурсов водоемов зайсан иртышског...
 
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудахрекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
рекомендации по технологии выращивания осетровых рыб в прудах
 

жануарлардын паразит

  • 1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы Министрлігі «КазАгроИнновация» Акционерлік қоғамы «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС «Жамбыл ветеринария ғылыми-зерттеу стансасы» филиалы ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҤСТІГІНДЕ АУЫЛШАРУШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАЗИТОЗДАРЫМЕН КҤРЕСУ ШАРАЛАРЫ ҰСЫНЫСТАР Алматы 2010
  • 2. УДК 636.08:614.9(574) ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ АУЫЛШАРУШЫЛЫҚ ЖАНУАРЛАРЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАЗИТОЗДАРЫМЕН КҮРЕСУ ШАРАЛАРЫ ҰСЫНЫСТАР Республиканың оңтҥстігінде Жамбыл облысындағы ауылшаруашылық жануарлары жиі шалдығатын паразиттік аурулар және олармен кҥресу жолдары туралы ҧсыныстарды дайындаған «Қазақ ғылыми – зерттеу ветеринария институты» ЖШС және «Жамбыл ветеринария ғылыми – зерттеу стансасы» филиалы қызметкерлері ветеринария ғылымдарының кандидаты М.А. Бердіқҧлов, паразитология зертханасының меңгерушісі, ветеринария ғылымдарының кандидаты, доцент М.Ж. Сулейменов, ғылыми қызметкер Жҧмаханов Б, ветеринария ғылымдарының кандидаты К.М. Қазақбаев, биология ғылымдарының докторы, профессор М.С. Сабаншиев, кіші ғылыми қызметкер А.А. Абдібаева. Ҧсыныс ғылыми және малдәрігерлік қызметкерлерге арналған, және әртҥрлі әлем елдерінің зерттеулерімен озық әдістемелерін негізге ала отырып дайындалды. Жеке қожалықтар мен фермерлердің мал дәрігерлеріне және зертхана қызметкерлеріне арналған Издано в рамках программы 056 «Повышение конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции» Рассмотрено и одобрено на заседании научно-технической комиссии АО «КазАгроИнновация», 2 августа 2010 года. 2
  • 3. 1.Кіріспе Қазақстан республикасы ӛңірлерінде кең таралған паразиттік аурулар еліміздің мал шаруашылығына елеулі экономикалық зиян келтіреді. Қазіргі жағдайда шағын фермерлер мен жеке шаруашылықтар малдарын ауыл тӛңерегіндегі шектеулі жайылымдарға жаюға мәжбҥр. Мҧдай жағдайда ауыл маңындағы жайлымдар тҥрлі паразит элементтерімен залалданады, соның нәтижесінде паразитоздардың эпидемиологиялық шиеленісу кӛрсеткіштері жоғарлайды. Республикамыздың оңтҥстігінде мал санын кӛбейтіп, олардан алынатын ӛнімдері арттыру ҥшін қолда бар мҥмкіндіктерді толық пайдаланумен қатар, мал басын аман сақтаудың, оларды әсіресе аурулардан қорғаудың маңызы зор. ҚР Оңтҥстігінде жиі кездесетін паразиттік (трематодоздар, цестодоздар, қанмен тері ҥсті паразитоздары) аурулар ауыл экономикасына едәуір шығын келтіреді. Инвазиялық аурулар мал ӛнімдерін тӛмендетіп, шығынға ҧшыратады, сонымен қатар жануарлардың иммунитеті тӛмендеп басқа жҧқпалы аурулармен ауыруына бірден-бір себебкер болып табылады. Жануарлардың паразиттер қоздыратын ауруларына қарсы қҧралдар, әртҥрлі емдік, алдын алу және ауруларды азайту мәселесімен кӛптеген ғалымдар айналысуда [Г.С.Шабдарбаева, А.М. Сазанов, В.Т.Рамазанов, Г.И.Диков, Н.Т.Қадыров және т.б.] Бҧрын ҚР Оңтҥстігінде мал шаруашылықтары жайылымдарында кӛшіп-қону әдісімен жыл мезгілдеріне сәйкес пайдаланумен ерекшеленетін, ал қазіргі нарықтық ҧсақ тауарлы шаруашылықтар жағдайында, малдар белгілі жайылым алқабында жыл бойы шамалы орын ауыстырумен шектеледі. Бҧл дертке қарсы экономикалық тҧрғыдан тиімді және ғылыми негізде жасалған шараларды ҧйымдастыру кезінде, паразитоздардық биологиялық ерекшеліктерін, олардың аралық иелері (тасымалдаушылары) арқылы таралу механизімін, жергілікті табиғи ортадағы эпизоотиялық жағдайды және мал шаруашылығын жҥргізу технологиясын ескерген жоқ. Сыртқы ортаның қолайсыз факторларын тӛмендету және жануарлардың паразитоздарының алдын алу және паразиттер қоздыратын ауруларды жою ӛзекті мәселе болып отыр 3
  • 4. ФАСЦИОЛЕЗ Фасциолез – жануарларда жіті және созылмалы тҥрде ӛтетін бауыр қҧрт ауруы. Қоздырғышы екi тҥрлi қан сорғыштар: Fasciola hepatica және F.gigantica(Cobbold,1885). Бiрiншiсiн кәдiмгi, екiншiсiн алып фасциола деп атайды. Кәдiмгi фасциола жапырақ тәрiздi, ҧзындығы 2-3 см, қҧрттың тҧмсық жағы сәл шығыңқы келедi де кӛптеген тiкеншелерiмен жабдықталады. Алып фасциола сҥлiк сияқты ҧзынша келедi, тҧрқы 3,5-7,5 см болды, iшкi мҥшелерiнiң орналасуы кәдiмгi фасциоланыкiндей, айырмашылығы шамалы. Биологиясы. Сорғыштар қосжыныстылар. Жҧмыртқалары денесiнен бӛлiнiп, ақтық иесiнiң ӛтiмен бiрге iшегiне енiп, одан нәжiспен сыртқы ортаға шығады. Жҧмыртқа iшiнде балаңқҧрттың алғашқы сатысы-мирацидий 7-15 кҥн аралығында қалыптасады. Мирацидилер бауыраяқтылардың денесiне тесiп кiрiп, кӛбейе бастайды. Фасциоланың екеуi де дамуы жағынан бiрдей деуге болады, айырмашылығы тек қана аралық иелерiнде: кәдiмгi фасциоланыкi-кiшi тоспа ҧлу (малый прудовик), алып фасциоланыкi-қҧлақша тоспа ҧлу. Ҧлулардың денесiнде 2-3 айдың iшiнде мирацидиден, спороцист, реди және церкари деп аталатын сатылары ӛрбидi. Қҧйрықты церкари ҧлуларды тастап бiраз уақыт суда жҥзiп жҥредi, сонан кейiн шӛптiң тамыр жағына немесе сабағына қонып, қҧйрығынан қҧтылып, қабықшамен қапталады, жҧқпалы сатысы адолескариларға айналады. Жануарлар адолескарилермен залалданған шӛп не су арқылы ауруды жҧқтырады. Денеге енiсiмен адолескари iшеккке барып жетедi, сыртқы қабыршағынан айырылады. Қабыршағынан босаған адолескари iшектi тесiп, қҧрсақ қуысына тҥсiп, онан әрi жылжып бауырдың сыртқы қабығын, қантамырларын жыртып iшкi ҧлпасына ауысады, жыбырлап кезiп жҥрiп ӛт жолдарына барып тҧрақтайды. Ал жас қҧрттардың бауырға жететiн тағы бiр жолы қан тамырлары. Малдың бауырына жеткен фасциолалар 2-5 айдан кейiн ӛсiп-жетiлiп, ересек сорғышқа айналады да тағы да жҧмыртқа сала бастайды. Жануар денесiнде бҧл трематодалар 5-10 жылға дейiн тiршiлiк ете алады. Эпизоотологиясы. Республиканың оңтҥстігінде қой және ірі қараның фасциолезі кӛбінесе жиі тіркеледі. Фасциолез кӛлшiктi, сазды, ылғалды алқаптарда және жаңбырлы жылдары кӛп кездеседi. Әсiресе шалшық сулары мол, саз- батпақты ӛрiстерде мал кӛптеп зақымданады. Фасциолез ҥй тҧяқтыларының барлығына жҧғады, бiрақ бҧл ауруға кӛбiне қой мен iрi қара шалдығады да ӛлiм-жiтiмге осы тҥлiктер ҧшырайды. Бауырқҧртпен барлық жастағы мал жайылымға шығысымен залалданады, әсiресе қозы, бҧзау жиi шалдығады да кӛбiнесе ӛлiмге ҧшырайды. ҚР Оңтҥстігінде бҧл дерт жылдың барлық маусымында кездесе бередi. 4
  • 5. Патогенезі. Денеге тҥскен адолескарилер бiртiндеп ӛсе бастайды, жынысы жетiлмеген жас трематодалар тҧмсығымен, денесiнiң сыртындағы тiкеншелерiмен ащы iшектi тесiп жаралайды, қанын сорғалатады. Олар жылжып отырып бауырға жетiсiмен оның сыртқы қабығын (капсуласын), ҥлпершегiн (паренхимасын), кӛптеген қантамырларын жарақаттап, ӛздерiнiң тҧрақты мекенiне - ӛт жолдарына ӛтедi. Ересек фасциола қанмен қоректенедi. Сонымен бiрге трематода ӛзiнiң уытын шығарып, дененi уландырады (интоксикация), бiртiндеп қан мӛлшерiн азайтады (анемия), қҧрамын ӛзгертедi. Сорғыш қҧрттар бауырдың iшкi ҧлпаларын зақымдап, ӛт жолдарын (холангит), ӛт қалтасын (холеоцистит) қабындырады. Ӛттiң iшекке қарай жҥрмей, жетпей қалуы салдарынан асқорыту ағзаларының атқарар қызметi тежеледi, кҥрт бҧзылады. Бауыр iсiнiп қабынады, ӛт жолдарының кiлегей қабығы қалыңдайды, зақымдалған ҧлпалардың орнын дәнекер ҧлпалар басып, ҧлғайып (цирроз) , ӛзiнiң жҧмысын нашар атқара бастайды. Клиникалық белгiлерi. Фасциолез жiтi және созылмалы тҥрде ӛтедi. Жiтi түрi жас қҧрттардың денеге енген сәтiнен ересек сатыға жетуiне дейін, 2-2,5 айға созылады, кӛбiнесе кҥзде тiркеледi. Дертке шалдыққан жануардың дене қызуы кӛтерiледi, жем- шӛпке зауқы шаппайды, iшi кебедi, ауыз, танау, кӛз кiлегей қабықтары қансызданып бозарып кетедi, жҥрек соғуы жиiлейдi, тынысы тарылып, демiгедi. Созылмалы түрi. Фасциолезге шалдыққан мал емделмесе ауру созылмалы тҥрге айналады. Ауру кӛбiнесе қыста, кейде жазғытҧрым байқалады. Ауырған қойдың клиникалық белгiлерi кӛмескi бiлiнедi, азыққа тәбетi кемидi, ас қорытуы нашарланады, iшi бiресе ӛтiп, бiресе қатады. Ауыз, танау, кӛздiң кiлегей қабықтары бозарып, артынан сарғая бастайды. Мал жҥдейдi, кӛбiнесе жатып алады, алқымы, кейде омырауы, қарынның тҧсы iседi. Патанатомиялық өзгерістер . Фасциолездiң жiтi тҥрiнен ӛлген малға диагноз қою қиындау. Бауыр ҧлғайған, паразит тескен ҧлпасына қан қҧйылған. Ҧлпаны саусақтармен мыжығанда қойыртпақ сықпаға iлесiп балаң қҧрттар шыға бастайды. Фасциолездiң созылмалы тҥрiнде бауыр қатайып, ҥлкейiп (цирроз), тҥсi ӛзгерiп бозарады, қабығының астынан ӛт жолдары бҧлтиып, сҧрғылт ақшыл жолақ болып кӛрiнедi. Ӛт жолдары қалыңдаған, кескенде шықырлайды, iшiнен сҧйық заттармен бiрге кӛптеген сорғыштар табылады. Ӛтi қою, қара қошқыл-жасыл, арасында гельминттер кездеседi. Диагноз қою тәсілдері. Фасциолезге диагноз қою ҥшiн эпизоотологиялық мәлiметтердi пайдаланып, клиникалық сыртқы белгiлерiн ескерiп және гельминтокопрологиялық зерттеулер жҥргiзу керек. Ӛлекседен немесе лажсыз сойылған малдан ауруға тән бауырдағы патологоанатомиялық ӛзгерiстердi айқындап, ӛт жолдарынан қҧрттарды iздестiредi. Емдеу жолдары. Роленол (қҧрамы 5%-ды клозантел) 1мл 10кг тірі салмаққа бҧлшық етке бір рет егіледі. 5
  • 6. Клозантекс - 1мл 10 кг тірі салмаққа бҧлшық етке бір рет егіледі. Фаскоцид - (қҧрамы 10% оксиклозанид)-1г.тҥйіршік препарат 10кг немесе 1 таблетка 50кг тірі салмаққа бір рет беріледі. Рамектин – (қҧрамы 12,5% рафоксанид және 1% ивермектин) – 1мл 50кг тірі салмаққа тері астына бір рет егіледі. Фазинекс-триклабендазол. Қолданылатын тҥрлерi 2,5-5 %-тiк немесе 10 %-тiк суспензия таблетка немесе ҧсақ тҥйiршiктер. Қойдың жынысы жетiлген сорғыштарына қарсы 1,5-2,5 г/кг мӛлшерiнде, қҧрттың басқа сатысына 5-10-12,5 мг/кг; iрi қраға 6- 12 мг/кг есебiнде қолданылады. Қойға 5%-дық, iрi қараға 10%-дық фазинекстiң шыламасын жҧтқыздырады. Алдын - алу шаралары. Фасциолездан сақтандыру шараларын жан- жақты жҥргiзген жӛн. Сақтық дауалардың ең негiзгiсi малды дегельминтизациядан ӛткiзу арқылы жер-суға, жайылымға қҧрттардың жҧмыртқаларын таратпау. Аурудың алдын алу ҥшiн белгiлi жоспар бойынша, дәрiгерлiк нҧсқауларға сәйкес дегельминтизацияны жылына екi рет жҥргiзу қажет. Бiрiншi рет малды ӛрiске шығарардан 10-15 кҥн бҧрын дәрiлейдi, екiншi рет-жайылым маусымы аяқталған кезде. Кҥйiс малына фасциолезды жҧқтырмау ҥшiн оларды шалшықты, сазды, батпақты, ойпаң жерлерге, кӛл маңайына, ағыны баяу ӛзен жағаларына жаюға болмайды: қақ және шалшықты сулардан суармау керек. ДИКРОЦЕЛИОЗ Дикроцелилозбен ҥй және жабайы жануарлардың кӛптеген тҥрi, әсiресе кҥйiс малы және кемiргiштер ауырады. Қоздырғышы. Dicrococoelium lanceatum (Stiles et Hassal,1896) ҧзынша келген (тҧрқы 0,5-1,5 см) жiңiшке, ӛте ҧсақ, қандауыр (ланцент) тәрiздi жалпақ қҧрттар. Биологиясы. Дикроцелиоз қоздырғышы аралық және қосымша иелерi кӛмегiмен дамиды. Олар жер бетiндегi аралық иелерi-қҧрлық ҧлулары (Bradibenidae тҧқымдастары) және қосымша иелерi қҧмырсқалар (Formica туысынан) болып табылады. Қҧрт жҧмыртқалары iшiнде қалыптасқан ҧрығы – мирациди бар. Олар мал нәжiсiмен бiрге сыртқа шығады. Одан кейiн олар жайылымдардағы ҧлулар денесiне дариды. Ҧлу iшегiнде мирациди жҧмыртқа қақпақшасынан шығып, бауырына ӛтедi. Мҧнда ол ӛзiнiң сыртқы тҥгiнен айырылып, аналық спороцистаға айналады. Ал аналық спороциста бойында кезектi ҧрпағы жеткiн спороцистасы қалыптасады, ал одан келесi сатысы-церкари пайда болады. Церкарилермен қҧмырысқалар қоректенгенде, олардың қҧрсақ қуысында 1-2 ай аралығында ең қауiптi метацеркария сатысы пайда болады. Мал ӛрiсте зақымдалған қҧмырсқаларды шӛппен бiрге жҧтып, дикроцелиоз ауруын жҧқтырады. Ақтық иесiнiң “асқазан-iшегiне” жетiсiмен 6
  • 7. метацеркаридiң сыртқы қабығы ерiп кетедi, сонан соң олар iшектен ӛт арнасы арқылы бауырдағы ӛт жолдарына жетiп, 2,5-3 ай аралығында жынысы жетiлген ересек трематодаға айналады. Мал бауырында олар 6 жылдан артық кҥнелтедi. Эпизоотологиясы. Оңтстік ӛңірінде кең тараған гельминтоз. Дикроцелиоз малға тек қана ӛрiсте жҧғады. Тау бӛктерiнде дикроцелидiң аралық иесi ҧлулар, сондай-ақ трематодалардың қосымша иелерi- қҧмырысқалар жиi кездеседi. Дикроцели жҧмыртқалары ыстық, суыққа ӛте тӛзiмдi келедi. Ҧлулар мен қҧмырысқада қҧрт ҧрпақтары (церкари және метацеркари) 3 жылдай сақталады. Дикроцелиозбен тӛрт тҥлiкпен қатар шошқа, және кемiргiштер ауырады. Патогенезі. Бауырды жайлаған сорғыштар жалжып орындарын ауыстырып отырады, сӛйтiп ӛт арнасын бiтеп тастайды. Созылмалы тҥрi мен ауырған малда паренхиматоздық және интерстициалды гепатиттiң белгiлерi айқын кӛрiнедi. Бҧл уақытта бауыр бiртiндеп iсiне бастайды, ӛт жолдары қабынып, жараланады (цирроз). Мҧның салдарынан ащы iшекке ӛт қҧйылмайды, асқорыту жҥйесi қызметi бҧзылады: малдың iшi ӛтедi, денесi уланады. Клиникалық белгілері. Мал бауырындағы гельминт саны аз болса ауру белгiлерi бiлiнбейдi. Егер бауырда жҥздеген, мыңдаған қҧрт болса, мал қатты ауырады және дерт белгiлерi айқындала тҥседi. Жануардың жем-шӛпке зауқы нашарлайды, оның қоңы кеми бередi, тамағында, кеудесiнде жалқаяқ iсiк пайда болады, бауыр кӛлемi ҧлғаяды, кейде iшi ӛтедi, кӛзге iлiнетiн мҥшелердiң кiлегей қабықтары ақсарғыш тартады. Патанатомиялық өзгерiстер. Бауырдың кӛлемi ҥлкейедi, капсуласының кейбiр тҧстары қалыңдап, сырттан қарағанда олар қаптаған ақ даққа ҧқсайды. Ӛт қалтасы бҧлтиған, iшi қою қоңыр жасыл ӛтке толып, арасында қҧжынаған трематодалар жҥредi. Диагноз қою тәсілдері. Дикроцелиозға диагноз қою ҥшiн эпизоотологиялық деректердi сараптайды. Аурудың сыртқы белгiлерi арқылы диагноз қою мҥмкiн емес. Сондықтан тiрi малдың трематодозын дәлелдеу ҥшiн оның нәжiсi әртҥрлi гельминтовоскопия тәсiлдерiмен зерттеледi. Дикроцелиоздан ӛлген не лажсыз сойылған малға диагноз қою қиын емес. Ол ҥшiн ӛт қалтасы тҧсынан бауырдың iшкi бетiн тереңдетiп кӛлденең кеседi, кесiктiң ернеулерiн саусақпен сәл қысып сығады, осы сәттте ӛт жолдарынан бар болса, жай кӛзге кӛрiнетiн сорғыштар шыға бастайды. Емдеу жолдары. Кҥйiс малының дикроцелиозына қарсы белгiленген ҧсыныстар бойынша бiрнеше антгельминттиктер қолданылады. Қҧрамы 5%-ды клозантелден тҧратын препараттар (роленол, клозантекс т.б). 1мл 10кг тірі салмаққа бҧлшық етке егіледі. Алдын – алу шаралары. Сақтық шаралардың ең негiзгiсi дикроцелиоз кездесетiн шаруашылықта малды мiндеттi тҥрде дегельминтизациялап отыру. Ҧсыныстар бойынша Жамбыл облысының аймақтарында кҥйiс 7
  • 8. қайыратындарға дегельминтизацияның бiрiншiсiн желтоқсанда, екiншiсiн наурызда, ҥшiншiсiн шiлдеде жҥргізген жӛн. Аурудың алдын алудың тағы бiр жолы сорғыштың аралық және қосымша иелерiнiң тҧрақты мекен қоныстарын тҥбегейлi ӛзгерту. Бҧл ҥшiн ӛткен жылғы ескi шӛппен қоса тал-томар шоғырларын ӛртеп жiбередi, жердi жыртып, мәдени ӛсiмдiктердi егу шарт. ЭХИНОКОККОЗ (БЕРIШ, БЕРШIМЕК) Эхинококкоз ауруы мал шаруашылығына кӛп зиын келтiретiн адамзатқа қауiптi ауру. Эхинококктың таспасы ит, қасқыр, қарсақ, тҥлкi ащы iшегiн мекендейдi, ал кӛпiршiктерi (берiш-бершiмектерi) адам, ҥй және жабайы тҧяқтылардың ӛкпесiнде, бауырында, кейде басқа да мҥшелерiнде тiршiлiк етедi. Қоздырғышы. Ересек жетiлген тҥрi- Echinococcus granulosus ӛте уақ гельминт, ҧзындығы 2-6 мм (0,5 см) сколекстен, 3-4 бунақтардан тҧрады. Мойыннан кейiнгi буылтықтар қосжынысты, соңғы тӛртiншiсi пiсiп- жетiлгенi, ал оның қапшық секiлдi жатыры жҥздеген жҧмыртқаға толы. Биологиясы. Ит және т.б. ет қоректiлер нәжiсi арқылы эхинококктың жҧмыртқалары жайылымға, шалшық суларға тарайды. Мал олармен жем- шӛп, су арқылы зақымданады. Эхинококкоз адамға иттен, қҧрт жҧмыртқалары жабысқан киiм-кешек, ыдыс-аяқ, жемiс-жидек, кӛкӛнiс және судан жҧғады. Денеге тҥсiсiмен гельминт ҧрығы жҧмыртқаны жарып шығып, iшектiң iшкi қабатына енiп, одан әрi қан тамырлары арқылы денеге тарайды. Олар ӛкпе мен бауырға және басқа органдарға жетiп, онда бiрте- бiрте эхинококк кӛпiршiк-берiштер пайда болады. Берiштер ӛте баяу, айлап жылдап ӛсiп жетiледi. Кейбiр ларвоцисталардың есеюi кӛп жылдарға (адамда 10-30 жыл) созылады. Ал, бҧралқы иттер т.б. жыртқыштар эхинококкоздан ӛлген малдың iшкi мҥшелерiн жеп ауруға шалдығады. Эхинококктың жыныстық жетiлуiне 1-3 айға жуық мерзiм керек. Ит iшегiнде бҧл цестодалар 5-6,5 айдай ӛмiр сҥре алады. Эпизоотологиясы. Оңтҥстік облыстарының аудандарында 4 жастан асқан қойдың 20-80% бершiмекпен ауыратыны белгiлi. Мал ӛлiмi қыста, ерте кӛктемде, яғни кҥтiмi нашарлаған жағдайда байқалады. Қой шаруашылығы ӛркендеген жерде адам мен мал эхинококкозының кӛбiрек тарайтыны кездейсоқ жай емес. Ӛйткенi басқа тҥлiкке қарағанда қой малдәрiгерлiк тексеруден ӛткiзiлмей-ақ сойыла бередi. Қҧрттың ақтық иелерiнен гельминтозды таратушылардың негiзгiсi ит. Бҧлар сыртқы ортаға кҥн сайын таспа қҧрттың мыңдаған жҧмыртқаларын шашады. Олар сыртқы орта жағдайына ӛте тӛзiмдi. Патогенезі. Бауыр мен ӛкпеде орналасқан эхинокок кӛпiршiктерi ӛсе келе ағзалардың бiр қалыпты қызметiн бҧзады. Ларвоцисталар ӛте кӛп болған 8
  • 9. жағдайда олардың толық iстен шығуына әкелiп соқтырады. Ӛкпе мен бауырдағы берiштер органдарды қысып, оларды семуге (атрофияға) ҧшыратады. Кӛпiршiк жатқан орын ҥңгiр қуысқа айналады, ҧлпалар желiнiп кетедi. Денеге эхинокок сҧйық затының уыты да ықпал етедi. Микробтар қосылып дерттi онан сайын ҧшықтырып жiбередi. Жануар әбден арықтап барып ӛледi. Клиникалық белгiлерi. Бершiмiктер ӛкпеде дамыса, оның ауа тамырларын қысуынан жануардың кҥйi тӛмендейдi, тынысы тарылып, жӛтелi жиiлейдi. Мал бiрте-бiрте арықтап, әдетте қыс айларында шығынға ҧшырайды. Эхинококктер бауырға орналасқанда малдың кҥйiс қайыруы нашарлайды, ас қорытуы бҧзылады, кейде iшi кебедi. Ағза кӛлемi ҧлғайғанда жануардың оң жақ қарыны шығыңқырап тҧрады, бауыр тҧсын қолмен басса ауырсынады. Кейде цисталар қҧрсақ қуысында, шажырқайда болса, буаз сиырлар iш тастауы ықтимал. Патанатомиялық өзгерiстер. Ӛлген не амалсыз сойылған малдың ӛкпе-бауырын тексергенде олардың сырты кӛптеген эхинокок кӛпiршiктерiнiң орналасуынан кедiр-бҧдыр болады, кейде ларвоцисталар органдардың сыртына шықпай iшiнде қалады. Ондай да мҥшелердi кескенде iшiнен бершiмектер шығады. Олардың кӛлемi әрқилы, бҧршақтың ҥлкендiгiндей, жҧмыртқадай, тiптi нәресте басындай болады. Ал эхинококкпен бҥлiнген ӛкпе-бауырдың тҥрi ӛзгерiп, ҧлғайып, салмағы ауыр келедi. Диагноз қою тәсілдері. Малдың тiрiсiнде эхинококкозға клиникалық белгiлерi арқылы диагноз қою қиын. Кейiнгi жылдары иммунобиологиялық, анықтап айтқанда, аллергиялық және серологиялық әдiстердi пайдаланады. Егер бiрiншi әдiс шаруашылықта қолдау тапса, ал екiншiсi ғылыми-зерттеу мекемелерiнде ғана жҥргiзiледi. Ӛлгеннен кейін балау мал ӛлекселерін қарау арқылы анықталады, бірақ кӛпіршіктердің бірен-сараны табылған жағдайда, оларды мал ӛлуінің себебі деп санауға болмайды. Малдың эхинококкоздан ӛлуі ларвоцисталармен қатты инвазияланғанда ғана болуы мҥмкін. Емдеу тәсілдері. Малдың эхинококкозын дәрi-дәрмекпен немесе оташылдық жолмен емдеудiң әдiс-тәсiлдерi бҥгiнгi таңда әлi табылған жоқ. Алдын – алу шаралары. Қазақ малдәрiгерлiк ғылыми-зерттеу институты қҧрттың протосколекстерiнен жасалған ақсҧр тҥстi иiссiз қҧрғақ аллерген ҧнтағын (“Эхиноаллерген”) ӛндiрiске ҧсынған. Малды жылауық, айналма, бершiмек т.б. цестодоз ауруларынан сақтандыру жолдары. Қой және сиыр ӛсiретiн шаруашылықтар тек қажеттi иттердi ғана ҧстап, оларды есепке алу, арнаулы журналға тiркеу, санын азайту, сондай-ақ кҥтiмiн бiрыңғай тәртiпке келтiру, әрқайсысына “тӛл қҧжат” беру, қарғыбаумен қамтамасыз ету сияқты жҧмыстар жҥргiзедi. Иесiз, қаңғыбас бҧралқы иттердiң барлығын қҧрту шарт. Иттердi қҧрттардан арылту мақсатымен дегельминтизациялар ӛткiзiлуi тиiс. 9
  • 10. Дегельминтизацияны топтастырып жҥргiзу (15-20 иттi) әдiсiмен орындағанда жақсы нәтижелерге қол жетедi. Мҧндайда тек жҧмыс iстелген жер ғана зарарланады, уақыт ҥнемделедi. Ареколиннің - бромды сутегi қолданылады. Бҧл дәрiнi итке 12-14 сағат ашықтырып, әр кг салмағына 0,004-0,005 г есебiнде бередi. Ит денесiнен гельминттердiң шығуы 30-40 минуттан кейiн басталады. Қҧрамы празиквантелден тҧратын антгельминтті препараттар: дронцит, дронтал плюс, азинокс, празикол, празив-К, т.б. Дозасы 1 таблетканы 10кг тірі салмаққа тамағына қосып береді немесе кҥштеп жҧтқызады. Дәрiленген иттер ҥш мәрте нәжiс шығарғанша байлаулы тҧрады. Иттерден шыққан қҧрттарды нәжiсiмен қоса бiр орынға жинап ӛртеп, кӛмiп тастайды. Жердiң беткi қабаты да қырып алынып, шҧңқырға кӛмiледi. Қазық шынжыр, қарғыбауларды лаулап тҧрған отқа қарып алады. Иттер емделген алаңды каустикалық соданың (NaOH) 3%-ды ыстық ерiтiндiсiмен зарарсыздандырады (дезинвазияланады). Дегельминтизацияның сапалы не сапасыз ӛткенiн анықтау ҥшiн 2-3 жҧмадан кейiн iшiнара тексеру мақсатымен кейбiр иттердi қайта дәрiлейдi. Иттердi цестодоздардан сақтандыру жолдары. Ең алдымен шаруашылықтағы қой мен iрi қараны, т.б. ларвалды цестоздарға (айналмаға, бершiмекке, жылауыққа т.б.) шалдыққандарын сау малдан бӛлiп алу қажет. Малдың зақымданғанын анықтау ҥшiн аллергиялық реакциялар қолданады. Ценурозды болдырмау ҥшiн, мал отарын тексеруден ӛткiзiп, миқҧртының клиникалық белгiлерi байқалған малдар сойылады. Сойылған не ӛлген малдың басын итке жегiзбеу қажет. Эхинококк берiштерiмен зақымданған ӛкпе-бауыр, жылауығы бар шарбы-шажырқай, миқҧрты бар бас, кӛпiршiктерге толы басқа мҥшелер итке мҥлдем берiлмейдi, оларды ӛртеп жiбередi. ЦЕНУРОЗ Қой ценурозы (айналма, тентек) - бас миының, кейде жҧлынның зақымдалуымен және олардың қызметінің бҧзылуы. Айналманы тудыратын қҧрттың жыныстық жетiлген сатысы етқоректілердің ащы iшегiн, ал кӛпiршiк ларвоциста кезi қойдың, сирегiрек ешкiнiң, бҧзаудың, кейбiр тағы тҧяқтылардың орталық жҥйке жҥйесi ҧлпаларын мекендейдi. Аралалық иелері қой, қозы, ірі қара мал, сирегірек тҥйе, шошқа, жылқы, сайғақ, жайран, архар, сондай-ақ адамдар ауырады. Ақтық иелері. - ит, ӛте сирек тҥлкі, қорқау және қасқыр болып табылады. Аш ішек бӛлімінде ми цепенінің жынысы жетілген сатысы паразиттік тіршілік етеді. Қоздырғышы. Имаго- Multiceps multiceps ҧзындығы 40-60 см-ден 1- 1,5 м-ге дейiн барады, денесi 200-250 бунақтардан қҧралған. Кӛпiршiгi - Coenurus cerebralis - iшi тҥссiз сҧйыққа толы, iшкi жағынан бҥртiк секiлдi 10
  • 11. нҥктедей жҥзден артық сколекстерi байқалады. Мида 2-3 ценур кездеседi, олардың ҥлкендiгi кейде тауық жҧмыртқасындай. Биологиясы. Кҥн сайын ондаған бунақтар қҧрт денесiнен ҥзiлiп, нәжiспен бiрге сыртқы ортаға шығып жатады. Бунақтар жауын-шашын, жел- су ықпалымен ыдырайды да, ал олардан ажыраған жҧмыртқалар ӛсiмдiкке, суға тҥсiп, мал ӛрiсiне тарайды. Малға айналма дертi гельминт жҧмыртқасымен былғанған, шӛппен, сумен жҧғады. Қҧрт жҧмыртқасы мал асқазанына тҥсiсiмен сыртқы қабықтарынан айырылады, одан босап шыққан онкосфера iшектi тесiп ӛтiп, қан тамырларына енедi, қан арқылы миға не жҧлынға орналасып, 3 ай iшiнде ценурға, яғни тентек кӛпiршiгiне айналады. Ит ӛлген немесе сойылған ценуроз қойдың басын кемiрiп жеу арқылы зақымданады. Ит iшегiне тҥскен балаңқҧрт орта есеппен 1,5-2 айда жыныстық сатысына жетiлiп, 6-8 ай, тiптi 1,5-2 жыл сонда тiршiлiк етедi. Эпизоотологиясы. Ценуроз Жамбыл және Оңтҥстік Қазақстан облыстарының қой ӛсiретiн барлық шаруашылықтарында кездеседi. Айналмамен кӛбiнесе бiр жасқа дейiнгi қозылар ауырады. Ал екi жастан асқан қой бҧл дертке сирек шалдығады. Мал шығыны жылдың барлық айларында тiркеледi. Жас тӛлдердiң тентекке ҧшырауы сәуiр-мамыр айларында басталады, ал шiлде-тамызда кӛбейе тҥседi. Ценуроздың клиникалық белгiлерi қойға оның қоздырғышы жҧққанан кейiн 3-6 ай ӛткен соң ғана бiлiне бастайды. Бҧл аурудың ең асқынатын кезi- ерте кӛктем. Ценуроздың эпизоотологиясында иттер маңызды мiндет атқарады, ӛйткенi олар сыртқы ортаға таспа қҧрттың жҥзмыңдаған, миллиондаған жҧмыртқаларын шашады. Цестодалардың жҧмыртқасы кҥн сәулесi тiкелей тҥсетiн жерлерде тез жойылады, ол керiсiнше кӛлеңкелi, ылғалды жерлерде тiрлiгiн ҧзақ уақыт (бiр жылға дейiн) сақтай алады. Патогенезі. Ценуроз қоздырғышының мал денесiне тигiзер ықпалы балаңқҧрт ащы iшек қабаттарын тесiп ӛткенiнен-ақ байқалады. Патоморфологиялық ӛзгерiстер ащы iшек пен тоқ iшекте, бҥйенде айқындала тҥседi, бҧлардың кiлегей қабатынан кӛптеген нҥкте тәрiздес қанталауларды кӛруге болады. Одан кейiн онкосфера қан, сӛл (лимфа) жолдары арқылы барлық дене мҥшелерiне таралады. Бас миында алғашқы ӛзгерiс ауру жҧқтырғаннан кейiн 2 тәулiк ӛтiсiмен анықталған. Ценур орналас-қан жер зақымдалып қабынады. Бiртiндеп ӛсiп жетiлген кӛпiршiк тҥзiлiп, ол орталық жҥйке жҥйесiнiң қызметiн бҧза бастайды. Бҧл гельминтоз ӛте зардапты дерт, одан мал ӛлмей тiрi қалуы екіталай. Клиникалық белгiлерi. Ауру сырт белгiлерiне қарай тӛрт сатыға бӛлiнедi. Бiрiншi сатысы немесе алғашқы жасырын кезеңi. Ценуроз жҧққан қойда ешқандай клиникалық белгi байқалмайды, бiрақ қоздырғышты организмде бар екенiн иммунологиялық реакцияны пайдалану арқылы табуға болады. Екiншi сатысы немесе сырт белгiлерi бiлiнген кезеңi шамамен алғанда жануар залалданғаннан кейiн 17-29 кҥн ӛткен соң басталады. Мал аз жусап, денесi дiрiлдейдi, тiсiн қайрайды, елеңдеп, жоқтан ӛзгеден ҥркiп, кейде жатқан орнынан атып тҧрып, қҧлақтарын қайшылап, шошынған қалып 11
  • 12. танытады. Бҧл кезең 2-7 кҥнге созылады. үшiншi сатысы немесе екiншi жасырын кезеңiнде малдың кҥйi кәдiмгiдей жақсарады, аталған клиникалық белгiлер ӛзiнен-ӛзi жойылып, бiлiнбей кетедi. Миқҧрттың бҧл сатысы 2-8 айға созылады. Төртiншi сатысы 8-9 айды қамтиды немесе соңғы кезеңiнде ценуроздың ерекше айқын белгiлерi анықтала тҥседi. Ауру асқынған кезде жҥрiп келе жатып мелшие қалу, бағытсыз жҥрiп кету, қоралы малдан бӛлiне қашу, кiлт тоқтап артқа шегiну, оқтын-оқтын басын бiр жағына қисайтып алып, бағдарсыз жҥрiп барып сҥрiну, жығылу, басын кекжитiп алып тҧра жӛнелу, кӛбiне бағытын жоғалтып, бiр орнында айнала беру сияқты белгiлер байқалады. Мiне осындай белгiлерiне қарай халық бҧл дерттi айналма, тентек деп атайды. Егер ценур жҧлында ӛссе, тҥлiктiң жҥрiсi ӛзгерiп тәлтiректейдi, ақырында артқы екi аяғын баса алмай, шойырылып жатып қалады. Негiзiнде ценурозға шалдыққан малдың бәрi де ӛлiмге ҧшырайды немесе қолдан амалсыз сойылады. Патанатомиялық өзгерiстер. Аурудың алғашқы кезеңiнде ӛлген қозының бас сҥйегiн жарып тексергенде, ми қабығы қызарыңқырап тҧрады. Мидың әр тҧсынан айналма балаңқҧрттарының iздерiн кӛруге болады. Дерттiң созылмалы тҥрiнде мида 1 немесе 2-3, кӛлемi кӛгершiн не тауық жҧмыртқасындай кӛпiршiктер табылады. Бас сҥйек жҧқарып, саусақпен басқанда былқылдап тҧрады. Диагноз қою тәсілдері. Диагноз эпизоотологиялық мәліметтер, клиникалық белгілері және патологанатомиялық сойып тексеру нәтижесінде бас миында немесе жҧлында ценур кӛпіршігін табу негізінде қойылады. Малдың тiрi кезiнде ценурозды клиникалық белгiлерiне қарап, офтальмоскопия және аллергиялық тәсiлдер арқылы анықтауға болады. Ценурозды ӛлген қойдың бас сҥйегiн жарып, миын тексерiп дәл ажыратуға болады. Ми iшiнен қҧрт кӛпiршiгi табылады. Емдеу жолдары. Айналманы оташылдық (хирургиялық) тәсiлмен, емдейдi. Бҧл әдiс аурудың сырт белгiлерiнiң тӛртiншi сатысы кезiнде, яғни миқҧртының мейлiнше ҥлкейген шағында қолданылады. Алдын алу шаралары. Жануарлардың ценурозбен ауруының алдын алу мақсатында заңды және жеке тҧлғалар, малдардың иелері ценуроздың және басқа аурулардың алдын алуға бағытталған қоздырғыштың биологиясы мен малды кҥтіп- бағудың технологиясын ескере отырып шараларды жҥзеге асырады. Жануарлардың ӛлекселерін және қасапханалық қалдықтарды (бас, ішкі мҥшелері) ӛртеу, биотермиялық орға кӛму арқылы зарарсыздандырады. Малдарды сою ветеринариялық маманның рҧқсатымен жҥзеге асырылады. Иттерді азықтандыру ҥшін қасапханалық қалдықтар толық қайнатылғаннан кейін пайдаланылады. Қой ценурозына қарсы вакцина шығарылған (Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты, Ресей Федерациясы). Оны қозыларға ерте кӛктемде бір рет егеді. 12
  • 13. ТЕНУИКОЛДЫ ЦИСТИЦЕРКОЗ (ҚҦРСАҚ ЖЫЛАУЫҒЫ.) Бҧл гельминтозға қой, ешкi, шошқа, жабайы кҥйiс қайыратындар ӛте сирек болса да iрi қара мен тҥйе шалдығады. Цистицеркоз малға, әсiресе тӛлге (қозыға, лаққа, торайға) ҥлкен әсер етiп, шығын болуына да әкеп соғады. Цестодалар ересек сатысында иттiң, кейде қасқырдың, шие бӛрiнiң, тҥлкiнiң ащы iшегiнде, ал ларвоцисталары (жылауық) тҧяқтылардың қҧрсақ қабықтарында, шарбы-шажырқайда, iш майында және бауырдың сыртқы қабығында тiршiлiк етедi. Қоздырғышы. Қҧрттың имагосын, яғни жынысы жетiлгенiн Taenia hydatigena (Pallas,1766) деп атайды. Оның тҧрқы 5 м-ге жуық, бунақ-денесi жҥздеген буылтықтардан қҧралған. Кӛпiршiктiң ғылыми атауы - Cysticercus tenuicollis, қазақшасы жылауық. Цистицерк- жылауықтың кӛлемi әртҥрлi- бҧршақ дәнiндей, кӛгершiн, тауық жҧмыртқасындай, саны бiрнешеден жҥзге шейiн жетедi, сыртқы бiтiмi домалақ, сопақтау, кейбiреуi алмҧрт сияқты болып кӛрiнедi. Биологиясы. Аралық иелерiнiң, яғни тҧяқтылардың бҧл гельминтозға шалдығуы қҧрт жҧмыртқаларымен ластанған жем-шӛптi пайдаланудан болады. Малдың асқорыту жҥйесiнде жҧмыртқадан бӛлiнген онкосфера iшектi тесiп, қанға ӛтiп, қан ағынымен бауырға жетедi. Сонан кейiн цистицерк ӛзiнiң толық даму сатысына жету ҥшiн бауыр ҥлпершегi арқылы, оның сыртқы қабығына шығып жайласуы немесе қҧрсақ қуысына ӛтуi қажет. Ӛздерiнiң тҧрақты мекенiне жеткен цистицерктер 1-2 ай ӛткен соң ауру жҧқтыра алатын ларвоцистаға - жылауыққа айналады. Қҧрттың ақтық иелерi ит. Олар аралық иелерiнiң зарарланған iшкi ағзаларын жеп, iшқҧрт ауруын жҧқтырады. Ит iшегiнде гельминт 2 ай шамасында ӛсiп жетiлiп, онда 4-11 ай ӛмiр сҥредi. Эпизоотологиясы. Гельминтоздың кең таралуына бiрден-бiр себепкер болып отырған жағдай, сойылған, ӛлген малдың iшкi ағзаларын итке беру. Қыл мойынды финноз малға әдетте фермадағы және қойшы меншiгiндегi дегельминтизациядан ӛтпеген иттер арқылы тарайды. Қойға бҧл дерт кӛбiнесе қора маңында жайылып жҥрген шақта жҧғады. Патогенезі. Гельминтоздың жiтi тҥрi тӛлдер арасында кездеседi. Мал денесiне енген қҧрт ҧрпақтары қан айналу жҥйесiне ӛтiп, мҥшелердi зарарлайды, бауырға енiп, оның ҧлпаларын зақымдайды, кейде ӛлiмге де ҧшыратуы мҥмкiн. Қҧрсақ жылауығы кӛбiнесе жасырын, созылмалы тҥрде ӛтедi, тҧяқтылардың қан қҧрамы ӛзгередi. Клиникалық белгiлерi. Аурудың жiтi тҥрiнде, тӛл тынышсызданады, жем-шӛпке қарамайды, ауызы сiлекейленедi, iшi ӛтедi, кейде дене қызуы кӛтерiледi. Бiрақ кӛптеген iшқҧрт аурулары секiлдi жылауық та астыртын ӛтедi, клиникалық белгiлерi байқаусыз онша кӛңiл аударарлықтай емес. Патанатомиялық өзгерiстер. Аурудың жiтi тҥрi: бауыр кӛлемi ҧлғайған оның сыртқы бетiндегi бҥлiнген тҧсы қоңыр - қызыл не сҧрғылт- 13
  • 14. қызыл тҥстi, ал кӛлемi тары мен бҧршақ дәнiндей. Созылмалы тҥрi: қҧрсақ қуысындағы сiрi қабықтың ҥстiне жайғасқан, шарбы, шажырқай және бауырға да жабысқан жылауықтарды табуға болады. Диагноз қою тәсілдері. Жануардың тiрi кезiнде оның жылауыққа шалдыққанын бiлу ҥшiн иммунобиологиялық зерттеулердi ӛткiзген жӛн, ӛкiнiшке орай, бҧл әдiстер шаруашылықтарда қолданылмайды. Ӛлi малдың бауырын тiлiп жiбергенде қоңырқай сҧрғылт сҧйық ағады, арасынан ҧзындығы 3-6 мм-дей паразиттер шығады. Оны ҥлкейткiш әйнек –лупамен тексерiп анықтайды. Қҧрсақ қуысындағы iшкi ағзалардан жылауық iздестiрiледi. Емдеу жолдары. Тенуикольдi цистицеркозды емдеу жолдары әзiрге табылған жоқ. Алдын – алу шаралары (қараңыз: ит пен басқа жыртқыштар тениидоздарына және тҧяқтылардың ларвальды цестодоздарына қарсы қолданылатын сауықтыру шаралары). МОНИЕЗИОЗ Мониезиоздар - таспа қҧрттар аурулары, тудыратын қоздырғыштары Оңтҥстіктің қой шаруашылықтарында қозының 30-60 %-ы монезиозға шалдығып, 20-40 %-ы шығынға ҧшырауы ықтимал. Қоздырғышы. M.еxpansа- ҧзындығы 6-10 м, тҥсi ақшыл, бунақ (проглоттида) аралықтарындағы бездерi дӛңгелене келiп, буылтықтың алдыңғы жақ шеттерiне орналасқан. M.benedeni – тҧрқы 2,5-4 м, тҥсi кҥңгiрттеу, бунақаралық бездерi кӛлденең сызықшаға ҧқсайды. Биологиясы. Мал таспа қҧрттың пiсiп-жетiлген соңғы буылтықтарын ӛз нәжiсiмен берге сыртқы ортаға шығарады. Әр бунақтарда мыңдаған жҧмыртқалар болады. Қоршаған ортада таспа проглотидалары ҥзiлiп, iшiндегi жҧмыртқалары шашылады. Кенелер ӛiмдiктердiң тҥбiнде органикалық қалдықтармен, мал тезегiмен қоректенiп, қҧрт жҧмыртқасын қоса жҧтады. Кене денесiне тҥскеннен кейiн гельминт жҧмыртқасынан онкосфера бӛлiнiп iш қуысына енедi, одан әрi балаңқҧрттың келесi сатысы цистицеркоидқа айналады. 3-5 ай аралығында цистицеркоид ӛсiп жетiлiп, инвазиялық сатыға жетедi. Мал жайылымда шӛппен бiрге мониезиоз қҧртымен залалданған орибатид кенелерiн жҧтып ауру жҧқтырады. Қозы мен бҧзаудың iшегiне тҥскен мониезия қҧрты тез ӛсiп, 35-48 кҥн аралығында жетiлiп, ересек таспаға айналады. Бҧл паразит ақтық иесiнiң iшiнде 2 айдан 6 айға дейiн тiршiлiк етедi. Эпизоотологиясы. Мал бҧл дерттi қора тӛңiрегiндегi қи, тезек шашылған жерлерден жҧқтырады, ӛйткенi ӛте ҧсақ, жай кӛзге кӛрiнбейтiн сауытты кенелер-орибатидтер шiрiген органикалық заттары мол топырақ қабатында ӛмiр сҥредi. 14
  • 15. Мониезиоз қҧрты малға ӛрiске шығысымен жҧға бастайды, ал тӛл арасында аурудың алғашқы клиникалық белгiлерi 15-20 кҥн ӛткеннен кейiн байқалады. Оңтүстік ӛңірінде бҧл гельминтоз 2-3 айлық қозыларды едәуiр дәрежеде шығынға ҧшырататын iндет болып саналады. Сонымен қатар ол тоқтыларда және сақа қойларда да кездеседi. Iшқҧрт ауруы қоздырғыштарының ӛздерiне тән айырмашылығы бар. Мысалы, жаз ортасына дейiн негiзiнен алғанда M. еxpansa, ал кҥзге қарай M.benedeni кездеседi. Қҧрттың бiрiншi тҥрi кӛбiнесе жас қозыларды зақымдаса, ал екiншiсi – сақа малды зарарлайды. Патогенезі. Зақымданған мал iшегiнде таспа қҧрттың жалпы саны жҥзге дейiн баруы ықтимал. Қҧрт созылмалы денесi арқылы малдың қоректiк затарын сорып, сколекске орналасқан тӛрт сорғышымен iшекке жабысып, кiлегейлi қабығын жаралайды. Кейде паразиттер iшек iшiне толып, азық жҥргiзбей қояды. Осының нәтижесiнде iшек созылып, iшкi қабаты қабынады, бара-бара iшектiң тҥйiлуiне немесе ыдырап, ҥзiлiп кетуiне ҧшыратады. Гельминттерден бӛлiнiп шыққан уыты қан арқылы дене мҥшелерiне жайылады, жҥйке жҥйесiнiң қызметiн бҧзады, бҥкiл мал денесiн уландырады. Соның салдарынан тӛлдiң, кейде ересек малдың iшi кеуiп ӛтедi, нәжiс, зәр шығару кезiнде мал қиналады, бҧлшық етi дiрiлдейдi, қан азаюы байқалады. Сонымен бiрге басқа инфекциялық iндеттерге қарсы малдың тӛзiмдiлiгi тӛмендейдi. Ауру малдың тәбетi нашарлап, тез жҥдейдi, кӛбiнесе жата бередi, ақырында ӛлiм-жiтiмге ҧшырайды. Клиникалық белгiлерi. Клиникалық белгiлердiң пайда болуы мал организмiнiң шыдамдылығына және жҧққан қҧрт санына байланысты. Қозы iшегiндегi ондаған немесе жҥздеген таспа қҧрт ауруды тым ҥдетiп жiбередi. Малдың жем-шӛпке зауқы бәсеңдейдi, шӛлiркеп iшi ӛтедi, сҧйық нәжiсiне шырыш және қан араласады. Тӛлдiң арты ҥнемi былғанып жҥредi, ал кейде кӛтен iшектен таспа қҧрттар ҥзiндiлерi салбырап тҧрады. Патанатомиялық өзгерiстер. Мониезиоздан ӛлген немесе онымен ауырған қозылар мен қойды сойып қарағанда олардың етiнiң қашқаны кӛрiнедi. Кiлегей қабықтары бозарыңқы, терi астынан жалқаяқтар байқалады. Iшiн жарып қарағанда қҧрсақ қуысынан сарқылма сарысу кӛрiнедi. Ащы iшектiң кiлiгей қабығы жарақаттанған нҥкте тәрiздi қанталаған. Диагноз қою тәсілдері. Мониезиозды жануарлардың тірі кезінде анықтау ҥшін копроскопия (гельминтоскопия және гельминтоовоскопия) әдістерін қолданады. Бҧл әдістермен мал ішегінде жыныстық мҥшелері жетілген таспа қҧрттардың болуын ғана анықтайды. Сонымен қатар диагностикалық дегельминтизация әдісімен малдың залалданғанын цестодолар жетілгенге дейін де анықтауға болады. Гельминтоскопия әдісі арқылы отардағы қозылардың қҧмалақтарында таспа қҧрттардың буындары бар, не жоқ екенін тексереді. Егер тӛлдер ересек қҧрттармен зақымдалған болса олардың қҧмалағымен бірге мониезия бӛлшектері сыртқа тҥседі. 15
  • 16. Гельминтовоскопия әдісімен мал нәжісін тексеріп мониезиозды дәлірек анықтауға болады. Осы мақсатта флотациялық әдістердің (Фюллеборн, Дарлинг, Котельников пен Хренов және тағы басқа) бірін қолданған жӛн. Ӛлген малдың аш ішегін гельминтологиялық жарып тексеру әдісімен зерттегенде ақ таспа тәрізді жалпақ, шҧбатылған қҧртты табу аса қиынға соқпайды. Бір малда бірнеше қҧрт кездесуі мҥмкін. Емдеу жолдары. Республиканың оңтҥстік облыстарында аталған препараттардын тӛмендегі дәрілік тҥрлері пайдаланылады. Альбендазол – таспа қҧрттарды жоюға әсері жоғары антгельминттік препарат. Альбендазолды мониезиозға қарсы қойларға ауыз арқылы 1кг салмаққа 7,5мг әсер етуші зат есебімен беріледі. Бҧл препараттың мынадай белгілі дәрілік тҥрлері бар: альбен, албекс, вальбазен, зальбен, 10%-ды альбендазол суспензиясы, альбендазен, т.б. Алдын - алу жолдары. Дегельминтизация қойды таспа қҧрттардан арылтудың және бҧл ауруды сыртқа таратпаудың негізгі профилактикалық шарасы болып табылады. Әсіресе қҧрт буындары мен жҧмыртқаларын нәжістен тапқан кезде, паразиттердің ӛсіп жетілген шағында осы шараның әсері кҥшті келеді. Профилактика мерзімі ӛтіп кетсе, емдеу дегельминтизациясы жҥргізіледі. Бҧл ҥшін алдыңғы жылдардан тәжірибесін, таспа қҧрт дертінің қозу динамикасын жиі тексеріп, нәжісте қҧрт буындары кездескенге дейін 1-2 апта бҧрын емдеу шараларын жҥргізу керек. Қойлар жоспарлы тҥрде жылына 3-4 рет дегельминтизациядан ӛтіп тҧрады. Дегельминтизация арнаулы орындарда жҥргізіледі. Бҧл шараға қҧрғақ, ӛсімдіксіз, суаттан қашық жер қолайлы. Кӛрсетілген мерзімде қойлар сол жердегі бақылауға алынған орындарға жеткізіледі. Профилактикадан ӛткен жануарлар 1-2 кҥн қолда бағылады. Малды жыртылатын отамалы дақылдар аңызында немесе 1,5-2 жылға жайылымдықтан шығарылған, шӛбі сирек алқаптарда жайып ҧстаған жӛн. ГЕМОНХОЗ Қоздырғышы- Haemonchus contortus - қой-ешкi, iрi қара, тҥйе т.б. кейбiр жабайы кҥйiстiлер ҧлтабарында мекендейдi. Бҧл қҧрт жiңiшке қыл тәрiздi қызғылт тҥстi нематода, тҧрқы 2,5 см (еркегi), 3,5 см (ҧрғашысы) дейiн жетедi. Эпизоотологиясы. Гельминтозбен ҚР оңтүстігінде әсiресе екi жасқа дейiнгi қой жиi ауырады. Малдың кӛп ауырып, ӛлiм-жiтiмге ҧшырауы қыстың аяғында, кӛктемде, кейде кҥзде байқалады. Паразит малға ӛрiсте жҧғады. Жауын-шашыны кӛп жылдары, ылғалы мол жерлерде дерттiң жаппай жҧғуына қолайлы жағдай туады. Биологиясы. Гемонхтар-гематофаг, қансорғыш қҧрттарға жатады, олар ҧлтабардың iшкi кiлегей қабығын тiсiмен жаралайды, қабындырады, қан 16
  • 17. ағызады, улы заттар бӛлiп шығарып, бҥкiл дененi уландырады. Соның салдарынан малдың ас қорытуы бҧзылып, арықтайды. Клиникалық белгiлерi. Дертке шалдыққан қозы мен тоқтының жем- шӛпке тәбетi тӛмендейдi, салмағы азаяды, алқымы iсiнедi, iшi бiресе ӛтiп бiресе қатады, кейде тҥлiк жатқан орнынан тҧра алмай кӛтерем болады, әлсiрейдi, кӛпке ҧзамай ӛледi. Патанатомиялық өзгерiстер. Ӛлекседен қаны аздық және кӛтеремдiгi бiлiнедi. Қҧрсақ қуысында сарғыш сҧйық жиналған. Ҧлтабардың кiлегейлi қабығында кӛптеген қанталау ошақтары бар. Қатпары қалыңданған, ал iшi қызғылт тҥстi сҧйыққа және жҥздеген не мыңдаған қҧрттарға толған. Ащы iшек пен тоқ iшектердiң кiлегей қабықтары қабынған. НЕМАТОДИРОЗ Қоздырғышы - ҥй және кейбiр жабайы кҥйiс қайыратындардың ащы iшегiн мекендейтiн жiп тәрiздi жҧмыр қҧрт - Nematodirus туысының әралуан тҥрлерi. Эпизоотологиясы. Нематодироз ҚР оңтүстігінде жаппай таралған ауру. Қой нематодирозының жыл маусымына қарай таралуы бiрнеше шартқа байланысты. Ауру тӛлдердiң саны бiрте-бiрте кӛбейе тҥседi де, кҥз айларында молаяды. Қарашадан бастап, малдың ауруға шалдығуы азая бастайды. Дерт белгiлерi болмаса да 1,5-2 айлық қозылардан бiрлi- жарым аталған гельминттер тiркелген. Биологиясы. Нематодирлер қозы денесiн уландырады (интоксикация) және оның қанымен қоректене бастайды (гематофагия). Қҧрттар iшектiң кiлегейлi қабығының жҥйке ҧштарын тiтiркендiредi. Осының салдарынан iшек қабығы қалыңдап, iсiнiп қанға толады. Ас қорыту процесi ауытқып отырады, iшек-қарынның жалпы қызметi нашарлайды. Соның салдарынан жануарлардың iшi ӛтiп, нәжiсi сҧйылады. Организм кӛп судан айырылады, осыған байланысты су-тҧз алмасу процесi бҧзылады. Дененiң улануы әсерiнен ауру мал қанының сарысуындағы қышқылдық-сiлтiлiк теңдiк бҧзылып, қышқылдық (ацидоз) басталады. Клиникалық белгiлерi. Жiтi түрi 2-6 айлық тӛлде, кӛбiнесе кеш туғандарында және жетiм қозыларда 4-10 кҥннен 3-4 аптаға ӛрбидi. Ауру шiлде-қыркҥйек айларында байқалады. Мал тез арықтайды, тәбетi нашарлайды, кӛздiң, танаудың, ауыздың кiлегей қабықтары қан аздығынан бозарады, iшi қабысып, бҥйiрлерi тартылады, iшектiң жиырылуы кҥшейедi, iшi ӛте бастайды. Созылмалы түрiне тоқты және сақа қой шалдығады. Мал арықтап, кiлегей қабықтары сҧрғылттанып (анемия) iсiнедi, терiсiнiң кей жерлерiнде жҥнi тҥсiп қалады. Ауру бiрнеше айға созылады. Жасырын түрi ересек қойға тән, оның клиникалық белгiлерi анық бiлiнбейдi. Мҧндай мал нематодироз таратушы болып табылады. Патанатомиялық өзгерiстер. Қозы ӛте арықтаған, аузының және мҧрнының кiлегей қабығы бозарған. Оны сойып қарағанда ащы iшек 17
  • 18. қалыңдап, оның кiлегей қабығы қанталап iсiнген және қатпарланған. Iшiнен кiлегей арасынан 500 - ден 2000 - ға дейiн нематодирлер табылады. Жас ӛлексе iшегiнiң қан тамырлары айқын, iшiндегi нематодирлер табылады. Жас ӛлексе ішегінің қан тамырлары айқын, ішіндегі нематодирлер қызыл тҥсті. ХАБЕРТИОЗ Қоздырғышы - Chabertia ovinae – iрi және кейбiр жабайы (қодас, бҧғы т.б.) кҥйiстiлердiң бҥйенi мен тоқ iшегiн жайлайтын iрi қҧрттар. Олардың тҧрқы 1,3-2,6 см, ақсары тҥстi, денесiнiң жуан-дығы оның басынан қҧйрығына дейiн бiркелкi десе де болады. Эпизоотологиясы. Хабертиоз ауруының белгiлерi кӛбiнесе қыс айларында байқалады, ал оның таралуы кӛктем шығысымен кҥшейiп кетедi. Осы кезде тӛл шығыны кӛп болуы ықтимал. Паразиттiң ӛздiгiнен азаюы нәтижесiнде, әдетте мамырдан бастап, дерттiң жҧғу деңгейi тӛмендей бередi. Малға ауру ӛрiсте жҧғады. Суаттардың да залалданғыш екенiн естен шығармау керек. Жаңбырлы жылдары ойпатты жайылымдар және сазды жерлер ӛте қауiптi. Балаңқҧрттар суыққа ӛте тӛзiмдi, олар сыртқы ортада бiр жылдай тiрi қалуы мҥмкiн. Биологиясы. Ересек қҧрттар ӛзiнiң ауыз қуысымен бҥйен мен тоқ iшектiң кiлегей қабығын, қылтамырларын жарақаттайды. Жаралы жерден аққан қанмен паразит қоректенедi. Ағзаның зақымданған бӛлiктерiне зиянды бактериялар жиналып, кӛбейе бастайды. Микроб және нематодалардың тiршiлiгiнен пайда болған улы заттар iшекке сiңiп, қан тамырларына енiп, бҥкiл денеге жайылып жануарды уландырып, оны ӛлiмге әкеп соғуы да мҥмкiн. Клиникалық белгiлерi. Аурудың жiтi түрiнде, жануардың дене қызуы кӛтерiлiп, тамыр соғуы мен демалуы жиiлейдi, ол кҥйсiзденедi, кiлегейлi қабықтары бозарады, алқым тҧсынан жалқаяқ байқалады, малдың iшi ӛтедi, қҧйрығы мен артқы аяқтары сҧйық нәжiспен былғанады, дерт ӛршiген сайын тҥлiк етiнен айырылып, кӛтерем халге жетiп, ӛлiп те кетедi. Созылмалы түрiнде ауырған малдың азыққа зауқы болмайды, жҥнi ҧйысып тҥскiш келедi, жағының асты iсiнiп кетедi, жануар тышқақтайды, кҥтiмге қарамастан азып-тозып ӛлiмге ҧшырайды. Патанатомиялық өзгерiстер. Ӛлексе ӛте арық, кӛтерем. Оның кеуде және қҧрсақ қуыстарында 2-3 л сары сҧйық жиналған. Тоқ iшек пен тiк iшектiң қатпарлар сiлiкпе iркiлумен (студенистый инфирьтрат) толғандықтан олар жуандаған, iшiндегiсi қоңыр тҥске боялған, арасынан хабертиялар табылады. Тоқ ішектiң кiлегей қабығы iсiнген, қызарған, қалыңдаған. Кейбiр тҧстарында бҥрлерiнен айырылған, кӛптеген жерлерiн қаптаған ноқат қанталаулар, кӛлемi тары дәнiндей жарақаттар басқан. Диагноз қою жолдары. Нематодаларға диагноз қою ҥшін аурудың клиникалық кӛріністерін, эпизоотологиялық деректерді еске алады, ал оны 18
  • 19. нақтылы дәлелдеу ҥшін гельминтолярвоскопиялық Вайда немесе Берман- Орлов әдісін іске қосады. Емдеу тәсілдері. Левомизол – жҧмыр және қыл тәріздес ағза қҧрттарына қарсы қолданылатын, иньекциялық препарат. Малдарға 1мл/10кг тірі салмағына тері астына егеді. Панакур түйіршіктері (қҧрамы 22,2% фекбендазол) 22мг/кг тірі салмағына, ірі сиырмен жылқыға 34мг/кг беріледі. Қҧрамы 1% ивермектиннен тҧратын ивермек, ивермектин, ивамек, авимек т.б. препараттарды 1мл/50кг тірі салмағына есептеп тері астына бір рет егеді. Рамектин - 1мл/50кг тірі салмаққа тері астына бір рет егеді. Тетрамизол 0,005г/кг тірі салмаққа кҥніне бір рет 3 кҥн қатарынан береді. Алдын – алу жолдары. Нематода дертінен сақтау ҥшін қозыларды жаздың аяғында, кҥздің басында дегельминтизациялау керек, ал сақа малға бҧл дуаны қыстың соңында, кӛктемнің кірісінде жҥргізген жӛн. Дәріленген тҥлікті 3-5 тәулік бойы аңызға жая тҧрады. Пайдаланған дәрмектің әсері жақсы тиіп жатқанын білу ҥшін дегельминтизация ӛткеннен кейін 8-10 тәулік ӛтісімен 50 шақты қойды лабораториялық тексеруден ӛткізеді. Гельминтоз жылда тіркелетін шаруашылықта жас ткған тӛлді бҧл кеселге қарсы кҥзде дәрілеу қажет. ПИРОПЛАЗМОЗ Пироплазмоз - жануарлардың анемиямен, сарғаюмен, жҥрек жҧмысының зақымдануымен, кҥйзелуімен, тәбеттің жоғалуымен, дене қызуының жоғарылауымен, сондай-ақ аурудың ауыр кезеңінде кілегей қабығының қанталауымен, гемоглобинуриямен, ӛліммен ерекшеленетін, эритроциттердің пигментсіз эндоглобулярлы паразиттері қоздыратын трансмиссивтік ауру. Қоздырғышы. Pіroplasma bіgemіnum Романовский әдісімен бояғанда пироплазмалардың цитоплазмасы кӛкшіл, ядросы қызғылт тҥске боялады. Әдетте эритроцит ішінде бір, екі, кейде одан да кӛбірек паразит болады. Паразит пішіні алмҧрт, дӛңгелек, сақина тәрізді және ҧзынша сопақ. Аурудың әрі дамуына байланысты, зақымданған эритроциттердің саны тез кӛбейіп, 5-1 % -ке жетеді. Биологиясы. Эритроцит ішіндегі пироплазма жыныссыз екіге бӛліну арқылы немесе бҥршіктену арқылы кӛбейеді. Пироплазмалар кене денесінде шизогония әдісімен кӛбейеді. Пироплазмалардың тасымалдаушысы – бір иелі Boophіlus calcaratus, екі иелі Rhіpіcephalus bursa және ҥш иелі-Haemophysіalіs punсtata кенелері. Ріroplasma bіgemіnum паразитін кенелер трансовариалдық жолмен тасымалдайды. Boophіlus calcaratus кенелері пироплазмаларды, әдетте, нимфа сатысында, ал H.punctata, R.bursa кенелері имаго сатысында тасымалдайды. Эпизоотологиясы. Пироплазмоз еліміздің Оңтҥстік бӛлігінде таралған. В.calcaratus кенелері негізінен Жамбыл облысымен Оңтҥстік Қазақстан 19
  • 20. облысында кездеседі. Олар кӛбінесе ірі қараның қанын сорады да басқа тҥлікке сирек жабысады. Жайылымда олар 35-40 кҥн ӛмір сҥріп, ҧрғашылары мыңдаған жҧмыртқа салады. Олардан 2-3 апта ішінде алты аяқты балаң кенелер дамып шығады. Олар жҧмыртқадан шығысымен ірі қара денесіне жабысып, паразиттік ӛмір сҥре бастайды да, 3-4 апта ішінде нимфа және имаго сатыларына жетеді. Жылы кезеңде В.calcaratus кенелері ҥш ҧрпақ беріп ҥлгереді. Осыған орай Жамбыл облысында ірі қара мал арасында пироплазмоз 3 рет байқалуы мҥмкін. Бірінші рет кӛктемде-сәуір , мамыр айларында, пироплазмоздың бҧл толқыны ӛлім-жітімсіз жеңіл тҥрде ӛтеді. Екінші рет жазда шілде-тамыз айларында ауру кең етек алып, ӛлім-жітім кӛбейеді. Ҥшінші рет кҥзде-тамыз айының аяғынан бастап, қазан айына дейін байқалады. Бҧл кезде ауру мал арасына кӛбірек тарайды. Клиникалық белгілері. Пироплазмоздың жасырын кезеңі 14-24 кҥн. Бір жасқа дейінгі тӛлде және жергілікті малда пироплазмоз әдеттегіден жеңілдеу ӛтеді. Ауруға шалдыққан ірі қара малының ең алдымен дене ыстығы 41-420 дейін кӛтеріледі де, осы деңгейден тӛмендемей тҧрып алады. Ауырған мал қатты кҥйзеледі. Жемге сылбыр қарап, қатты шӛліркейді. Сауын сиырдың сҥті азаяды. Тамыр соғуы минутына 100-120-ға дейін шапшаңдап, жҥрек соғуы, тыныс алуы жиілейді. Екінші кҥннен бастап-ақ ауру мал басын салбыратып, кҥйзеледі, кӛзінен жас жиі ағады. Жем мен суға сылбыр қарайды, кейде мҥлде жем жемейді. Мес қарынның қозғалысы сирейді. Зәрі алғашында сары тҥсті, аурудың жіті тҥрінде 2-кҥннен бастап-ақ қызыл тҥске боялады. 3-4 кҥннен соң ауру белгілері ең жоғарғы дәрежесіне жетеді. Бҧл мезгілде мал қатты кҥйзеледі, жем-судан бас тартып, жатып алып тісін қайрайды. Мес қарын қозғалуын мҥлде қояды немесе ӛте баяу қозғалады. Жҥрек соғу ырғағы бҧзылады. Зәрі қоңырлау-қызыл тҥсті, жиі және аз мӛлшерде шығады. Осы белгілері 5-7 кҥнге созылып, мал ӛлім-жітімге ҧшырауы мҥмкін. Патанатомиялық өзгерістер. Кілегей және сірі қабықтары бозарың- қы, сарғыш тартқан және ҧсақ нҥкте тәрізді қанқҧйылған. Сӛл бездері ҧлғайған. Талағы қызыл-қышқыл тҥсті, ҥлкейген, ҥстіңгі жағы қанталаған, ҧлпасы жҧмсарып босаңсыған. Бауыры ҥлкейген, қоңыр-қызыл тҥсті. Қуығы әдетте қоңыр-қызыл, сирек жағдайда қоңыр-сары тҥсті зәрге толы. Жалбыршағы әдетте қатты, ішіндегі жемі қҧрғақ жентектелген. Жҥрек, әсіресе жҥрекше ҥсті нҥкте және сызықша тәрізденіп қанталаған. Диагноз қою тәсілдері. Ауырған малдың жайылымда болуы және аталған кенелердің мал денесінен табылуы, ӛткен жылдарда осы аймақта аурудың кездесуі еске алынады. Ауру малды тексеріп, қарағанда дене қызуының кӛтерілуі, қан аздық, кілегей қабықтарының сарғыштануы және гемоглобинурия сияқты белгілерді байқауға болады. Эпизоотологиялық сараптау және ауру белгілерін анықтау, қанды микроскопиялық зерттеу нәтижелерімен салыстыра келіп диагноз қойылады да, оның негізінде қажетті ем қолданылады. 20
  • 21. Лептоспироздың пироплазмозбен ортақ белгісі-гемоглобинурия. Бірақ лептоспирозда дене қызуы қалыптағыдай, кілегей қабықтарының сарғыштануы ӛте анық, майтҧмсық зақымданады, талағы ҥлкеймеген. Пироплазмоз бен лептоспироз аралас білінген жағдайда, дәрі кҥшімен қызба тӛмендетіледі және қанда пироплазмалар жоғалады, бірақ қызыл тҥсті зәр шығуы тоқтамауы мҥмкін. Мҧндайда лептоспирозға қосымша зерттеулер жҥргізу шарт. Емдеу жолдары. Азидинді ауру малдың барлығына (қатты ауырған малға жарты доза мӛлшерінде) тері астына немесе бҧлшық етке 3,5 мг/кг мӛлшерінде 7 % ерітінді тҥрінде егеді. Диамидин тері астына немесе бҧлшық етке 1-2 мг/кг мӛлшерінде 7 % ертінді тҥрінде егіледі. Ем жҥргізгеннен кейін оның емдік әсері 10-14 сағаттан кейін байқалады, ал нәтижесі келесі кҥні (24 сағ) ғана білінеді. Жануардың клиникалық белгілеріне қарай симптоматикалық емдеу шаралары қолданылады. Алдын алу шаралары. Ауру малды міндетті тҥрде арнайы дәрілермен емдеу шарт, емделмесе ауру ӛліммен аяқталады. Сондықтан пироплазмоз шыққан табында аурудың алдын алу ҥшін химиопрофилактика жасау ҥшін азидин немесе наганинмен аралас қолданады. Соңғы дәрі арнайы дәрілердің әсерін ҧзартады. Егер мал бастапқы жайылымда қалатын болса, осы емді 10-14 кҥннен соң қайталау қажет. Химиялық профилактика жҥргізумен қатар, жоспарлы тҥрде кенелермен кҥрес жҥргізу орынды. Мал қораларын профилактикалық дезакаризациялауды жылына кемінде 3-4 рет ӛткізеді. ІРІ ҚАРА ТЕЙЛЕРИОЗЫ Тейлериоз – қан паразиттерімен шақырылатын және жіті тҥрде ӛтетін қанда паразитарлық тіршілік ететін мҥйізді ірі қара малының ауруы. Ауруға шалдыққан малдың сӛл бездері ҥлкейеді, қызба, қаназдық белгілері байқалып, жҥрек-қан тамыр жҥйесінің және асқазан жолдарының қызметі бҧзылуымен сипатталатын аса қауіпті ауру. Қоздырғышы - Thеіlerіa аnnulata малдың сӛл бездерінде, талағында және эритроциттерде тіршілік ететін бір торшалы қарапайымдылар. Эритроциттер ішіндегі тейлериялар дӛңгелек, сопақша, таяқша, ҥтір және нҥкте тәрізді. Ҧзындығы 0,5-1,6 мкм. Әрбір эритроцит ішінде 7-ге дейін, ал кӛбінесе 1-2 паразит тіршілік етеді. Биологиясы. Бҧл паразиттерді гиаломма туысына жататын Hyaloma detrіtum, H.anatolіcum деген жайылым кенелері тасымалдайды. Кененің сілекейі арқылы мал денесіне енісімен олар сӛл бездеріне және бауыр мен талаққа барып, ӛсіп-ӛніп тез арада шизагония әдісімен бӛлшектеніп кӛбейе бастайды. Мҧның нәтижесінде кӛп ядролы анар тәрізді (гранат) денелер пайда болып, олардың бір цитоплазмасында 40-50, кейде одан да кӛп ядро 21
  • 22. болады. Кейінірек бҧл паразит бӛлшектері ыдырап, қанның эритроциттеріне енеді. Осы уақыттан бастап, оларды тейлериялардың эритроцитарлық тҥрі деп атайды. Эпизоотологиясы. Жамбыл, Оңтҥстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында тейлериоз кең етек алып, шаруашылықтарда энзоотия тҥрінде байқалады. Себебі бҧл аймақтарда ауру қоздврғышын тасымалдайтын Hyalomma туысына жататын кене тҥрлері кӛп тараған. Жас мал тейлериозбен асқынып ауырады. Сондай-ақ сырттан әкелінген малдар да ӛте қатты ауырып, тейлериоздан ӛлім-жітімге кӛп шалдығады. Клиникалық белгілері. Аурудың жасырын кезеңі 11-15 кҥн. Алғашқы кҥндері ауру малдың бір жақ шабындағы, желіні мен мойнындағы, жаурын алдындағы бездері қабынып, “безі шошып”, ісіп кетеді. Оларды сипап кӛргенде ӛте қатты екендігі және мал ауырсынатыны байқалады. Сонан соң дене ыстығы 40-41,1 ал кейде 41,80 дейін кӛтеріледі, малдың жемге тәбеті тартпайды, сҥті азаяды, жҥні ҥрпиіп, қатты кҥйзеледі. Тамыр соғуы минутына 80-130-ға дейін жиілейді, тыныс алуы минутына 50-60 дейін шапшаңдап, мал демігеді. Асқазан жолдарының қызметі бҧзылады. Малдың қиы сҧйық, оған шырыш, ал кейде қан қосылады. Кейін ішек перистальтикасы мҥлде әлсіреп, тҧрақты атония дамиды. Қандағы эритроцит саны мен гемоглобин мӛлшері 2-3 есе кемиді. Зәр шығару қиындайды. Ауру мал жемнен бас тартады, суды сҥйсінбей ішеді, кҥйіс қайыру және сҥт шығару мҥлде тоқтайды, 6-8 кҥннен соң дене қызуы шҧғыл тӛмендеп, мал тез арада шығынға ҧшырайды. Диагноз қою тәсілдері. Тейлериоздың эпизоотологиялық деректерін есепке ала отрып, микроскопиялық зерттеу жҥргізу шарт. Ол ҥшін аурудың алғашқы сатысында шошынған бездерінен шприцпен шырынды сҧйық сорып алып, таза шыныға жағады да Романовский-Гимза әдісімен бояйды. Сонан соң микроскоппен қарайды. Аурудың екінші сатысында, яғни ауру басталғаннан 3-4 кҥннен кейін, тейлериозға шалдыққан малдың қаны зерттеледі. Қҧлақ тамырларынан алынған бір тамшы қан шыныға жағылып, Романовский-Гимза әдісімен боялады. Патанатомиялық өзгерістер. Тейлериоздан ӛлген мал ӛлексесі ӛте арық келеді. Кілегей қабықтары бозарыңқы және сарғыш тартқан, қанталаған. Сыртқы бездері ісініп қабынған, қанталаған, кӛкірек қуысына қызғылт сҧйық зат жиналған. Жҥрек ҧлғайған, оның ішкі және сыртқы жағы нҥкте тәрізденіп қанталаған. Жҥрек қабы сарғыш тҥсті экссудатқа толы. Бауыры ҧлғайған, оның тҥсі сары топырақ тәрізді. Талақ 1,5-2 есе ҧлғайған, пышақпен тілгенде тіліктің беті қызыл-қоңыр тҥстес, ҧлпасы жҧмсақ, сірі қабығы асты қанталағандығы байқалады. Ҧлтабардың іші қызарып, қанталайды, кейбір жерлері ойылып, уытты жараға айналады. Бҧл ӛзгеріс тек тейлериозға ғана тән қҧбылыс. Емдеу жолдары. Ірі қара тейлериоздан емдеудің басты принципі ағзадағы ауру қоздырғыштарын жойып, олар зақымдаған жҥйелерді қайта қалпына келтіру болып табылады. 22