Ce diaporama a bien été signalé.
Nous utilisons votre profil LinkedIn et vos données d’activité pour vous proposer des publicités personnalisées et pertinentes. Vous pouvez changer vos préférences de publicités à tout moment.

ашық іс әрекет маңғаз

65 vues

Publié le

Әлменова Маңғаз Бейсенбайқызы
КМҚК №134 «Гауһар» балабақшасының тәрбиешісі

Publié dans : Internet
  • Soyez le premier à commenter

  • Soyez le premier à aimer ceci

ашық іс әрекет маңғаз

  1. 1. Тәрбиеші: Әлменова Маңғаз Бейсенбайқызы Ұйымдастырылғаноқу қызметінің технологиялықкартасы. Топ №13 " Еркетай " тобы Тақырыбы:Қыс қызықтары. Мақсаты:Балаларға қыс мезгілінің басқа мезгілдерден өзгешілігін түсіндіру.Түсініктерін кеңейту.Қысқы табиғат көрініс. Қысқы ойынтүрлерін атап ажыратуға үйрету Білімділік: -.Балаларға қыс мезгілі туралы түсінік беру. Дамытушылық:-Ұсақ қол бұлшықетерін ой-өрісін тілін танымдыққабілетін дамыту. Тәрбиелік:-Балаларды табиғатқа деген сүйіспеншілікті арттыру және еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сөздік жұмыс:аққала,қыс қызықтары,қар ұлпалары. Әдіс-тәсіл:Монтессори, ТРИЗ-дің әдісі,ойында,сұрақ- жауап,әңгімелеу,мадақтау,қорытындылау. Көрнекілік:қыс қызықтары, қар суреттері,аққала,шырша ойыншықтары. Үш тілділік: Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеттері Балалардыңіс - әрекеттері Мотивациялық қозғаушылық. Шатық шеңбер. Қуан шаттан алақай! Қуанатын күн бүгін, Қайырлы таң, Қайырлы күн, Күліп шықты күн бүгін! Армысыңдар достарым! Армысыздар апайлар! Армысыздар қонақтар! -Балаларға жұмбақ жасыруарқылы оқу іс- әрекетін бастайды. Аяз қысып,өрнексызып, терезені торлайды, Қарды омбығып,балалар сырғанап ойнайды, Кейде ұлып,кейде ысқырып,ұйытқып борансоғады. Бөбектерім айтыңдаршы бұл қай мезгілде болады. Балалар қайталап айтып,апайлармен амандасады. Балалар ойланып жұмбақты шеше білді. -Қыс.
  2. 2. Ұйымдастыру- іздестіру. Бүгінгі біздің ұйымдастыруоқу іс- әректіміздің тақырыбы:«Қыс қызығы» Монтессори, ТРИЗ-дің әдісін қолдана отырып,сұрақтар беріледі. -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады? Қар қайдан жауады? Қардыңтүсіқандай болады? -Тәрбиеші балалардың назарын экранға аударды. Қар ұлпаларын көрсетеді. Балалар қар ұлпалары әр түрлі болады. Кейбірі жалпақ,кейбірі ине пішіндес. -Ал,сендер қандай қыстықойындарды білесіңдер? -Мына суреттерге қараңдаршы. Кімдерді көріп тұрсыңдар? Олар не істеп жүр? Суреттер арқылы әңгіме өткізеді. Балалар есік қағып тұрғансияқты.Кім екенін көрейікші. Аққала келеді. -Балалар қонаққа кім келді. -Сәлематсыз ба Аққала Аққала.Салематсыңдар ма балалар. -Мен кіммін? -Мен неден жасалдым? -Менің түсім қандай? -Сендер қыс туралы тақпақтар білесіңдер ма? Аққала:Балалар менің сендергекөрсететін сиқырым бар.Көргілерің келе ма? Аққала басындағы шелегін алып ішінен киімдердің суреттерін алып шығады. Тәрбиеші:Балалар,не деген әдемі суреттер.Аққала,сіз біздің балаларға әдемі суреттер әкелген екенсіздер енді сол суретермен ойнайық. ДО «Киімдердітоптау» Шарты:Жыл мезгіліне байланысты ажырату.Соғанқарай топтастыру. Сергіту сәті. -Қазір жылдыңқыс мезгілі -Суық,аяз,боран болады. -қар аспаннан жауады -қардың түсі ақ болады. Балалар экранға назар аударды. Сұрақтарғажауап бере алды. Балалар Аққаламен амандасты. -Аққаласыз -Қардан жасалғансыз -Ақ Балалар тақпақтарын айтады. -ия Балалар ойын ойнай отырып,киімдерді ажыратады.
  3. 3. Қыстабіздің қалың қармен ойнаймыз,біз ойнаймыз. Қалың қарда адымдаймыз.адымдаймыз. Шаңғыменен жүгіреміз Мұзда конькименсырғанаймыз. Қыстыңкелгені біз жақсы көреміз,жақсы көреміз. Тәрбиеші:Енді,оқу іс-әрекетімізді жапсыруменжалғастырамыз. Аққала біздің балалар қазір сізге аққаланы жапсырып,суретінсалып,мүсіндепбереді. Ұжымдық жұмыс. Тәрбиеші:Үлгі ретінде тақтаға аққаланы жапсырып,суретінсалып мүсіндеп көрсетеді. Тәрбиеші балаларға жұмыстарын бастамас бұрынтыныс алу және саусақ жаттығуын жасатып алады. Тәрбиеші балалардың жұмыстарын қадағалайды, айақтауға көмектеседі.Аққалаға балалардың жасаған жұмысынсыйлайды.Аққала қоштасып қайтады. Балалар тақпақты айта отыра,тақпақтағы сөздер бойынша қимыл жасайды. -Балалар өз бетерінше жұмыс жасайды, шығармашылық іскерліктерін артырды,ұсақ маторикаларын дамытты. -Балалар жасаған аққаланы сыйға таратады. Рефлексивті- түзетушілік. Қортынды кезең:Біз бүгінгі оқу іс- әрекетінде не туралы өттік? -Кім бізге қонаққа келді? -Қандай жыл мезгілі туралы тақпақ айттық? -Аққала бізге қандай ойынәкелді? -Жарайсыңдар ,балалар бүгінгі оқу іс- әрекеті ұнады ма? Қол ұстасыптұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық. Балалар сұрақтарға толық жауап бере алды. Күтілетін нәтиже: Нені біледі: қыс қызығыныңерекшеліктерін білді. Қандай түсініктердіигерді:Монтессори, ТРИЗ-дің әдісін қолдана отырып шығармашылық іскерліктерін артырды.
  4. 4. Меңгергендағдылары мен іскерліктері Сурет бойыншаәңгімелеу,сұраққа жауап беру іскерлігін меңгерді.

×