Ce diaporama a bien été signalé.
Nous utilisons votre profil LinkedIn et vos données d’activité pour vous proposer des publicités personnalisées et pertinentes. Vous pouvez changer vos préférences de publicités à tout moment.

Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары

40 518 vues

Publié le

Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары

Publié dans : Formation
  • Identifiez-vous pour voir les commentaires

Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары

  1. 1. Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары Қаскелең қосалқы мектеп-интернаты Тәрбиеші: Бекмағамбетова Айткүл Сейтенқызы Қаскелең қаласы
  2. 2. Біз өмір сүріп отырған бүгінгі дәуір жаңаша көзқарасты, жаңашылдықты талап етеді. Білімнің дамуы – адамзат өркениетінің өлшемі. Білімі күшті ел озады, білімі әлсіз ел оған қызмет етеді. Олай болса, білім саласы үнемі жетілдіруді қажет етеді. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты,- » деп атап көрсеткен болатын. Мектептегі басты тұлға мұғалім мен тәрбиеші екендігі даусыз. Тіпті қазіргі технологиялар ерекше дамыған заманның өзінде білім мен тәрбие сапасын қамтамасыз етудегі мұғалім мен тәрбиешінің рөлін еш нәрсемен ауыстыруға болмайтынын халықаралық тәжірибелер көрсетіп отыр. Демек, педагог біліктілігі – еліміздің бүкіл білім беру жүйесін алға бастырып, оны заман талабына сай етіп құрудың негізгі алғышарты, басты кепілдігі болып табылады. Білімді ұрпақты, бәсекеге қабіліетті мамандарды білімді мұғалімдер, жан-жақты кемел тәрбиешілер ғана тәрбиелеп шығара алады.
  3. 3. Көрнекті педагог К.Д.Ушинский: «... Тәрбиешінің жеке басының жас жанға ететін ықпалы оқулықтармен де, жақсы әдет-ғұрыпты құлаққа сіңіретін уағызбен де, жазалау мен мадақтау жүйесімен ауыстыруға көнбейтін тәриелеушілік күшке ие,-» деген болатын. Қазіргі заманғы тәрбиеші саясаттың, нарықтың педагогикаға үстемдік етуіне жол бермеу үшін тәрбиенің жаңа әлеуметтік- экономикалық шартын педегогикалық негізде ойлай білуге, жаңа үрдістерді педагогикалық мақсат ұстанымында бағалауға, педагогикалық іс-әрекеттің ықтималды мүмкіндіктерін болжауға, талдау мен өзін-өзі бақылау тәсілдерін меңгерген кәсіби шебер. Тәрбиеші – тәрбие жұмысын ұйымдастыру, реттеу, жетекшілік жасау және осы жұмысты іске асырумен айналысатын педагог.
  4. 4. Тәрбиешінің негізгі қызметі Тәрбиелеу ұйымдастыру дамыту диагностикалық ынталандыру коммуниктивтік қорғау әдістемелік бағалау болжау
  5. 5. Тәрбиешінің міндеті Мектеп-интернат жағдайында баланы тәрбиелеу мен оның мінезін қалыптастыру, оны өз бетімен өмір сүруге дайындау тәрбиешіге жүктеледі. Мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеуге кіріспес бұрын тәрбиеші дамуында психикалық және дене даму бұзылыстары бар балалардың психологиясы туралы оқуға, оларды оқыту және тәрбиелеу ерекшеліктері туралы білуге міндетті.
  6. 6. Тәрбиешінің мақсаты Қазіргі заманауи әлемде дене және адамгершілік жағынан өздігінен өмір сүруге қабіліетті адамды дайындау. Егер мақсатты ойлау төмендегі талаптарды есепке ала отырып іске асырылса, онда олар табысты болады.  Диагностикалық, яғни психологиялық және даму бұзылыстары бар балалардың қажеттілігі мен мүмкіндігін, сондай-ақ тәрбиелеу жұмысының талаптарын үнемі зерттеу негзінде алға жылжу;  Шынайылық, яғни нақты жағдайды есепке ала отырып алға жылжу және негіздеу;  Сабақтастық, яғни тәрбиелеу жұмысындағы барлық мақсаттар мен міндеттердің арасындағы байланыстың болуы;  Мақсатты сәйкестендіруге қызметтің барлық қатысушыларын мақсатты ойлау үдерісіне қосу арқылы қол жеткізеді;  Нәтижеге бағытталу, егер тәрбиелеу мақсаты анық, нақты болған жағдайда, мақсатқа жету нәтижелерін анықтау мүмкін болады.
  7. 7. Тәрбиешінің негізгі міндеті – тәрбиелеуші және дамытушы іс-әрекеттерді ұйымдастыру және дамыту, әр баланың жеке тұлғасының дамуына көмектесу, әр баланың бейімділігі, қызығушылығы және қабілетінің дамуына жағдай жасау. Мақсатқа жету, міндеттерді атқару тәрбиешінің бойындағы мына сапалық ерекшеліктерге байланысты жүзеге асады:
  8. 8. Кәсіби сапасы: Еңбексүйгіштік Жұмысқа қабілеттілік Тәртіптілік Жауапкершілік Тұрақтылық Мақсатты қоя білу Іскерлік Кәсіби деңгейін жетілдіру Еңбек сапасын жақсартуға талпыну Психологиялық даярлық Кең мәдени өрісінің болуы Педегогикалық шеберлік Педагогикалық такт Адамгершілк сапасы: Адамгершілік Қайырымдылық Шыдамдылық Адалдық Кеңпейілділік Басқаны сыйлау Ұстамдылық мәдениеттілік Тәрбиеші
  9. 9. Тәрбиешінің кәсіби деңгейі 1. Жалпы талап  Арнайы педагогикалық білімі болуға, өзінің кәсіби деңгейін жүйелі түрде жетілдіруге және жоғарылатуға міндетті.  Нормативтік құжаттарды білу.  Арнайы педагогика мен психология саласы бойынша білімінің терең болуы. 2. Аналитикалық қызметі  Балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері мен ауытқуларын тексеру.  Әрбір тәрбиеленушінің жанұялық тәрбиесінің жағдайын және талаптарын зерттеу және талдау.
  10. 10. 2. Аналитикалық қызметі  Балалардың жеке психологиялық ерекшеліктері мен ауытқуларын тексеру.  Әрбір тәрбиеленушінің жанұялық тәрбиесінің жағдайын және талаптарын зерттеу және талдау. 3. Болжамдық қызметі  Тәрбиеленушілердің жеке даму деңгейін болжау  Ұжымның құрылуын, қалыптасуын болжау  Мектептің тәрбие жүйесіне сәйкес келетін тәрбие жүйесінің үлгісін құру
  11. 11. 4. Ұйымдық үйлестіруші қызметі  Әрбір баланың дамуындағы ауытқушылықтарды есепке ала отырып , оның даму ерекшеліктерін оның зерделік мүмкіндігін, эмоциялық көңіл-күйін білу  Барлық мәліметтерді баланың даму картасына тіркеу;  Түзету бағыттылығын есепке ала отырып, тәрбиеленушіге сабақ оқуға көмектесу;  Топтық өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру, қосымша білім алуға көмектесу;  Ата-аналармен байланыс, оларға кеңес беру, шұғыл жағдайда олармен қатынасқа шығу;  Мұғалімдермен, психологпен, логопедпен байланыс орнату;  Топты , мектеп аумағын тазарту, асханада кезекшілік ұйымдастыру;  Салауатты өмір салтын дәріптеу;  Әрбір бала үшін жағымды микро орта жіне моральдық психология климат құру;  Медициналық тексеруден өту;  Өз жұмысын оқу жылына , оқу тоқсанына, айға, аптаға жоспарлау;
  12. 12. 5. Құқықтық қызмет o Кәсіптік ар мен абыройын қорғауға; o Біліктілігін арттыруға; o Аттестациядан өз еркімен өтуге; o Оқыту мен тәрбиелеу әдістерін оқу құралдары мен материалдарын, оқулықтарды еркін таңдауға; o Өз сыныбының оқушыларының сабаққа қатысуларын бақылауға құқылы
  13. 13. Тәрбиешінің қағидалары • Күнделікті тәрбие сағатында тақырыптық жоспары мен жұмыс жоспары болу тиіс; • Мемлекеттік жалпы міндетті білім стандартының талабына сәйкес оқу жоспарлары мен бағдарламаларын орындауды қамтамасыз етеді; • Мекеменің жарғысын, ұжымдық шартты, ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті; • ҚР «Білім туралы» заңындағы тәрбиеленушілердің құқығы мен еркіндігін сақтауға, бала конвенциясын сақтауға міндетті; • Мекеменің жылдық жоспарына сәйкес педагогикалық кеңестің жұмысына, өндірістік кеңестерге, директордың кеңесіне қатысуға міндетті; • Тәрбиеленушілердің күн тәртібін сақтауын олардың үй тапсырмасын орындауын, қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуын ұйымдастырады; • Оқушылардың бос уақытында қосымша білім алуына, көркем өнерге, спорт секцияларына, басқа да қызықты үйірмелерге қатысуына көмектеседі;
  14. 14. • Тәрбиеленушілерге сабақтан тыс уақытта тәрбие жұмысын жүргізеді; • Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай өзіне-өзі қызмет жасауына, еңбек және техника қауіпсіздігін сақтауына, қоғамға пайдалы жұмыс жасуына жауап береді; • Сырқаттанған балаға дәрігер келгенге дейін медициналық көмек беруді қамтамасыз етеді, мектеп әкімшілігіне хабарлайды; • Тәрбиеленушілерге еңбекті қорғау ережелері мен нормасын , жол жүру ережесін, тұрмыстағы тәртіпті үйретеді; • Оқушылардың сабаққа күнделікті қатысуын ұйымдастырады; • Медицина қызметкерімен бірлесе отырып,балалардың денсаулығын жақсарту мен сақтауды қамтамасыз етеді; • Өз кезекшілігі уақытында балалардың өмірі мен денсаулығына жауап береді;
  15. 15. Тәрбиенің басым бағыттары Мектептің алға қойған мақсаты: «Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды түзете-дамыту мақсатында тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігі» Осы мақсатқа сүйене отырып,мектепте 12 бағытта тәрбие жұмысы жүргізіледі Тәрбие бағыттары Еңбекке баулу Құқықтық Дене тәрбиесі Эстетикалық Экологиялық Салауатты өмір салты Патриоттық Адамгершілік Жол ережесі Ата-анамен жұмыс Жыныстық Экономикалық
  16. 16. Тәрбиенің бағыттары бойынша жұмыс жүргізу нәтижесінде оқушылар туған халқының тарихы мен мәдениеті туралы, өз құқықтары мен міндеттері туралы, денсаулықтың маңызы туралы жаман әдеттердің зияны туралы, қоршаған орта, табиғаттың пайдасы туралы, адамгершілік құндылықтар туралы, еңбектің маңызы туралы біледі, үйренеді, меңгереді. Тәрбие жұмысы – өте күрделі үдеріс. Ол көп еңбекті, жауапкершілікті, уақытты қажет етеді. Көрнекті гуманист-педагог Януш Корчак өзінің «Баланы қалай сүю керек» еңбегінде : «Нағыз тәрбиеші бұғау салмайды, еркіндік береді; - Басымдық көрсетпейді, – мақтап-мадақтайды; - Намысына тимейді, - қалыптастырады; - Бұйырмайды, - үйретеді; - Талап етпейді, - сұрайды; - Балалардың қиналған сәтінде олармен бірге күйзеіске түседі» деген болатын.
  17. 17. Дидактиканың негізін салушы Ян Амос Коменский : «Алдымен сүю, содан кейін үйрету» , - дейді. Баланы кішкене күнінен сүюге үйрету керек. Өйткені сүйіспеншілік пен сыйластық адамның ішкі дүниесіне және қоршаған ортасына тыныштық пен үйлесімділік орнатады. Сөзімнің соңында Тәрбиешілер – ізгі жандар, ұстаздар Шын шеберлер, өнерпаздар, дарқандар. Әрбір бала жүрегінде бір ту бар Сол бір туды жығып алмай ұстаңдар!- дей отыра жұмыстарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.

×