Ce diaporama a bien été signalé.
Nous utilisons votre profil LinkedIn et vos données d’activité pour vous proposer des publicités personnalisées et pertinentes. Vous pouvez changer vos préférences de publicités à tout moment.

Мамандық

10 406 vues

Publié le

Мамандық

Publié dans : Formation
  • Identifiez-vous pour voir les commentaires

Мамандық

  1. 1. «Мың мамандық бәрі бар. Таңдап, талғап бірін ал!» Тақырыбы
  2. 2. Мақсаты: Мамандық таңдау еркіндігі жағдайында оқушыларға өз мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне сәйкес және еңбек нарығының талаптарын ескере отырып, көмек көрсету, кәсіп таңдау мәдениетін қалыптастыру.
  3. 3. «Тілекке еңбек тірек болмаса, ойға шомылып қырдан аса алмайсың». Б.Момышұлы Эпиграф
  4. 4. «Қолыңмен көрсет!» тренингі
  5. 5. “Табыс” “Мақсат” “Арман” “Жетістік” Топқа бөлу
  6. 6. Көтеріңкі көніл –күй. Достық қарым-қатынас Ұжымда бірлесіп жұмыс жасау. Шығармашылық шабыт. Бір-біріміздің пікірімізді тындау. Берілген уақытқа бағыну. Алтын ереже
  7. 7. Миға шабуылМиға шабуыл «Мақсат деген не?» /Мақсат ұғымының мәнін ашу/ Көрсетілім: “Пабло и Бруно” Көрсетілімнен не түсіндіңіздер? Постерге өз ойларыңды түсіріңіздер
  8. 8. Негізгі мектеп бітіруші (9-шы сыныптан кейін) Кәсіптік лицей Арнайы орта оқу орындары (колледж) Орта мектеп(10- 11 сыныптар) Жоғары оқу орны Жұмыс Аспирантура Доктарантура
  9. 9. Сұранысқа ие мамандықтар Дефектоскопист аргонды газбен дәнекерлеуші токарь құзға өрмелеуші дәрігер фармацевт тамақ өнеркәсібі техник- технологі құрылысшы жарнамалық қызмет менеджері тұрмыстық қызмет көрсету сауда-саттық менеджері Ең көп қамтылған мамандықтар экономист есеп және аудит есепші эколог мұнай бұрғылау маманы заңгер труба монтаждаушы
  10. 10. SMART ол сөз емес. Ол 1954 жылы Питер Друкер айналымға енгізген аббревиатура. Specific- арнайы, нақты; Measurable-өлшеуге болады; Attainable-қолжетімділік; Realistic-шындыққа сай, қысқа да нұсқа берілуі; Timed-белгілі бір уақыт арлығымен шектелген деген ұғымдарды білдіреді.
  11. 11. 1. Ең бірінші оқушы өзіне деген сенімін және өзін -өзі құрметтей білуі керек. 2. Өзіңіздің шын тілегіңізді аша біліңіз. Өзіңізге сұрақ қойыңыз: «Шынымен маған не қажет?» «Қайда жұмыс жасағым келеді?» 3. Мамандық алу және маман болу үшін көп нәрсені үйренуің керек. Мамандықтардың талаптары туралы білуге, содан кейін жеке қасиеттеріңмен сәйкестендіру, яғни кәсіби жоспар жасау. (Сіз кіммен араласасыз? Соның бәріне мынандай сұрақ қойыңыз: Ол қайда оқыды? Неге бұл мамандықты таңдады? Ол мамандық ұнай ма? Ұнаса, неге ұнайды?) 4. Өзіңнің мамандануыңдағы ең басты да түпкі жетістігіңді анықта. (Қазіргі замандағы мамандықтардың маңызы не? Кез келген жағдайда мамандық әлемінде қажетті болу және өмір сүруге не керек?) 5. Кез келген арманды іске асыра біл. 6. Сізге, мемлекет үшін де, қоғам үшін де- компьютерлік сауаттылық, тілдер білу және адамдармен тіл табысып, оған қоса өзіңді жақсы білуің керек.
  12. 12. 1. Арман (тілек) 2. Көз жеткізу (қажеттілік) 3. Жоспарлау 4. Әрекет 5. Игеру Мамандық таңдауда мынадай бір формула бар: «ҮЙРЕНГІМ КЕЛЕДІ – ҮЙРЕНЕ АЛАМЫН – ҮЙРЕНУ КЕРЕК».
  13. 13. Web-программист, web-дизайнер – ғаламтор желісінде сайттар құру мамандары. Аудитор - әртүрлі компаниялар жұмысында қаржы ісін тексеруші және олардың қызметінің тиімділігін, табыстылығын анықтаушы маман. Бренд-менеджер – бренд ойлап табушы және оны нарықта ұсыну жолдарын ойластырушы маман. Логистик – қойма, көлік, өндіріс жұмысын реттеуші маман. Көлік логистик маманы компанияның көліктерінің жүк тасымалдау схемасы ойластырады, ал қойма логистик маманы- қоймадағы заттардың, тағамдардың сақталуын ұйымдастырады. Маркетолог - латын тілінен аударғанда «нарықты білетін» дегенді білдіреді. Нарық сұранысын, тұтынушылар талғамын зерттеуші маман. Мерчендайзер -Үлкен дүкендерде өз фирмасының тауарларының тұтынушыға қалай ұсынылғанын, қалай жарнамаланғанын қадағалайтын маман. Ол дүкендерді аралап, тауарларды тұтынушыға қалай ұсыну керек, дүкен сөрелеріне қалай орналастыру керектігі жөнінде кеңес береді. Бірақ бұл мамандыққа әзірге ешбір оқу орнында оқытпайды. «Бұл кім?» ойыны
  14. 14. Адам – адамАдам – адам Адам – белгі ж йесіүАдам – белгі ж йесіү адам – техникаадам – техника адам – таби атғадам – таби атғ Маманды ты классификациясық ңМаманды ты классификациясық ң адам – техникаадам – техника Мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер Бухгалтерлер, оқымыстылар, ЭЕМ операторлары, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары. Мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог Ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, нші, актерлер.ә
  15. 15. Мамандық таңдауды анықтау үшін оқушыларға арналған сауалнама Фамилиясы ....................................... Есімі................................... Мектебі....................... Сыныбы............................. Жасы.................................... Нұсқау: сіздің ойыңызбен сәйкес келетін жауаптың астын сызып, керек жерінде толықтырып отыруға болады. 1. Қандай пәндерді ұнатасың? 2. Қандай пәндерді ұнатпайсың? 3. Қандай үйірмеге қатысасың? Театр, музыка, спорт, би, сурет салу, кесте тігу, мүсіндеу, биология, жас техник 4. Сыныпта қандай қоғамдық тапсырмаларды орындап жүрсіз? 5. Достарың көп пе? (көп, біреу, бірнеше) 6. Саған қандай кәсіп ұнайды? 7. Қандай әдебиет оқуға құштарсыз? (көркем, ғылыми-көпшілік, шытырман оқиға)! 8. Өз бойыңызда қандай қасиеттерді тәрбиелегіңіз келеді? (мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, қажыр, қайрат, адалдық, батылдық) 9. Сізді мына мамандықтың, білімдердің қайсысы қызықтырады: жаратылыс-ғылыми (математика, физика, химия, биология, медицина, экономика, юрис пруденция), гуманитарлық (әдебиет, журналистика, лингвистика, педагогика, психология), өнер (музыка, театр, бейнелеу, вокал, өндірістегі жұмыс). 10. Өзіңді қызықтырған қызмет немесе білім саласын меңгеру үшін не істеп жүрсің? - ынта- ықыласқа сай оқу пәндерін оқып жүрсіз бе? - қосымша әдебиеттер оқисыз ба? (ғылыми-көпшілік, ғылыми-техникалық) - қызықтырған пін жөніндегі үйірмеге қатысасың ба? (қандай) 11. Бос уақытыңызда немен айналысасыз? (сурет салу, техникамен, шеберлік іс, спортпен шұғылдану, музыкалық аспапта ойнау, театрға, музейге, көрмеге, концертке бару, тоқу, киім тігу) 12. Сен өзің үшін қандай кәсіпті және одан әрі оқу жолын таңдайсыз? 13. Қалауыңызға ата-анаңыз келісе ме? 14. Ата-анаңыздың ұсынысы қандай...................................
  16. 16. Рефлекция Аяқталмаған сөйлемдер   1. Мен бүгін ___________________________________білдім. 2. Маған ______________________________ қызықты болды. 3. Маған___________________________________қиын болды. 4. Мені ________________________________таң қалдырды. 5. Бұл сабақ менің өміріме -----------------------------_______________________берді.

×