1. Пәні: Сауат ашу
Сабақтың тақырыбы: Мен жақсы көретін жан-жануар. Буын.
Оқу мақсаты:1.1.9.3. Сөздің буыннан тұратынын түсіну және
сөздегі буын санын анықтау.
Сабақтың мақсаты:
Барлық оқушылар: жаңа білімді меңгереді.
Көптеген оқушылар: сөздің буыннан тұратынын түсінеді.
Кейбір оқушылар: сөздегі буын санын анықтайды.
Тілдік мақсат: буын,жан-жануарлар.
Бағалау критерийлері: сөздің буыннан тұратынын
түсінеді,анықтайды.
Құндылықтарды дарыту: еңбек және шығармашылық
2. Ширату жаттығулар: “Жұмбақты шеш”
Қалқиып қос құлағы,
Елеңдеп қорқып тұрады
(Қоян)
Бейқам елді іздейді,
Малдан күдер үзбейді.
(Қасқыр)
Тарғыл –тарғыл тас па,
Тастан бірақ басқа
Мекені қамыста,
Бұл саған таныс па?
(Жолбарыс)
Айбарлы түрлі бар,
Қанжардай тісі бар,
Тұма бойында
Тасыған күші бар
Күжірейген жалды.
Білсең айт бұл аңды.
(Арыстан )
3. “Кім жылдам”
Тапсырма: Берілген жануарлардың аттарын атап, буынға бөл ,салыстыр.
1-топ 2-топ 3-топ
Дескриптор: Жануарларды атайды ,буынға бөледі,салыстыра алады
4. Ұжымдық жұмыс
Тапсырма : Берілген суреттегі жануарлардың аттарын атап,буынға
бөл. Бір буынды сөздерді жасылмен, екі буынды сөздерді қызылмен
боя.
Дескриптор: Жануарлардың аттарын атап,буынға бөле алады.
5. Топтық жұмыс.
Тапсырма: Берілген тапсырма бойынша буынға бөледі,
буындардан сөз құрайды
1-топ 2-топ 3-топ
Аң аттарын буынға бөліп Буындардан сөз құра Жануарлар қалай
айтып көр. дыбыстайды?
Дескриптор: Аң аттарын буынға бөледі ,сөз құрайды,дыбыстайды.
6.
7. Жұптық жұмыс: Ойлан,жұптас, бөліс
Ребус шешу
Тапсырма : Суретте көрсетілген заттардың көмегімен қандай жаңа сөз
шығаруға болады.
+ =
Дескриптор: Суреттегі қандай зат екенін анықтайды,жаңа сөз шығарады.
10. Курс барысында жаңартылған білім беру бағдарламасының
аясында білім беру мазмұнын жаңартудың алғышарттарын,
пәндік бағдарламаның мақсаты мен міндеттерімен
таныстым.Қысқа мерзімді ,орта мерзімді оқу жоспарымен
жұмыс жасауды үйрендім.
Критериалды бағалаумен таныса отырып сабақта
бағалауды түсіндім. Бағалауды ықшам сабаққа салып сабақ
жоспарлауда қажетті ресурстарды тиімді пайдалануды
үйрендім.
Осы курстан түсінгенімді, білгенімді алдағы уақытта өз
тәжірибемде қолданамын.