SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  9
Оқушылардың кітап оқуға
қызығушылығын дамыту жолдары
Көркем шығарма-ақиқат өмірдің көрінісі. Онда нақты өмірдің ізі,
сәулесі, шындығы барынша көрсетіліп, суреттеледі. Мұнда қайталанбас
бейнесімен сомдалған кейіпкерлер әрекет етеді. Оқушылардың көркем
әдебиетке қызығушылығын ояту – жас жеткіншектердің туған еліне, ана
тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратындығы белгілі.
Бүгінгі таңда көкейкесті болып саналатын мәселелердің бірі-
оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының
төмендеуі мені мынадай сұрақтар бойынша ойлануға мәжбүр етті:
«Балалардың көркем әдебиет оқуға неге құлқы жоқ? Болашақта әлемнің
алдыңғы қатарлы елдерімен иық теңестіру үшін балаларымыздың кітап оқуы
қажет пе? Кітап оқымай-ақ компьютерді білумен де биіктерге жетеміз
дегендердің әрекеті дұрыс па? Көркем әдебиетті көп оқығаннан біз не
ұтамыз? Ұлтымыздың өткен өміріндегі жетістіктері сол ғылыммен бірге
көркем әдебиетті көп оқыған, ұлтымыздың барлық киелі қасиеттерін өз
бойларына сіңірген тұлғалардың арқасында қалыптасты емес пе?» Осы
сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізгенімде кейбір оқушыларым менің
пікіріммен келіспеді. «Қазір компьютермен кез-келген адам жұмыс істей
алады. Интернеттен қажетті мәліметтерді қиналмай-ақ табуға болады» деген
ойларын айтты. Оқушыларымның пікірі мен өз пікірімді ой таразысына сала
отырып, сандық технологияны меңгерудің де, көркем әдебиетті оқи білудің
де оқушының тұлғалық қалыптасуы үшін қажеттілігін былай
тұжырымдадым.
Компьютердің бала дамуына ықпалы Кітап оқудың бала дамуына ықпалы
Баланың техникалық сауаттылығы
артады.
Балада ептілік пайда
болады.Интернет арқылы әлемнің
түпкір-түпкірінен жаңалықтар мен
ғылыми деректер жинай алады. Ой
өрісі, таным деңгейі дамиды. Бос
уақыты көп болады.
Ұлттық сана-сезімі қалыптасады.
Баланың тіл байлығы дамиды. Жан-
жақты ойлау қабілеті артады. Қатесіз
жазу дағдысы қалыптасады.Өмірді
түсіне білуге деген көзқарасы
дамиды. Кейіпкерлер орнынаөзін қоя
отырып өмір жолын таңдайды.
Жақсылық пен жамандықтың ара
жігін ажырата алады. Әлем әдебиетін
оқу арқылы дүниежүзілік
оқиғалардан хабардар болады.
Мен осы мектепке келген күнімнен бастап «Осы алдымдағы оқушыларым
кітап оқи ма, не оқиды, нені оқығысы келеді?» деген ой туындап,
оқушыларымның көркем шығарма оқу қабілетін анықтау мақсатында 6-
сынып оқушыларымен сауалнама жүргіздім. «Кітап оқуды қай кезден
бастадың? Сенің отбасыңда көркем әдебиет оқырманы бар ма? Оқитын
кітабыңды қалай таңдайсың? Оқыған кітаптарыңның ішінен ерекше ұнағаны
бар ма? Көркем әдебиет оқуға сені не итермеледі?» Осы сұрақтарға
оқушылардан жауап алдым. Нәтижесінде Карина, Ақмарал, Жандос есімді
оқушыларымның көркем шығарма оқуға қызығушылықтары басым екенін
анықтадым. Бұлардың бәрі де- жақсы оқитын оқушылар.
Карина: «Мен кітап оқуды 2-сыныптан бастадым. Ертегілер оқуды
ұнататынмын. Отбасымызбен барлығы қолдары бос болса, кітап оқығысы
келеді. Олар, көбінесе, мен алып келген қызық кітаптарды өздерінің
талғамына сай оқиды. Мен кітапханаға жаңадан түскен, өзіме сыйға тартқан
және көп естіген кітаптарды таңдап оқимын. Оқыған кітаптарымның ішінде
маған ұнағандары М.Әуезовтің әңгімелері, Абай Құнанбаевтың өлеңдері,
Ә.Кекілбаевтың әңгімелері, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі, т.б.
кітаптар. Осы шығармалардың кейіпкерлеріне қызықтым, кітап оқуға ынтам
арта түсті. Абайдың өлеңдерін үнемі жаттап жүру үшін екі томдығын
мұғалімнің айтуымен сатып алдым.»
Ақмарал: «Мен кітапты 3-сыныптан бастап оқи бастадым. Алғашқы
оқыған кітабым «Қазақ ертегілері» жинағы болды. Біздің отбасымызда анам,
өзімнен үлкен апам кітап оқығанды жақсы көреді. Біз оқып жатқан әдебиет
пәнінен ақын-жазушылардың өмірін, шығармашылығын өткенде сол
авторлардыңбасқа да шығармаларымен танысқым келеді. Кейде біреулерден
естіген кітаптарды іздеп жүріп оқимын. Оқыған кітаптарымның ішінде
ерекше ұнағаны- З.Ахметованың «Шуақты күндер» кітабы. «Жақсы,
мазмұнды бір кітап оқыған-бір мектепті бітіргенмен тең»,-деп қазақтың
батыр ұлы Б.Момышұлы айтқандай, кітап оқудан ешқашан жалықпаймын.
Кітап қызықты болған сайын өзіңді сол кейіпкерлермен бірге жүргендей, сол
жандардың замандасындай сезінесің. Бауыржан атадай батыр болуға, ел
қорғаны болуға өзіңді тәрбиелейсің. «Шуақты күндерді» оқыған соң, алдағы
уақытта халқымыздың батыр ұлы Бауыржан туралы кітаптарды іздеп оқуды
мақсат етіп отырмын.»
Жандос: «Мен кітапты 4-сыныптан бастап оқи бастадым. Кітапты қолым бос
кезде ғана оқимын. Оқыған кітаптарымның ішінде маған ұнағаны- Жюль
Верннің «Он бес жасар капитан» романы. Бұл кітапты маған ағам сыйлаған.
Кітаптарды ауыл кітапханасынан алып оқимын. Маған саяхатшылар өмірі
туралы, кездейсоқ кездесетін шым-шытырық оқиғалы кітаптар ұнайды.
Біздің үйде қарындасым екеуіміз ғана кітап оқимыз.»
Оқушыларымның сауалнамаға берген жауаптарына қарап осы және басқа
да оқушыларымның көркем әдебиетке қызығушылығын одан әрі дамыту
үшін алдымен осы сыныпта Ә.Кекілбаевтің «Шыңырау» әңгімесі бойынша
әдебиет сабағын СТО технологиясының«Әдебиетүйірмесі» стратегиясымен
өткізуді жоспарладым. Ондағы мақсат:
1. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық
меңгерту;
2. Өз бетінше ізденуге баулу.
3. Кейіпкерлер әрекетін бағалай білу; әңгімені бүгінгі өмірмен
байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау;
Күтілетін нәтиже: өз бетінше көркем әдебиетті іздеп оқуға дағдыланады,
әңгіме мазмұнын меңгереді, ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады,
мәтіндегі оқиға арқылы Еңсептің ауыр еңбегі туралы біліп, су қадіріне көзін
жеткізеді. Құдық қазудың азабы туралы мағлұмат алады. Әңгімені талдай
отырып, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, адамгершілік пен төзімділікке,
қайырымдылыққа үйренеді. Әңгіме оқиғасын өмірмен байланыстырып,
салыстырып өз толғанысын қорытады.
Сабақты қызығушылықты оятудан бастадық: «Шыңырау» деген сөзді қалай
түсінесіңдер?
Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс істеп, ойларын ортаға салды.
Ақкүл:«Менің түсінігімде шыңырау таудың арасында болады деп
ойлаймын.»
Еламан: «Көз жетпейтін терең дегенді атамнан естігенмін.»
Венера: «Шыңырау деген сөзді бұрын естімеппін. Сыныптастарымнан
бірінші рет естідім. Шыңырау деген өте терең, құдық деген мағынаны
білдіреді екен.»
Мағынаны тану кезеңінде: Берілген нөмірлер арқылы оқушыларға рөлдер
берілді. Рөлдегі оқушылардың қызметі жайлы түсіндірілді:
1.Баяндаушы (Шығарма мазмұнын баяндайды.)
2.Ізденуші (Тақырып туралы ақпарат жинайды. Құдық, оның қажеттілігі
туралы мәлімет жинайды.)
3.Сұрақ қоюшы (Әңгіме негізінде сұрақтар дайындайды.)
4. Сілтеме табушы (Әңгіменің ең қызық жерін табады. Оны неге қызық деп
тапқанын түсіндіреді)
5.Бейнелеуші-суретші (Оқиға желісімен сурет салады)
6.Дәнекер (Әңгіме оқиғасын өмірмен байланыстырады)
Барлық оқушылар тапсырманы орындаубарысында әңгіме мазмұнымен де
танысып, өздеріне берілген міндеттерін де жауапкершілікпен атқарып
шықты.
Ізденуші болған Айдос: «Шыңырау деген сөз бұл әңгімеде құдыққа
байланысты айтылған. Бұрында қазіргідей су құбырлары болмағандықтан
құдықтыңадамдар үшін маңызы өте зор болғаны белгілі. Сондықтан елі үшін
Еңсеп батыр құдық қазып, елін шыңыраудың мөлдір суымен сусындатқан.
Құдықты шөл даладан қазу- шыңыраудан су тартқан Еңсептің қолынан ғана
келетін шаруа. Бұл оқиға өмірде болған ба, болмаған ба, білмеймін, бірақ
маған қатты ұнады.»
Сілтеме табушы Ақмарал: «Әңгіменің ең қызық жері- «...біреудің аялы
қолдары қос алақанын жайып, қағып алғандай. Басқа жеріне зақым тимеді.
Қақ маңдайынан бастап жып-жылы жұмсақ алақан сипап өтіп еді, көмейіне
қоймалжың бірдеңе құйылғандай болды. Мұны қағып алған бейтаныс
адамның да омырауы терге малшынып қалыпты. Біреу жүзіне телміре
төнгендей...» Бұл жерді қызық деп тапқан себебім- жазушы осы суреттеу
арқылы құдықтың түбінде қалған Еңсепті жасаған бейнетінің барлық
қиындығын ұмытып, басқа жаққа жақсы өмірге кеткендей суреттеген...»
Дәнекер қызметін атқарған Аида:« «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның
тіленбей» деген мақал Еңсепке арналмапты. Ол өзінің бейнетінің зейнетін
көрген жоқ. Еңсеп сияқты адамдар қазір біздің де арамызда бар. Біреулердің
жұмысын істеп, тапқаны күнделікті тамағына ғана жететін ағалар кездеседі.
Бірақ Еңсеп заманын қазірмен салыстыруға болмайды. Қазір жұмыс өте көп,
бірақ көп адам ауыр жұмыс істегісі келмейді... Мен жазушы айтқан қараңғы
мен жарықты былай түсіндім: кітапты көп оқып, біліміңді көбейтіп отырсаң,
қараңғылықта қалып қоймай, жарыққа жетесің, ал күнделікті біліміңді
толықтырмай, оқу оқымасаң, шыңырау түбінде қалып қойғандай боласың.»
Ойтолғаныс кезеңінде 1-топқа кейіпкерге (Еңсепке) хат жазу берілсе, 2-
топқа әңгімені өз ойларымен аяқтау тапсырылды. Сыныптың барлық
оқушысы бұл жұмысты да құлшыныспен орындады.
1-топ атынан Еламан: «Еңсеп, елі үшін тау көтерген Толағайды халқы
ұмытқан жоқ, солсияқты «Еңсеп қазған» шыңырауын қалдырған сені де елің
ұмытпайды. Шөл далада су аңсап келе жатқан адамдар сен қазған құдықтан
мейірлерін қандырып, мөлдір су шығарып берген саған мың алғыстарын
айтып, ерлігіңді еске алып отырады. «Ер ел үшін туады, ел үшін
өледі»дегендей, сен де қазақ халқының бір батыр ұлысың!»
2-топ атынан Менай: «Біз әңгімені былай аяқтар едік: ..Жүрегін қуаныш
кернеген Еңсеп қайта-қайта ұрғылай берді. Кенет сүймені тасқа тимей,
тесіктің өзіне түсті. Мол ашылған тастың саңылауынан мөлдір су атқылай
бастады. Еңсеп арқанды екі-үш жұлқылап үлгірді, жоғарыдағы жігіттер тарта
бастады. Еңсептің соңынан шыңырау ішіне тола бастаған су қуып келе
жатыр... Еңсептің еңбегі ақталып « Еңсеп қазған» құдығы мөлдір суға
лықылдады. Бұл өңірде одан асқан тәтті сулы құдық жоқ еді.»
Сабақ өткізгеннен кейін оқушыларыма оқитын кітаптарын таңдауға
көмектестім. Өзімнің жеке кітап қорымнан да кітаптар оқуды ұсындым.
Оқушылардың күннен-күнге кітап оқуға деген ынтасы арта түскенін бақылай
бастадым. Олар әрдайым өздері оқып жүрген кітаптары жайлы әңгімелесіп,
пікір таластырып отырды.
Мен оқушылардың бұрынғыға қарағанда кітап оқуы қандай дәрежеде
болғандығын анықтау мақсатында ақпан айында тағы да сауалнама
жүргіздім. Нәтижесінде үш оқушымның оқыған кітаптары көбейгеніне көзім
жетті. Енді осы үш оқушымның кітап оқу арқылы жеткен жетістігін басқа
сабақ беретін сыныптарыма үлгі ету мақсатында Оқу күнін өткіздім.
Тақырыбы: Кітап-ең жақсы дос.
Оқу күнін өткізу үшін мектеп кітапханасына жиналдық.
Қатысушылар: 5-9-сынып оқушылары.
Оқушылармен өткізілген оқу күнінің мақсаты: Көркем әдебиет оқуға
құштарлықтарын ояту, сол арқылы өмірді түсінетін, жан-жақты дамыған,
адал ұл-қыз тәрбиелеу.
Дамытушылық міндеттері: Кітапқа сүйіспеншілігін арттыру және дамыту,
ойлау және шығармашылық қабілеттерін, қиялын, есте сақтау қабілетін
дамыту және пікірін қалыптастыру, ойын еркін жеткізуін қолдау. Кітап оқу
арқылы өз-өзіне баға беруге үйрету.
Осындай мақсатпен өтілген оқу күні барысында оқушыларым өздері оқыған
кітаптарындағы кейіпкерлерге талдаулар жасады.
Тоғжан. Концептуалдық кесте
Кейіпкер Адамгершілік
қасиеті
Өмірге
көзқарасы
Кейіпкер
әрекетіне баға
О.Бөкеевтің
«Апамның
астауы»
әңгімесіндегі Апа
Көп сөйлемейтін,
дүниеде өсек-
аяңды, қулық-
сұмдықты
білмейтін,өз
ісімен ғана
жүретін, қақ-соғы
жоқ, инабатты
жуас жан. Тірі
пендеге тілі
тимеген, ораза-
намазы
бұзылмаған, өте
таза да тәкаппар
әйел. Саусағынан
өнер тамған.
Мықты да
ақылды еді.
Апам балаларды,
келіндерін, ауыл
адамдарын
құрметтеп,жақсы
көрді. 190-бетте
апам балаларына
болашақ туралы
өз ойын айтады.
Балаларының
болашағы жақсы
болатынын
болжаған.
Өте жоғары
Әлібек. «БҮҮ» кестесі
Білемін Үйрендім Үйренгім келеді
Т.Әлімқұловтың
«Қараой» әңгімесін оқи
Батырдың өмірінің
соңғы кезін Қараойда
Отағасынан айрылған
ана мен жетім қалған
отырып, Махамбеттің
басынан өткен
қиындықтарды білемін.
Махамбеттің Ықылас
деген туысының
қолынан мерт болғанын
білемін. Махамбеттің ел
қамын ойлаған
азаматығын, ерлігін,
қайсарлығын білемін.
жалғыз үй отырып
өткізуі себебін білдім.
Махамбеттің ерлік пен
қиындыққа толы өмірі,
батырдың сенгіштігі,
Ықыластың арамдығы
маған қатты әсер етті.
Махамбеттің бойындағы
жақсы қасиеттердің өз
бойымда болуын
қалаймын.
Нұрсұлтанның
Қараойдағы кейінгі
тағдыры туралы білгім
келеді. Махамбеттің
басын кескен
Ықыластың кейінгі
өмірі қалай өткенін
білгім келеді.
Жанерке. Оқырман кестесі.
Оқыған
кітаптың
авторы, аты
Бұл кітапты
не үшін
алдың?
Сүйікті
кейіпкерің?
Оқыған кезде
не сездің?
Жасаған
қорытындың?
Фариза
Оңғарсынова
«Шашы
ағарған қыз»
Фаризаны
ақын ретінде
танимын,
эссе,
повестерін де
оқығым
келді.
Кітаптың аты
да өзгеше
көрінді.
Фаризаның
өзі, Шынар,
Жахия, Әлия,
т.б.
Ақынның өзі,
туған жері
туралы, оны
қоршаған
қарапайым
еңбек
адамдарының
қиын да
қызық
тағдыры
туралы
білдім.
Білімділік,
махаббат,
жан
сұлулығын
сездім.
Фаризаның
өмірі, өнері,
өзі құштар
болған әлемі
туралы
жазғандары
маған қатты
әсер етті.
Оқушылар оқыған кітаптары туралы әңгімелеумен қатар өздері жазған
эсселерін, шығармаларын оқыды.
Ақгүл: «...Мен елу жылдығымды тойлауға қатыса алмаймын, бірақ өмірден
кеткенше қысылмай жететін жырлар жазып кеткем. Ол сендерді асырайды,
туған жерім Қарасаздың да атын әлемге жаяды. Сол өлеңдерді шашау
шығарма, соларды күт, балаларға бас ие бол, мықты едің ғой, одан да мықты
бол!» Қалай дәл айтылған.
Білемін, керемет бір күн келеді!
Жайнайды, жасыл бағым, гүлденеді.
Көремін, керемет бір күн кешемін,
Болашағым, сенімен бірге өсемін.
Мен сенің үніңменен үндесемін,
Мен сенің тіліңменен тілдесемін.
Сауық құрып бойында бір көшенің
Болашағым, сен тұрсаң, мен де өсемін!
Мен Мұқағали өлеңдеріне ғашықпын... Қазақ халқының Хантәңіріне
айналған Мұқағали елі-жұрты аманында халқымен қанаттасып, мәңгі
жасайтынына сенем.»
Айым: «Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы әңгімелерін оқи отырып, әр
әңгімеден Ананың махаббатын, ерлігін, нәзіктігін, қайсарлығын көрдім. Ана-
өмір тірегі, өмірді жалғастырушы, тіршіліктің мәні екендігін білдім.
Әңгімелердегі аналармен бірге қиналып, бірге қуандым.»
Жан: «Мен қасқырлар туралы кітаптарды жақсы көремін. Сондықтан
М.Әуезовтің «Көксерігін» оқыдым. Табиғат тепе-теңдігі бұзылса, адамдарға
жамандық келетінін қасқырдың өз иесі Құрмашты өлтіргенінен көруге
болады. «Дала тағысы қолға үйренбейді»,- деген атамның сөзіне дәлелді осы
кітаптан таптым. Енді шетелдік «Ақ азу» кітабын тауып оқуды мақсат етіп
отырмын.»
Оқушылар «Кейіпкерге хат» әдісі бойынша да бірнеше жұмыстар жасады.
Солардың бірі-6-сынып оқушысы Жанболаттың Ш.Мұртазаның «Тұтқын
бала» әңгімесіндегі Тұрарға арнап жазған хаты:
«Тұрар, сенің басыңнан өткен қиындықтардың бәрін білеміз. Намысы үшін
түрмеге түсіп, итжеккенге айдалған әкеңнің үмітін ақтап, ел азаматы
болатыныңды да сезем. Сен жалғыз емессің, біз Волгодонов мектебінің
балалары сені қолдауға әрқашан дайынбыз. Сен батыр баласың, әкеңнің атын
өшірмеу үшін жасаған ерлігіңе қосыламыз. Бронниковтің мінездерін өзіңе
өнеге етіп, өзіңді қайсарлыққа, білімділікке тәрбиеледің. Әке мен баланың
арасындағы махаббатты да сенің іс-әрекетіңнен көрдім. «Жақсы бала
жеткізеді мұратқа» дегендей, сен сияқты ақылды, білімді, алғыр болып ата-
анамды қуантқым келеді... Волгодонов мектебіндегі досың- Жанболат.»
Оқу күні оқушыларыма қандай ой тастады?
-оқыған шығармалары жүрек қылын қозғап, өздеріне сенім оятты;
- өздігінен кітап оқуға қызығушылықтары артты;
- өз ойларын, пікірлерін тыңдап, оны қорғай білді;
-өздеріне сын көзбен қарай білуді үйренді;
-әдеби тілде сөйлеуге үйренді;
-шығарманы талдай білуге машықтанды;
-ұжым болып жұмыс істеуде жақсы қарым-қатынас қалыптасты.
Кері байланыс парағында Еркегүл: «Бүгінгі күннен түйгенім көп.
Жүрегіме жылу беріп, санама ой туғызған, бойыма сезім ұялатқан Фариза
Оңғарсынованың өлеңдерімен оқу күнінде танысқаныма ризамын. Тағы да
осындай күн болса екен.»
Әлібек: «Мен өзіме бүгін жақсы дос таптым. Оныңаты- кітап. Бұрын да кітап
оқитынмын, бірақ бүгінгідей жан жүрегіммен оқымаппын. Жүсіпбек
Аймауытовтың бұрын білмейтін кітаптарымен танысып, оқыдым.»
Оқу күнін ұлы Абайдың :
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім- кітапта,
Ерінбей оқып көруге,-
деген сөзімен қорытындылай келе, кітаптың шебер ұстаз, тілсіз мұғалім, дос,
өзінің мазмұнымен нәр беруші, рухани қолдаушы екенін көрсеткім келді.
Өз ұлтының көркем шығармалары кәусәрінен қанып ішкен ұл мен қыз
ғана шын мәнінде елінің толыққанды мәдениетті азаматы болатынын естен
шығармағанымыз жөн. «Оқушы көркем әдебиетті неге оқымайды?» - деп
сауал тастап, шарқ ұрып жүрген әріптестеріме айтарым – бала оқиды, тек
«Қалауын тауып, қар жағу» өз қолымызда.

Contenu connexe

Tendances

үлгі каз-тіл-әдебрус-школ
үлгі каз-тіл-әдебрус-школүлгі каз-тіл-әдебрус-школ
үлгі каз-тіл-әдебрус-школSerjan Kasen
 
Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)Serjan Kasen
 
3223кеккекекууу
3223кеккекекууу3223кеккекекууу
3223кеккекекуууnurlan93kz
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмысnurbolat84
 
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеуотаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеуAsem Sarsembayeva
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер классAsem Sarsembayeva
 

Tendances (20)

Mugalf
MugalfMugalf
Mugalf
 
үлгі каз-тіл-әдебрус-школ
үлгі каз-тіл-әдебрус-школүлгі каз-тіл-әдебрус-школ
үлгі каз-тіл-әдебрус-школ
 
Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)Az t szh-lgisi (2)
Az t szh-lgisi (2)
 
3223кеккекекууу
3223кеккекекууу3223кеккекекууу
3223кеккекекууу
 
(1)3
  (1)3  (1)3
(1)3
 
с бит
с  битс  бит
с бит
 
Hjg
HjgHjg
Hjg
 
ғылыми жұмыс
ғылыми жұмысғылыми жұмыс
ғылыми жұмыс
 
Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»
Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»
Ахмет Әуезов. «Жас Мұхтар»
 
барышева л.№32мг
барышева л.№32мгбарышева л.№32мг
барышева л.№32мг
 
шахановвввв
шахановввввшахановвввв
шахановвввв
 
Gabitg
GabitgGabitg
Gabitg
 
абай. қарасөз
абай. қарасөзабай. қарасөз
абай. қарасөз
 
ыыыыы
ыыыыыыыыыы
ыыыыы
 
15 қара сөз
15 қара сөз15 қара сөз
15 қара сөз
 
Миуалы ағаш
Миуалы ағаш Миуалы ағаш
Миуалы ағаш
 
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеуотаншыл патриоттарды тәрбиелеу
отаншыл патриоттарды тәрбиелеу
 
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожалучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
лучшая презентацияб.соқпақбаев менің атым қожа
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер класс
 
Cccc
CcccCccc
Cccc
 

En vedette

En vedette (20)

1 желтоқсан президент күні слайд
1 желтоқсан президент күні слайд1 желтоқсан президент күні слайд
1 желтоқсан президент күні слайд
 
план урока алгебры обратная пропрорциональность 7 кл
план урока алгебры обратная пропрорциональность 7 клплан урока алгебры обратная пропрорциональность 7 кл
план урока алгебры обратная пропрорциональность 7 кл
 
презентация
презентацияпрезентация
презентация
 
ярмарка сценарий
ярмарка сценарийярмарка сценарий
ярмарка сценарий
 
подготовка к ент
подготовка к ентподготовка к ент
подготовка к ент
 
подлежащее
подлежащееподлежащее
подлежащее
 
права и обязанности рк
права и обязанности ркправа и обязанности рк
права и обязанности рк
 
этикет и мы (игра)
этикет и мы (игра)этикет и мы (игра)
этикет и мы (игра)
 
разработка урока алгебры функция 7 кл
разработка урока алгебры функция 7 клразработка урока алгебры функция 7 кл
разработка урока алгебры функция 7 кл
 
что где когда
что где когдачто где когда
что где когда
 
тест сұрақтары. 5 кл.
тест сұрақтары. 5 кл.тест сұрақтары. 5 кл.
тест сұрақтары. 5 кл.
 
қадыр мырза әлі
қадыр  мырза әлі қадыр  мырза әлі
қадыр мырза әлі
 
открытый урок 7 класс класс двудольные. семейство розоцветные
открытый урок 7 класс класс двудольные. семейство розоцветныеоткрытый урок 7 класс класс двудольные. семейство розоцветные
открытый урок 7 класс класс двудольные. семейство розоцветные
 
мру специфика принципов воспитания
мру специфика принципов воспитаниямру специфика принципов воспитания
мру специфика принципов воспитания
 
дневник наблюдений к факультативу флора и фауна родного края
дневник наблюдений к факультативу флора и фауна родного краядневник наблюдений к факультативу флора и фауна родного края
дневник наблюдений к факультативу флора и фауна родного края
 
этикет
этикетэтикет
этикет
 
книжка обучение через игру.
книжка обучение через игру.книжка обучение через игру.
книжка обучение через игру.
 
тесты и задания нового формата по истории казахстана для 6 класса
тесты   и задания  нового формата  по  истории  казахстана для  6  классатесты   и задания  нового формата  по  истории  казахстана для  6  класса
тесты и задания нового формата по истории казахстана для 6 класса
 
11111111111111
1111111111111111111111111111
11111111111111
 
лето весёлая пора
лето весёлая поралето весёлая пора
лето весёлая пора
 

Similaire à тукенова е. кітап оқуға қызығушылық

гүлмира шығаруп
гүлмира шығарупгүлмира шығаруп
гүлмира шығарупNurlan Abilhanov
 
дүниеге жар 7г
дүниеге жар 7гдүниеге жар 7г
дүниеге жар 7гoquzaman
 
абай қ қмж
абай қ қмжабай қ қмж
абай қ қмжoquzaman
 
113сыввыавыавы
113сыввыавыавы113сыввыавыавы
113сыввыавыавыnurlan93kz
 
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.pptssuser7a793e
 
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.pptssuser7a793e
 
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptxssuser7a793e
 
Bilingual Books for Kazakh Children
Bilingual Books for Kazakh ChildrenBilingual Books for Kazakh Children
Bilingual Books for Kazakh ChildrenCelia Emmelhainz
 
ашық сабақ ысмағұл жәния 2017
ашық сабақ  ысмағұл жәния 2017ашық сабақ  ысмағұл жәния 2017
ашық сабақ ысмағұл жәния 2017oquzaman
 
№2 Қазақтың Қанышы.pptx
№2  Қазақтың Қанышы.pptx№2  Қазақтың Қанышы.pptx
№2 Қазақтың Қанышы.pptxssuser7a793e
 

Similaire à тукенова е. кітап оқуға қызығушылық (20)

гүлмира шығаруп
гүлмира шығарупгүлмира шығаруп
гүлмира шығаруп
 
дүниеге жар 7г
дүниеге жар 7гдүниеге жар 7г
дүниеге жар 7г
 
7878fd
7878fd7878fd
7878fd
 
абай қ қмж
абай қ қмжабай қ қмж
абай қ қмж
 
ашық сабак айгуль 2 сынып
ашық сабак айгуль 2 сыныпашық сабак айгуль 2 сынып
ашық сабак айгуль 2 сынып
 
(1)656
  (1)656  (1)656
(1)656
 
113сыввыавыавы
113сыввыавыавы113сыввыавыавы
113сыввыавыавы
 
Wewe
WeweWewe
Wewe
 
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
 
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастырубес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
бес асыл іс өзін өзі ықпалдастыру
 
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
 
Зат есім
Зат есімЗат есім
Зат есім
 
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx
3-сабақ Қазақтың Қанышы.pptx
 
наушабекова ш.а. зар заман ашық сабақ (2)
наушабекова ш.а. зар заман ашық сабақ (2) наушабекова ш.а. зар заман ашық сабақ (2)
наушабекова ш.а. зар заман ашық сабақ (2)
 
Bilingual Books for Kazakh Children
Bilingual Books for Kazakh ChildrenBilingual Books for Kazakh Children
Bilingual Books for Kazakh Children
 
ашық сабақ ысмағұл жәния 2017
ашық сабақ  ысмағұл жәния 2017ашық сабақ  ысмағұл жәния 2017
ашық сабақ ысмағұл жәния 2017
 
орманның оянуы
орманның   оянуыорманның   оянуы
орманның оянуы
 
№2 Қазақтың Қанышы.pptx
№2  Қазақтың Қанышы.pptx№2  Қазақтың Қанышы.pptx
№2 Қазақтың Қанышы.pptx
 
Менің атым қожа
Менің атым қожаМенің атым қожа
Менің атым қожа
 
Tazwaaa
TazwaaaTazwaaa
Tazwaaa
 

Plus de Вспомогательный образовательный сайт

Plus de Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

тукенова е. кітап оқуға қызығушылық

  • 1.
  • 2. Оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын дамыту жолдары Көркем шығарма-ақиқат өмірдің көрінісі. Онда нақты өмірдің ізі, сәулесі, шындығы барынша көрсетіліп, суреттеледі. Мұнда қайталанбас бейнесімен сомдалған кейіпкерлер әрекет етеді. Оқушылардың көркем әдебиетке қызығушылығын ояту – жас жеткіншектердің туған еліне, ана тіліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратындығы белгілі. Бүгінгі таңда көкейкесті болып саналатын мәселелердің бірі- оқушылардың көркем әдебиет оқуға деген қызығушылығы мен ынтасының төмендеуі мені мынадай сұрақтар бойынша ойлануға мәжбүр етті: «Балалардың көркем әдебиет оқуға неге құлқы жоқ? Болашақта әлемнің алдыңғы қатарлы елдерімен иық теңестіру үшін балаларымыздың кітап оқуы қажет пе? Кітап оқымай-ақ компьютерді білумен де биіктерге жетеміз дегендердің әрекеті дұрыс па? Көркем әдебиетті көп оқығаннан біз не ұтамыз? Ұлтымыздың өткен өміріндегі жетістіктері сол ғылыммен бірге көркем әдебиетті көп оқыған, ұлтымыздың барлық киелі қасиеттерін өз бойларына сіңірген тұлғалардың арқасында қалыптасты емес пе?» Осы сұрақтар төңірегінде әңгіме жүргізгенімде кейбір оқушыларым менің пікіріммен келіспеді. «Қазір компьютермен кез-келген адам жұмыс істей алады. Интернеттен қажетті мәліметтерді қиналмай-ақ табуға болады» деген ойларын айтты. Оқушыларымның пікірі мен өз пікірімді ой таразысына сала отырып, сандық технологияны меңгерудің де, көркем әдебиетті оқи білудің де оқушының тұлғалық қалыптасуы үшін қажеттілігін былай тұжырымдадым. Компьютердің бала дамуына ықпалы Кітап оқудың бала дамуына ықпалы Баланың техникалық сауаттылығы артады. Балада ептілік пайда болады.Интернет арқылы әлемнің түпкір-түпкірінен жаңалықтар мен ғылыми деректер жинай алады. Ой өрісі, таным деңгейі дамиды. Бос уақыты көп болады. Ұлттық сана-сезімі қалыптасады. Баланың тіл байлығы дамиды. Жан- жақты ойлау қабілеті артады. Қатесіз жазу дағдысы қалыптасады.Өмірді түсіне білуге деген көзқарасы дамиды. Кейіпкерлер орнынаөзін қоя отырып өмір жолын таңдайды. Жақсылық пен жамандықтың ара жігін ажырата алады. Әлем әдебиетін оқу арқылы дүниежүзілік оқиғалардан хабардар болады. Мен осы мектепке келген күнімнен бастап «Осы алдымдағы оқушыларым кітап оқи ма, не оқиды, нені оқығысы келеді?» деген ой туындап, оқушыларымның көркем шығарма оқу қабілетін анықтау мақсатында 6- сынып оқушыларымен сауалнама жүргіздім. «Кітап оқуды қай кезден
  • 3. бастадың? Сенің отбасыңда көркем әдебиет оқырманы бар ма? Оқитын кітабыңды қалай таңдайсың? Оқыған кітаптарыңның ішінен ерекше ұнағаны бар ма? Көркем әдебиет оқуға сені не итермеледі?» Осы сұрақтарға оқушылардан жауап алдым. Нәтижесінде Карина, Ақмарал, Жандос есімді оқушыларымның көркем шығарма оқуға қызығушылықтары басым екенін анықтадым. Бұлардың бәрі де- жақсы оқитын оқушылар. Карина: «Мен кітап оқуды 2-сыныптан бастадым. Ертегілер оқуды ұнататынмын. Отбасымызбен барлығы қолдары бос болса, кітап оқығысы келеді. Олар, көбінесе, мен алып келген қызық кітаптарды өздерінің талғамына сай оқиды. Мен кітапханаға жаңадан түскен, өзіме сыйға тартқан және көп естіген кітаптарды таңдап оқимын. Оқыған кітаптарымның ішінде маған ұнағандары М.Әуезовтің әңгімелері, Абай Құнанбаевтың өлеңдері, Ә.Кекілбаевтың әңгімелері, Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повесі, т.б. кітаптар. Осы шығармалардың кейіпкерлеріне қызықтым, кітап оқуға ынтам арта түсті. Абайдың өлеңдерін үнемі жаттап жүру үшін екі томдығын мұғалімнің айтуымен сатып алдым.» Ақмарал: «Мен кітапты 3-сыныптан бастап оқи бастадым. Алғашқы оқыған кітабым «Қазақ ертегілері» жинағы болды. Біздің отбасымызда анам, өзімнен үлкен апам кітап оқығанды жақсы көреді. Біз оқып жатқан әдебиет пәнінен ақын-жазушылардың өмірін, шығармашылығын өткенде сол авторлардыңбасқа да шығармаларымен танысқым келеді. Кейде біреулерден естіген кітаптарды іздеп жүріп оқимын. Оқыған кітаптарымның ішінде ерекше ұнағаны- З.Ахметованың «Шуақты күндер» кітабы. «Жақсы, мазмұнды бір кітап оқыған-бір мектепті бітіргенмен тең»,-деп қазақтың батыр ұлы Б.Момышұлы айтқандай, кітап оқудан ешқашан жалықпаймын. Кітап қызықты болған сайын өзіңді сол кейіпкерлермен бірге жүргендей, сол жандардың замандасындай сезінесің. Бауыржан атадай батыр болуға, ел қорғаны болуға өзіңді тәрбиелейсің. «Шуақты күндерді» оқыған соң, алдағы уақытта халқымыздың батыр ұлы Бауыржан туралы кітаптарды іздеп оқуды мақсат етіп отырмын.» Жандос: «Мен кітапты 4-сыныптан бастап оқи бастадым. Кітапты қолым бос кезде ғана оқимын. Оқыған кітаптарымның ішінде маған ұнағаны- Жюль Верннің «Он бес жасар капитан» романы. Бұл кітапты маған ағам сыйлаған. Кітаптарды ауыл кітапханасынан алып оқимын. Маған саяхатшылар өмірі туралы, кездейсоқ кездесетін шым-шытырық оқиғалы кітаптар ұнайды. Біздің үйде қарындасым екеуіміз ғана кітап оқимыз.» Оқушыларымның сауалнамаға берген жауаптарына қарап осы және басқа да оқушыларымның көркем әдебиетке қызығушылығын одан әрі дамыту үшін алдымен осы сыныпта Ә.Кекілбаевтің «Шыңырау» әңгімесі бойынша әдебиет сабағын СТО технологиясының«Әдебиетүйірмесі» стратегиясымен өткізуді жоспарладым. Ондағы мақсат: 1. Көркем шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу, мазмұнын толық меңгерту; 2. Өз бетінше ізденуге баулу.
  • 4. 3. Кейіпкерлер әрекетін бағалай білу; әңгімені бүгінгі өмірмен байланыстыру; өзіндік көзқарас, пікірін қорғауға бағыттау; Күтілетін нәтиже: өз бетінше көркем әдебиетті іздеп оқуға дағдыланады, әңгіме мазмұнын меңгереді, ақпараттарды өз сөзімен жүйелі жеткізе алады, мәтіндегі оқиға арқылы Еңсептің ауыр еңбегі туралы біліп, су қадіріне көзін жеткізеді. Құдық қазудың азабы туралы мағлұмат алады. Әңгімені талдай отырып, еңбекқорлыққа, шыдамдылыққа, адамгершілік пен төзімділікке, қайырымдылыққа үйренеді. Әңгіме оқиғасын өмірмен байланыстырып, салыстырып өз толғанысын қорытады. Сабақты қызығушылықты оятудан бастадық: «Шыңырау» деген сөзді қалай түсінесіңдер? Оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс істеп, ойларын ортаға салды. Ақкүл:«Менің түсінігімде шыңырау таудың арасында болады деп ойлаймын.» Еламан: «Көз жетпейтін терең дегенді атамнан естігенмін.» Венера: «Шыңырау деген сөзді бұрын естімеппін. Сыныптастарымнан бірінші рет естідім. Шыңырау деген өте терең, құдық деген мағынаны білдіреді екен.» Мағынаны тану кезеңінде: Берілген нөмірлер арқылы оқушыларға рөлдер берілді. Рөлдегі оқушылардың қызметі жайлы түсіндірілді: 1.Баяндаушы (Шығарма мазмұнын баяндайды.) 2.Ізденуші (Тақырып туралы ақпарат жинайды. Құдық, оның қажеттілігі туралы мәлімет жинайды.) 3.Сұрақ қоюшы (Әңгіме негізінде сұрақтар дайындайды.) 4. Сілтеме табушы (Әңгіменің ең қызық жерін табады. Оны неге қызық деп тапқанын түсіндіреді) 5.Бейнелеуші-суретші (Оқиға желісімен сурет салады) 6.Дәнекер (Әңгіме оқиғасын өмірмен байланыстырады) Барлық оқушылар тапсырманы орындаубарысында әңгіме мазмұнымен де танысып, өздеріне берілген міндеттерін де жауапкершілікпен атқарып шықты. Ізденуші болған Айдос: «Шыңырау деген сөз бұл әңгімеде құдыққа байланысты айтылған. Бұрында қазіргідей су құбырлары болмағандықтан құдықтыңадамдар үшін маңызы өте зор болғаны белгілі. Сондықтан елі үшін Еңсеп батыр құдық қазып, елін шыңыраудың мөлдір суымен сусындатқан. Құдықты шөл даладан қазу- шыңыраудан су тартқан Еңсептің қолынан ғана келетін шаруа. Бұл оқиға өмірде болған ба, болмаған ба, білмеймін, бірақ маған қатты ұнады.» Сілтеме табушы Ақмарал: «Әңгіменің ең қызық жері- «...біреудің аялы қолдары қос алақанын жайып, қағып алғандай. Басқа жеріне зақым тимеді. Қақ маңдайынан бастап жып-жылы жұмсақ алақан сипап өтіп еді, көмейіне қоймалжың бірдеңе құйылғандай болды. Мұны қағып алған бейтаныс адамның да омырауы терге малшынып қалыпты. Біреу жүзіне телміре төнгендей...» Бұл жерді қызық деп тапқан себебім- жазушы осы суреттеу
  • 5. арқылы құдықтың түбінде қалған Еңсепті жасаған бейнетінің барлық қиындығын ұмытып, басқа жаққа жақсы өмірге кеткендей суреттеген...» Дәнекер қызметін атқарған Аида:« «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақал Еңсепке арналмапты. Ол өзінің бейнетінің зейнетін көрген жоқ. Еңсеп сияқты адамдар қазір біздің де арамызда бар. Біреулердің жұмысын істеп, тапқаны күнделікті тамағына ғана жететін ағалар кездеседі. Бірақ Еңсеп заманын қазірмен салыстыруға болмайды. Қазір жұмыс өте көп, бірақ көп адам ауыр жұмыс істегісі келмейді... Мен жазушы айтқан қараңғы мен жарықты былай түсіндім: кітапты көп оқып, біліміңді көбейтіп отырсаң, қараңғылықта қалып қоймай, жарыққа жетесің, ал күнделікті біліміңді толықтырмай, оқу оқымасаң, шыңырау түбінде қалып қойғандай боласың.» Ойтолғаныс кезеңінде 1-топқа кейіпкерге (Еңсепке) хат жазу берілсе, 2- топқа әңгімені өз ойларымен аяқтау тапсырылды. Сыныптың барлық оқушысы бұл жұмысты да құлшыныспен орындады. 1-топ атынан Еламан: «Еңсеп, елі үшін тау көтерген Толағайды халқы ұмытқан жоқ, солсияқты «Еңсеп қазған» шыңырауын қалдырған сені де елің ұмытпайды. Шөл далада су аңсап келе жатқан адамдар сен қазған құдықтан мейірлерін қандырып, мөлдір су шығарып берген саған мың алғыстарын айтып, ерлігіңді еске алып отырады. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі»дегендей, сен де қазақ халқының бір батыр ұлысың!» 2-топ атынан Менай: «Біз әңгімені былай аяқтар едік: ..Жүрегін қуаныш кернеген Еңсеп қайта-қайта ұрғылай берді. Кенет сүймені тасқа тимей, тесіктің өзіне түсті. Мол ашылған тастың саңылауынан мөлдір су атқылай бастады. Еңсеп арқанды екі-үш жұлқылап үлгірді, жоғарыдағы жігіттер тарта бастады. Еңсептің соңынан шыңырау ішіне тола бастаған су қуып келе жатыр... Еңсептің еңбегі ақталып « Еңсеп қазған» құдығы мөлдір суға лықылдады. Бұл өңірде одан асқан тәтті сулы құдық жоқ еді.» Сабақ өткізгеннен кейін оқушыларыма оқитын кітаптарын таңдауға көмектестім. Өзімнің жеке кітап қорымнан да кітаптар оқуды ұсындым. Оқушылардың күннен-күнге кітап оқуға деген ынтасы арта түскенін бақылай бастадым. Олар әрдайым өздері оқып жүрген кітаптары жайлы әңгімелесіп, пікір таластырып отырды. Мен оқушылардың бұрынғыға қарағанда кітап оқуы қандай дәрежеде болғандығын анықтау мақсатында ақпан айында тағы да сауалнама жүргіздім. Нәтижесінде үш оқушымның оқыған кітаптары көбейгеніне көзім жетті. Енді осы үш оқушымның кітап оқу арқылы жеткен жетістігін басқа сабақ беретін сыныптарыма үлгі ету мақсатында Оқу күнін өткіздім. Тақырыбы: Кітап-ең жақсы дос.
  • 6. Оқу күнін өткізу үшін мектеп кітапханасына жиналдық. Қатысушылар: 5-9-сынып оқушылары. Оқушылармен өткізілген оқу күнінің мақсаты: Көркем әдебиет оқуға құштарлықтарын ояту, сол арқылы өмірді түсінетін, жан-жақты дамыған, адал ұл-қыз тәрбиелеу. Дамытушылық міндеттері: Кітапқа сүйіспеншілігін арттыру және дамыту, ойлау және шығармашылық қабілеттерін, қиялын, есте сақтау қабілетін дамыту және пікірін қалыптастыру, ойын еркін жеткізуін қолдау. Кітап оқу арқылы өз-өзіне баға беруге үйрету. Осындай мақсатпен өтілген оқу күні барысында оқушыларым өздері оқыған кітаптарындағы кейіпкерлерге талдаулар жасады. Тоғжан. Концептуалдық кесте Кейіпкер Адамгершілік қасиеті Өмірге көзқарасы Кейіпкер әрекетіне баға О.Бөкеевтің «Апамның астауы» әңгімесіндегі Апа Көп сөйлемейтін, дүниеде өсек- аяңды, қулық- сұмдықты білмейтін,өз ісімен ғана жүретін, қақ-соғы жоқ, инабатты жуас жан. Тірі пендеге тілі тимеген, ораза- намазы бұзылмаған, өте таза да тәкаппар әйел. Саусағынан өнер тамған. Мықты да ақылды еді. Апам балаларды, келіндерін, ауыл адамдарын құрметтеп,жақсы көрді. 190-бетте апам балаларына болашақ туралы өз ойын айтады. Балаларының болашағы жақсы болатынын болжаған. Өте жоғары Әлібек. «БҮҮ» кестесі Білемін Үйрендім Үйренгім келеді Т.Әлімқұловтың «Қараой» әңгімесін оқи Батырдың өмірінің соңғы кезін Қараойда Отағасынан айрылған ана мен жетім қалған
  • 7. отырып, Махамбеттің басынан өткен қиындықтарды білемін. Махамбеттің Ықылас деген туысының қолынан мерт болғанын білемін. Махамбеттің ел қамын ойлаған азаматығын, ерлігін, қайсарлығын білемін. жалғыз үй отырып өткізуі себебін білдім. Махамбеттің ерлік пен қиындыққа толы өмірі, батырдың сенгіштігі, Ықыластың арамдығы маған қатты әсер етті. Махамбеттің бойындағы жақсы қасиеттердің өз бойымда болуын қалаймын. Нұрсұлтанның Қараойдағы кейінгі тағдыры туралы білгім келеді. Махамбеттің басын кескен Ықыластың кейінгі өмірі қалай өткенін білгім келеді. Жанерке. Оқырман кестесі. Оқыған кітаптың авторы, аты Бұл кітапты не үшін алдың? Сүйікті кейіпкерің? Оқыған кезде не сездің? Жасаған қорытындың? Фариза Оңғарсынова «Шашы ағарған қыз» Фаризаны ақын ретінде танимын, эссе, повестерін де оқығым келді. Кітаптың аты да өзгеше көрінді. Фаризаның өзі, Шынар, Жахия, Әлия, т.б. Ақынның өзі, туған жері туралы, оны қоршаған қарапайым еңбек адамдарының қиын да қызық тағдыры туралы білдім. Білімділік, махаббат, жан сұлулығын сездім. Фаризаның өмірі, өнері, өзі құштар болған әлемі туралы жазғандары маған қатты әсер етті. Оқушылар оқыған кітаптары туралы әңгімелеумен қатар өздері жазған эсселерін, шығармаларын оқыды. Ақгүл: «...Мен елу жылдығымды тойлауға қатыса алмаймын, бірақ өмірден кеткенше қысылмай жететін жырлар жазып кеткем. Ол сендерді асырайды, туған жерім Қарасаздың да атын әлемге жаяды. Сол өлеңдерді шашау шығарма, соларды күт, балаларға бас ие бол, мықты едің ғой, одан да мықты бол!» Қалай дәл айтылған.
  • 8. Білемін, керемет бір күн келеді! Жайнайды, жасыл бағым, гүлденеді. Көремін, керемет бір күн кешемін, Болашағым, сенімен бірге өсемін. Мен сенің үніңменен үндесемін, Мен сенің тіліңменен тілдесемін. Сауық құрып бойында бір көшенің Болашағым, сен тұрсаң, мен де өсемін! Мен Мұқағали өлеңдеріне ғашықпын... Қазақ халқының Хантәңіріне айналған Мұқағали елі-жұрты аманында халқымен қанаттасып, мәңгі жасайтынына сенем.» Айым: «Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы әңгімелерін оқи отырып, әр әңгімеден Ананың махаббатын, ерлігін, нәзіктігін, қайсарлығын көрдім. Ана- өмір тірегі, өмірді жалғастырушы, тіршіліктің мәні екендігін білдім. Әңгімелердегі аналармен бірге қиналып, бірге қуандым.» Жан: «Мен қасқырлар туралы кітаптарды жақсы көремін. Сондықтан М.Әуезовтің «Көксерігін» оқыдым. Табиғат тепе-теңдігі бұзылса, адамдарға жамандық келетінін қасқырдың өз иесі Құрмашты өлтіргенінен көруге болады. «Дала тағысы қолға үйренбейді»,- деген атамның сөзіне дәлелді осы кітаптан таптым. Енді шетелдік «Ақ азу» кітабын тауып оқуды мақсат етіп отырмын.» Оқушылар «Кейіпкерге хат» әдісі бойынша да бірнеше жұмыстар жасады. Солардың бірі-6-сынып оқушысы Жанболаттың Ш.Мұртазаның «Тұтқын бала» әңгімесіндегі Тұрарға арнап жазған хаты: «Тұрар, сенің басыңнан өткен қиындықтардың бәрін білеміз. Намысы үшін түрмеге түсіп, итжеккенге айдалған әкеңнің үмітін ақтап, ел азаматы болатыныңды да сезем. Сен жалғыз емессің, біз Волгодонов мектебінің балалары сені қолдауға әрқашан дайынбыз. Сен батыр баласың, әкеңнің атын өшірмеу үшін жасаған ерлігіңе қосыламыз. Бронниковтің мінездерін өзіңе өнеге етіп, өзіңді қайсарлыққа, білімділікке тәрбиеледің. Әке мен баланың арасындағы махаббатты да сенің іс-әрекетіңнен көрдім. «Жақсы бала жеткізеді мұратқа» дегендей, сен сияқты ақылды, білімді, алғыр болып ата- анамды қуантқым келеді... Волгодонов мектебіндегі досың- Жанболат.» Оқу күні оқушыларыма қандай ой тастады? -оқыған шығармалары жүрек қылын қозғап, өздеріне сенім оятты; - өздігінен кітап оқуға қызығушылықтары артты; - өз ойларын, пікірлерін тыңдап, оны қорғай білді; -өздеріне сын көзбен қарай білуді үйренді; -әдеби тілде сөйлеуге үйренді; -шығарманы талдай білуге машықтанды; -ұжым болып жұмыс істеуде жақсы қарым-қатынас қалыптасты. Кері байланыс парағында Еркегүл: «Бүгінгі күннен түйгенім көп. Жүрегіме жылу беріп, санама ой туғызған, бойыма сезім ұялатқан Фариза
  • 9. Оңғарсынованың өлеңдерімен оқу күнінде танысқаныма ризамын. Тағы да осындай күн болса екен.» Әлібек: «Мен өзіме бүгін жақсы дос таптым. Оныңаты- кітап. Бұрын да кітап оқитынмын, бірақ бүгінгідей жан жүрегіммен оқымаппын. Жүсіпбек Аймауытовтың бұрын білмейтін кітаптарымен танысып, оқыдым.» Оқу күнін ұлы Абайдың : Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл, терең білуге. Артық білім- кітапта, Ерінбей оқып көруге,- деген сөзімен қорытындылай келе, кітаптың шебер ұстаз, тілсіз мұғалім, дос, өзінің мазмұнымен нәр беруші, рухани қолдаушы екенін көрсеткім келді. Өз ұлтының көркем шығармалары кәусәрінен қанып ішкен ұл мен қыз ғана шын мәнінде елінің толыққанды мәдениетті азаматы болатынын естен шығармағанымыз жөн. «Оқушы көркем әдебиетті неге оқымайды?» - деп сауал тастап, шарқ ұрып жүрген әріптестеріме айтарым – бала оқиды, тек «Қалауын тауып, қар жағу» өз қолымызда.