SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  6
№65 жалпы білім беретін орта мектебі
АШЫҚ САБАҚ
Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу.
8 сынып
Пән мұғалімі: Жумабекова А.Б.
Қарағанды 2017
Сынып:8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Құрақ тігу.Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу.
Сабақтың мақсаты: Құрақ туралы мағлұмат беру.
Білімділік: Мата қиындыларынан түрлі қиықтар тігіп үйрену.Құрақ
қиындыларын әзірлеуді, мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні пайдаланып қиюды,
дұрыс біріктіріп үйрену.
Дамытушылық : Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру,
эскизді матаға сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ қиындыларын біріктіру,
құрақ құрауға деген ептілік, икемділігін дамыту.
Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке,
ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық, ойлау қабілеті
терең дамыған тұлға тәрбиелеу
Пәнаралықбайланыс:Геометрия, сызу,бейнелеу, математика.
Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақтың барысы:.
I.Ұйымдастыру бөлімі:
Амандасу, тексеру, сабаққа дайындығын тексеру.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Ұлттық қолөнерінің түрлері:Тақырыбы бойынша сынып оқушыларын екі топқа
болемін.
Бірінші топ « Шебер қолдар»,
Екінші топ « Өнерпаздар ».
Екі топ өздерінің білімдерін ортаға салу мақсатында « Сөз мерген » сайысын
бастайды. Бұл сайыстың ережесіқазақ халқынында көп қолданылатын сөздерге мақал
–мәтел құрап , түсіндіру.
Шебер – шебер деп қолөнерді жан-жақты меңгерген, қолөнерде өз қолтаңбасы
бар адамды айтады.
«Шебердің қолы көпке ортақ ».
Шеберді шеге қағысынан таны.
Өнерпаз- өнерпаз сөзі өнерсүйгіш, өнердің кез – келген саласын меңгерген
адамға байланысты айтылады.»
Өнерлі өрге жүзер.
Өнерлінің өрісі ұзақ.
Жігіт көркі – өнер.
Өнер алды қызыл тіл.
Өнерліге есік ашық.
Өнер өрге жүзгізеді.
ІІІ. Кіріспе бөлімі:Құрақ туралы түсінік.Ертеден келе жатқан қолөнердің бір
түрі- құрақ құрау. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500-3000
жылдар бұрын дамып, тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері
белгілі бір наным-сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз қолына түскен
мата қалдықтарын тастамай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін — жаңа
туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан
шапан, тақия дайындайтын. Құрақ — сан қилы қиықтан құрастырылады. Құрақтың
ерекшелігі — ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен
құрастырылып тігіледі. Құрастырылатын мата таза, тегіс үтіктелген болуы керек.
Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдылығына қарай бірыңғай іріктелініп
алынады.Жалпы қазіргі тұрмысымызға құрақтың көптеген түрлерін пайдалануымызға
болады. Мысалы орындықтарға, жиҺаздар бетіне, диванға, креслоға, т.б. әсемдеп
тігілген үлкенді-кішілі құрақ көрпешелер, төр көрпелер әрбір үйге сән берері сөзсіз.
Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі.Құрақ
дегеніміз шығынсызөнім жасаудың бір түрі.
Құрақ түрлері:
Геометриялық Зооморфты Өсімдіктектес Тұрмыстық Космогоникалық
Тұрмыста құрақтың қолданылуы
Панно Жапқыш Көрпе Көпшік
Қоржын Аяққап Жастық Жерге төсеуіш
Жұмыс басталмас бұрын оқушыларға қауіпсіздік ережесін есіне түсіру.
Техникалық қауіпсіздік ережелері:
1.Қол инесімен жұмыс:
 Инені киімге қыстыруға болмайды.
 Инені арнаулы қобдишада сақтау керек
 Ине жібін тіспен үзуге болмайды
 Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс
 Инені жіпсіз тастауға болмайды
2.Қайшымен жұмыс жасаған кезде:
 Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек
 Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.
 Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.
 Қайшымен жұмыс кезінде жолдасыңның көңілін бөлме.
 Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды
3. Үтікпен жұмыс:
 Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген жерлерін тексер.
 Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.
 Үтікті арнайы тіреуішке қою керек
 Үтікті тұтқасынан ұста
 Үтікті мұғалімнің рұқсатымен токқа қосуға болады
 Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды
ІV. Сарамандық жұмыс :
Құрақтан жасалған бұйымдар
Нұсқау картасы
Гүл өрнегінінің сызбасын орындау реттілігі
.
Технологиялық карта
.
№
Жұмыстың орындалуы
Қажетті заттар
1
1
Материал дайындау Мата қиындысы
2
2
Үлгінідайындау Картон, қайшы
3
3
Құрақты қырқып дайындау Қайшы, бор, үлгі
4
4
Көктептігу Ине-жіп, тігін машинасы
5
5
Тұмарша дайындау Мата қалдығы
6
6
Құрақ көрпешені астарлау Мата, ине-жіп
7
7
Бұйымды мақта салып аяқтау Ине-жіп, мата
№ Орындалу тәртібі Сызбасы Құрал-жабдықтар
1
1
Текше сызу Жұқа қатырма
қағаз,сызғыш,қарындаш
2
2
Екшенің ортасын анықтау
үшін диоганал сызық
жүргізу
Жұқа қатырма
қағаз,сызғыш,қарындаш
3
3
Ортаңғы нүкте арқылы
өтетін қарама-қарсы
қабырғаларды қосатын
сызықтармен текшені
тігінен және көлденең екіге
бөлу
Жұқа қатырма
қағаз,сызғыш,қарындаш
4
4
Гүл өрнегін
ерекшелеп,бояу
Жұқа қатырма
қағаз,сызғыш,қарындаш,флома
стер, маркер
 Технологиялық карта бойынша тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын
тексеру.
 Кемшіліктерін түзету, көмектесу.
 Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.
 Жұмыс арасында ой бөлісу,ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып,мақал-
мәтелдер, жұмбақтар айту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру.
V.Ой толғаныс кезеңі
Мақалдың жалғасын тап
1.Еңбектіңнанытәтті, … (жалқаудыңжанытәтті)
2.Еріншектің … (ертеңітаусылмас)
3.Көз қорқақ, … (қол батыр)
4.Еңбек етсең … (емерсің)
5.Өнерлі … (өрге жүзер)
6.Атакөргеноқжонар, … ( анакөрген тон пішер)
7.Жеті ретөлшеп, … (бір реткес)
8.Өнерлінің қолы алтын, … (өлеңшінің сөзі алтын)
9.Еңбекеүйренеміндесеңерінбе, … (өнергеүйренеміндесеңжерінбе)
10.Талаппен бастап …. (талғаммен аяқта)
VI.Қорытындылау.
ҮIІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып
сұрақтарға жауап беруіне және сарамандық жұмыстарына қарай білімдерін бағалау.
VIII. Үйге тапсырма. Құрақты аяқтап тігу, қиялдарыңыздағы құрақ түріне мата,
ине - жіп алып келу.

Contenu connexe

Tendances

10 сынып пример 400
10 сынып  пример 40010 сынып  пример 400
10 сынып пример 400
nurlan93kz
 

Tendances (6)

10 сынып пример 400
10 сынып  пример 40010 сынып  пример 400
10 сынып пример 400
 
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
№68 мибб абдильдина м.к. сөйлеуді дамыту.
 
Қызылорда қаласы  Ы Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің  технология пән...
Қызылорда қаласы  Ы Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің   технология  пән...Қызылорда қаласы  Ы Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің   технология  пән...
Қызылорда қаласы  Ы Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейдің  технология пән...
 
айбекова ғылыми 15 сш docx
айбекова ғылыми 15 сш docxайбекова ғылыми 15 сш docx
айбекова ғылыми 15 сш docx
 
әріптер сыры
әріптер сырыәріптер сыры
әріптер сыры
 
9663sdsddssd
9663sdsddssd9663sdsddssd
9663sdsddssd
 

Plus de Asem Sarsembayeva

Plus de Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

курак курау 8ә

  • 1. №65 жалпы білім беретін орта мектебі АШЫҚ САБАҚ Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу. 8 сынып Пән мұғалімі: Жумабекова А.Б. Қарағанды 2017
  • 2. Сынып:8 сынып Сабақтың тақырыбы: Құрақ тігу.Құрақ құрау әдісімен көрпе тігу. Сабақтың мақсаты: Құрақ туралы мағлұмат беру. Білімділік: Мата қиындыларынан түрлі қиықтар тігіп үйрену.Құрақ қиындыларын әзірлеуді, мата түстерін таңдай білуді, дайын үлгіні пайдаланып қиюды, дұрыс біріктіріп үйрену. Дамытушылық : Оқушылардың ұлттық бұйымға қызығушылығын арттыру, эскизді матаға сыздыру, эскиз бойынша матаны қию, құрақ қиындыларын біріктіру, құрақ құрауға деген ептілік, икемділігін дамыту. Тәрбиелік: Халқының өнерін, салт-дәстүрін бағалай білуге, әсемдікке, ұқыптылыққа, төзімділікке баулу.Құрақ құрау өнері арқылы эстетикалық, ойлау қабілеті терең дамыған тұлға тәрбиелеу Пәнаралықбайланыс:Геометрия, сызу,бейнелеу, математика. Сабақтың әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс. Сабақтың барысы:. I.Ұйымдастыру бөлімі: Амандасу, тексеру, сабаққа дайындығын тексеру. ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Ұлттық қолөнерінің түрлері:Тақырыбы бойынша сынып оқушыларын екі топқа болемін. Бірінші топ « Шебер қолдар», Екінші топ « Өнерпаздар ». Екі топ өздерінің білімдерін ортаға салу мақсатында « Сөз мерген » сайысын бастайды. Бұл сайыстың ережесіқазақ халқынында көп қолданылатын сөздерге мақал –мәтел құрап , түсіндіру. Шебер – шебер деп қолөнерді жан-жақты меңгерген, қолөнерде өз қолтаңбасы бар адамды айтады. «Шебердің қолы көпке ортақ ». Шеберді шеге қағысынан таны. Өнерпаз- өнерпаз сөзі өнерсүйгіш, өнердің кез – келген саласын меңгерген адамға байланысты айтылады.» Өнерлі өрге жүзер. Өнерлінің өрісі ұзақ. Жігіт көркі – өнер. Өнер алды қызыл тіл. Өнерліге есік ашық. Өнер өрге жүзгізеді. ІІІ. Кіріспе бөлімі:Құрақ туралы түсінік.Ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі- құрақ құрау. Құрақ құрау әдісі көшпенді халық арасында осыдан 2500-3000 жылдар бұрын дамып, тарады. Құрақ «құрау» деген сөзден алынған. Құрақ өнері белгілі бір наным-сенім негізінде пайда болуы да мүмкін. Әжелеріміз қолына түскен мата қалдықтарын тастамай, іске жаратып отырған. Жаман рухтан қорғау үшін — жаңа туған сәбиге көйлекті қырық құрақтан тігетін, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапан, тақия дайындайтын. Құрақ — сан қилы қиықтан құрастырылады. Құрақтың ерекшелігі — ол негізінен мата қиындыларынан геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі. Құрастырылатын мата таза, тегіс үтіктелген болуы керек. Құраққа пайдаланылатын мата жұқа, қалыңдылығына қарай бірыңғай іріктелініп алынады.Жалпы қазіргі тұрмысымызға құрақтың көптеген түрлерін пайдалануымызға болады. Мысалы орындықтарға, жиҺаздар бетіне, диванға, креслоға, т.б. әсемдеп тігілген үлкенді-кішілі құрақ көрпешелер, төр көрпелер әрбір үйге сән берері сөзсіз.
  • 3. Құрақ құрау бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер түрі.Құрақ дегеніміз шығынсызөнім жасаудың бір түрі. Құрақ түрлері: Геометриялық Зооморфты Өсімдіктектес Тұрмыстық Космогоникалық Тұрмыста құрақтың қолданылуы Панно Жапқыш Көрпе Көпшік
  • 4. Қоржын Аяққап Жастық Жерге төсеуіш Жұмыс басталмас бұрын оқушыларға қауіпсіздік ережесін есіне түсіру. Техникалық қауіпсіздік ережелері: 1.Қол инесімен жұмыс:  Инені киімге қыстыруға болмайды.  Инені арнаулы қобдишада сақтау керек  Ине жібін тіспен үзуге болмайды  Инемен жұмыс кезінде оймақ киген дұрыс  Инені жіпсіз тастауға болмайды 2.Қайшымен жұмыс жасаған кезде:  Қайшыны арнаулы қобдишада сақтау керек  Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме.  Қайшыны ашық қалдыруға болмайды.  Қайшымен жұмыс кезінде жолдасыңның көңілін бөлме.  Қайшыны ойыншық ретінде пайдалануға болмайды 3. Үтікпен жұмыс:  Үтіктеу алдында өткізгіштің үзілген, желінген жерлерін тексер.  Үтікті мата түріне қарай қыздыру керек.  Үтікті арнайы тіреуішке қою керек  Үтікті тұтқасынан ұста  Үтікті мұғалімнің рұқсатымен токқа қосуға болады  Ылғал қолмен токқа қосылған үтікті ұстауға болмайды ІV. Сарамандық жұмыс : Құрақтан жасалған бұйымдар
  • 5. Нұсқау картасы Гүл өрнегінінің сызбасын орындау реттілігі . Технологиялық карта . № Жұмыстың орындалуы Қажетті заттар 1 1 Материал дайындау Мата қиындысы 2 2 Үлгінідайындау Картон, қайшы 3 3 Құрақты қырқып дайындау Қайшы, бор, үлгі 4 4 Көктептігу Ине-жіп, тігін машинасы 5 5 Тұмарша дайындау Мата қалдығы 6 6 Құрақ көрпешені астарлау Мата, ине-жіп 7 7 Бұйымды мақта салып аяқтау Ине-жіп, мата № Орындалу тәртібі Сызбасы Құрал-жабдықтар 1 1 Текше сызу Жұқа қатырма қағаз,сызғыш,қарындаш 2 2 Екшенің ортасын анықтау үшін диоганал сызық жүргізу Жұқа қатырма қағаз,сызғыш,қарындаш 3 3 Ортаңғы нүкте арқылы өтетін қарама-қарсы қабырғаларды қосатын сызықтармен текшені тігінен және көлденең екіге бөлу Жұқа қатырма қағаз,сызғыш,қарындаш 4 4 Гүл өрнегін ерекшелеп,бояу Жұқа қатырма қағаз,сызғыш,қарындаш,флома стер, маркер
  • 6.  Технологиялық карта бойынша тапсырманы дұрыс орындап жатқандықтарын тексеру.  Кемшіліктерін түзету, көмектесу.  Қауіпсіздік ережелерінің сақталуын қадағалау.  Жұмыс арасында ой бөлісу,ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып,мақал- мәтелдер, жұмбақтар айту арқылы пәнге қызығушылығын арттыру. V.Ой толғаныс кезеңі Мақалдың жалғасын тап 1.Еңбектіңнанытәтті, … (жалқаудыңжанытәтті) 2.Еріншектің … (ертеңітаусылмас) 3.Көз қорқақ, … (қол батыр) 4.Еңбек етсең … (емерсің) 5.Өнерлі … (өрге жүзер) 6.Атакөргеноқжонар, … ( анакөрген тон пішер) 7.Жеті ретөлшеп, … (бір реткес) 8.Өнерлінің қолы алтын, … (өлеңшінің сөзі алтын) 9.Еңбекеүйренеміндесеңерінбе, … (өнергеүйренеміндесеңжерінбе) 10.Талаппен бастап …. (талғаммен аяқта) VI.Қорытындылау. ҮIІ. Оқушылардың білімін бағалау. Оқушылардың сабаққа белсене қатысып сұрақтарға жауап беруіне және сарамандық жұмыстарына қарай білімдерін бағалау. VIII. Үйге тапсырма. Құрақты аяқтап тігу, қиялдарыңыздағы құрақ түріне мата, ине - жіп алып келу.