SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  3
АУТИЗМ – ПСИХИКАЛЫҚ АУЫТҚУ
№6 «Алданыш» балабақшасы КМҚК,Қарағанды қаласы,
тәрбиеші Яхия Г.Я.
Аутизм – кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан
айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын
тудыратын психикалық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл –
психикалық дамудың бұзылуы: шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету,
немқұрайлылық немесе сыртқы құбылыстарға жауапты қимыл әрекеттердің
болмауы. Мұндай балалар ортамен қарым-қатынаста үлкен сезімталдық
танытады. Баланың миныа келіп түскен ақпараттарды оның миы
қабылдамайды, себебі миның сенсорлық жүйелері дұрыс істемейді. Есесіне,
бала көптеп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды.
Мамандар бұны былай түсіндіреді: дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті,
аутист бала қорғану механизмін құруға жұмсайды. Сол себепті, үнемі өз
әлемінде, ешкіммен жұмысы жоқ болады, тіпті ең жақын адамы болатын
анасымен байланысуға қорқады
Аутизмнің пайда болуына не әсер етеді? Аутизмнің пайда болу
себептерін түсіндіретін нақты дәлелденген ақпараттар өте аз. Бұрынырақ
балаларға қызылшаға және шошқаборлыққа (свинка) қарсы егілетін
вакцинацияның салдарынан пайда болады деген болжам бар еді. Бірақ уақыт
өтісімен, көптеген зерттеулер нәтижесінде бұл болжам жоққа шығарылды. Ал
психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму кезеңіндегі «ата-ананың
эмоциялық салқындығы» да себеп болады. ғалымдардың ең соңғы мәліметтері
бойынша, аутизмге ұшыраған балалардың тумыстан миының дамуында кінарат
(мидың бір бөлігі нашар дамыса, екінші бір бөлігі өте жақсы дамыған,
хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі
өзгерістер) бар екені анықталды. Гендік өзгерістердің пайда болуына, жүкті
кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның қолайсыз экологиялық жағдайы,
стрестер әсер етеді. Әдетте, бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы
бұзылады. Олардың қанының құрамында ерекше белоктар анықталған. Бұл
жерде тұқым қуалаушылықтың да маңызы зор.
Аутизмнің белгілері. Белгілері баланың үш жасына дейін айқын
байқалады. Әдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы баланың
құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі сөйлемегенін байқайды.
Алғашында бала керең секілді болып көрінеді, бірақ тексеру нәтижесі олай
емес екенін көрсетеді. Кейде бала сөйлеуді бастайды бірақ біраз уақыт өтісімен,
сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады. Күнделікті қайталанатын тәртіптің өзгеруін
бала өте қиын қабылдайды. Ата-аналарының айтуынша, бала көзге тіке
қарамайды. Көбісінің зияткерлік қабілеттері қалыптыдан төмен. Аутизмі бар
жасөспірімдер депрессияға шалдығып, кейде эпилепсиялық ұстамалар
байқалады.
Аутизмді анықтап, диагноз қою. Балада аутизм белгілері бар екенін
анықтауда дәрігерлердің өзіндік нормативтері бар. Негізінен белгілердің үш
тобы бар:
 Әлеуметтік арақатынастар мен әрекеттер. Мысалы, бала көзбе – көз
байланыстан қашқақтайды. Өзге адамдардың сезімдерін, мәселен, ауыру
және көңілсіздікті түсінуі қиын.
 Ауызша және ауызша емес байланыс. Мысалы, бала мүлдем сөйлемейді
немесе тек бірнеше сөздерді тоқтаусыз қайталайды.
 Шектеулі қызығушылықтар. Мысалы, бала ойыншықпен тұтастай
ойнамай, тек оның бір мүшесімен (қолы, аяғы, басы) ғана ойнайды. Ал
жасөспірімдер тек бір сабаққа немесе жалғыз тақырыпқа ғана құмарта
қызығуы мүмкін, мәселен, математика немесе сандық белгілер.
Сонымен қатар, ауытқулардың себебін анықтау мақсатында баланың есту
қабілеті мен басқа да қабілеттері тексеріледі.
Аутизм қалай емделеді? Ең бастысы, кешіктірмей тексеріліп, емделу
терапиясын ертерек бастаған дұрыс. Себебі терапияны бала кішкентай кезінде
бастаса нәтижесі жақсы болады. Аутизмге ұшыраған адамдардың
әрқайсысыныңбелгілері әр түрлі және әр адамға тек өзіне тән ем түрі жүргізілуі
керек. Аутизмді емдеу үшін науқас адамның мінезі мен жүріс-тұрысына қарай
терапия қолданылады. Бұл терапия баланың дұрыс тәртібі үшін арнайы сый
береді, осылай бала айналасымен араласып, байланысқа түседі.
Баланың ерекшелігіне қарай физикалық және сөйлеу терапиялары
қолданылуы мүмкін. Баланың бөлектенуін, мақсатсыз қозғалуын және
қорқыныш сезімін жою үшін анималотерапияның (арнайы үйретілген иттер,
аттар және дельфиндер) көмегі зор. Соңғы зерттеулер дельфинотерапияның
бірнеше артықшылықтарын дәлелдеді. Бұл терапиямен емдегенде
дельфиндерден бөлінетін жоғары жиілікті сонарлардың әсерінен баладан бақыт
гормондары бөлінеді. Бұл гормондар ми қызметіне әсер етіп, баланың көңіл-
күйін жақсартады.
Аутизмның түрлері. Қазіргі таңда аутизмның келесі типтері белгілі:
 Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы – балаларда
кездесетін аутизмнің классикалық түрі.
 Аспергер синдромы – аутистикалық психопатия.
 Ретта синдромы.
 А типі аутизм – шезофрениядан кейін пайда болатын немесе
процессуалды аутизм.
Каннер аутизмі. Бұл балаларда жиі кездесетін әрі жетік көңіл бөлуді талап
ететін аутизмның ауыр түрі. Ең басты сипаттамасы баланың тым кеш сөйлеуі.
Басқа да белгілері: жалғыздықты ұнатады, күнделікті өмірдегі тәртіптің
өзгеруіне қарсы өте сезімтал, ешкімге еліктемейді, үнемі бір қимылды
қайталайды. Қасындағы адамдардың сезімін түсінбеуі, сөйлегенде бірде
айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі мүмкін. Туған туыстарымен сөйлеспейді
тіпті мүлдем байланысқа түспейді. Аутизмнің белгілері үш жасынан бастап
(кейде одан да ерте) байқалады.
Аспенгер синдромы. Бұл алдынғысымен салыстырғанда, аутизмның
жеңілдеу түрі. Белгілері каннер сндромына ұқсас, алайда балалардың
интеллекті айтарлықтай жоғары. Әдетте белгілі бір салаға жоғары
қызығушылық танытып, сол саланы жетік меңгере алады. Логикалық ойлау
қабілеті дамыған, сөйлей алады. Бірақ адамдармен байланысқа түсуі қиын.
Болашақта бір саланың шебері болуы әбден мүмкін.
Ретта синдромы. Аутизмның ең сирек әрі тек қыздарда кездесетін түрі.
Әдетте қыздар екі жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, бірден барлық
қабілеттерінен айрыла бастайды. Мәселен, өздігінен киіне алмайды, бірте-бірте
сөйлей алмай қалады, қолында заттарды ұстай алмайды, бұлшық еттер тонусы
жоғалады. Психикалық күйреудің салдарынан жиі ұстамалар болады.
аутизмның бұл түрі жетік зерттелмеген, сол себепті аурудың соңы өлімге алып
келуі мүмкін.
Процессуалды аутизм. Аутизмның бұл түрі ер балаларда жиі кездеседі.
Олар 3-5 жасына дейін жақсы дамып, белгісіз себептермен бірден түрлі
қабілетін жоғалта бастайды. Әрі қарай Каннер синдромның белгілері
байқалады.
Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның
қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын
ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын
салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші,
қай халықтың болсада болашағы балалардың денсаулығы. Сондықтан дені сау,
салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда құрметті
әріптестер.

Contenu connexe

Similaire à яхия г.я. мақала

Психология 3 БӨЖ kzjasjajjaakajjaajakkaakakakkaka
Психология 3 БӨЖ kzjasjajjaakajjaajakkaakakakkakaПсихология 3 БӨЖ kzjasjajjaakajjaajakkaakakakkaka
Психология 3 БӨЖ kzjasjajjaakajjaajakkaakakakkaka
mbekturlieva
 

Similaire à яхия г.я. мақала (10)

Жасөспірімдердің өзіне –өзі қол салудың алдын алу мақсатында ата-аналармен жұмыс
Жасөспірімдердің өзіне –өзі қол салудың алдын алу мақсатында ата-аналармен жұмысЖасөспірімдердің өзіне –өзі қол салудың алдын алу мақсатында ата-аналармен жұмыс
Жасөспірімдердің өзіне –өзі қол салудың алдын алу мақсатында ата-аналармен жұмыс
 
медеуова эльмира
медеуова эльмирамедеуова эльмира
медеуова эльмира
 
мамандық әлемі 252
мамандық әлемі 252мамандық әлемі 252
мамандық әлемі 252
 
789вавауаууц
789вавауаууц789вавауаууц
789вавауаууц
 
Schizophrenia and association with medchemestry
Schizophrenia and association with medchemestrySchizophrenia and association with medchemestry
Schizophrenia and association with medchemestry
 
ашык сабак жоспары гой
ашык сабак жоспары гойашык сабак жоспары гой
ашык сабак жоспары гой
 
сейтахметова а.с. разработка урока колледж даналык
сейтахметова а.с. разработка урока колледж даналыксейтахметова а.с. разработка урока колледж даналык
сейтахметова а.с. разработка урока колледж даналык
 
сенсорлық тәрбиенің мәні
сенсорлық  тәрбиенің  мәнісенсорлық  тәрбиенің  мәні
сенсорлық тәрбиенің мәні
 
Психология 3 БӨЖ kzjasjajjaakajjaajakkaakakakkaka
Психология 3 БӨЖ kzjasjajjaakajjaajakkaakakakkakaПсихология 3 БӨЖ kzjasjajjaakajjaajakkaakakakkaka
Психология 3 БӨЖ kzjasjajjaakajjaajakkaakakakkaka
 
epilepsy
epilepsyepilepsy
epilepsy
 

Plus de Asem Sarsembayeva

Plus de Asem Sarsembayeva (20)

урок
урокурок
урок
 
конспект урока
конспект урокаконспект урока
конспект урока
 
современные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитаниясовременные проблемы нравственно духовного воспитания
современные проблемы нравственно духовного воспитания
 
моя презентация
моя презентациямоя презентация
моя презентация
 
тіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулартіректен секіруге арналған жаттығулар
тіректен секіруге арналған жаттығулар
 
тренинг
тренингтренинг
тренинг
 
байырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктербайырғы өлшем бірліктер
байырғы өлшем бірліктер
 
чуковский
чуковскийчуковский
чуковский
 
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
оқушыларматематикадан дарындылығын қалыптастырудағы тиімді технологиялар»
 
красота души человека
красота души человекакрасота души человека
красота души человека
 
сауле зейтжановна
сауле  зейтжановнасауле  зейтжановна
сауле зейтжановна
 
сабак экология гульсара жумабаева
сабак экология  гульсара жумабаевасабак экология  гульсара жумабаева
сабак экология гульсара жумабаева
 
күз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевнакүз айжан кунакбаевна
күз айжан кунакбаевна
 
сабақ гульсара жубанышевна
сабақ  гульсара  жубанышевнасабақ  гульсара  жубанышевна
сабақ гульсара жубанышевна
 
ашык сабак айжан конакбаевна
ашык сабак  айжан  конакбаевнаашык сабак  айжан  конакбаевна
ашык сабак айжан конакбаевна
 
день учителя 29.09.17
день учителя   29.09.17день учителя   29.09.17
день учителя 29.09.17
 
шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.шаяхметов б.е.
шаяхметов б.е.
 
магрупова
магруповамагрупова
магрупова
 
тіл дамыту слайд
тіл дамыту слайдтіл дамыту слайд
тіл дамыту слайд
 
проект казахстан - родина моя
проект   казахстан - родина мояпроект   казахстан - родина моя
проект казахстан - родина моя
 

яхия г.я. мақала

  • 1. АУТИЗМ – ПСИХИКАЛЫҚ АУЫТҚУ №6 «Алданыш» балабақшасы КМҚК,Қарағанды қаласы, тәрбиеші Яхия Г.Я. Аутизм – кішкентай балалардың ми қызметінің бұзылуы салдарынан айналадағы адамдармен қарым-қатынас пен байланысқа түсу қиыншылықтарын тудыратын психикалық ауытқу. Негізінен бұны ауру деп айту қиын, бұл – психикалық дамудың бұзылуы: шындықтан ауытқу, өз-өзінен кету, немқұрайлылық немесе сыртқы құбылыстарға жауапты қимыл әрекеттердің болмауы. Мұндай балалар ортамен қарым-қатынаста үлкен сезімталдық танытады. Баланың миныа келіп түскен ақпараттарды оның миы қабылдамайды, себебі миның сенсорлық жүйелері дұрыс істемейді. Есесіне, бала көптеп түсіп жатқан ақпарат пен жаңалықтардан қорғана бастайды. Мамандар бұны былай түсіндіреді: дені сау бала дамуға жұмсайтын күшті, аутист бала қорғану механизмін құруға жұмсайды. Сол себепті, үнемі өз әлемінде, ешкіммен жұмысы жоқ болады, тіпті ең жақын адамы болатын анасымен байланысуға қорқады Аутизмнің пайда болуына не әсер етеді? Аутизмнің пайда болу себептерін түсіндіретін нақты дәлелденген ақпараттар өте аз. Бұрынырақ балаларға қызылшаға және шошқаборлыққа (свинка) қарсы егілетін вакцинацияның салдарынан пайда болады деген болжам бар еді. Бірақ уақыт өтісімен, көптеген зерттеулер нәтижесінде бұл болжам жоққа шығарылды. Ал психоаналитиктердің ойынша, баланың алғашқы даму кезеңіндегі «ата-ананың эмоциялық салқындығы» да себеп болады. ғалымдардың ең соңғы мәліметтері бойынша, аутизмге ұшыраған балалардың тумыстан миының дамуында кінарат (мидың бір бөлігі нашар дамыса, екінші бір бөлігі өте жақсы дамыған, хромосомалық өзгерістер мен зат алмасудың бұзылуы, гендік деңгейдегі өзгерістер) бар екені анықталды. Гендік өзгерістердің пайда болуына, жүкті кезінде болашақ анаға қоршаған ортаның қолайсыз экологиялық жағдайы, стрестер әсер етеді. Әдетте, бала миының эмоцияларға жауап беретін орталығы бұзылады. Олардың қанының құрамында ерекше белоктар анықталған. Бұл жерде тұқым қуалаушылықтың да маңызы зор. Аутизмнің белгілері. Белгілері баланың үш жасына дейін айқын байқалады. Әдетте, ер балаларда жиі кездеседі. Ата-анасы баланың құрдастарымен салыстырғанда кеш дамып, әлі сөйлемегенін байқайды. Алғашында бала керең секілді болып көрінеді, бірақ тексеру нәтижесі олай емес екенін көрсетеді. Кейде бала сөйлеуді бастайды бірақ біраз уақыт өтісімен, сөйлеу қабілетін қайта жоғалтады. Күнделікті қайталанатын тәртіптің өзгеруін бала өте қиын қабылдайды. Ата-аналарының айтуынша, бала көзге тіке қарамайды. Көбісінің зияткерлік қабілеттері қалыптыдан төмен. Аутизмі бар жасөспірімдер депрессияға шалдығып, кейде эпилепсиялық ұстамалар байқалады.
  • 2. Аутизмді анықтап, диагноз қою. Балада аутизм белгілері бар екенін анықтауда дәрігерлердің өзіндік нормативтері бар. Негізінен белгілердің үш тобы бар:  Әлеуметтік арақатынастар мен әрекеттер. Мысалы, бала көзбе – көз байланыстан қашқақтайды. Өзге адамдардың сезімдерін, мәселен, ауыру және көңілсіздікті түсінуі қиын.  Ауызша және ауызша емес байланыс. Мысалы, бала мүлдем сөйлемейді немесе тек бірнеше сөздерді тоқтаусыз қайталайды.  Шектеулі қызығушылықтар. Мысалы, бала ойыншықпен тұтастай ойнамай, тек оның бір мүшесімен (қолы, аяғы, басы) ғана ойнайды. Ал жасөспірімдер тек бір сабаққа немесе жалғыз тақырыпқа ғана құмарта қызығуы мүмкін, мәселен, математика немесе сандық белгілер. Сонымен қатар, ауытқулардың себебін анықтау мақсатында баланың есту қабілеті мен басқа да қабілеттері тексеріледі. Аутизм қалай емделеді? Ең бастысы, кешіктірмей тексеріліп, емделу терапиясын ертерек бастаған дұрыс. Себебі терапияны бала кішкентай кезінде бастаса нәтижесі жақсы болады. Аутизмге ұшыраған адамдардың әрқайсысыныңбелгілері әр түрлі және әр адамға тек өзіне тән ем түрі жүргізілуі керек. Аутизмді емдеу үшін науқас адамның мінезі мен жүріс-тұрысына қарай терапия қолданылады. Бұл терапия баланың дұрыс тәртібі үшін арнайы сый береді, осылай бала айналасымен араласып, байланысқа түседі. Баланың ерекшелігіне қарай физикалық және сөйлеу терапиялары қолданылуы мүмкін. Баланың бөлектенуін, мақсатсыз қозғалуын және қорқыныш сезімін жою үшін анималотерапияның (арнайы үйретілген иттер, аттар және дельфиндер) көмегі зор. Соңғы зерттеулер дельфинотерапияның бірнеше артықшылықтарын дәлелдеді. Бұл терапиямен емдегенде дельфиндерден бөлінетін жоғары жиілікті сонарлардың әсерінен баладан бақыт гормондары бөлінеді. Бұл гормондар ми қызметіне әсер етіп, баланың көңіл- күйін жақсартады. Аутизмның түрлері. Қазіргі таңда аутизмның келесі типтері белгілі:  Каннердің ерте балалық шақтағы аутизм синдромы – балаларда кездесетін аутизмнің классикалық түрі.  Аспергер синдромы – аутистикалық психопатия.  Ретта синдромы.  А типі аутизм – шезофрениядан кейін пайда болатын немесе процессуалды аутизм. Каннер аутизмі. Бұл балаларда жиі кездесетін әрі жетік көңіл бөлуді талап ететін аутизмның ауыр түрі. Ең басты сипаттамасы баланың тым кеш сөйлеуі. Басқа да белгілері: жалғыздықты ұнатады, күнделікті өмірдегі тәртіптің өзгеруіне қарсы өте сезімтал, ешкімге еліктемейді, үнемі бір қимылды қайталайды. Қасындағы адамдардың сезімін түсінбеуі, сөйлегенде бірде
  • 3. айғайлап, бірде сыбырлап сөйлеуі мүмкін. Туған туыстарымен сөйлеспейді тіпті мүлдем байланысқа түспейді. Аутизмнің белгілері үш жасынан бастап (кейде одан да ерте) байқалады. Аспенгер синдромы. Бұл алдынғысымен салыстырғанда, аутизмның жеңілдеу түрі. Белгілері каннер сндромына ұқсас, алайда балалардың интеллекті айтарлықтай жоғары. Әдетте белгілі бір салаға жоғары қызығушылық танытып, сол саланы жетік меңгере алады. Логикалық ойлау қабілеті дамыған, сөйлей алады. Бірақ адамдармен байланысқа түсуі қиын. Болашақта бір саланың шебері болуы әбден мүмкін. Ретта синдромы. Аутизмның ең сирек әрі тек қыздарда кездесетін түрі. Әдетте қыздар екі жасқа дейін қалыпты дамып келеді де, бірден барлық қабілеттерінен айрыла бастайды. Мәселен, өздігінен киіне алмайды, бірте-бірте сөйлей алмай қалады, қолында заттарды ұстай алмайды, бұлшық еттер тонусы жоғалады. Психикалық күйреудің салдарынан жиі ұстамалар болады. аутизмның бұл түрі жетік зерттелмеген, сол себепті аурудың соңы өлімге алып келуі мүмкін. Процессуалды аутизм. Аутизмның бұл түрі ер балаларда жиі кездеседі. Олар 3-5 жасына дейін жақсы дамып, белгісіз себептермен бірден түрлі қабілетін жоғалта бастайды. Әрі қарай Каннер синдромның белгілері байқалады. Денсаулық – салауатты өмір кепілі. Осы салауатты өмір кепілін, оның қыр-сырын білу басты міндет. Қай заманда болсын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат, міндеттердің ең бастысы өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Дені сау ұрпақ, қоғамның қуаты демекші, қай халықтың болсада болашағы балалардың денсаулығы. Сондықтан дені сау, салауатты өмір салтын ұстанатын жас ұрпақ тәрбиелеу өз қолымызда құрметті әріптестер.