Мәтін стильдері дегеніміз - қаламгердің жазу мәнері,
мәтінді оқырманға жеткізу үшін қажетті тілдік
тәсілдерді сұрыптап қолдануы, ой түйінін ашу тәсілі.
Қазақ әдеби тілінің бес түрлі стильдік тармақтары
қалыптасқан:
білім мен ғылым саласында-ғылыми стиль;
Құқықтық салдада-ресми іс-қағаздар стилі;
Әдебиет пен өнерде-көркем әдебиет стилі;
Бұқаралық ақпарат құралдарында-
публицистикалық стиль;
Тұрмыстық қарым-қатынаста-ауызекі сөйлеу стилі.
Стильдердің қолданылу аясы
Ғылыми стиль – ғылыми еңбектерде, ғылыми баяндамаларда,
лекцияларда, ғылыми оқулықтарда қолданылады.
Ресми іс-қағаздар стилі - іс-қағаздарда, нұсқау хаттар мен кеңсе
құжаттарында қолданылады.
Публицистикалық стиль - газет-журналда, жиналыстар мен
митингілердегі сөздерде қолданылады.
Көркем әдебиет стилі - көркем әдеби шығармаларда
қолданылады.
Ауызекі сөйлеу стилі – адамдармен еркін әңгіме кезінде
қолданылады
Ауызекі сөйлеу стилінде қарым-қатынас негізінен ауызекі тілдесу
арқылы жүзеге асады.
Бұл өте кең таралған функционалды стиль. Тұрмыста, отбасыда,
өндірістегі бейресми қатынастарда адамдардың еркін қарым-қатынас
жасау саласын қамтамасыз етеді. Стильдің бұл түрінде сұраулы, лепті
сөйлемдер катысады. Диалогке құрылады. Ауызекі сөйлеу тілінің стилі ой
көбіне автоматты түрде (аяқастынан) дайындықсыз айтылады.
Ауызекі сөйлеу стилі ерекшеліктерінің екінші түрі оның
эмоциялылығы.
Дәріс Баяндама Пікірталас
Ауызекі сөйлеу стилі ерекшелігі
1. Жергілікті сөздер (кәсіпке байланысты, диалект сөздер): қазапия,
шырпу, сым, жалтай, жанығу, т.б.
2. Қарапайым сөздер (реніш, ұрсуға байланысты): көзі ашық
(сауатты), доңғол бас (мың), епсектік (икемдік).
3. Жергілікті адамдардың көпке ортақ сөздерге ерекше форма, мағына
беріп қолдануы. Мысалы: - Әй, Рүстем-ай, бұл көсеуді мен сәнге
асынып жүр дейсің бе? (А.Нұрманов.)
4. Сұраулы сөйлемдер көп қолданылады.
5. Толымсыз сөйлемдер жиі қатысады. Мысалы: - Қораға кім келді? –
Жылқышы.
6. «Келмегенде ше! Көргенде қандай! Қайдан үлгерсін! Қайдағы
піскен! »
7. Қысқартып алынған сөздер жиі кездеседі: Алып – ап, келіп – кеп,
келгенмін – келгем, барғанмын – барғам.
8. Қыстырма, қаратпа, одағай сөздер жиі қолданылады. Мыс.,
"Айналайын-ау, сені түсінеді деп айтып отырмын". Сондай-ақ,
сыйлау, құрметтеу, кішірейту, еркелету амал-тәсілдері көбірек
пайдаланылады.
9. Көркемдегіш бейнелеуші тәсілдері де қолданылады (теңеу, эпитет,
гипербола). Мыс. "Өгіздей біреу алдымнан шыға келді»
Ауызекі сөйлеу стилінің түрлері
1. Дидарласты қ сөз (әңгімелесу, сұхбаттасу)- екі
немесе бірнеше не одан да көп адамдардың бас
қосқан сұхбатында қолданылады. Сондықтан мұндай
сөзге қатысатын кісілер әңгіме қызықты, әсерлі
болуы үшін алдын ала дайындалып келеді.
2. Полемикалық (дауласу) сөз-мүддені, пікірді
қорғауда жұмсалатын лебіз. Пікір таластырушы
немесе мүдделері қарсы кісілердің арасында болады.
3. Көпшілікке арналған сөз (баяндама, лекция).