SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  2
Векторлар және оларға амалдар қолдану
Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар
векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады.
Сонымен, орын ауыстыру векторлық шама болып табылады. Векторларды бағытталған
кесінді түрінде кескіндейді және бір әріппен немесе вектордың басы мен ұшын көрсететін
екі әріппен белгілеп, төбесіне нұскама (стрелка) қояды. Мысалы жылдамдық векторын ʋ
немесе АВ, күш векторын F немесе CD түрінде кескіндеуге болады.
Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын
шаталар скалярлық шамалар немесе скалярлар деп аталады. Мысалы, уақыт, заттың
тығыздығы, дененің көлемі, температура, арақашықтығын (орын ауыстыру емес), сынып
бөлмесінің ұзындығы, ені және биіктігі, т.с.с. скалярлық шамаларға жатады.
Кез келген вектордың сандық мәні оның модулі деп аталады.Модуль — скалярлық шама.
Егер a және b векторларының моду
льдері мен бағыттары бірдей болса, онда олар тең болады а = b. Ал векторлардың
модульдері тең болып, бірақ бағыттары қарама-қарсы болса, онда а = - b болады.
Векторларды қосу
Векторлар
Мысалы, кез келген а және b векторлары берілсін. Осы векторларды қосып, a + b-ға тең
болатын с векторын табу керек. Ол үшін векторды өзіне-өзін параллель көшіргенде вектор
өзгермейді дейтін ережені пайдаланамыз. Осы ереженің көмегімен векторларды қосудың
бірнеше тәсілдерін көрсетуге болады. Мысалы, екі векторды бастарын түйістіре
параллелограмның екі қабырғасы болатындай етіп өз-өзіне параллель көшіреміз де,
параллелограмм саламыз. Сонда екі вектордың шыққан нүктесінен жургізілген бағыты
көрсетілген диагональ қорытқы вектор болып табылады . Векторларды осылайша қосу
параллелограмм ережесі бойынша қосу деп аталады.
Векторларды қосуда үшбұрыш ережесін де қолдануға болады. Ол үшін берілген
векторларды бірінші вектордың ұшы екінші вектордың басымен түйісетіндей етіп, өз-
өзіне параллель көшіреміз. Сонда бірінші вектордың басынан екінші вектордің ұшына
қарай жүргізілген вектор сол екі вектордың қосындысын береді.
Ал енді екеу емес, бірнеше векторды қосу керек болса. Онда векторларды, алдыңғы
вектордың ұшына келесі вектордың басы жалғасатындай етіп, әркайсысын параллель
көшіреміз. Сонда алынған көпбұрыштың басы мен ұшын тұйықтап тұрған R векторы
қорытқы вектор болып есептеледі. Ол бірінші вектордың басынан соңғы вектордың
ұшына қарай бағытталады және мынаған тең болады: R = Ғ1+Ғ2+Ғ3 + Ғ4.
Векторларды азайту
Векторларды косу ережесінен векторларды азайту ережесін шығарып алуға болады.
Мысалы, с = а - b векторын табу керек болсын. Бұл теңдікті с = a + ( - b) түрінде жазуға
болады, яғни векторлардың айырымын табу үшін а азайғыш векторға модулі азайткыш
векторға тең, бірақ оған карама-карсы бағытталған - b векторын қосу керек. Немесе екі
векторды өздеріне параллель көшіріп, бастары бір нүктеден шығатындай етіп
орналастырамыз. Содан соң олардың ұштарын азайтқыштан (b) азайғышка (a ) қарай
бағытталған вектормен қосамыз. Міне, осы с векторы қорытқы вектор болады.
Бір тузудің бойында жатқан немесе бір-біріне параллель
Бір түзудің бойында жатқан немесе бір-біріне параллель векторлар бір жаққа қарай не
қарама-қарсы бағытталуы мүмкін.
Мұндай векторлар а және b векторлары сияқты қосылады, яғни бірінші вектордың ұшы
екінші вектордың басымен қосылады. Қорытқы вектор модулі бойынша қосылатын
векторлар модульдерінің арифметикалық қосындысына немесе арифметикалық
айырымына тең. Қорытқы вектор қосылатын векторлармен бағыттас модулі үлкен вектор
жаққа қарай бағытталады.
Векторларды скалярға көбейту (бөлу)
Берілген а векторын кез келген k скалярға көбейту (бөлу) үшін осы вектордың модулін
берілген санға көбейтеміз (бөлеміз): b = k • a (b = a :k). Қорытқы b вектордың бағыты k
көбейткішінің (бөлгішінің) таңбасымен анықталады. Егер k оң болса (k > 0), онда b
векторы а векторымен бағыттас, ал k теріс болса (k < 0), b векторының бағыты а
векторының бағытына қарама-қарсы болады.

Contenu connexe

En vedette

How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental HealthHow Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
ThinkNow
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Kurio // The Social Media Age(ncy)
 

En vedette (20)

2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot2024 State of Marketing Report – by Hubspot
2024 State of Marketing Report – by Hubspot
 
Everything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPTEverything You Need To Know About ChatGPT
Everything You Need To Know About ChatGPT
 
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage EngineeringsProduct Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
Product Design Trends in 2024 | Teenage Engineerings
 
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental HealthHow Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
How Race, Age and Gender Shape Attitudes Towards Mental Health
 
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdfAI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
AI Trends in Creative Operations 2024 by Artwork Flow.pdf
 
Skeleton Culture Code
Skeleton Culture CodeSkeleton Culture Code
Skeleton Culture Code
 
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
PEPSICO Presentation to CAGNY Conference Feb 2024
 
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
Content Methodology: A Best Practices Report (Webinar)
 
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
How to Prepare For a Successful Job Search for 2024
 
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie InsightsSocial Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
Social Media Marketing Trends 2024 // The Global Indie Insights
 
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
Trends In Paid Search: Navigating The Digital Landscape In 2024
 
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
5 Public speaking tips from TED - Visualized summary
 
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
ChatGPT and the Future of Work - Clark Boyd
 
Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next Getting into the tech field. what next
Getting into the tech field. what next
 
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search IntentGoogle's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
Google's Just Not That Into You: Understanding Core Updates & Search Intent
 
How to have difficult conversations
How to have difficult conversations How to have difficult conversations
How to have difficult conversations
 
Introduction to Data Science
Introduction to Data ScienceIntroduction to Data Science
Introduction to Data Science
 
Time Management & Productivity - Best Practices
Time Management & Productivity -  Best PracticesTime Management & Productivity -  Best Practices
Time Management & Productivity - Best Practices
 
The six step guide to practical project management
The six step guide to practical project managementThe six step guide to practical project management
The six step guide to practical project management
 
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
Beginners Guide to TikTok for Search - Rachel Pearson - We are Tilt __ Bright...
 

векторлар және оларға амалдар қолдану

  • 1. Векторлар және оларға амалдар қолдану Өзінің сандық мәнімен қоса кеңістіктегі бағытымен де сипатталатын шамалар векторлық шамалар немесе векторлар деп аталады. Сонымен, орын ауыстыру векторлық шама болып табылады. Векторларды бағытталған кесінді түрінде кескіндейді және бір әріппен немесе вектордың басы мен ұшын көрсететін екі әріппен белгілеп, төбесіне нұскама (стрелка) қояды. Мысалы жылдамдық векторын ʋ немесе АВ, күш векторын F немесе CD түрінде кескіндеуге болады. Кеңістікте белгілі бір бағыты болмайтын, тек сандық мәнімен ғана сипатталатын шаталар скалярлық шамалар немесе скалярлар деп аталады. Мысалы, уақыт, заттың тығыздығы, дененің көлемі, температура, арақашықтығын (орын ауыстыру емес), сынып бөлмесінің ұзындығы, ені және биіктігі, т.с.с. скалярлық шамаларға жатады. Кез келген вектордың сандық мәні оның модулі деп аталады.Модуль — скалярлық шама. Егер a және b векторларының моду льдері мен бағыттары бірдей болса, онда олар тең болады а = b. Ал векторлардың модульдері тең болып, бірақ бағыттары қарама-қарсы болса, онда а = - b болады. Векторларды қосу Векторлар Мысалы, кез келген а және b векторлары берілсін. Осы векторларды қосып, a + b-ға тең болатын с векторын табу керек. Ол үшін векторды өзіне-өзін параллель көшіргенде вектор өзгермейді дейтін ережені пайдаланамыз. Осы ереженің көмегімен векторларды қосудың бірнеше тәсілдерін көрсетуге болады. Мысалы, екі векторды бастарын түйістіре параллелограмның екі қабырғасы болатындай етіп өз-өзіне параллель көшіреміз де, параллелограмм саламыз. Сонда екі вектордың шыққан нүктесінен жургізілген бағыты көрсетілген диагональ қорытқы вектор болып табылады . Векторларды осылайша қосу параллелограмм ережесі бойынша қосу деп аталады. Векторларды қосуда үшбұрыш ережесін де қолдануға болады. Ол үшін берілген векторларды бірінші вектордың ұшы екінші вектордың басымен түйісетіндей етіп, өз- өзіне параллель көшіреміз. Сонда бірінші вектордың басынан екінші вектордің ұшына қарай жүргізілген вектор сол екі вектордың қосындысын береді.
  • 2. Ал енді екеу емес, бірнеше векторды қосу керек болса. Онда векторларды, алдыңғы вектордың ұшына келесі вектордың басы жалғасатындай етіп, әркайсысын параллель көшіреміз. Сонда алынған көпбұрыштың басы мен ұшын тұйықтап тұрған R векторы қорытқы вектор болып есептеледі. Ол бірінші вектордың басынан соңғы вектордың ұшына қарай бағытталады және мынаған тең болады: R = Ғ1+Ғ2+Ғ3 + Ғ4. Векторларды азайту Векторларды косу ережесінен векторларды азайту ережесін шығарып алуға болады. Мысалы, с = а - b векторын табу керек болсын. Бұл теңдікті с = a + ( - b) түрінде жазуға болады, яғни векторлардың айырымын табу үшін а азайғыш векторға модулі азайткыш векторға тең, бірақ оған карама-карсы бағытталған - b векторын қосу керек. Немесе екі векторды өздеріне параллель көшіріп, бастары бір нүктеден шығатындай етіп орналастырамыз. Содан соң олардың ұштарын азайтқыштан (b) азайғышка (a ) қарай бағытталған вектормен қосамыз. Міне, осы с векторы қорытқы вектор болады. Бір тузудің бойында жатқан немесе бір-біріне параллель Бір түзудің бойында жатқан немесе бір-біріне параллель векторлар бір жаққа қарай не қарама-қарсы бағытталуы мүмкін. Мұндай векторлар а және b векторлары сияқты қосылады, яғни бірінші вектордың ұшы екінші вектордың басымен қосылады. Қорытқы вектор модулі бойынша қосылатын векторлар модульдерінің арифметикалық қосындысына немесе арифметикалық айырымына тең. Қорытқы вектор қосылатын векторлармен бағыттас модулі үлкен вектор жаққа қарай бағытталады. Векторларды скалярға көбейту (бөлу) Берілген а векторын кез келген k скалярға көбейту (бөлу) үшін осы вектордың модулін берілген санға көбейтеміз (бөлеміз): b = k • a (b = a :k). Қорытқы b вектордың бағыты k көбейткішінің (бөлгішінің) таңбасымен анықталады. Егер k оң болса (k > 0), онда b векторы а векторымен бағыттас, ал k теріс болса (k < 0), b векторының бағыты а векторының бағытына қарама-қарсы болады.