SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  43
Ахмет Байтұрсынов
шығармаларындағы
ұлттық рух
Мақсаты:
ХХ ғасырдың біртуар азаматы, өз халқының айнасы
болған ұлы қоғам қайраткері, ақын, ұстаз, ағартушы
ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен
шығармашылығымен сусындата отырып, оның туған
халқы үшін аянбай еткен еңбегін дәріптеу, ұрпаққа үлгі
ету.
Ғылыми өзектілігі:
Қазақ ғылыми тарихында ұлттық әліпби жасап ,
жаңа үлгі ұсынған Ахмет Байтұрсыновтың еңбегінің тек
реформатор ретінде ғана емес, ұлттық рухтың ұраншысы
ретінде қарастырылуы;
Жоспар
Қара басынан ұлт мүддесін жоғары қойған
халқымыздың біртуар перзенті Ахаңның (Ахмет
Байтұрсынұлы) атағының өзі атан түйеге жүк
болардай. Оның тұлғасы, қызметі, ұлт қамы үшін
күрескерлігі, дінге, ділге деген жанашырлығы –
білгенге – маржан, білмеске – арзан.
Өзінің саналы ғұмырын қазақ
халқының болашағы үшін, өз елін
дамыған өркениетті елдер қатарына қосу
үшін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлының
өмірі туралы қысқаша атап өтетін болсам,
Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі
Қостанай облысының Торғай өңіріндегі
Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі
Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек,
еті тірі адам болады. Сол себепті де
Байтұрсын мен оның ағайындары патша
өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға
жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он
жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер
етеді. Мәселенің түп негізін толық
ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен
зорлық - зомбылықты, әлеуметтік
теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой
ұялатады. Табиғатынан зерек әрі талапты
бала Ахмет 1882 - 1884 жылдары көзі
ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып,
хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл
мектебінде оқиды.
1886 - 1891 жылдары Торғай
қаласындағы екі сыныпты орысша -
қазақша училищеде, 1891 - 1895
жылдары Орынбордағы мұғалімдер
даярлайтын мектепте білім алады.
Бұл жылдары ұлы ағартушы
Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде
жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол
жаңаша мектептер саны көбейген
болатын. Міне, осы тәрізді оқу
орындарында оқып, сапалы білім
алып шыққан Ахмет Байтұрсынұлы
1895 жылдың 1 шілдесінен өзінің
мұғалімдік, ұстаздық қызметін
бастайды. 1895 - 1897 жылдары
Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы
уездерінде ауылдық, болыстық
мектептерде, екі сыныптық
училищелерде сабақ береді. Мұғалім
бола жүріп ол қоғамдағы болып
жатқан құбылыстарға, әлеуметтік
өмірге үңіледі.
 Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен
әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін
қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен
ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең -
жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін
жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын
әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл - парасатымен
ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған,
күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның
салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру
құқығынан айырылып, Орынбор қаласына
келеді. 1913 - 1918 жылдары өзі ұйымдастырған
"Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең
ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет
бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін
көтереді. Елді оқу - білімге, ілгері ұмтылуға
шақырады.
 1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге
белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының
тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы
көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш
халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық
орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары
оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады.
Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология
аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз
ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан
Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы
қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады. . Алаш
қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А.
Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін
жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан
жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді,
мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін
А. Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ
жол" кітабы (1991) жарық көрді.
 Қазақ санасының шамшырағы іспеттес
сүйікті ұстазымыз, қажымайтын
қаһарманымыз - Ахмет
Байтұрсынұлы.Ол сауаты, саңылауы
жоқ қазақтың надан халқын қалың жау
еңсесін басып, қара бұлт қаптап, түнше
түнеріп тұрғанда, кеудесінің бар күшін
аямай, жанын құрбан қылып, жарыққа
қарай өрге сүйреген Алаштың асыл
ұлдарының бірі. Бірінші рет басталған,
бұрын ешкім ескермеген жұмыстың
барлық ауыртпалығы Ахмет
Байтұрсыновтың басына түсті. Ойға -
қырға бірдей қуылды, түрмеге түсті.
Қуғын - сүргінде жүрген кездерінде
қолынан қаламын тастамаған.
Маңайындағыларды өлең қуатымен
жылытып, рухтандырып отырған.
Маңайындағыларды өлең қуатымен жылытып,
рухтандырып отырған. Бірақ Ахмет Байтұрсыновтың
қайраты тасымаса, қайтпады, ақылы аспаса, саспады.
Өзінің тізесін, түрменің терезесін үстел қылып, Ахаң
қаламын тартпай жазумен болды. Ахмет Байтұрсыновтың
атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Оның
әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми
еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты. Ол
Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып,
ұстаздық жұмыспен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа
тимей, «масаша» ызылдап, туған халқын оқуға, өнер -
білімге шақырды, өркениетті елдерден кейін қалып,
көрінгенге жем болып жүргеніміз біліміміздің, өнеріміздің
жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына
қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін
жібермейді, әңгіме талаптануда, намыстануда дейді, оны
мына бір өлең жолдарынан байқаймыз.
Адамдық диқаншысы - қырға шықтым,
Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім.
Көңілін көтеруге құл халықтың.
Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет,
Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.
Оттай бер, жануарым екі аяқты,
Адамдық хайуанға қанша қажет?!
Жаратқан малды құдай не керекке -
Мінуге, сою, соғу, жүндемекке.
Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп,
Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.
Таяққа еті үйренген қойшы жайлап,
Көк есек қозғала ма түрткенде айдап?
Есептен алданғандай болғандар көп,
Жасықты асыл ма деп білмей қайрап,
-деп жырлаған Ахмет Байтұрсыновтың осы өлең жолдары оның
бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес. Ол - ақын, жазушы,аудармашы,
публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист,
түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым. Оның бүкіл еңбегінің мәнін
бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған
ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.Ахмет Байтұрсынұлы - қыры мен сыры
мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі
мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл
ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914 - 1915 жылдан 1927
- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының
бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың “Әліп - биімен” ашып,
ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді.
Ахмет Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл
білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай
болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II - жартысында - ақ халық
ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 ж. “Ер Сайын” жырын
Москвада шығарады. 1926 ж. “23 жоқтау” атты жинағы жарық
көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері. Байтұрсыновтың
“Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі - әдебиеттану ғылымы
мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы.
Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік
арналары, басты - басты терминдері мен категориялары түп -
түгел осы кітапта қалыптастырылған. Мұнан кейін неге оқу -
ағарту ісіне бой ұрғанын, халқының болашағы үшін неге бас
тіккенін былай әңгімеледі: «Мені тудырған заман - патша
заманының зұлым саясаты, зорлығы, зомбылығы, қорлығы.
Соның бәрін көріп тұрып, мен қарап қала алмадым. Біздің халық -
еш нәрсесі жоқ, мәдениетке кедей халық… Біздің қазақ сияқты
өгейлік көрген халыққа ағартудан басқа жол қалмады... Жөні
дұрыс жастар біздің артымыздан ерді. Олар басқа жол таба
алмады».Көпшілік бұқараны оятудың барлық амал - тәсілін
қолданып байқаған Ахмет Байтұрсынов қалың қазақ арасында ең
өтімді үгіт құралы - өлең сөз екенін аңдады. Сол бір жылдарда ел
ішінде айтылар ойдың түпқазығы “Оян, қазақ!” деген бір - ақ сөзге
тірелген ұран өлеңдер көп тарап еді. Солардың алғашқы
қарлығашы - Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері, оның “Қырық
мысал” кітабы болатын.“Қырық мысалды” оқи отырып, таныс
сюжеттерге ұшырасқанда, олардың И. А. Крыловтан аударылды
дегеніне қол қойсаң да, таза қазақы түсінік, ұлттық ұғыммен
түйінделген ғибрат бөліміне келгенде ойналып - ақ қаласың.
Ел тағдыры жайлы ойланғанда, Ахмет
Байтұрсынов, ең алдымен, сол елдің өзімен тілдесуді,
олардың жай - күйі жайлы көргендері мен ойларын
ортаға салуды, болашақ жөніндегі ұғым - түсініктерін
бөлісуді парыз санайды. Оған әдебиетті, өлеңді
пайдаланды. Алайда, Ахмет көрген ел әлі ұйқыдан оянып
болмаған, ынтымағы жоқ алауыз, сөз тыңдауға салғырт,
берекесіздікке ұйыған қауым еді. Сондықтан Ақан өлеңін
“Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап,
ұйқыдан оятуға тырысты. Атақты “Маса” жинағы
осылай туды.
Ахмет Байтұрсынұлы - ақын және мықты ақын. Оның
өлеңдері “Қырық мысал”, “Маса”, “Үзік” деген аттармен
1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған.
“Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға
енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның
иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап
жатқан халқын оятпақшы:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,
Сап - сары аяқтары ұзын маса,
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының
артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз
заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде
танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында
"Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы
кітабына негізінен орыс мысалшысы И. Крыловтан
аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал
арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы
Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер
жинағында өз сөзімен ашықтан - ашық жария етті. Бұл
жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі
мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа
беттерінде жариялады.
Әсіресе 1913 жылы жазылып,
"Қазақ" газетінде жарияланған
"Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы
Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым
ретінде танытты. Бұл мақала ұлы
Абайдың ұлттық әдебиеттің тарихынан
алатын орнын айқындауға, ақын
шығармашылығына баға беруге
арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі
еді. Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов
мұрасының маңызды бір саласы – оның
ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде
жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары.
Атап айтқанда, Ахмет жинаған
фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу
қаласында 1923 жылы "Ер Сайын"
жыры, 1926 жылы "23 жоқтау"
кітаптары жарық көрді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ
тілінің ұлы түрлендіруші -
реформаторы, теоретигі әрі
қазақ тілі білімі саласына
орасан зор еңбек сіңірген
көрнекті ғалым болды. Ол араб
әріптерінің негізінде төте жазу
үлгісін, яғни қазақтың төл
әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу
құралы" (1912), "Тіл құралы"
(1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа
әліпби" (1926) тәрізді
кітаптарында қазақ тілінің
ғылыми, теориялық және
әдістемелік мәселелерін кеңінен
талдап берді. Қазақ тіл білімінде
терминдер жүйесін
қалыптастырды.Ал енді Ахмет
Байтұрсыновтың
шығармаларын тізімдеп өтсек:
Байтұрсынұлы А. Бес томдық
шығармалар жинағы.- 3-т. Тіл
құралы (қазақ тілі мен оқу-
ағартуға қатысты
еңбектері)Алматы:Алаш,2005.-
352 бет.
Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ
балаларының ана тілінде сауат
алуына арналған алғашқы
әліппелер мен қазақ тілі
грамматикасын танытатын
тұңғыш оқулықтардың авторы,
қазақша сауат аштыру мен қазақ
тілін пән ретінде оқыту әдістерін
баяндайтын құралдардың да
иесі.Бұл жинақта «Тіл-құрал»
оқулықтары мен методикалық
құралдардың қолда бар
басылымдарының мәтіндері
толық ұсынылып отыр.
Байтұрсынов А. Әдебиет
танытқыш. Зерттеу мен
өлеңдер.
Алматы:Атамұра,2003.- 208
бет.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің
көрнекті қайраткері Ахмет
Байтұрсыновтың бұл
жинағына «Әдебиет
танытқыш» деп аталған
зерттеу еңбегі мен өлеңдері
топтастырылған.
 Байтұрсынов А.Тіл тағылымы (қазақ тілі
мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері)-
Алматы, «Ана тілі», 1992.- 448 бет.
 Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ
балаларының ана тілінде сауат алуына
арналған алғашқы әліппелер мен қазақ
тілі грамматикасын танытатын тұңғыш
оқулықтардың авторы, қазақша сауат
аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту
әдістерін баяндайтын құралдардың да
иесі.Бұл кітапта сол оқулықтар мен
методикалық құралдардың қолда бар
басылымдарының текстері толық
ұсынылып отыр.Сонымен бірге автордың
қазақ жазуы (графикасы), емлесі,
терминологиясы жайында жазған
мақалалары, сөйлеген сөздері мен қазақ
жеріндегі оқу-ағарту мәселелеріне
арналған еңбектері де енеді. Бұлардың
барлығы дерлік араб жазуынан қазіргі
қазақ жазуына көшіріліп беріледі.
 Байтұрсынов А.
Шығармалары: Өлеңдер,
аудармалар, зерттеулер.
(Құраст.Шәріпов Ә.,Дәуітов
С.)- Алматы:Жазушы,1989.-
320 бет.
 Қазақ әдебиеті мен өнерінің
көрнекті қайраткері Ахмет
Байтұрсыновтың бұл
шығармалар жинағына
бұрын «Маса», «Қырық
мысал» кітаптарында
жарық көрген өлеңдері мен
аудармалары және
«Әдебиет танытқыш» деп
аталатын зерттеу еңбегі
топтастырылды.
 Байтұрсынұлы А.
 Жоқтау.Алматы:А.Байтұрсынов
атындағы қор,1993.-96 бет.
 Ахмет Байтұрсынұлының
«Жоқтау» деп аталатын бұл
кітабында өзінің көзі тірісінде
жарық көрген, сондай-ақ ауыз
әдебиеті мұраларын ұдайы
жинап, өңдеген тынымсыз
ізденісінің бір бөлігі ретінде
танылған «23 жоқтау» бұл
жоқтауларды бастырғанда
Қазақ тарихының төрт жүз
жылын алған.Кітапты баспаға
дайындаған Ақаңның немересі
А.Байтұрсынұлы атындағы
Қордың президенті Самырат
Кәкішев.
Байтұрсынұлы А.
Жан сөзімді кім түсінер ?-
Алматы:Қазақстан:
А.Байтұрсынұлы атындағы
қор,1994.- 112 бет.
Ахмет Байтұрсынұлының «Жан
сөзімді кім түсінер ?» деп аталатын
бұл кітабында өзінің көзі тірісінде
жарық көрген «Маса», «Қырық
мысал» сияқты өлеңдері мен
аудармалары басылған
кітаптардағы поэтикалық
шығармалары топтастырылып
беріліп отыр
Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең
жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін,
арман - тілегін, мұң - мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты
оқуға, білім - ғылымға, рухани биіктікке,
адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге
шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық -
отаршылдық саясатын, шенді - шекпендінің алдында
құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.
Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты
аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық
көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан
қараңғы елге жар салып, олардың ой - санасын оятуға
бар жігер - қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір
аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген
түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс -
тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып
отырған.
Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса»
(1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын
қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке
марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген
өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес
болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған
дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы
өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді.
Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам
қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ,
қалпы», «Досыма хат», «Жиған - терген», «Тілек батам»,
«Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің
мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой
өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік
жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Қазақ тілінің негізін қалаушы ретінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі
мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады.
Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының
негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі
халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты
бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін
қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы
жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік
заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан
тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған
қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе
жазады. Сөйтіп, оқу - ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы
жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын
ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол
1911 - 1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының
баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу
құралы» деген атпен 1912 - 1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып,
оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды.
Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем
аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып,
көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов
мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген
атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А.
Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан
Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я.
Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды.
Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көл жоқ, көгалы жоқ – қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың,
- деген Ахмет Байтұрсынұлы қалай да халықты ояту, оның санасына,
жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын Абай тапқан соқпақ
орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне
мойынсұнады.
Бір басында сан салалы өнер
тоғысқан, телегей- теңіз
энциклопедиялық білім иесі,
қайшылығы мол тартысты
ғұмырында қараңғы қалың елін
жарқын болашаққа сүйреуден басқа
бақыт бар деп білмеген ірі тұлға,
халықтың "рухани көсемі.
М.Әуезов
Екі жинақ- “Қырық мысал”,
“Маса”- қазақ әдебиетін жаңа
тақырыптармен, идеялармен,
ойлармен, өрнектерімен байытты;
Абайдың ақындық дәстүрі ілгері
жалғасты, заман талабына сай
жігерлі поэзия туды, бұдан кейін
талантты ақындардың жаңа буыны
тарам- тарам жүлгелерді тереңдетіп,
жалғастырып әкететін
болады.
Рымғали Нұрғалиев
"Қалдырған ізін мәңгілік…
Есімде тұрар жаңғырып!"
Қорытындылай келгенде, Ахмет
Байтұрсыновтың өмірі мен шығармалары,
саяси ағартушылық қызметі-ұрпақтар
үшін қазыналы мол мұра деп сеніммен айта
аламыз. Кеңес империясы дәуірінде Ахмет
есімін атаудың өзі қылмыс саналса, еліміз
тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз
өзінің ұлы перзентімен қайта табысып,
Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілінің мен
әдебиетінің дамуындағы жасаған зор
еңбектері қайта жаңғыртылып отыр.
Баспалар ақын, ғалым, зерттеушінің көп шығармаларын
басып шығарды. Қазақстан өкіметінің арнаулы қаулысы бойынша
республикамыздың әр жерлерінде мектептерге, көшелерге,
Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі
институына А. Байтұрсынұлының есімі берілді.
Сондай-ақ Ақынның туған жері Торғай ауданы, Ақкөл
ауылында 2009 жылы жаңадан мектеп салынып, Ахмет есімі
берілді. 2011 жылы Ақкөл ауылында Ахмет Байтұрсыновтың
құрметіне ескеркіш қойылды. Торғай
қаласындаАхметБайтұрсыноватындаМұражай бар. 2012 жылы
Арқалық қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш қойылды.
Тәуелсіздік еркіндігі үшін жан аямай күрескен ұлы азамат Ахмет
есімі мәңгі біздің жадымызда сақталады.
Еліміз егемендігін алып , 25 жылдық тәуелсіздік тарихы бар
кезеңде Ахмет Байтұрсынов секілді біртуар ел перзенттерінің
еңбегінің еленіп, есімінің ел тарихында алтын әріппен жазылыуын
қамтамасыз ету қазақ тілі мен әдебиетінің ілмегін іліп, зияткер
ғалымдардың соңын жалғаған біздің мойынызмызда.
Ұсыныстар тізімі
1. Ахмет Байтұрсыновтың еңбегін жас
ұрпаққа түсіндіру мен кеңінен
насихаттау масқсатында
мектепішілік апталықтар өткізілсе;
2. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері
мен өмір жолының жаңа
зерттеулерге негіз ету мақсатында,
ғылми жоба жұмысындағы қазақ
тілі мен әдебиеті секциясында
негізгі жас ғалымдарға ұсынылатын
тақырып (бөлім) ретінде енгізілсе;
3. Баспасөз беттерінде жарияланған
мақалалары мектептің жоғарғы
сынып оқушыларының оқу
программаларында
кеңінен орын алса;
ғылыми жұмыс

Contenu connexe

Tendances

4-сабақ Қаныш Сәтбаев.pptx
4-сабақ Қаныш Сәтбаев.pptx4-сабақ Қаныш Сәтбаев.pptx
4-сабақ Қаныш Сәтбаев.pptx
ssuser7a793e
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ssuserddef11
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Abilkair Zhakupov
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
sanvia
 
№1 Қаныш Сәтбаев.ppt
№1 Қаныш Сәтбаев.ppt№1 Қаныш Сәтбаев.ppt
№1 Қаныш Сәтбаев.ppt
ssuser7a793e
 
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
ssuser7a793e
 
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
ssuser7a793e
 
№13 «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы.ppt
№13 «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы.ppt№13 «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы.ppt
№13 «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы.ppt
ssuser7a793e
 
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
ssuser7a793e
 

Tendances (20)

4-сабақ Қаныш Сәтбаев.pptx
4-сабақ Қаныш Сәтбаев.pptx4-сабақ Қаныш Сәтбаев.pptx
4-сабақ Қаныш Сәтбаев.pptx
 
М. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолыМ. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолы
 
Менің атым қожа
Менің атым қожаМенің атым қожа
Менің атым қожа
 
Про козаків читаємо - сміливими зростаємо! (Віртуальна книжкова виставка-порада)
Про козаків читаємо - сміливими зростаємо! (Віртуальна книжкова виставка-порада)Про козаків читаємо - сміливими зростаємо! (Віртуальна книжкова виставка-порада)
Про козаків читаємо - сміливими зростаємо! (Віртуальна книжкова виставка-порада)
 
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдеріАбай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
Абай Құнанбаев: “Жаз”,”Күз” өлеңдері
 
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ презен...
 
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жылМұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туғанына 120 жыл
 
дарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмысдарынды оқушымен жұмыс
дарынды оқушымен жұмыс
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
 
№1 Қаныш Сәтбаев.ppt
№1 Қаныш Сәтбаев.ppt№1 Қаныш Сәтбаев.ppt
№1 Қаныш Сәтбаев.ppt
 
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
Қазақстан тарихы сабағында жаңа технологиялар мен әртүрлі әдіс тәсілдерді қол...
 
Мұғалім портфолиосы
Мұғалім портфолиосыМұғалім портфолиосы
Мұғалім портфолиосы
 
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt№10 Б.Мұқай  «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
№10 Б.Мұқай «Өмірзая» романы және әдеби сын.ppt
 
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt№9 Б.Мұқай  «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
№9 Б.Мұқай «Өмірзая» романының тарихи және көркемдік құндылығы.ppt
 
М. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығыМ. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығы
 
№13 «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы.ppt
№13 «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы.ppt№13 «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы.ppt
№13 «Абай жолы» роман-эпопеясы туралы.ppt
 
Менің атым қожа
Менің атым қожаМенің атым қожа
Менің атым қожа
 
2013 03-18, дет-марат кабанбай
2013 03-18, дет-марат кабанбай2013 03-18, дет-марат кабанбай
2013 03-18, дет-марат кабанбай
 
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx№17  «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
№17 «Қызыл кітап» поэмасы. X бөлім.pptx
 
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
 

En vedette

Ganz schön überzeugend
Ganz schön überzeugendGanz schön überzeugend
Ganz schön überzeugend
JingleT
 

En vedette (18)

мұғалімдерге арналған тренинг
мұғалімдерге арналған тренингмұғалімдерге арналған тренинг
мұғалімдерге арналған тренинг
 
мақал мәтел сайысы
мақал мәтел сайысымақал мәтел сайысы
мақал мәтел сайысы
 
кесебаева мөлдір
кесебаева  мөлдіркесебаева  мөлдір
кесебаева мөлдір
 
6 сынып
6 сынып6 сынып
6 сынып
 
кесебаева мөлдір ф 09
кесебаева мөлдір ф 09кесебаева мөлдір ф 09
кесебаева мөлдір ф 09
 
3Com 2012-10 REV E
3Com 2012-10 REV E3Com 2012-10 REV E
3Com 2012-10 REV E
 
3Com QS-200
3Com QS-2003Com QS-200
3Com QS-200
 
3Com 3C16976
3Com 3C169763Com 3C16976
3Com 3C16976
 
Umdsd2017 kickoff 3
Umdsd2017 kickoff 3Umdsd2017 kickoff 3
Umdsd2017 kickoff 3
 
Los correos electrónicos roglys
Los correos electrónicos roglysLos correos electrónicos roglys
Los correos electrónicos roglys
 
Ganz schön überzeugend
Ganz schön überzeugendGanz schön überzeugend
Ganz schön überzeugend
 
DC-10
DC-10DC-10
DC-10
 
Herramientas tecnicas para computación
Herramientas tecnicas para computaciónHerramientas tecnicas para computación
Herramientas tecnicas para computación
 
Músculos del Abdomen
Músculos del AbdomenMúsculos del Abdomen
Músculos del Abdomen
 
Phillip king
Phillip kingPhillip king
Phillip king
 
Trabajo medicion-del-desempeno-de-una-organizacion-lluvias-de-ideas
Trabajo medicion-del-desempeno-de-una-organizacion-lluvias-de-ideasTrabajo medicion-del-desempeno-de-una-organizacion-lluvias-de-ideas
Trabajo medicion-del-desempeno-de-una-organizacion-lluvias-de-ideas
 
Guia para elaborar un presupuesto familiar
Guia para elaborar un presupuesto familiarGuia para elaborar un presupuesto familiar
Guia para elaborar un presupuesto familiar
 
Globalworth media
Globalworth mediaGlobalworth media
Globalworth media
 

Similaire à ғылыми жұмыс

103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
dianazhumi
 
сәбит мұқанов
сәбит мұқановсәбит мұқанов
сәбит мұқанов
rs95
 
шәкәрім құдайбердіұлы
шәкәрім құдайбердіұлышәкәрім құдайбердіұлы
шәкәрім құдайбердіұлы
Gotov .kz
 
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
ssuser7a793e
 
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
ssuser7a793e
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезов
Gotov .kz
 

Similaire à ғылыми жұмыс (20)

Akhmet baitursinov
Akhmet baitursinovAkhmet baitursinov
Akhmet baitursinov
 
Shakarim
ShakarimShakarim
Shakarim
 
Cпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.pptCпандияр Көбеев.ppt
Cпандияр Көбеев.ppt
 
шахановвввв
шахановввввшахановвввв
шахановвввв
 
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жххБілім.Ғылым.Инновация.жхх
Білім.Ғылым.Инновация.жхх
 
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
103067Шакарим Кудайбердыотоир рисааамиип
 
Ғасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзентіҒасырдың дара перзенті
Ғасырдың дара перзенті
 
сәбит мұқанов
сәбит мұқановсәбит мұқанов
сәбит мұқанов
 
Tarix;245
Tarix;245Tarix;245
Tarix;245
 
с бит
с  битс  бит
с бит
 
Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021Bir el - bir kitap 2021
Bir el - bir kitap 2021
 
256fd
256fd256fd
256fd
 
Aimautov
AimautovAimautov
Aimautov
 
Filologia fak
Filologia fakFilologia fak
Filologia fak
 
шәкәрім құдайбердіұлы
шәкәрім құдайбердіұлышәкәрім құдайбердіұлы
шәкәрім құдайбердіұлы
 
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
15-сабақ. Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
№4 Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі.pptx
 
Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)Виртуалды көрме (мысал)
Виртуалды көрме (мысал)
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезов
 
жабаев жамбыл
жабаев жамбылжабаев жамбыл
жабаев жамбыл
 

Plus de nurbolat84

т ртұптұ__ е__ тамаша мектебұ-отбасы тренинг
т  ртұптұ__ е__ тамаша мектебұ-отбасы тренингт  ртұптұ__ е__ тамаша мектебұ-отбасы тренинг
т ртұптұ__ е__ тамаша мектебұ-отбасы тренинг
nurbolat84
 
ата аналар -а анкеталы__ с__ра__тар
ата аналар -а анкеталы__ с__ра__тарата аналар -а анкеталы__ с__ра__тар
ата аналар -а анкеталы__ с__ра__тар
nurbolat84
 
фотогалерея
фотогалереяфотогалерея
фотогалерея
nurbolat84
 
моя работа по подготовке к ент со слабоуспевающими и отстающими уч ся
моя работа по  подготовке к ент со слабоуспевающими и отстающими уч сямоя работа по  подготовке к ент со слабоуспевающими и отстающими уч ся
моя работа по подготовке к ент со слабоуспевающими и отстающими уч ся
nurbolat84
 
недели русского языка
недели русского языканедели русского языка
недели русского языка
nurbolat84
 
Мое творчество
Мое творчествоМое творчество
Мое творчество
nurbolat84
 
улендермим с
улендермим сулендермим с
улендермим с
nurbolat84
 
тестирование односост предл.
тестирование односост предл.тестирование односост предл.
тестирование односост предл.
nurbolat84
 
тест фразеологизмов
тест фразеологизмовтест фразеологизмов
тест фразеологизмов
nurbolat84
 
тест существительное
тест существительноетест существительное
тест существительное
nurbolat84
 

Plus de nurbolat84 (20)

266 презентация
266 презентация266 презентация
266 презентация
 
рефлексивтік есеп
рефлексивтік есепрефлексивтік есеп
рефлексивтік есеп
 
рефлексивтік есеп 2,3
рефлексивтік есеп 2,3рефлексивтік есеп 2,3
рефлексивтік есеп 2,3
 
улгермеуши окушымен жумыс. 6 сынып
улгермеуши окушымен жумыс. 6 сыныпулгермеуши окушымен жумыс. 6 сынып
улгермеуши окушымен жумыс. 6 сынып
 
отбасым киелі шаңырағым
отбасым   киелі  шаңырағымотбасым   киелі  шаңырағым
отбасым киелі шаңырағым
 
5а лессон стади
5а лессон стади5а лессон стади
5а лессон стади
 
1 сыныпқа қабылданған оқушылардың психологиялық сараптамасы
1 сыныпқа қабылданған оқушылардың психологиялық сараптамасы1 сыныпқа қабылданған оқушылардың психологиялық сараптамасы
1 сыныпқа қабылданған оқушылардың психологиялық сараптамасы
 
элективтұ курс , азалы,ұ226
элективтұ курс ,  азалы,ұ226элективтұ курс ,  азалы,ұ226
элективтұ курс , азалы,ұ226
 
т ртұптұ__ е__ тамаша мектебұ-отбасы тренинг
т  ртұптұ__ е__ тамаша мектебұ-отбасы тренингт  ртұптұ__ е__ тамаша мектебұ-отбасы тренинг
т ртұптұ__ е__ тамаша мектебұ-отбасы тренинг
 
ата аналар -а анкеталы__ с__ра__тар
ата аналар -а анкеталы__ с__ра__тарата аналар -а анкеталы__ с__ра__тар
ата аналар -а анкеталы__ с__ра__тар
 
тренажер по русскому языку
тренажер по русскому языкутренажер по русскому языку
тренажер по русскому языку
 
москва
москвамосква
москва
 
фотогалерея
фотогалереяфотогалерея
фотогалерея
 
моя работа по подготовке к ент со слабоуспевающими и отстающими уч ся
моя работа по  подготовке к ент со слабоуспевающими и отстающими уч сямоя работа по  подготовке к ент со слабоуспевающими и отстающими уч ся
моя работа по подготовке к ент со слабоуспевающими и отстающими уч ся
 
недели русского языка
недели русского языканедели русского языка
недели русского языка
 
Мое творчество
Мое творчествоМое творчество
Мое творчество
 
улендермим с
улендермим сулендермим с
улендермим с
 
тестирование односост предл.
тестирование односост предл.тестирование односост предл.
тестирование односост предл.
 
тест фразеологизмов
тест фразеологизмовтест фразеологизмов
тест фразеологизмов
 
тест существительное
тест существительноетест существительное
тест существительное
 

ғылыми жұмыс

  • 2. Мақсаты: ХХ ғасырдың біртуар азаматы, өз халқының айнасы болған ұлы қоғам қайраткері, ақын, ұстаз, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығымен сусындата отырып, оның туған халқы үшін аянбай еткен еңбегін дәріптеу, ұрпаққа үлгі ету. Ғылыми өзектілігі: Қазақ ғылыми тарихында ұлттық әліпби жасап , жаңа үлгі ұсынған Ахмет Байтұрсыновтың еңбегінің тек реформатор ретінде ғана емес, ұлттық рухтың ұраншысы ретінде қарастырылуы;
  • 4. Қара басынан ұлт мүддесін жоғары қойған халқымыздың біртуар перзенті Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлы) атағының өзі атан түйеге жүк болардай. Оның тұлғасы, қызметі, ұлт қамы үшін күрескерлігі, дінге, ділге деген жанашырлығы – білгенге – маржан, білмеске – арзан.
  • 5.
  • 6. Өзінің саналы ғұмырын қазақ халқының болашағы үшін, өз елін дамыған өркениетті елдер қатарына қосу үшін сарп еткен Ахмет Байтұрсынұлының өмірі туралы қысқаша атап өтетін болсам, Ол 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Әкесі Байтұрсын Шошақұлы намысқой, сергек, еті тірі адам болады. Сол себепті де Байтұрсын мен оның ағайындары патша өкіметінің өкілі – уезд бастығын соққыға жығып, түрмеге қамалады. Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен, ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық - зомбылықты, әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882 - 1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды.
  • 7. 1886 - 1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша - қазақша училищеде, 1891 - 1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. Бұл жылдары ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің үлгісінде жұмыс істейтін, игі дәстүрлері мол жаңаша мектептер саны көбейген болатын. Міне, осы тәрізді оқу орындарында оқып, сапалы білім алып шыққан Ахмет Байтұрсынұлы 1895 жылдың 1 шілдесінен өзінің мұғалімдік, ұстаздық қызметін бастайды. 1895 - 1897 жылдары Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездерінде ауылдық, болыстық мектептерде, екі сыныптық училищелерде сабақ береді. Мұғалім бола жүріп ол қоғамдағы болып жатқан құбылыстарға, әлеуметтік өмірге үңіледі.
  • 8.  Халыққа білім берудің жолдарын, қазақ тілі мен әдебиетінің мәселелерін зерттеу мүмкіндіктерін қарастырады. Көп кітаптар оқиды, өз бетімен ізденеді. Әдебиетпен айналысады, өлең - жырларын жазады, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинайды, оқулықтар мен оқу құралдарын әзірлейді. Өзінің білімімен, ақыл - парасатымен ел аузына іліге бастайды. Бостандық аңсаған, күреске үндеген өлеңдер жазады. Соның салдарынан 1910 жылы Қазақстанда тұру құқығынан айырылып, Орынбор қаласына келеді. 1913 - 1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу - білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.
  • 9.
  • 10.
  • 11.  1917 жылғы Қазан төңкерісінен кейін қоғамдық өмірге белсене араласқан Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады. Кейінірек Қазақстанның тұңғыш халық ағарту министрі, Қазақстан академиялық орталығының жетекшісі, Алматыдағы, Ташкенттегі жоғары оқу орындарының профессоры қызметтерін атқарады. Кеңес өкіметі тұсындағы коммунистік идеология аласапыранының салдарынан 1929 жылы жазықсыз ұсталып, ұзақ уақыт түрме мен лагерь азабын тартқан Ахмет, 1936 жылы елге қайтып оралғанымен, 1937 жылы қайта тұтқындалып, 1938 жылы атылады. . Алаш қозғалысының көсемі ретінде "халық жауы" деп атылған А. Байтұрсыновтың есімі де, шығармалары да көпке дейін жұртшылық үшін жабық болды. Тек тәуелсіз Қазақстан жағдайында ғана ақынның шығармалары жарық көрді, мұралары зерттеле бастады. 1988 жылы ақталғаннан кейін А. Байтұрсынұлы шығармаларының жинағы (1989), "Ақ жол" кітабы (1991) жарық көрді.
  • 12.
  • 13.  Қазақ санасының шамшырағы іспеттес сүйікті ұстазымыз, қажымайтын қаһарманымыз - Ахмет Байтұрсынұлы.Ол сауаты, саңылауы жоқ қазақтың надан халқын қалың жау еңсесін басып, қара бұлт қаптап, түнше түнеріп тұрғанда, кеудесінің бар күшін аямай, жанын құрбан қылып, жарыққа қарай өрге сүйреген Алаштың асыл ұлдарының бірі. Бірінші рет басталған, бұрын ешкім ескермеген жұмыстың барлық ауыртпалығы Ахмет Байтұрсыновтың басына түсті. Ойға - қырға бірдей қуылды, түрмеге түсті. Қуғын - сүргінде жүрген кездерінде қолынан қаламын тастамаған. Маңайындағыларды өлең қуатымен жылытып, рухтандырып отырған.
  • 14.
  • 15. Маңайындағыларды өлең қуатымен жылытып, рухтандырып отырған. Бірақ Ахмет Байтұрсыновтың қайраты тасымаса, қайтпады, ақылы аспаса, саспады. Өзінің тізесін, түрменің терезесін үстел қылып, Ахаң қаламын тартпай жазумен болды. Ахмет Байтұрсыновтың атын қазақ баласының естімегені жоқ шығар. Оның әліпбиі мен оқу құралдарын оқып, сол ғылыми еңбектерінің арқасында қаншама адам сауатын ашты. Ол Қазақстанның әр түрлі облыстарынан мектептер ашып, ұстаздық жұмыспен айналысты, жарғақ құлағы жастыққа тимей, «масаша» ызылдап, туған халқын оқуға, өнер - білімге шақырды, өркениетті елдерден кейін қалып, көрінгенге жем болып жүргеніміз біліміміздің, өнеріміздің жеткіліксіздігінен, оқыса, ілгері кеткен елдер қатарына қосылуға талпынса, қазақ халқы да ешкімге есесін жібермейді, әңгіме талаптануда, намыстануда дейді, оны мына бір өлең жолдарынан байқаймыз.
  • 16. Адамдық диқаншысы - қырға шықтым, Көлі жоқ, көгалы жоқ құрға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім. Көңілін көтеруге құл халықтың. Қор болған босқа кетіп еңбек, бейнет, Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет. Оттай бер, жануарым екі аяқты, Адамдық хайуанға қанша қажет?! Жаратқан малды құдай не керекке - Мінуге, сою, соғу, жүндемекке. Жорта бер қамыт киіп, қамшыңды жеп, Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке. Таяққа еті үйренген қойшы жайлап, Көк есек қозғала ма түрткенде айдап? Есептен алданғандай болғандар көп, Жасықты асыл ма деп білмей қайрап,
  • 17. -деп жырлаған Ахмет Байтұрсыновтың осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес. Ол - ақын, жазушы,аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф, фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым. Оның бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол бас әріппен жазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.Ахмет Байтұрсынұлы - қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы. Ол жазған мектеп оқулықтары 1914 - 1915 жылдан 1927 - 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының бірнеше буыны сауатын Байтұрсыновтың “Әліп - биімен” ашып, ана тілін Байтұрсыновтың “Тіл құралы” арқылы оқып үйренді. Ахмет Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі саласында емес, әдебиет тану саласында да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II - жартысында - ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 ж. “Ер Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 ж. “23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді. Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері. Байтұрсыновтың “Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі - әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы.
  • 18.
  • 19. Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары, басты - басты терминдері мен категориялары түп - түгел осы кітапта қалыптастырылған. Мұнан кейін неге оқу - ағарту ісіне бой ұрғанын, халқының болашағы үшін неге бас тіккенін былай әңгімеледі: «Мені тудырған заман - патша заманының зұлым саясаты, зорлығы, зомбылығы, қорлығы. Соның бәрін көріп тұрып, мен қарап қала алмадым. Біздің халық - еш нәрсесі жоқ, мәдениетке кедей халық… Біздің қазақ сияқты өгейлік көрген халыққа ағартудан басқа жол қалмады... Жөні дұрыс жастар біздің артымыздан ерді. Олар басқа жол таба алмады».Көпшілік бұқараны оятудың барлық амал - тәсілін қолданып байқаған Ахмет Байтұрсынов қалың қазақ арасында ең өтімді үгіт құралы - өлең сөз екенін аңдады. Сол бір жылдарда ел ішінде айтылар ойдың түпқазығы “Оян, қазақ!” деген бір - ақ сөзге тірелген ұран өлеңдер көп тарап еді. Солардың алғашқы қарлығашы - Ахмет Байтұрсынұлы өлеңдері, оның “Қырық мысал” кітабы болатын.“Қырық мысалды” оқи отырып, таныс сюжеттерге ұшырасқанда, олардың И. А. Крыловтан аударылды дегеніне қол қойсаң да, таза қазақы түсінік, ұлттық ұғыммен түйінделген ғибрат бөліміне келгенде ойналып - ақ қаласың.
  • 20.
  • 21.
  • 22.
  • 23. Ел тағдыры жайлы ойланғанда, Ахмет Байтұрсынов, ең алдымен, сол елдің өзімен тілдесуді, олардың жай - күйі жайлы көргендері мен ойларын ортаға салуды, болашақ жөніндегі ұғым - түсініктерін бөлісуді парыз санайды. Оған әдебиетті, өлеңді пайдаланды. Алайда, Ахмет көрген ел әлі ұйқыдан оянып болмаған, ынтымағы жоқ алауыз, сөз тыңдауға салғырт, берекесіздікке ұйыған қауым еді. Сондықтан Ақан өлеңін “Маса” етіп жұмсап, ел құлағына барып ызыңдап, ұйқыдан оятуға тырысты. Атақты “Маса” жинағы осылай туды. Ахмет Байтұрсынұлы - ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері “Қырық мысал”, “Маса”, “Үзік” деген аттармен 1912 жылдан 1922 жылға дейін бірнеше рет жарияланған. “Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятпақшы:
  • 24. Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса, Сап - сары аяқтары ұзын маса, Өзіне біткен түсі өзгерілмес, Дегенмен қара яки қызыл маса. Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша. Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса?
  • 25. Ірі қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының артында аса мол әдеби, ғылыми еңбектер қалды. Ол өз заманында әрі ақын, әрі аудармашы, әрі ғалым ретінде танылды. Ахметтің 1909 жылы Петербург қаласында "Қырық мысал" деген атпен жарық көрген алғашқы кітабына негізінен орыс мысалшысы И. Крыловтан аударған аударма мысалдар жинақталды. Бұрын мысал арқылы тұспалдап айтылған ойларын Ахмет 1911 жылы Орынбор қаласында шыққан "Маса" атты өлеңдер жинағында өз сөзімен ашықтан - ашық жария етті. Бұл жылдары ол қазақ тілі мен әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап көптеген мақалалар жазып, баспа беттерінде жариялады.
  • 26. Әсіресе 1913 жылы жазылып, "Қазақ" газетінде жарияланған "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы Ахметті білікті әдебиеттанушы ғалым ретінде танытты. Бұл мақала ұлы Абайдың ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орнын айқындауға, ақын шығармашылығына баға беруге арналған тұңғыш ғылыми зерттеу еңбегі еді. Әдебиетші Ахмет Байтұрсынов мұрасының маңызды бір саласы – оның ел аузынан жинап, жүйелеп, баспа бетінде жариялаған ауыз әдебиеті нұсқалары. Атап айтқанда, Ахмет жинаған фольклорлық үлгілер негізінде Мәскеу қаласында 1923 жылы "Ер Сайын" жыры, 1926 жылы "23 жоқтау" кітаптары жарық көрді.
  • 27. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің ұлы түрлендіруші - реформаторы, теоретигі әрі қазақ тілі білімі саласына орасан зор еңбек сіңірген көрнекті ғалым болды. Ол араб әріптерінің негізінде төте жазу үлгісін, яғни қазақтың төл әліпбиін жасады. Өзінің "Оқу құралы" (1912), "Тіл құралы" (1914), "Әліпби" (1924), "Жаңа әліпби" (1926) тәрізді кітаптарында қазақ тілінің ғылыми, теориялық және әдістемелік мәселелерін кеңінен талдап берді. Қазақ тіл білімінде терминдер жүйесін қалыптастырды.Ал енді Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларын тізімдеп өтсек:
  • 28. Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы.- 3-т. Тіл құралы (қазақ тілі мен оқу- ағартуға қатысты еңбектері)Алматы:Алаш,2005.- 352 бет. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың да иесі.Бұл жинақта «Тіл-құрал» оқулықтары мен методикалық құралдардың қолда бар басылымдарының мәтіндері толық ұсынылып отыр.
  • 29. Байтұрсынов А. Әдебиет танытқыш. Зерттеу мен өлеңдер. Алматы:Атамұра,2003.- 208 бет. Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың бұл жинағына «Әдебиет танытқыш» деп аталған зерттеу еңбегі мен өлеңдері топтастырылған.
  • 30.  Байтұрсынов А.Тіл тағылымы (қазақ тілі мен оқу-ағартуға қатысты еңбектері)- Алматы, «Ана тілі», 1992.- 448 бет.  Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ балаларының ана тілінде сауат алуына арналған алғашқы әліппелер мен қазақ тілі грамматикасын танытатын тұңғыш оқулықтардың авторы, қазақша сауат аштыру мен қазақ тілін пән ретінде оқыту әдістерін баяндайтын құралдардың да иесі.Бұл кітапта сол оқулықтар мен методикалық құралдардың қолда бар басылымдарының текстері толық ұсынылып отыр.Сонымен бірге автордың қазақ жазуы (графикасы), емлесі, терминологиясы жайында жазған мақалалары, сөйлеген сөздері мен қазақ жеріндегі оқу-ағарту мәселелеріне арналған еңбектері де енеді. Бұлардың барлығы дерлік араб жазуынан қазіргі қазақ жазуына көшіріліп беріледі.
  • 31.  Байтұрсынов А. Шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер. (Құраст.Шәріпов Ә.,Дәуітов С.)- Алматы:Жазушы,1989.- 320 бет.  Қазақ әдебиеті мен өнерінің көрнекті қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың бұл шығармалар жинағына бұрын «Маса», «Қырық мысал» кітаптарында жарық көрген өлеңдері мен аудармалары және «Әдебиет танытқыш» деп аталатын зерттеу еңбегі топтастырылды.
  • 32.  Байтұрсынұлы А.  Жоқтау.Алматы:А.Байтұрсынов атындағы қор,1993.-96 бет.  Ахмет Байтұрсынұлының «Жоқтау» деп аталатын бұл кітабында өзінің көзі тірісінде жарық көрген, сондай-ақ ауыз әдебиеті мұраларын ұдайы жинап, өңдеген тынымсыз ізденісінің бір бөлігі ретінде танылған «23 жоқтау» бұл жоқтауларды бастырғанда Қазақ тарихының төрт жүз жылын алған.Кітапты баспаға дайындаған Ақаңның немересі А.Байтұрсынұлы атындағы Қордың президенті Самырат Кәкішев.
  • 33. Байтұрсынұлы А. Жан сөзімді кім түсінер ?- Алматы:Қазақстан: А.Байтұрсынұлы атындағы қор,1994.- 112 бет. Ахмет Байтұрсынұлының «Жан сөзімді кім түсінер ?» деп аталатын бұл кітабында өзінің көзі тірісінде жарық көрген «Маса», «Қырық мысал» сияқты өлеңдері мен аудармалары басылған кітаптардағы поэтикалық шығармалары топтастырылып беріліп отыр
  • 34. Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман - тілегін, мұң - мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім - ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады. Патшалық Ресейдің қанаушылық - отаршылдық саясатын, шенді - шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой - санасын оятуға бар жігер - қайратын, білімін жұмсайды. Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс - тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
  • 35. Байтұрсынұлының екінші кітабы — «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. Қоршаған ортаға ойлана, сын көзімен қарайды, қоғам қалпына көңілі толмайды. «Қазақ салты», «Қазақ, қалпы», «Досыма хат», «Жиған - терген», «Тілек батам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ» т. б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ой өрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына тән өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
  • 36. Қазақ тілінің негізін қалаушы ретінде Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазуды 1910 жылдардан бастап қолға алады. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі. Қазақ графикасының негізіне қазақтың мәдени дүниесінде көп ғасырлық дәстүрі бар, өзге түркі халықтарды да пайдаланып отырғандықтан, туыстық, жақындық сипаты бар араб таңбаларын алады. Оны қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды. Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі «қазақ жазуы» деп, өзгелер «Байтұрсынов жазуы» деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазады. Сөйтіп, оқу - ағарту идеясына сол кезіндегі интелегенциясы жаппай мойын бұрды. Әрбір зиялы азамат халқына қара танытып, сауатын ашуды, ол әрекетті «Әліппе» құралдарын жазудан бастауды мақсат етті. Сол 1911 - 1912 жылдары жасалып, Уфа, Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген. Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі «Оқу құралы» деген атпен 1912 - 1925 жылдары арасында 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды.
  • 37. Байтұрсынұлы қалдырған бай мұраның тағы бір саласы — көркем аударма. Ол орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А. Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал» деген атпен жеке жинақ қылып бастырды. И.И. Хемницердің «Атпен есек»,А. Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я. Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударды. Адамдық диқаншысы қырға шықтым, Көл жоқ, көгалы жоқ – қорға шықтым. Тұқымын адамдықтың шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың, - деген Ахмет Байтұрсынұлы қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады.
  • 38. Бір басында сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың "рухани көсемі. М.Әуезов
  • 39. Екі жинақ- “Қырық мысал”, “Маса”- қазақ әдебиетін жаңа тақырыптармен, идеялармен, ойлармен, өрнектерімен байытты; Абайдың ақындық дәстүрі ілгері жалғасты, заман талабына сай жігерлі поэзия туды, бұдан кейін талантты ақындардың жаңа буыны тарам- тарам жүлгелерді тереңдетіп, жалғастырып әкететін болады. Рымғали Нұрғалиев
  • 40. "Қалдырған ізін мәңгілік… Есімде тұрар жаңғырып!" Қорытындылай келгенде, Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармалары, саяси ағартушылық қызметі-ұрпақтар үшін қазыналы мол мұра деп сеніммен айта аламыз. Кеңес империясы дәуірінде Ахмет есімін атаудың өзі қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз өзінің ұлы перзентімен қайта табысып, Ахмет Байтұрсыновтың қазақ тілінің мен әдебиетінің дамуындағы жасаған зор еңбектері қайта жаңғыртылып отыр.
  • 41. Баспалар ақын, ғалым, зерттеушінің көп шығармаларын басып шығарды. Қазақстан өкіметінің арнаулы қаулысы бойынша республикамыздың әр жерлерінде мектептерге, көшелерге, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тіл білімі институына А. Байтұрсынұлының есімі берілді. Сондай-ақ Ақынның туған жері Торғай ауданы, Ақкөл ауылында 2009 жылы жаңадан мектеп салынып, Ахмет есімі берілді. 2011 жылы Ақкөл ауылында Ахмет Байтұрсыновтың құрметіне ескеркіш қойылды. Торғай қаласындаАхметБайтұрсыноватындаМұражай бар. 2012 жылы Арқалық қаласында Ахмет Байтұрсынұлына ескерткіш қойылды. Тәуелсіздік еркіндігі үшін жан аямай күрескен ұлы азамат Ахмет есімі мәңгі біздің жадымызда сақталады. Еліміз егемендігін алып , 25 жылдық тәуелсіздік тарихы бар кезеңде Ахмет Байтұрсынов секілді біртуар ел перзенттерінің еңбегінің еленіп, есімінің ел тарихында алтын әріппен жазылыуын қамтамасыз ету қазақ тілі мен әдебиетінің ілмегін іліп, зияткер ғалымдардың соңын жалғаған біздің мойынызмызда.
  • 42. Ұсыныстар тізімі 1. Ахмет Байтұрсыновтың еңбегін жас ұрпаққа түсіндіру мен кеңінен насихаттау масқсатында мектепішілік апталықтар өткізілсе; 2. Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері мен өмір жолының жаңа зерттеулерге негіз ету мақсатында, ғылми жоба жұмысындағы қазақ тілі мен әдебиеті секциясында негізгі жас ғалымдарға ұсынылатын тақырып (бөлім) ретінде енгізілсе; 3. Баспасөз беттерінде жарияланған мақалалары мектептің жоғарғы сынып оқушыларының оқу программаларында кеңінен орын алса;