SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  8
КобеноваГулжан Манатовна
Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ станциясы
« №12 орта мектеп» комуналдық мемлекеттік мекемесінің
11 -сынып жетекшісі
Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты
Пәні: Тәрбие сабақ
Сыныбы: 11 « А »сынып
Сабақтың тақырыбы: Ас атасы нан.
Мақсаты: 1. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету.
2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін
түсіндіру. 3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте
сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ас түрлері
Сабақтың барысы:
Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздер «Ас – адамның арқауы» атты тәрбие
сағатын өткізгелі отырмыз.
І. Қызығушылықты ояту.
Ас дастарханға қалай келеді?
Оқушылардың пікірін тыңдау
ІІ. Мағынаны тану
Нан туралы ақыл – кеңестер.
Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да,
мәдениеттілікке де жатпайды.
 Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз.
«Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі – нан»
«Ас жүрген жер – береке»
«Дастархан дәмі – киелі»
І бөлім «Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар»
1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды.
2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра
алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс
отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма.
3.Ас үстінен аттама
Астан үлкен емессің
4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды.
5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды
6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды
7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек.
8.Ертеңгі асты тастама
Кешкі асқа қарама.
Балаға ми жеуге болмайды.
Ми жемейді жас бала,
Миды ұсын басқаға,
Былжыр болып өсеміз,
Ынжық болу масқара.
9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты
сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің
жарым болсын дегенді білдіреді.
10.Дастарханнан аттауға болмайды.
11.Өле жегенше,
Ағайынмен бөле же.
12.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек.
ІІ. «Дастархан басындағы дәстүрлер»
1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру,
достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды
«Құтыхананың берекесі» деп қасиет тұтады.
2. Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм
таттыруға, той – тамашаға, ас – су беруге жайылады.
3. Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу
отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады.
4. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады.
5. Той дастархан, той үлгі
Бай дастархан жайылды.
Атап –атап ас қойдық
Атаға деп бас қойдық.
6.Су құйдым да құманмен
Қолына мен әкемнің
Содан кейін оған мен
Орамалды әпердім.
7.Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды.
8.Күнделікті отбасының тамақтануында ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата
беру рәсімдері орындалады.
9.Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады.
10.Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата
береді.
Жамбас қойдық құдаға
Жал мен жая сыбаға
Қалақтай төс жездеге
Қазы қарта өзгеге.
Уыз, қаймақ тағы бар
Уылдырық табылар
Табан , сазан, майшабақ
Табақ тарттық қайталап.
11. «Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі- киелі.
Оны татып, келісімін бұзса, астық киесі ұрады дейді.
12.Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен
ата – анаға, үлкенге ұсынады.
13.Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылаты су жылы
болуы керек.
14.Қазіргі тойларда дастархан жаю мәдениет дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады.
Әсіресе, жеміс пен көкөніс дастарханның сәні.
Балаларға – тортымыз,
Барлық жұртқа құртымыз
Балмен піскен қауыршақ
Балдай тәтті бауырсақ.
Қауын –қарбыз, көкөніс
Қанша жидек, көп жеміс.
Қане, тойда тойыңдар.
Кәдеден соң ойын бар .
Нан туралы тақпақтар
1. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар
Нанда адамның еңбегі мен ары бар.
Нан өмірдің ана сүті арқауы
Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.
2. Бір кезде болып нанға зар,
Қадірін білген адамдар.
Әулие тұтып нанды ұстап,
«Нан ұрсын» деп қарғанар
Нан ардақты адал ас
Кәрі – жас одан атталмас.
3. Нанға үлкен жүрекпен қараңдар
Нанды өмір деп санаңдар
Нан болмаса
Қызығың, бақытың
Құр әуре, далбаса.
4. Нандай жоқ қой асыл дәм
Жеп үйренген жасыңнан
Дастарқаннан нан кетсе
Береке кетер асыңнан
Ей, балалар, балалар
Болмаңдар сірә нанға зар
Өмірдің алтын арқауы
Бар қасиет нанда бар.
Жұмбақтар:
5.Алға жайып тұз дәмін
Келтіреді үй сәнін
Ол халқымның ақ жаны
Жақсы дәстүр маржаны
Кең пейілде арайлы
Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан)
Беттескен қос табақ
Ортасында бас табақ
Көзбен шоққа ораса,
Дәм піседі тамаша. Бұл не? (тары)
Мақал-мәтелдер:
1. Қырман басы – береке
Көп жүрген жер – мереке.
2.Егін ексең – тыңға.
Шықтым дей бер шыңға.
Қоныс көркі – там.
Дастархан көркі – нан.
Нан – тамақтың атасы.
Ынтымақ – көптің батасы.
Тістем наның қадірін
Тарыққанда білерсің.
VІ бөлім. «Ас ішу тәртібі»
1. Тарта жесең, тай қалар,
Қоя жесең, қой қалар,
Қоймай жесең не қалар.
Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды.
2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек.
3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды.
4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты
талғаммен ішу керек.
5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы,
6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт тағы
басқалар жатады.
V бөлім. «Үй тарсырма»
Үйден дайындап келген ас мәзірімен таныстыру.
VІ. Бата беру
Ас болған жерде бата беріледі. Ендеше батаға кезек береміз.
Амандық берсін басыңа
Қадір келсін қасыңа
Бар екем деп тасыма
Жоқ екем деп жасыма
Еңбек етсең ерінбей
Дәулет келер қасыңа.
Әумин!
Ой қорыту:
Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды білдіңдер. Осының бәрі
өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек.
«Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» , – демекші еңбек етулерің керек.
Сендердің еңбек еткендерің – ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу.
№2
Тақырыбы:«1001 мақал, 101 жұмбақ»
Мақсаты:балалардың танымдық қабілетін арттыру мақсатында мақал-
мәтел және жұмбақтарментаныстыру. Оқушылардың ақыл-ойын,тіл
байлығын,сөздікқорындамыту. Білімдерін жетілдіре
отырып,қызығушылыққабілетін арттыру,білімділікке,тапқырлыққа
тәрбиелеу.
Өту барысы:
1.Таныстыру
2.Мақалшылар сайысы
3.Жұмбақшылар сайысы
4.Қорытынды
Кіріспе
-Балалар, бүгінгі «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы жарыс түрінде өтеді.
Ол үшін «Мақалшылар» және «Жұмбақшылар» болыпекі топқа бөлінеміз.
Топтар өздерін таныстырады.
1-тур. Мақалшылар бір-біріне мақал айтады, іліп әкете алмаған оқушы
ойыннан шығады.
2-тур. Оқушылар бір-біріне жұмбақжасырады,жұмбақтыңшешуін көп
шешкен бала жеңімпаз болады.
3-тур. Екі жеңімпаз мақал айтады, екіншісі жалғастырады,жұмбақшының
жасырғанжұмбағынқарсыласы шешуі тиіс.
Мақалшыларжарысы. Тіл ширату,ойыншылар кез-келген тақырыпта
бірін-бірі қайталамай мақал айтулары тиіс.
1. Ақылды адам айтқызбай білер,
Ақсұңқар қаққызбайілер
2.Адал еңбек аздырмас,
Арамдық бойды жаздырмас
3.Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас
4.Қатты жерде қақ тұрар,
Қайратты ерге бақ тұрар
5.Сөзің қысқа болсын,
Қолыңұзынболсын
6.Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа,
Жаманмен жолдас болсаң,қаларсыңұятқа
Жұмбақшыларсайысы.
1.Жеген асы желкесінен шығады.
(Сүргі)
2.Бір аяқты,
Жалғыз басты.
Бастан ұрсаңжүреді,
Жүргенсайын кіреді.
(Шеге)
3.Арқасындаазығы бар, бауырындақазығы бар.
(Үстел)
1. Он, он бесі жиылды, бір белдікке буылды.
(Сыпырғыш)
2. Оқу – білім бағдары,
Заманының бағбаны.
(Ұстаз)
4. Қорытынды.
Екі жеңімпаз мақал айтады, екіншісі жалғастырады,жұмбақшының
жасырғанжұмбағынқарсыласы шешуі тиіс.
Мақал:
1. Арқанды ат ... (қазығынаоралар)
2. Жылы- жылы сөйлесең, ... (жылан інінен шығар)
3. атпаз көргенат таныр,
4. Ұстаз көрген ... (хат таныр)
5. Ұстазы талантты болса,
Шәкірті ... (талапты болар)
Жұмбақ:
1. Бір атым бар,
Құлынболыптумаған,
Құнанболып өспеген. (Велосипед)
2. Жылға десем, ақпайды,
Жылан десем шақпайды. (Арқан)
2. Сұлықжатыр ақ дала,
Сирек жортқан аң ғана.
Көтеріп бір аяғын,
Қаздарым тұр аулада. (Қыс)
3. Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді. (Ұстаз)
5. Күнысып,
Су жылынып,
Егін басы тұр иіп.
Жеміс тердік бақшадан,
Жеңімізді түріп. (Жаз)
Жеңімпаз оқушыға мақтау қағаз беріледі.
Ақынмын деп мен қалай мақтанамын,
Халқымның өз айтқанын қайталады.
Күпікиген қазақтың қара өлеңін,
Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - дегендей, халқымыздыңсөз
маржандарынбүгінгідей жиындардақайталап, зердемізге тоқыпүлгі
алайық. «Құнды сөз құнарлы ойдантуады», дана халқымыздыңсөз
өнерлері өмірлеріңізге шамшырақ болсын!
Тақырыбы:«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» (8 наурыз!)
Мақсаты:Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен
аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу,
ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.
Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер.
Барысы:
Кіріспе:
Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем
шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні
келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген
ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр
отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен
ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі
мерекелік кешіміз де аналарға арналады.
Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-наурыз халықаралық әйелдер күні
мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын
тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына
шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.
Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры
Б.Серғазықызына беріледі.
Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына
ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік.
Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі
мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар
несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет
арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар.
Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын
аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп,
сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың
жебеушісі,сәбилердің бақыты.
Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың
құрметінеТөлегенов Ақылбектің орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар.
Мың бұралып билеген
Аруды кім сүймеген .
Күміс көмей аруларға
Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Серік Құралайдың орындауындағы
«Шаттық» биіне береміз.
Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз
ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып
отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.Гімің
Қуанбектің орындауындағы «Апатайым, анашым» әнін қабыл алыңыздар.
Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады.
«Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді.
Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-
анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен.
Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
Бишілер билеп кетті тербетіле.
Аққудай қалықтаған теңіздегі,
Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда Нұрболат Каусар,Байбақыт Салиманның
орындауындағы «Аққу биі»
«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір
шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі
болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей,
бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар.
Ән: «Ұстазым », орындайтын:Гімің Қуанбек
Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет,
ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.
Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 11-сынып оқушыларының
орындауындағы «Қара жорға» биі. Қабыл алыңыздар!
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,
Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең
шумақтарын тыңдайық. (11-сынып оқушыларының жыр шашуы)
Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір
тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық
жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ
әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының
берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.
Өзің мына сыйға берген өмірде
Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым.
Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып
тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.
Демеңіз біз өнерді аяп қалды,
Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.
Қош болып тұрыңыздар көріскенше,
Осымен концертіміз аяқталды.
Сау-саламатта болыңыздар!

Contenu connexe

Tendances

зат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтаузат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтауNurlan Abilhanov
 
17ывывывыц
17ывывывыц17ывывывыц
17ывывывыцnurlan93kz
 
2112dfsdffdfds
2112dfsdffdfds2112dfsdffdfds
2112dfsdffdfdsnurlan93kz
 
Көкөніс Көкөніс
Көкөніс    Көкөніс  Көкөніс    Көкөніс
Көкөніс Көкөніс Nurlan Abilhanov
 
2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауаnurlan93kz
 
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту әдістемелерінің бірі
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің біріӘлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің бірі
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту әдістемелерінің біріNurlan Abilhanov
 
6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақ6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақoquzaman
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаАйбек Қуандықұлы
 

Tendances (20)

322fd
322fd322fd
322fd
 
зат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтаузат есімнің тәуелденуін пысықтау
зат есімнің тәуелденуін пысықтау
 
17ывывывыц
17ывывывыц17ывывывыц
17ывывывыц
 
1369 i__85
1369  i__851369  i__85
1369 i__85
 
2112dfsdffdfds
2112dfsdffdfds2112dfsdffdfds
2112dfsdffdfds
 
Көкөніс Көкөніс
Көкөніс    Көкөніс  Көкөніс    Көкөніс
Көкөніс Көкөніс
 
рабочая тетрадь
рабочая тетрадьрабочая тетрадь
рабочая тетрадь
 
2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауа
 
99999999
9999999999999999
99999999
 
Сын есім
Сын есімСын есім
Сын есім
 
ашык сабак
ашык сабакашык сабак
ашык сабак
 
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту әдістемелерінің бірі
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің біріӘлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту  әдістемелерінің бірі
Әлемдік білім кеңістігіндегі танымал оқыту әдістемелерінің бірі
 
6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақ6 ынып ашық сабақ
6 ынып ашық сабақ
 
Lgi predshkol
Lgi predshkolLgi predshkol
Lgi predshkol
 
963fd
963fd963fd
963fd
 
Қайталау сабақ
Қайталау сабақҚайталау сабақ
Қайталау сабақ
 
Бұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасымБұл – менің отбасым
Бұл – менің отбасым
 
85555d
85555d85555d
85555d
 
87
8787
87
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты бала
 

En vedette

2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsdnurlan93kz
 
54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee
54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee
54rerereeeeeeeeeeeeeeeeeenurlan93kz
 
Азизов Б.С. — Оң жүрек артериясының биоабсорбциялық скафолд имплантациясынан ...
Азизов Б.С. — Оң жүрек артериясының биоабсорбциялық скафолд имплантациясынан ...Азизов Б.С. — Оң жүрек артериясының биоабсорбциялық скафолд имплантациясынан ...
Азизов Б.С. — Оң жүрек артериясының биоабсорбциялық скафолд имплантациясынан ...Pavel Fedotov
 
2017ЦЙЦВЦЙУЦ
2017ЦЙЦВЦЙУЦ2017ЦЙЦВЦЙУЦ
2017ЦЙЦВЦЙУЦnurlan93kz
 
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTR
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTRCvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTR
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTRnurlan93kz
 
5445rtretrtersss
5445rtretrtersss5445rtretrtersss
5445rtretrtersssnurlan93kz
 
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»Кызгалдак Наурзалиева
 
2552ewewewewwwww
2552ewewewewwwww2552ewewewewwwww
2552ewewewewwwwwnurlan93kz
 
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. қуат.
Дененің  қозғалу бағытында  әрекет  ететін күштің жұмысы. қуат.Дененің  қозғалу бағытында  әрекет  ететін күштің жұмысы. қуат.
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. қуат.Айбек Қуандықұлы
 

En vedette (12)

2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd
 
54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee
54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee
54rerereeeeeeeeeeeeeeeeee
 
7wewwew
7wewwew7wewwew
7wewwew
 
7999в
7999в7999в
7999в
 
Азизов Б.С. — Оң жүрек артериясының биоабсорбциялық скафолд имплантациясынан ...
Азизов Б.С. — Оң жүрек артериясының биоабсорбциялық скафолд имплантациясынан ...Азизов Б.С. — Оң жүрек артериясының биоабсорбциялық скафолд имплантациясынан ...
Азизов Б.С. — Оң жүрек артериясының биоабсорбциялық скафолд имплантациясынан ...
 
2017ЦЙЦВЦЙУЦ
2017ЦЙЦВЦЙУЦ2017ЦЙЦВЦЙУЦ
2017ЦЙЦВЦЙУЦ
 
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTR
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTRCvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTR
CvcvcRTRETRERRRRRRRRRRRRTR
 
дизайн табигаты
дизайн табигатыдизайн табигаты
дизайн табигаты
 
5445rtretrtersss
5445rtretrtersss5445rtretrtersss
5445rtretrtersss
 
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»
практикалық жұмыс «сапалық және мәтінді есептер шығару»
 
2552ewewewewwwww
2552ewewewewwwww2552ewewewewwwww
2552ewewewewwwww
 
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. қуат.
Дененің  қозғалу бағытында  әрекет  ететін күштің жұмысы. қуат.Дененің  қозғалу бағытында  әрекет  ететін күштің жұмысы. қуат.
Дененің қозғалу бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. қуат.
 

Similaire à 303ллоршгршг (20)

отбасым киелі шаңырағым
отбасым   киелі  шаңырағымотбасым   киелі  шаңырағым
отбасым киелі шаңырағым
 
7778
77787778
7778
 
дүниетану күнделікті жоспары
дүниетану күнделікті жоспарыдүниетану күнделікті жоспары
дүниетану күнделікті жоспары
 
12333
1233312333
12333
 
төзім мен табандылық
төзім мен табандылықтөзім мен табандылық
төзім мен табандылық
 
qQq
qQqqQq
qQq
 
Men otanh
Men otanhMen otanh
Men otanh
 
мақал мәтел
мақал мәтелмақал мәтел
мақал мәтел
 
оспанова а.а
оспанова а.аоспанова а.а
оспанова а.а
 
венера халмуратовна
венера халмуратовнавенера халмуратовна
венера халмуратовна
 
Aaa
AaaAaa
Aaa
 
4666а
4666а4666а
4666а
 
Жеміс
ЖемісЖеміс
Жеміс
 
аюбаева
аюбаевааюбаева
аюбаева
 
702 e o38
702 e o38702 e o38
702 e o38
 
отбасы(1)
отбасы(1)отбасы(1)
отбасы(1)
 
раимбекова д.а..
раимбекова д.а..раимбекова д.а..
раимбекова д.а..
 
базылова с.о раимбекова д.а
базылова с.о раимбекова д.абазылова с.о раимбекова д.а
базылова с.о раимбекова д.а
 
123вукукук
123вукукук123вукукук
123вукукук
 
көктем сәні
көктем сәнікөктем сәні
көктем сәні
 

Plus de nurlan93kz

2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxxnurlan93kz
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsdsnurlan93kz
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВnurlan93kz
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadasnurlan93kz
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуцnurlan93kz
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПРnurlan93kz
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБnurlan93kz
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььоооnurlan93kz
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывыnurlan93kz
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуцццnurlan93kz
 
2019УКУКУ
2019УКУКУ2019УКУКУ
2019УКУКУnurlan93kz
 
2018ЫВЫФВФЫВЫФ
2018ЫВЫФВФЫВЫФ2018ЫВЫФВФЫВЫФ
2018ЫВЫФВФЫВЫФnurlan93kz
 

Plus de nurlan93kz (20)

2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
 
2055sddsadsd
2055sddsadsd2055sddsadsd
2055sddsadsd
 
2053xczcxc
2053xczcxc2053xczcxc
2053xczcxc
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds
 
2051fdfdfd
2051fdfdfd2051fdfdfd
2051fdfdfd
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadas
 
2048dfsfdsf
2048dfsfdsf2048dfsfdsf
2048dfsfdsf
 
2047dsdsdsd
2047dsdsdsd2047dsdsdsd
2047dsdsdsd
 
2046dsfsdfd
2046dsfsdfd2046dsfsdfd
2046dsfsdfd
 
2045erwerer
2045erwerer2045erwerer
2045erwerer
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуц
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывы
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц
 
2019УКУКУ
2019УКУКУ2019УКУКУ
2019УКУКУ
 
2018ЫВЫФВФЫВЫФ
2018ЫВЫФВФЫВЫФ2018ЫВЫФВФЫВЫФ
2018ЫВЫФВФЫВЫФ
 
2016dfdfdfd
2016dfdfdfd2016dfdfdfd
2016dfdfdfd
 

303ллоршгршг

  • 1. КобеноваГулжан Манатовна Алматы облысы Көксу ауданы Айнабұлақ станциясы « №12 орта мектеп» комуналдық мемлекеттік мекемесінің 11 -сынып жетекшісі Сабақтың түрі: Ашық тәрбие сағаты Пәні: Тәрбие сабақ Сыныбы: 11 « А »сынып Сабақтың тақырыбы: Ас атасы нан. Мақсаты: 1. Асты қадірлеп, қастерлеуге үйрету. 2. Нанның дастарханға қалай келетіндігін айтып, оған көптеген адамдар еңбек еткендігін түсіндіру. 3. Оқушыларды дәстүрді сақтауға, нанды қастерлеуге ас ішу тәртібін есте сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Нақыл сөздер, ас түрлері Сабақтың барысы: Мұғалім: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біздер «Ас – адамның арқауы» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. І. Қызығушылықты ояту. Ас дастарханға қалай келеді? Оқушылардың пікірін тыңдау ІІ. Мағынаны тану Нан туралы ақыл – кеңестер. Дүкенге барғанда нанның сапасын қолыңызбен анықтамаңыз. Бұл тазалыққа да, мәдениеттілікке де жатпайды.  Нанды сатып алған кезде таза дорбаға салыңыз. «Дүниедегі көп байлықтың ең негізгісі – нан» «Ас жүрген жер – береке» «Дастархан дәмі – киелі» І бөлім «Дастархан басында сақталатын ырым – тыйымдар» 1. Нанды бір қолмен сындыруға болмайды. 2. Тамақты жатып ішуге болмайды. Дені сау адам дұрыс отырып тамақтанады. Ал отыра алмайтын адам жатып ішеді. Сондықтан мүгедек адамның қылығын жасама. Дұрыс отырмаймын деп денсаулығыңды бұзып алма. 3.Ас үстінен аттама Астан үлкен емессің 4. Әкесі отырғанда баласына бас тартылмайды. 5.Дастарханға бірінші нанды әкеліп қояды 6.Ас ішкен ыдысты төңкеріп қоюға болмайды 7.Ас ішіп болған соң «тойдым» деуге болмайды, «қанағат» деу керек. 8.Ертеңгі асты тастама Кешкі асқа қарама. Балаға ми жеуге болмайды.
  • 2. Ми жемейді жас бала, Миды ұсын басқаға, Былжыр болып өсеміз, Ынжық болу масқара. 9.Қонаққа сынық ыдыспен ас беруге болмайды. Себебі сынық ыдыспен ас беру – қонақты сыйламандық. Және сынық ыдыспен ас ішу – жаман ырым. Бүл жүзің сынып, көңілің жарым болсын дегенді білдіреді. 10.Дастарханнан аттауға болмайды. 11.Өле жегенше, Ағайынмен бөле же. 12.Ас ішу кезінде ізет, сыйласым, инабаттылық рәсімдері сақталу керек. ІІ. «Дастархан басындағы дәстүрлер» 1. Халық қуанышты да, қайғыны да дастархан басында бөліскен. Өсиет айту, бата беру, достасу бәрі де дастархан басында шешілген. Сондықтан да халық дастарханды «Құтыхананың берекесі» деп қасиет тұтады. 2. Сонымен бірге дастархан күнделікті отбасының тамақтануына, үйге келген адамға дәм таттыруға, той – тамашаға, ас – су беруге жайылады. 3. Ас ішу кезінде сылпылдатпай, тәртіппен тамақтану, қасықты оң қолда ұстау, түзу отыру, тазалық сақтау рәсімдері орындалады. 4. Қолға су құю оң жақтан солға қарай орындалады. 5. Той дастархан, той үлгі Бай дастархан жайылды. Атап –атап ас қойдық Атаға деп бас қойдық. 6.Су құйдым да құманмен Қолына мен әкемнің Содан кейін оған мен Орамалды әпердім. 7.Дастарханнан дәм татқандар татуласу, келісу сияқты рәсімдерді орындайды. 8.Күнделікті отбасының тамақтануында ас қою, ас ұсыну, ас алу, ас қайыру, асқа бата беру рәсімдері орындалады. 9.Дастархан жанындағы адамдар жасына қарай отырады. 10.Тамақтанып болғаннан кейін дастархан басындағы ең үлкен әрі құрметті адам асқа бата береді. Жамбас қойдық құдаға Жал мен жая сыбаға Қалақтай төс жездеге Қазы қарта өзгеге. Уыз, қаймақ тағы бар Уылдырық табылар Табан , сазан, майшабақ Табақ тарттық қайталап. 11. «Таспен атқанды аспен ат» деп халық бекер айтпаған. Себебі, дастархан дәмі- киелі. Оны татып, келісімін бұзса, астық киесі ұрады дейді. 12.Күнделікті отбасының тамақтануына жайылған дастархан басындағы асты ең алдымен ата – анаға, үлкенге ұсынады. 13.Тамақ ішер алдында, тамақтанып болған соң қолға су құйылады. Құйылаты су жылы болуы керек. 14.Қазіргі тойларда дастархан жаю мәдениет дәстүр. Онда астың барлық түрлері болады. Әсіресе, жеміс пен көкөніс дастарханның сәні. Балаларға – тортымыз, Барлық жұртқа құртымыз
  • 3. Балмен піскен қауыршақ Балдай тәтті бауырсақ. Қауын –қарбыз, көкөніс Қанша жидек, көп жеміс. Қане, тойда тойыңдар. Кәдеден соң ойын бар . Нан туралы тақпақтар 1. Нанда өмірдің иісі мен дәмі бар Нанда адамның еңбегі мен ары бар. Нан өмірдің ана сүті арқауы Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар. 2. Бір кезде болып нанға зар, Қадірін білген адамдар. Әулие тұтып нанды ұстап, «Нан ұрсын» деп қарғанар Нан ардақты адал ас Кәрі – жас одан атталмас. 3. Нанға үлкен жүрекпен қараңдар Нанды өмір деп санаңдар Нан болмаса Қызығың, бақытың Құр әуре, далбаса. 4. Нандай жоқ қой асыл дәм Жеп үйренген жасыңнан Дастарқаннан нан кетсе Береке кетер асыңнан Ей, балалар, балалар Болмаңдар сірә нанға зар Өмірдің алтын арқауы Бар қасиет нанда бар. Жұмбақтар: 5.Алға жайып тұз дәмін Келтіреді үй сәнін Ол халқымның ақ жаны Жақсы дәстүр маржаны Кең пейілде арайлы Осы жерден тарайды. Бұл не? (дастархан) Беттескен қос табақ Ортасында бас табақ Көзбен шоққа ораса, Дәм піседі тамаша. Бұл не? (тары) Мақал-мәтелдер: 1. Қырман басы – береке Көп жүрген жер – мереке. 2.Егін ексең – тыңға. Шықтым дей бер шыңға. Қоныс көркі – там. Дастархан көркі – нан. Нан – тамақтың атасы. Ынтымақ – көптің батасы. Тістем наның қадірін
  • 4. Тарыққанда білерсің. VІ бөлім. «Ас ішу тәртібі» 1. Тарта жесең, тай қалар, Қоя жесең, қой қалар, Қоймай жесең не қалар. Сондықтан тамақты шектен тыс көп ішуге болмайды. 2. Асты асықпай, әбден шайнап жұту керек. 3.Тамақ ішіп отырып,кітап оқуға, теледидар көруге болмайды. 4.Әр түрлі тамақта адам денесіне қажетті дәрумендер болады. Сондықтан тамақты талғаммен ішу керек. 5.Әсіресе қазақтың ұлттық тағамдары адамға өте пайдалы, 6.Ұлттық тағамдарымызға: бауырсақ, қазы – қарта, жал – жая, қымыз – шұбат, құрт тағы басқалар жатады. V бөлім. «Үй тарсырма» Үйден дайындап келген ас мәзірімен таныстыру. VІ. Бата беру Ас болған жерде бата беріледі. Ендеше батаға кезек береміз. Амандық берсін басыңа Қадір келсін қасыңа Бар екем деп тасыма Жоқ екем деп жасыма Еңбек етсең ерінбей Дәулет келер қасыңа. Әумин! Ой қорыту: Бүгін сендер ұлттық дәстүр жайында айтып, ырым – тыйымдарды білдіңдер. Осының бәрі өздігінен орындалмайды, үстелге өздігінен келмейді. Ол үшін көп еңбектену керек. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» , – демекші еңбек етулерің керек. Сендердің еңбек еткендерің – ата-ананың айтқанын тыңдау, орындау, сабақты жақсы оқу. №2 Тақырыбы:«1001 мақал, 101 жұмбақ» Мақсаты:балалардың танымдық қабілетін арттыру мақсатында мақал- мәтел және жұмбақтарментаныстыру. Оқушылардың ақыл-ойын,тіл байлығын,сөздікқорындамыту. Білімдерін жетілдіре отырып,қызығушылыққабілетін арттыру,білімділікке,тапқырлыққа тәрбиелеу. Өту барысы: 1.Таныстыру 2.Мақалшылар сайысы 3.Жұмбақшылар сайысы 4.Қорытынды Кіріспе -Балалар, бүгінгі «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысы жарыс түрінде өтеді. Ол үшін «Мақалшылар» және «Жұмбақшылар» болыпекі топқа бөлінеміз.
  • 5. Топтар өздерін таныстырады. 1-тур. Мақалшылар бір-біріне мақал айтады, іліп әкете алмаған оқушы ойыннан шығады. 2-тур. Оқушылар бір-біріне жұмбақжасырады,жұмбақтыңшешуін көп шешкен бала жеңімпаз болады. 3-тур. Екі жеңімпаз мақал айтады, екіншісі жалғастырады,жұмбақшының жасырғанжұмбағынқарсыласы шешуі тиіс. Мақалшыларжарысы. Тіл ширату,ойыншылар кез-келген тақырыпта бірін-бірі қайталамай мақал айтулары тиіс. 1. Ақылды адам айтқызбай білер, Ақсұңқар қаққызбайілер 2.Адал еңбек аздырмас, Арамдық бойды жаздырмас 3.Адам қатесіз болмас, Көл бақасыз болмас 4.Қатты жерде қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар 5.Сөзің қысқа болсын, Қолыңұзынболсын 6.Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, Жаманмен жолдас болсаң,қаларсыңұятқа Жұмбақшыларсайысы. 1.Жеген асы желкесінен шығады. (Сүргі) 2.Бір аяқты, Жалғыз басты. Бастан ұрсаңжүреді, Жүргенсайын кіреді. (Шеге) 3.Арқасындаазығы бар, бауырындақазығы бар. (Үстел) 1. Он, он бесі жиылды, бір белдікке буылды. (Сыпырғыш) 2. Оқу – білім бағдары, Заманының бағбаны. (Ұстаз) 4. Қорытынды. Екі жеңімпаз мақал айтады, екіншісі жалғастырады,жұмбақшының жасырғанжұмбағынқарсыласы шешуі тиіс.
  • 6. Мақал: 1. Арқанды ат ... (қазығынаоралар) 2. Жылы- жылы сөйлесең, ... (жылан інінен шығар) 3. атпаз көргенат таныр, 4. Ұстаз көрген ... (хат таныр) 5. Ұстазы талантты болса, Шәкірті ... (талапты болар) Жұмбақ: 1. Бір атым бар, Құлынболыптумаған, Құнанболып өспеген. (Велосипед) 2. Жылға десем, ақпайды, Жылан десем шақпайды. (Арқан) 2. Сұлықжатыр ақ дала, Сирек жортқан аң ғана. Көтеріп бір аяғын, Қаздарым тұр аулада. (Қыс) 3. Білімнің дәнін тереді, Балаға тәлім береді. (Ұстаз) 5. Күнысып, Су жылынып, Егін басы тұр иіп. Жеміс тердік бақшадан, Жеңімізді түріп. (Жаз) Жеңімпаз оқушыға мақтау қағаз беріледі. Ақынмын деп мен қалай мақтанамын, Халқымның өз айтқанын қайталады. Күпікиген қазақтың қара өлеңін, Шекпен жауып өзіне қайтарамын, - дегендей, халқымыздыңсөз маржандарынбүгінгідей жиындардақайталап, зердемізге тоқыпүлгі алайық. «Құнды сөз құнарлы ойдантуады», дана халқымыздыңсөз өнерлері өмірлеріңізге шамшырақ болсын! Тақырыбы:«Сыйынар ем Ана деген тәңірге» (8 наурыз!) Мақсаты:Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету. Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер,мақал-мәтелдер. Барысы: Кіріспе: Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген
  • 7. ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады. Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар. Аналардан туған небір даналар. Ана деген тіршіліктің тірегі, Армысыздар,қасиетті аналар! Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапғатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын...Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер. Сіздерден өскен балалар Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті абзал аналар. – дей келе құттықтау сөз кезегі мектеп директоры Б.Серғазықызына беріледі. Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты. Көңілің Алатаудың ақ қарындай, Мейрімің күннің шуақ шақтарындай. Қалайша аяулы ана тына алармын, Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметінеТөлегенов Ақылбектің орындауындағы «Анашым» атты әнін қабыл алыңыздар. Мың бұралып билеген Аруды кім сүймеген . Күміс көмей аруларға Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті Серік Құралайдың орындауындағы «Шаттық» биіне береміз. Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар.Гімің Қуанбектің орындауындағы «Апатайым, анашым» әнін қабыл алыңыздар. Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата- анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен. Теңіздей тербетіліп көл бетінде, Бишілер билеп кетті тербетіле.
  • 8. Аққудай қалықтаған теңіздегі, Бишілер өнерлерін көрсетуде,- алдарыңызда Нұрболат Каусар,Байбақыт Салиманның орындауындағы «Аққу биі» «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің әсем әнін қабыл алыңыздар. Ән: «Ұстазым », орындайтын:Гімің Қуанбек Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Аяулысың, ауылымның асылдары, Жайнасын көңілдердің жасыл бағы. Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би, Сендер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда 11-сынып оқушыларының орындауындағы «Қара жорға» биі. Қабыл алыңыздар! Десек те уақытпен жарыспайды, Қиялға қиялменен қарыштайды. Шәкірттер шын жүректен тебіреніп, Жырларын аналарға бағыштайды. Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (11-сынып оқушыларының жыр шашуы) Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы.қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады.Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын, Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым. Өзің мына сыйға берген өмірде Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым. Барша ана,құтты болсын мерекеңіз Әрқашанда ана сізбен берекеміз. Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам. Сонда біз кісілікке теңесеміз. Құрметті қонақтар ,біздің «Ана-тіршілік тірегі» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет. Демеңіз біз өнерді аяп қалды, Мезгіл де біраз жерге таяп қалды. Қош болып тұрыңыздар көріскенше, Осымен концертіміз аяқталды. Сау-саламатта болыңыздар!