SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  25
Балаға отбасында
психологиялық
қолдау көрсету.
Тамаша педагог А.С.Макаренко:
«Тәрбие - баламен сөйлесумен,
әңгімелесумен, оған ақыл кеңес
берумен ғана шектелмейді. Тәрбие
тұрмысты дұрыс ұйымдастыра
білуінде, балаға әркімнің өз жеке басы
арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде.
Отбасындағы бала тәрбиесі халық
өмірімен, қоғамның мақсат
міндеттері мен байланысты болуы
керек»- делінген.
Бір-біріне құрмет
Әр отбасы
мүшелерінің өзіне
талап қоя білу
Жылы жүрек
Ынтымақтастық
Тәртіптілік
Қамқорлық
Өзара қарым - қатынас
Достық
Отбасылық
әлеуметтік
психологиялық
жағдай
Жұмыс орны
Адамдармен
қарым-
қатынас
СТИХИЯЛЫ
ТӘРБИЕ
Көше және
қоршаған
орта
Отбасылық
тәрбие
Рухани
тәрбие
БАЛА Стихиялы
тәрбие
Ата-анасы
Туған-
туысқандары
ОТБАСЫЛЫҚ
ТӘРБИЕ
Отбасылық
дәстүрлері
Балабақша
Мектеп РУХАНИ
ТӘРБИЕ
Ақпарат
құралдары,т.б
.
Пікірлесу сағаты
Үлгілі отбасына саяхат
Ата-аналармен жеке
әңгіме
Ата-аналарға арналған
тест және
сауалнамалар
Ашық тәрбие сағаты
Мектеп психологымен
әңгіме
Мерекелік кештер
Ата-аналар үшін ашық
есік күнін
ұйымдастыру
Ата-анамен
ықпалдасу
әдістемесі
Ата анамен ықпалдасу әдістемесі
А т а - а н а л а р т о п т а р ы
Балалары үлгілі
отбасы тобы
Балалары нашар
оқитын
отбасылар тобы
Тұрмыс жағдайының
қиындығы бала
тәрбиесіне әсер
ететін отбасылар
тобы
Материалдық
жағдайы өте жақсы
отбасылар
Барлық
мүмкіндігі бар,
үлгілі
отбасылар.
Жүргізілетін
жұмыс
формасы:
шығармашылық
кештер, ата-
аналар рингі
Бала тәрбиесіне
көңіл
бөлмейтін,
селқос қарай -
тын, ішімдікке
әуес отбасылар.
Жүргізілетін
жұ мыс
формасы:
тақырыптық
кеңес, психоло -
гиялық тренинг
Баланың тәртібі,
талпынысы
жақсы, бірақ
отбасының
материалдық
тапшылы ғы бала
психологиясына
кері әсер ететін
отбасылар.
Жүргізілетін
жұмыс
формасы:
пікірталас клубы,
педагогикалық
семинар
Балаға тәрбие
берудегі бағыт-
бағдары
талапқа сай
отбасы.
Жүргізілетін
жұмыс
формасы: ата-
аналар
университеті,
отбасылық
тәжірибе
презентациясы
Бірінші топ
Баланы қалай тәрбиелеу керек екендігін біледі және дәл
солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің
саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз
балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі
қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға
үлгі көрсетеді.
Екінші топ
Өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай
тәрбиелеу керек екендігін білмейді. Мұндайлар ата-
аналардың басым көпшілігі. Олар тәрбие мақсатын
білмегендіктен олардың іс-әрекеті балаларына кері әсер
етуі мүмкін.
Ата-ана
Үшінші топ
Балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, яғни бұл
педагогтарға қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Сондықтан да бұл топ “қиын”
балаларды беретін отбасылар.
Бала тәрбиесінде отбасының жағымсыз әсер ету
жақтарын сөз еткенде оны үш топқа бөліп қарастыруға
болады:
Ата-аналармен жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудың жаңа формалары
Пікірталас клубы Бала
тәрбиесіне байланысты өзекті
тақырыптарды қамтиды. Әр
түрлі көзқарастағы ата-
аналардың пікірлерін
талдайды, дәлелдейді. Ата-
аналардың дүниетанымын
кеңейтуді мақсат етеді.
Ата-аналар клубы
Мектептегі, отбасындағы,
сыныптағы кездесетін қайшылықты
жағдаяттарды шешуге арналады.
Рингке не ата-ана мен баланы, не
педагогтарды, не оқушы мен
мұғалімді шығаруға болады.
Психологиялық тренинг
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің
белсенді түрі. Тренингке кемі 2
отбасы қатыса алады.
Нәтижесінде әрбір отбасы өзіне
пікірі мазмұндас 12-15 адамнан
тұратын топ құра алады.
Тақырыптық кеңес
Ата-аналарды психологиялық,
педагогикалық білім және
тәжірибе жаңалықтарымен
таныстыру, кеңес беру, ой қозғау,
ой қорыту
Мектептің бала тәрбиелеудегі саясатын отбасының дұрыс
түсінуі, ата-аналармен педагогикалық ынтымақтастықта түрлі
формадағы жұмыстар жүргізе отырып, баланың тұлға ретінде
дамуына жағдай жасау
Қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рухани құнды, рух-жігері шыңдалған белсенді тұлға
қалыптасады.(Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011
жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасынан)
Ата-аналар университеті
Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі
педагогикалық білім беретін орын.
Оқу мерзімі 2 жыл. Оқу сабақ
кестесі бойынша жүргізіледі. Оқуға
түсетіндер ата-аналар комитеті
арқылы қабылданады
Отбасылық тәжірибе презентациясы.
Сынып жетекшісінің озат тәжірибеден
кеңестер беруі, ата-аналардың қажетті
әдебиеттермен танысуы, зерттеуі, өзіндік
пікір қалыптасуы және проблемалық
сұрақ төңірегінде жоба қорғауы
Педагогикалық семинар
Отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне
арналады. Семинарға мұғалімдер де, ата-
аналар да жан-жақты дайындықпен
қатысуы қажет
Шығармашылық кештер
Шығармашылық кештер мектепішілік
және сыныпішілік болып, озық ойлы
және ерекше қабілетті, танымал ата-
аналарды үлгі тұту, насихаттау
мақсатында ұйымдастырылады
Ата-аналар мектебі
"Мектептің басты мақсаты -
жалғыз білім үйрету емес,
біліммен бірге жақсы тәрбиені
қоса беру"
М. Дулатов
Н
Ә
Т
И
Ж
Е
С
І
М
А
Қ
С
А
Т
Ы
Ф
О
Р
М
А
Л
А
Р
Ы
Отбасы тәрбиесіндегі этникалық мәдени
құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады
екен:
 Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам»
тәрбиелеу.
 Отанды, халқын, жерін, елін сүю «Атаның ұлы емес,
халықтың ұлын» тәрбиелеу.
 Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым
жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».
 Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген
жетесіз».
 Отбасы шежіресі мен мұрагерлік (туыстық қарым-
қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже
ұлдың(шаңырақтың) рөлі). Ата-баба дәстүрін
жалғастыру
Отбасының тәрбиелік мүмкіндік деңгейлері
Жоғары деңгей:
Барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан отбасылар.
Ата-ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті
дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар. Балалар белсенді
дамыған, ұйымдасқан, алдында белгілі бір мақсаттары бар. Отбасыда
оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы.
Отбасыдағы ара қатынас демократиялық тұрғыда негізделген. Бұндай
отбасыларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы басым: балалардың әкесі
мен анасының қызметі жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары мен
жетістіктерін де біледі: баланың мектептегі жағдайы да отбасыда еркін
талқыланады: ата-ана баланы жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін
дұрыс құруға көмектеседі, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді:
әкесі мен анасы баланың сабақтан тыс уақытына көңіл бөледі; баланың бос
уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік
элементтерін енгізеді. Отбасыларда бірігіп істелінген еңбек, табиғатқа саяхат,
спорттық шаралар, кітап оқу – күнделікті және жиі болып тұратын
құбылыстар. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап
оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне әлеуметтік жауапкершілігін түсінеді.
Ортаңғы деңгей:
Отбасының педагогикалық үдерісі, жалпы алғанда,
қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір
мөлшерде, түзетуді қажет етеді. Ата-ана бала тәрбиесіне
жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті
жеткіліксіз: олар көбінесе тәрбиенің қарапайым әдістерін
қолданады (насихат әңгімелер, т.б.), үй тапсырмасын тексеру
анда-санда ғана жүргізіледі. Балалар белсенді бірақ жеткілікті
ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес. Отбасыдағы өзара
қатынас демократиялық принциптерге негізделген, алайда
авторитарлық бедел қалады. Отбасы сипатындағы ортақ нәрсе
– педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда әртүрлі мәнін және
өздерінің баланың өмірін ұйымдастырудағы алатын орнын
түсінеді.
Төменгі деңгей:
Ата-ана баланың оқу іс-әрекетіне көңіл
бөлгенімен, олардың тиісті педагогикалық мәдениеті
жоқ. Оқудың маңыздылығын мойындай отырып, олар
баланы күштеу және қатал бақылау арқылы оқуға
мәжбүрлеуге тырысады. Баланың оқуға деген
қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету ата-ана
үшін қиындық туғызады. Олар, сондай-ақ баланың
сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруды да қиналады.
Бос уақытты бірге өткізу кездейсоқ болады. Онда
жүйелік пен педагогикалық бағыттылық жоқ.
Авторитарлық, оқушыға ықпал етудің педагогикалық
негізі жоқ тәсілдерін қолдану, әкесі мен анасы арасында
бөлісу отбасыда орын алады
Жанұяның негізгі міндеттері:
•Баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыру;
•Баланың денсаулығына қамқорлық жасау;
•Баланың оқуына көмек беріп отыру;
•Еңбек тәрбиесі және мамандық таңдауға
көмектесу;
•Баланың жан-жақты дамуына көмектесу;
•Баланың қызығушылығын,
бейімділігін,шығармашылығын дамыту;
•Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге,өзін-өзі дамытуға
дайындау;
•Балаға жыныстық тәрбие беру, болашақ
өмірге дайындау.
Жанұя мынадай 5 түрге бөлінеді:
•Жанұядағы адамгершілік құндылығы жоғары
деңгейде қалыптасқан,бақытты,дені сау
жанұя.Балаларға бар мүмкіндік жасалған.Кей
уақытта жекелеме кеңестер қажет болуы мүмкін.
•Жанұядағы ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы
бола тұра,бала тәрбиесінде бағыт жоқ.Бала тек ата-
ананың «ерекше» қамқорлығын сезінеді, «өзімшіл»
болып өсіп келеді.
•Ынтымақсыз жанұя. Мұндай жағдайда ата-аналар
өзара қарыи-м-қатынас дауынан аса алмайды.Бала
тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған. Өсіп келе жатқан
ұрпаққа әсері болмас үшін жанұядағы көңіл-күйді
өзгертуге белсенді педагогикалық ықпал қажет.
•Сырттай қарағанда қолайлы жанұя
қатарында болғанымен,рухсыздық,нақты
адамгершілік құндылықтар,ұрпақтар
ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз
қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие
жұмысын жүргізу ерекше қиындық
тудырады.
•Қолайсыз жанұя ,мұнда дөрекілік,ұрыс-
керіс,жағымсыз тәртіп сияқтысипаттар көп.
Баланың қызығушылығын қорғау үшін
мұндай жанұяларға тұрақты педагогикалық
бақылау, қоғамдық орындардың араласуы
үнемі қажет және талап етіледі.
Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады:
Біріншісі-ата-анадан;
Екіншісі-ұстазынан;
Үшіншісі-құрбысынан.
Солардың ішінде қайсысын жақсы
көрсе,сонысынан көбірек жұғады екен.
Адамды үш нәрсе қайғыға салады екен:
Біріншісі-кәрілік,оны өзгерте
алмайсың,ол табиғи құбылыс;
Екіншісі-өлім,оны да өзгерте
алмайсың,ол Алланың бұйрығы;
Үшіншісі-жаман бала,оны өзгертуге
болады, тек жақсы тәрбиенің
арқасында ғана.
Психологтың ата-аналарға беретін кеңесі.
1-кезең. Баланың проблемасын естіңіз, оны тыңдаңыз.
Проблеманы шешу үшін ортақ ізденіс жасаңыз.
2-кезең. «Не істеуіміз керек?» деген сұрақтан басталады. Осыдан
кейін баланың өз шешімін тыңдап, содан кейін өз шешіміңізді
ұсыныңыз.
3-кезең. Ұсынылған шешім бағалары мен ең тиімдісін таңдау.
Шешімнің әр нұсқасы бірге бірге талқыланады. «Екі жақ» бір-
бірінің шешімін сыйлайды. Ең жақсы шешімді бірлесе таңдайды.
4-кезең. Қабылданған шешімді детализациялау. Мысалы,
отбасының барлық мүшелері баланы «ересек» деп санасын, енді ол
өзі ерте тұруы керек, таңғы асын өзі ішіп , мектепке өз іжиналуы
керек делік. Бұл анасын көптеген шаруадан босыатып, ұйқысын
қандырып тұруға мүмкіндік береді. Бірақ бір ғана шешім аз.
Мүмкін бірінші күндері баламен бірге тұрып үйрету керек болар.
Балаға сағатты беріп өзі оянуын үйрету керек. Бірінші күні
тамақтың қай жерде тұрғанын көрсетіп, қалай жылыту керек
екенін көрсету қажет болар. Осы жағдай бойынша «екі жақты
келісішартқа» отыру шарт болар.
5-кезең. Шешімді орындау. Бақылау.
Ата-ана махаббаты және оның бала тәрбиесіндегі рөлі
Әлемде баласына ұрысқысы келетін ана жоқ. «Мен бүгін
балама айқайлаймын, ұрысамын» деп ана ойламайды.
Керісінше! Ана бүгінгі күнді жақсы, шусыз болуын тілейді.
Бірақ та, осынадай жақсы пиғылдарға қарамастан, баласына
айқайлайды. Ешкімге керек емес ата-анамен мен бала
арасындағы келіспеушілік басталады.
Балаға ол қатты әсер етеді. Өз баласының проблемасына
түсінікпен қарау керек. Баланы жақсы көру керек, әке мен шеше
оның бақытты болуына жауапты.
Балаға деген махаббат 4 түрге бөлінеді: көз қатынасы, түйісу,
көңіл аудару, тәртіп.
Әрқайсысы өте маңызды. Неге?
Түйісу
Әлеуметтік педагогикада мынадай факт
көрсетілген: зерттеулер көрсеткендей, көптеген
ата-ана баласын киіндіргенде, автобусқа
отырғызғанда т.б. түйіседі. Баламен кез-келген
түйісу, мысалы. Қолын алу, құшақтау, басын
сипау, шашын ұстау т.б. болуы мүмкін.
Әсіресе, мұндай түйісу ұл балаға керек,
оның 7-8 жасқа дейін дамуына қажет.
Бала өскен сайын ата-ананың еркелеткенін
қажет етпейді. Кейде бала осынадай түйісуді
қажет етеді (қорқыныш, қиындық) туындаған
кезде.
Қыз балаға түйісу өте қажет, әсіресе,
11 жаста.
Көңіл аудару
Балаға көңіл аудару көп уақытты талап етеді.
Көңіл аудару дегеніміз не?
Ұсақ-түйекке алданбай түгел балаға
көңіліміз ауу керек, бала ата-ананың
махаббатын сезінуі керек.
Балаға көңіл аудару неге қиын?
Өйткені ол көп уақытты талап етеді.
Құрметті ата-аналар, уақыт тауып,
баламен бірге болыңыз. Бұл өте маңызды.
Жақсы тәрбие уақытты талар етеді.
Егер де отбасында көп бала баолса,
Әрқайсысына уақыт бөлу қиын. Ата-ана
баласына бір минутын да қимаса, онда ол ата-
ана махаббатын сезіне алмайды.
Көз қатынасы
Көптеген адамдар баламен қарым-қатынастың
шешуші факторы көз қатынасы екендігін сезіне
бермейді.
Көз қатынасы бір-біріңе қараған кездегі уақыт.
Сіздің көзіңізге тура қараудан қорқатын адаммен
тілдесіп көрдіңіз бе? Бұл біздің оған деген
қатынасымызды өзгертеді. Бізге тура, күлімсіреп
қарайтын адам ұнайды. Баланың көзіне тура қарасақ,
сонда ғана ол мұқият тыңдайды.
Сіздің көзіңізден әрқашан махаббат ұшқыны білінуі
керектігін ұмытпағайсыз.
Көптеген ата-ана баласына қатал көзімен
қарайды, ол дұрыс емес.
Тәртіп
Ата-ана махаббатының 4-кезеңі – тәртіп. Кейбір ата-
аналар тәртіпті жаза деп ұғады.
Бұл дұрыс емес. Ең бірінші біздің түсінетініміз – ол
баланы тәртіпке үйрету үшін , оны жақсы көретінімізді
сезінуіміз керек. Егер де махаббат болмаса, бала ата-анаға
қарсы шығады, реніш білдіреді.
Баланы тыңдап, өз эмоцияңызды ұстауыңыз қажет.
Егер де ата-ана жиі шамданып, балаға ашуланса,
алғашында бала шоши бастайды. Кейін ата-ана өз
беделін жоғалтып, баланың теріс қылықтарының
туындауына жол ашады.
Баладан жақсы тәртәпті тала ету үшін, баламен
мейірімді болу керек.
Қорыта келгенде, мынаны есте сақтаған маңызды. Егер сіз
баланы жақсы тәрбиелегіңіз келсе – әр балаға көз қатынасы, түйісу,
махаббат, тәртіп қажет. Бала біздің махаббатымызды,
қаталдығымызды сезіну керек.
Ата-ана махаббатында әртүрлі жақтар бар, оның бірі баласына
деген шектен тыс махаббат. Ондай ата-ана баланың әр еркелігін
көтереді, қатты айтуға қорқады. Ата-ананың балаға деген шектен тыс
махаббаты баланы бұзады. Бала ата-анасымен санаспайды, соңында
бала эгоист болып өседі.
Кейбір ата-ана өз махаббатын жасырып, баласына жылы,
мейірімді сөз айтуға қорқады. Осындай отбасында бала тұйық болып
өседі. Болашақта ашыла алмайды. Баланың көңіл-күй жағдайы
әлемді қалай көруіне байланысты: ата-анасын, үйін, өзін-өзі. Осы
көңіл-күй жағдайы болашақ дамудың платформасы болып табылады.
Егер, балаға әлем жиіркенішті , қорқынышты болып көрінсе,
қорқыныш, уайым пайда болады, олар баланың мейірімсіз жаулары.
Егер, біз оны жақсы көрсек, оның жетістігің, тәртібі үшін жақсы
көрсек, ол өз-өзіне деген сенімсіздігін жоғалтып, уайымшыл бола
бастайды.Өйткені бала өте сезімтал. Барлық бала ата-анасынан
сұрайды: «Сіздер мені жақсы көресіздер ме?» - деп.
Баланың өмірге деген қатынасы, көзқарасы ата-анасының осы
жауабына байланысты.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА
РАХМЕТ !
Сіздерге жүректің
жылулығын, жанның
сұлулығын тілеймін!!!

Contenu connexe

Tendances

Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттарыТәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттарыАйбек Қуандықұлы
 
дефектология каз 2
дефектология каз 2дефектология каз 2
дефектология каз 2mirato
 
Балабақша, бала, ата ана
Балабақша, бала, ата анаБалабақша, бала, ата ана
Балабақша, бала, ата анаBilim All
 
Балабақша, бала, отбасы
Балабақша, бала, отбасыБалабақша, бала, отбасы
Балабақша, бала, отбасыBilim All
 
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосыБастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосыАйбек Қуандықұлы
 
Сатывалдинова Гульнара Аманжоловна
Сатывалдинова Гульнара Аманжоловна Сатывалдинова Гульнара Аманжоловна
Сатывалдинова Гульнара Аманжоловна Айбек Қуандықұлы
 
Учебно методическая поддержка инклюзивного образования в общеобразовательных ...
Учебно методическая поддержка инклюзивного образования в общеобразовательных ...Учебно методическая поддержка инклюзивного образования в общеобразовательных ...
Учебно методическая поддержка инклюзивного образования в общеобразовательных ...Tagir Sagitov
 
презентация Microsoft power point
презентация Microsoft power pointпрезентация Microsoft power point
презентация Microsoft power pointAbylay Kurmanov
 

Tendances (14)

генограмма әдісі нетбаева н.о.
генограмма әдісі нетбаева н.о. генограмма әдісі нетбаева н.о.
генограмма әдісі нетбаева н.о.
 
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттарыТәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
Тәрбиешінің мақсаты, міндеттері, тәрбиенің басым бағыттары
 
55 _
55  _55  _
55 _
 
22 наурыз
22   наурыз22   наурыз
22 наурыз
 
портфолио
портфолиопортфолио
портфолио
 
дефектология каз 2
дефектология каз 2дефектология каз 2
дефектология каз 2
 
Балабақша, бала, ата ана
Балабақша, бала, ата анаБалабақша, бала, ата ана
Балабақша, бала, ата ана
 
Балабақша, бала, отбасы
Балабақша, бала, отбасыБалабақша, бала, отбасы
Балабақша, бала, отбасы
 
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосыБастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
Бастауыш сынып мұғалімінің портфолиосы
 
Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1Мұғалімнің портфолиосы #1
Мұғалімнің портфолиосы #1
 
Сатывалдинова Гульнара Аманжоловна
Сатывалдинова Гульнара Аманжоловна Сатывалдинова Гульнара Аманжоловна
Сатывалдинова Гульнара Аманжоловна
 
Учебно методическая поддержка инклюзивного образования в общеобразовательных ...
Учебно методическая поддержка инклюзивного образования в общеобразовательных ...Учебно методическая поддержка инклюзивного образования в общеобразовательных ...
Учебно методическая поддержка инклюзивного образования в общеобразовательных ...
 
орынай (2)
орынай (2)орынай (2)
орынай (2)
 
презентация Microsoft power point
презентация Microsoft power pointпрезентация Microsoft power point
презентация Microsoft power point
 

Similaire à 36sddadwd

тренинг.pptx
тренинг.pptxтренинг.pptx
тренинг.pptxenrikenodir
 
Топ жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттеріТоп жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттеріRauan Ibraikhan
 
мектепке дейінгі педагогика.pptx
мектепке дейінгі педагогика.pptxмектепке дейінгі педагогика.pptx
мектепке дейінгі педагогика.pptxssuserf01f10
 
коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата анаAsem Sarsembayeva
 
Балаңыз 1-сыныпқа келуге дайын ба?
Балаңыз 1-сыныпқа келуге дайын ба?Балаңыз 1-сыныпқа келуге дайын ба?
Балаңыз 1-сыныпқа келуге дайын ба?Bilim All
 
Қиын бала слайд. Педагогика туралы ппезентаци
Қиын бала слайд. Педагогика туралы ппезентациҚиын бала слайд. Педагогика туралы ппезентаци
Қиын бала слайд. Педагогика туралы ппезентациesimhelio
 
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктеріТәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктеріBilim All
 
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУАйбек Қуандықұлы
 
коллледжде қиын балалармен жұмыс
коллледжде қиын балалармен жұмысколлледжде қиын балалармен жұмыс
коллледжде қиын балалармен жұмысAsem Sarsembayeva
 
Ата ана тренинг.docx
Ата ана тренинг.docxАта ана тренинг.docx
Ата ана тренинг.docxGulnazDuisenova
 
педагогика.pptx
педагогика.pptxпедагогика.pptx
педагогика.pptxssuserf01f10
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысBeisek Serikbay
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаАйбек Қуандықұлы
 
_Бала тәрбиесіндегі _ата-ананың рөлі_(презентация).pptx
_Бала тәрбиесіндегі _ата-ананың рөлі_(презентация).pptx_Бала тәрбиесіндегі _ата-ананың рөлі_(презентация).pptx
_Бала тәрбиесіндегі _ата-ананың рөлі_(презентация).pptxzhaksymbekovakylbek
 

Similaire à 36sddadwd (20)

тренинг.pptx
тренинг.pptxтренинг.pptx
тренинг.pptx
 
Топ жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттеріТоп жетекшісінің міндеттері
Топ жетекшісінің міндеттері
 
мектепке дейінгі педагогика.pptx
мектепке дейінгі педагогика.pptxмектепке дейінгі педагогика.pptx
мектепке дейінгі педагогика.pptx
 
Doc2
Doc2Doc2
Doc2
 
бсіміля копия
бсіміля   копиябсіміля   копия
бсіміля копия
 
коучинг ата ана
коучинг ата анакоучинг ата ана
коучинг ата ана
 
Балаңыз 1-сыныпқа келуге дайын ба?
Балаңыз 1-сыныпқа келуге дайын ба?Балаңыз 1-сыныпқа келуге дайын ба?
Балаңыз 1-сыныпқа келуге дайын ба?
 
Қиын бала слайд. Педагогика туралы ппезентаци
Қиын бала слайд. Педагогика туралы ппезентациҚиын бала слайд. Педагогика туралы ппезентаци
Қиын бала слайд. Педагогика туралы ппезентаци
 
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктеріТәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
Тәрбие үрдісі және оның ерекшеліктері
 
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
ОҚУШЫЛАРДЫ РУХАНИ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
 
коллледжде қиын балалармен жұмыс
коллледжде қиын балалармен жұмысколлледжде қиын балалармен жұмыс
коллледжде қиын балалармен жұмыс
 
отбасы.pptx
отбасы.pptxотбасы.pptx
отбасы.pptx
 
от басы құндылығы
от басы құндылығыот басы құндылығы
от басы құндылығы
 
айдана төлепберген (2)
айдана төлепберген (2)айдана төлепберген (2)
айдана төлепберген (2)
 
Sjda
SjdaSjda
Sjda
 
Ата ана тренинг.docx
Ата ана тренинг.docxАта ана тренинг.docx
Ата ана тренинг.docx
 
педагогика.pptx
педагогика.pptxпедагогика.pptx
педагогика.pptx
 
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмысТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
ТӘРБИЕЛЕУ ЖҮЙЕСІН ТҰЛҒАЛЫҚ-БАҒЫТТАУШЫЛЫҚ ТҰРҒЫДА ҚАЛЫПТАСТЫРУ шығармашылық жұмыс
 
Бақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты балаБақытты отбасында--бақытты бала
Бақытты отбасында--бақытты бала
 
_Бала тәрбиесіндегі _ата-ананың рөлі_(презентация).pptx
_Бала тәрбиесіндегі _ата-ананың рөлі_(презентация).pptx_Бала тәрбиесіндегі _ата-ананың рөлі_(презентация).pptx
_Бала тәрбиесіндегі _ата-ананың рөлі_(презентация).pptx
 

Plus de nurlan93kz

2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауаnurlan93kz
 
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxxnurlan93kz
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsdsnurlan93kz
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВnurlan93kz
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadasnurlan93kz
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуцnurlan93kz
 
2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsdnurlan93kz
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПРnurlan93kz
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБnurlan93kz
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььоооnurlan93kz
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюдnurlan93kz
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывыnurlan93kz
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуцццnurlan93kz
 

Plus de nurlan93kz (20)

2086ваывауа
2086ваывауа2086ваывауа
2086ваывауа
 
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx2056xcxxxxxxxxxxxxxx
2056xcxxxxxxxxxxxxxx
 
2055sddsadsd
2055sddsadsd2055sddsadsd
2055sddsadsd
 
2053xczcxc
2053xczcxc2053xczcxc
2053xczcxc
 
2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds2052sdasdsdsdsds
2052sdasdsdsdsds
 
2051fdfdfd
2051fdfdfd2051fdfdfd
2051fdfdfd
 
2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ2050ВАФЫВЫВЫВ
2050ВАФЫВЫВЫВ
 
2049sadfadadas
2049sadfadadas2049sadfadadas
2049sadfadadas
 
2048dfsfdsf
2048dfsfdsf2048dfsfdsf
2048dfsfdsf
 
2047dsdsdsd
2047dsdsdsd2047dsdsdsd
2047dsdsdsd
 
2046dsfsdfd
2046dsfsdfd2046dsfsdfd
2046dsfsdfd
 
2045erwerer
2045erwerer2045erwerer
2045erwerer
 
2030цуцуцуц
2030цуцуцуц2030цуцуцуц
2030цуцуцуц
 
2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd2029sdsdsdsdsdsd
2029sdsdsdsdsdsd
 
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР  ЛЛББЬБ ЛБ   ЬБЛШГОРНПЕААПР
ЛЛББЬБ ЛБ ЬБЛШГОРНПЕААПР
 
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ (2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
(2)ЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭЭБ
 
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
2025ььььььььььььььььььььььььььььььооо
 
2024хдлдбюд
2024хдлдбюд2024хдлдбюд
2024хдлдбюд
 
2023ывывывы
2023ывывывы2023ывывывы
2023ывывывы
 
2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц2021цуцуцуццц
2021цуцуцуццц
 

36sddadwd

  • 2. Тамаша педагог А.С.Макаренко: «Тәрбие - баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл кеңес берумен ғана шектелмейді. Тәрбие тұрмысты дұрыс ұйымдастыра білуінде, балаға әркімнің өз жеке басы арқылы үлгі - өнеге көрсетуінде. Отбасындағы бала тәрбиесі халық өмірімен, қоғамның мақсат міндеттері мен байланысты болуы керек»- делінген.
  • 3. Бір-біріне құрмет Әр отбасы мүшелерінің өзіне талап қоя білу Жылы жүрек Ынтымақтастық Тәртіптілік Қамқорлық Өзара қарым - қатынас Достық Отбасылық әлеуметтік психологиялық жағдай
  • 4. Жұмыс орны Адамдармен қарым- қатынас СТИХИЯЛЫ ТӘРБИЕ Көше және қоршаған орта Отбасылық тәрбие Рухани тәрбие БАЛА Стихиялы тәрбие Ата-анасы Туған- туысқандары ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ Отбасылық дәстүрлері Балабақша Мектеп РУХАНИ ТӘРБИЕ Ақпарат құралдары,т.б .
  • 5. Пікірлесу сағаты Үлгілі отбасына саяхат Ата-аналармен жеке әңгіме Ата-аналарға арналған тест және сауалнамалар Ашық тәрбие сағаты Мектеп психологымен әңгіме Мерекелік кештер Ата-аналар үшін ашық есік күнін ұйымдастыру Ата-анамен ықпалдасу әдістемесі Ата анамен ықпалдасу әдістемесі
  • 6. А т а - а н а л а р т о п т а р ы Балалары үлгілі отбасы тобы Балалары нашар оқитын отбасылар тобы Тұрмыс жағдайының қиындығы бала тәрбиесіне әсер ететін отбасылар тобы Материалдық жағдайы өте жақсы отбасылар Барлық мүмкіндігі бар, үлгілі отбасылар. Жүргізілетін жұмыс формасы: шығармашылық кештер, ата- аналар рингі Бала тәрбиесіне көңіл бөлмейтін, селқос қарай - тын, ішімдікке әуес отбасылар. Жүргізілетін жұ мыс формасы: тақырыптық кеңес, психоло - гиялық тренинг Баланың тәртібі, талпынысы жақсы, бірақ отбасының материалдық тапшылы ғы бала психологиясына кері әсер ететін отбасылар. Жүргізілетін жұмыс формасы: пікірталас клубы, педагогикалық семинар Балаға тәрбие берудегі бағыт- бағдары талапқа сай отбасы. Жүргізілетін жұмыс формасы: ата- аналар университеті, отбасылық тәжірибе презентациясы
  • 7. Бірінші топ Баланы қалай тәрбиелеу керек екендігін біледі және дәл солай тәрбиелейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің саналы өмірімен және сапалы іс-әрекетімен тек өз балаларына ғана тәрбие беріп қоймай, мектептегі қоғамдық жұмыстарға қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді. Екінші топ Өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ, қалай тәрбиелеу керек екендігін білмейді. Мұндайлар ата- аналардың басым көпшілігі. Олар тәрбие мақсатын білмегендіктен олардың іс-әрекеті балаларына кері әсер етуі мүмкін. Ата-ана Үшінші топ Балаларды тәрбиелеудің жолдарын білмейді, білгісі де келмейді, яғни бұл педагогтарға қарсы тұратын төменгі әлеуметтік топ. Сондықтан да бұл топ “қиын” балаларды беретін отбасылар. Бала тәрбиесінде отбасының жағымсыз әсер ету жақтарын сөз еткенде оны үш топқа бөліп қарастыруға болады:
  • 8. Ата-аналармен жүргізілетін жұмысты ұйымдастырудың жаңа формалары Пікірталас клубы Бала тәрбиесіне байланысты өзекті тақырыптарды қамтиды. Әр түрлі көзқарастағы ата- аналардың пікірлерін талдайды, дәлелдейді. Ата- аналардың дүниетанымын кеңейтуді мақсат етеді. Ата-аналар клубы Мектептегі, отбасындағы, сыныптағы кездесетін қайшылықты жағдаяттарды шешуге арналады. Рингке не ата-ана мен баланы, не педагогтарды, не оқушы мен мұғалімді шығаруға болады. Психологиялық тренинг Ата-аналармен жұмыс жүргізудің белсенді түрі. Тренингке кемі 2 отбасы қатыса алады. Нәтижесінде әрбір отбасы өзіне пікірі мазмұндас 12-15 адамнан тұратын топ құра алады. Тақырыптық кеңес Ата-аналарды психологиялық, педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту Мектептің бала тәрбиелеудегі саясатын отбасының дұрыс түсінуі, ата-аналармен педагогикалық ынтымақтастықта түрлі формадағы жұмыстар жүргізе отырып, баланың тұлға ретінде дамуына жағдай жасау Қазақстандық ұлтжанды, төзімді, рухани құнды, рух-жігері шыңдалған белсенді тұлға қалыптасады.(Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 2006-2011 жылдарға арналған кешенді тәрбие бағдарламасынан) Ата-аналар университеті Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін орын. Оқу мерзімі 2 жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Оқуға түсетіндер ата-аналар комитеті арқылы қабылданады Отбасылық тәжірибе презентациясы. Сынып жетекшісінің озат тәжірибеден кеңестер беруі, ата-аналардың қажетті әдебиеттермен танысуы, зерттеуі, өзіндік пікір қалыптасуы және проблемалық сұрақ төңірегінде жоба қорғауы Педагогикалық семинар Отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне арналады. Семинарға мұғалімдер де, ата- аналар да жан-жақты дайындықпен қатысуы қажет Шығармашылық кештер Шығармашылық кештер мектепішілік және сыныпішілік болып, озық ойлы және ерекше қабілетті, танымал ата- аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылады Ата-аналар мектебі "Мектептің басты мақсаты - жалғыз білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру" М. Дулатов Н Ә Т И Ж Е С І М А Қ С А Т Ы Ф О Р М А Л А Р Ы
  • 9. Отбасы тәрбиесіндегі этникалық мәдени құндылықтары деп төмендегілерді айтуға болады екен:  Жетілген адам, яғни «Сегіз қырлы, бір сырлы адам» тәрбиелеу.  Отанды, халқын, жерін, елін сүю «Атаның ұлы емес, халықтың ұлын» тәрбиелеу.  Адал, арлы азамат тәрбиелеу, яғни «Малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы».  Жеті атасын білуге тәрбиелеу. «Жеті атасын білмеген жетесіз».  Отбасы шежіресі мен мұрагерлік (туыстық қарым- қатынас, үш жұрт, отбасындағы кенже ұлдың(шаңырақтың) рөлі). Ата-баба дәстүрін жалғастыру
  • 10. Отбасының тәрбиелік мүмкіндік деңгейлері Жоғары деңгей: Барлық негізгі көрсеткіштер толығымен көрініс тапқан отбасылар. Ата-ананың әлеуметтік жауапкершілігі мен педагогикалық мәдениеті дамыған, олардың педагогикалық ынта-ықыластары бар. Балалар белсенді дамыған, ұйымдасқан, алдында белгілі бір мақсаттары бар. Отбасыда оқушының күн тәртібі сақталады, оның өмірі әртүрлі іс-әрекетке толы. Отбасыдағы ара қатынас демократиялық тұрғыда негізделген. Бұндай отбасыларда өзара түсіністік және қамқорлық рухы басым: балалардың әкесі мен анасының қызметі жайлы хабары бар, олардың қиыншылықтары мен жетістіктерін де біледі: баланың мектептегі жағдайы да отбасыда еркін талқыланады: ата-ана баланы жүйелі оқу іс-әрекетіне үйретеді, күн тәртібін дұрыс құруға көмектеседі, оқуда қиыншылықтар туған кезде көмек көрсетеді: әкесі мен анасы баланың сабақтан тыс уақытына көңіл бөледі; баланың бос уақытын ұйымдастыруына қатысып, оған мақсаттылық пен тиімділік элементтерін енгізеді. Отбасыларда бірігіп істелінген еңбек, табиғатқа саяхат, спорттық шаралар, кітап оқу – күнделікті және жиі болып тұратын құбылыстар. Ата-ана баланы дұрыс педагогикалық мәдениетке бағыттап оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне әлеуметтік жауапкершілігін түсінеді.
  • 11. Ортаңғы деңгей: Отбасының педагогикалық үдерісі, жалпы алғанда, қанағаттанарлық күйде, алайда кейбір элементтері, белгілі бір мөлшерде, түзетуді қажет етеді. Ата-ана бала тәрбиесіне жауапкершілікпен қараса да, олардың педагогикалық мәдениеті жеткіліксіз: олар көбінесе тәрбиенің қарапайым әдістерін қолданады (насихат әңгімелер, т.б.), үй тапсырмасын тексеру анда-санда ғана жүргізіледі. Балалар белсенді бірақ жеткілікті ұйымдаспаған және мақсаттары анық емес. Отбасыдағы өзара қатынас демократиялық принциптерге негізделген, алайда авторитарлық бедел қалады. Отбасы сипатындағы ортақ нәрсе – педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда әртүрлі мәнін және өздерінің баланың өмірін ұйымдастырудағы алатын орнын түсінеді.
  • 12. Төменгі деңгей: Ата-ана баланың оқу іс-әрекетіне көңіл бөлгенімен, олардың тиісті педагогикалық мәдениеті жоқ. Оқудың маңыздылығын мойындай отырып, олар баланы күштеу және қатал бақылау арқылы оқуға мәжбүрлеуге тырысады. Баланың оқуға деген қызығушылығын дамыту, балаға көмек көрсету ата-ана үшін қиындық туғызады. Олар, сондай-ақ баланың сабақтан тыс іс-әрекетін ұйымдастыруды да қиналады. Бос уақытты бірге өткізу кездейсоқ болады. Онда жүйелік пен педагогикалық бағыттылық жоқ. Авторитарлық, оқушыға ықпал етудің педагогикалық негізі жоқ тәсілдерін қолдану, әкесі мен анасы арасында бөлісу отбасыда орын алады
  • 13. Жанұяның негізгі міндеттері: •Баланың үздіксіз дамуын қадағалап отыру; •Баланың денсаулығына қамқорлық жасау; •Баланың оқуына көмек беріп отыру; •Еңбек тәрбиесі және мамандық таңдауға көмектесу; •Баланың жан-жақты дамуына көмектесу; •Баланың қызығушылығын, бейімділігін,шығармашылығын дамыту; •Баланы өзін-өзі тәрбиелеуге,өзін-өзі дамытуға дайындау; •Балаға жыныстық тәрбие беру, болашақ өмірге дайындау.
  • 14. Жанұя мынадай 5 түрге бөлінеді: •Жанұядағы адамгершілік құндылығы жоғары деңгейде қалыптасқан,бақытты,дені сау жанұя.Балаларға бар мүмкіндік жасалған.Кей уақытта жекелеме кеңестер қажет болуы мүмкін. •Жанұядағы ата-аналардың қарым-қатынасы жақсы бола тұра,бала тәрбиесінде бағыт жоқ.Бала тек ата- ананың «ерекше» қамқорлығын сезінеді, «өзімшіл» болып өсіп келеді. •Ынтымақсыз жанұя. Мұндай жағдайда ата-аналар өзара қарыи-м-қатынас дауынан аса алмайды.Бала тәрбиесі мүлде ескерусіз қалған. Өсіп келе жатқан ұрпаққа әсері болмас үшін жанұядағы көңіл-күйді өзгертуге белсенді педагогикалық ықпал қажет.
  • 15. •Сырттай қарағанда қолайлы жанұя қатарында болғанымен,рухсыздық,нақты адамгершілік құндылықтар,ұрпақтар ізгілігінің бұзылуы сияқты жағымсыз қасиеттер басым. Мұндай жанұямен тәрбие жұмысын жүргізу ерекше қиындық тудырады. •Қолайсыз жанұя ,мұнда дөрекілік,ұрыс- керіс,жағымсыз тәртіп сияқтысипаттар көп. Баланың қызығушылығын қорғау үшін мұндай жанұяларға тұрақты педагогикалық бақылау, қоғамдық орындардың араласуы үнемі қажет және талап етіледі.
  • 16. Балаға мінез үш алуан адамнан жұғады: Біріншісі-ата-анадан; Екіншісі-ұстазынан; Үшіншісі-құрбысынан. Солардың ішінде қайсысын жақсы көрсе,сонысынан көбірек жұғады екен.
  • 17. Адамды үш нәрсе қайғыға салады екен: Біріншісі-кәрілік,оны өзгерте алмайсың,ол табиғи құбылыс; Екіншісі-өлім,оны да өзгерте алмайсың,ол Алланың бұйрығы; Үшіншісі-жаман бала,оны өзгертуге болады, тек жақсы тәрбиенің арқасында ғана.
  • 18. Психологтың ата-аналарға беретін кеңесі. 1-кезең. Баланың проблемасын естіңіз, оны тыңдаңыз. Проблеманы шешу үшін ортақ ізденіс жасаңыз. 2-кезең. «Не істеуіміз керек?» деген сұрақтан басталады. Осыдан кейін баланың өз шешімін тыңдап, содан кейін өз шешіміңізді ұсыныңыз. 3-кезең. Ұсынылған шешім бағалары мен ең тиімдісін таңдау. Шешімнің әр нұсқасы бірге бірге талқыланады. «Екі жақ» бір- бірінің шешімін сыйлайды. Ең жақсы шешімді бірлесе таңдайды. 4-кезең. Қабылданған шешімді детализациялау. Мысалы, отбасының барлық мүшелері баланы «ересек» деп санасын, енді ол өзі ерте тұруы керек, таңғы асын өзі ішіп , мектепке өз іжиналуы керек делік. Бұл анасын көптеген шаруадан босыатып, ұйқысын қандырып тұруға мүмкіндік береді. Бірақ бір ғана шешім аз. Мүмкін бірінші күндері баламен бірге тұрып үйрету керек болар. Балаға сағатты беріп өзі оянуын үйрету керек. Бірінші күні тамақтың қай жерде тұрғанын көрсетіп, қалай жылыту керек екенін көрсету қажет болар. Осы жағдай бойынша «екі жақты келісішартқа» отыру шарт болар. 5-кезең. Шешімді орындау. Бақылау.
  • 19. Ата-ана махаббаты және оның бала тәрбиесіндегі рөлі Әлемде баласына ұрысқысы келетін ана жоқ. «Мен бүгін балама айқайлаймын, ұрысамын» деп ана ойламайды. Керісінше! Ана бүгінгі күнді жақсы, шусыз болуын тілейді. Бірақ та, осынадай жақсы пиғылдарға қарамастан, баласына айқайлайды. Ешкімге керек емес ата-анамен мен бала арасындағы келіспеушілік басталады. Балаға ол қатты әсер етеді. Өз баласының проблемасына түсінікпен қарау керек. Баланы жақсы көру керек, әке мен шеше оның бақытты болуына жауапты. Балаға деген махаббат 4 түрге бөлінеді: көз қатынасы, түйісу, көңіл аудару, тәртіп. Әрқайсысы өте маңызды. Неге?
  • 20. Түйісу Әлеуметтік педагогикада мынадай факт көрсетілген: зерттеулер көрсеткендей, көптеген ата-ана баласын киіндіргенде, автобусқа отырғызғанда т.б. түйіседі. Баламен кез-келген түйісу, мысалы. Қолын алу, құшақтау, басын сипау, шашын ұстау т.б. болуы мүмкін. Әсіресе, мұндай түйісу ұл балаға керек, оның 7-8 жасқа дейін дамуына қажет. Бала өскен сайын ата-ананың еркелеткенін қажет етпейді. Кейде бала осынадай түйісуді қажет етеді (қорқыныш, қиындық) туындаған кезде. Қыз балаға түйісу өте қажет, әсіресе, 11 жаста.
  • 21. Көңіл аудару Балаға көңіл аудару көп уақытты талап етеді. Көңіл аудару дегеніміз не? Ұсақ-түйекке алданбай түгел балаға көңіліміз ауу керек, бала ата-ананың махаббатын сезінуі керек. Балаға көңіл аудару неге қиын? Өйткені ол көп уақытты талап етеді. Құрметті ата-аналар, уақыт тауып, баламен бірге болыңыз. Бұл өте маңызды. Жақсы тәрбие уақытты талар етеді. Егер де отбасында көп бала баолса, Әрқайсысына уақыт бөлу қиын. Ата-ана баласына бір минутын да қимаса, онда ол ата- ана махаббатын сезіне алмайды.
  • 22. Көз қатынасы Көптеген адамдар баламен қарым-қатынастың шешуші факторы көз қатынасы екендігін сезіне бермейді. Көз қатынасы бір-біріңе қараған кездегі уақыт. Сіздің көзіңізге тура қараудан қорқатын адаммен тілдесіп көрдіңіз бе? Бұл біздің оған деген қатынасымызды өзгертеді. Бізге тура, күлімсіреп қарайтын адам ұнайды. Баланың көзіне тура қарасақ, сонда ғана ол мұқият тыңдайды. Сіздің көзіңізден әрқашан махаббат ұшқыны білінуі керектігін ұмытпағайсыз. Көптеген ата-ана баласына қатал көзімен қарайды, ол дұрыс емес.
  • 23. Тәртіп Ата-ана махаббатының 4-кезеңі – тәртіп. Кейбір ата- аналар тәртіпті жаза деп ұғады. Бұл дұрыс емес. Ең бірінші біздің түсінетініміз – ол баланы тәртіпке үйрету үшін , оны жақсы көретінімізді сезінуіміз керек. Егер де махаббат болмаса, бала ата-анаға қарсы шығады, реніш білдіреді. Баланы тыңдап, өз эмоцияңызды ұстауыңыз қажет. Егер де ата-ана жиі шамданып, балаға ашуланса, алғашында бала шоши бастайды. Кейін ата-ана өз беделін жоғалтып, баланың теріс қылықтарының туындауына жол ашады. Баладан жақсы тәртәпті тала ету үшін, баламен мейірімді болу керек.
  • 24. Қорыта келгенде, мынаны есте сақтаған маңызды. Егер сіз баланы жақсы тәрбиелегіңіз келсе – әр балаға көз қатынасы, түйісу, махаббат, тәртіп қажет. Бала біздің махаббатымызды, қаталдығымызды сезіну керек. Ата-ана махаббатында әртүрлі жақтар бар, оның бірі баласына деген шектен тыс махаббат. Ондай ата-ана баланың әр еркелігін көтереді, қатты айтуға қорқады. Ата-ананың балаға деген шектен тыс махаббаты баланы бұзады. Бала ата-анасымен санаспайды, соңында бала эгоист болып өседі. Кейбір ата-ана өз махаббатын жасырып, баласына жылы, мейірімді сөз айтуға қорқады. Осындай отбасында бала тұйық болып өседі. Болашақта ашыла алмайды. Баланың көңіл-күй жағдайы әлемді қалай көруіне байланысты: ата-анасын, үйін, өзін-өзі. Осы көңіл-күй жағдайы болашақ дамудың платформасы болып табылады. Егер, балаға әлем жиіркенішті , қорқынышты болып көрінсе, қорқыныш, уайым пайда болады, олар баланың мейірімсіз жаулары. Егер, біз оны жақсы көрсек, оның жетістігің, тәртібі үшін жақсы көрсек, ол өз-өзіне деген сенімсіздігін жоғалтып, уайымшыл бола бастайды.Өйткені бала өте сезімтал. Барлық бала ата-анасынан сұрайды: «Сіздер мені жақсы көресіздер ме?» - деп. Баланың өмірге деген қатынасы, көзқарасы ата-анасының осы жауабына байланысты.