SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  3
Тілінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатымызда, түзете-дамыта
оқыту жүйесінде, білім беру мазмұны дәстүрлі жүйенің базалық компоненттерін сақтай
отырып, оқытудың түзете-дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Аталған жүйеде
эстетикалық цикл пәндеріне (логопедия, ырғақ, музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу,
дене тәрбиесі) нақты тәжірибе негізінде алынған білімге үлкен мән беріледі.
Ритмика сабағының негізгі міндеттері балалардың музыкаға, өнерге деген
қызығушылығын қалыптастыру болып табылады.
Музыкалы ритмиканың негізгі қағидасы қимыл-қозғалыстың музыкамен
байланыстылығында. Музыканы таңдауға үлкен көңіл бөлінеді.
Ритмика пәнінің мақсаты: балаларды музыка түрін, қарқынын, музыкалық
фразалардың қарама-қайшылығын ажыратуға, музыка әуеніне қарай қимыл-қозғалысын
өзгертуге үйрету. Осы жұмыстардың нәтижесінде музыка түрін, қарқынын басшылыққа
ала отырып, қимылды өз бетімен орындауға дағдыландыру болып табылады.
Ритмика пәні бойынша өткізілген сабақ үлгісін тәжірибе алмасу ретінде ұсынып
отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру.
Сабақтың мақсаты: 1.Ырғақты-қимыл қозғалыс арқылы дене сымбатын жақсартып,
бұлшық еттерін, сіңірлерін бекітіп, тез қимылдауға, әдемі
қозғалыстар жасауға ықпал ету. Музыка екпініне қарай
қозғалыстарды баяулатып, шапшаңдатып орындауға үйрету.
Денені тік ұстап шеңбер бойымен жүруге үйрету.
Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру дағдыларын үйрету.
Әр түрлі кедергілермен ойындар ойнату арқылы би қимылдарын,
ырғақты соғу, доп, шеңберше,ленталармен жаттығулар жасату
арқылы дене қозғалыстарын дамыту.
2.Есту, сөйлеу, ойлау, есте сақтау, қабылдау процестерінің
жетілуіне ықпал ету. Музыканың көмегімен ойын ойнап көрсету
арқылы баланың тілін ширату, сөздік қорларын дамыту.
3.Оқушыларды ептілікке, әсемділікке, әдемілікке, әдептілікке,
шапшаңдылыққа, татулыққа, икемділікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі:Үнтаспа, ленталар, доптар, жалаушалар, бубен, сылдырмақ-
сырнай, түрлі кедергілер, атребуттар.
Сабақтың барысы:
І. Кеңістікті бағдарлауға арналған жаттығулар.
-Залға саппен кіру, сәлемдесу.
ІІ. Керемет тілек жорығы.
-Оқушылар шеңбер жасап тұрып, допты кезек-кезек бір-біріне лақтырып, жылы
лебіздерін білдіреді.
- Аспанымыз ашық болсын!
- Елбасымыз аман болсын!
- Күллі түркі әлемі тату болсын!
- Дұшпанымыз жоқ болсын!
- Елімізде бейбітшілік болсын! т.б.
- 1,2 санап шеңбер жасау.
- Тізені сәл бүгіңдер
Қолды артқа ұатаңдар
Алға мойын созыңдар
Қазға қәне ұқсаңдар. Га-га-га. (мойнын созып, қаз сияқты жүреді.)
- Көңілді қоңыз ұшады. Ж-ж-ж. (қолдарын «қанат» сияқты қағады.)
- Екі қолын белге қойып,
Үйрек шықты шалғынға. Кря-кря-кря. (теңселіп жүреді.)
Суда қамыс шулады, Ш-ш-ш. (қолды төмен жіберіп теңселтеді.)
- Тағы да тыныштық орнады. Ш-ш-ш. (жүрелеп отырады.)
- Мінекей күнде шықты. Жоғары-жоғары-жоғары. (қолды жоғары көтереміз.)
- Қолды белге қойып, аяқ ұшымен жүру.
Тақылдатпа таяқты,
Ақырын бас аяқты,
Жай-жай-жай.
-Өкшемен жүру.
Айтқан кезде өлеңді,
Қатты басқын еденді.
Тарс-тарс-тарс.
-Жыланша жүру
Көк құстың артынан,
Көк құстың артынан,
Көк құстың артынан,
Жүреміз ұзын керуендей.
ІІІ. Ырғақты гимнастикалық жаттығулар.
- Шеңбер бойымен жүру.
Дөңгелегі дөңгелеп,
Біздің поезд келеді.
Балаларды алысқа,
Апарғысы келеді.
Гу-гу, Гу-гу, Гу-гу,
Жүгіреді паравоз.
Балаларды алысқа,
Апарады паравоз.
ІV. Дене тұлғасын жақсартуға арналған жаттығулар.
-Сап түзеп тұрып, оңға, солға бұрылуды бірнеше рет қайталап жаттықтыру.
-Қолды алға созып қайшылау.
-Қолды, тізені бүкпей екі аяқтың ұшына жеткізу.
1;-2;-3;-4; -б.қ.
-Б.қ. –қолдар белде, 1-3 – бір орында тұрып секіру, 1-90 градусқа бұрылып секіру.
-Басты оңға, солға бұру.
-Қолды жанға созып жұдырық түйілген күйі бір иіп, бір жазу.
-Допты жерден қолға аламыз, оны жерге қайта қоямыз.
-Қолды аяқ ұшына тигізіп, допты қайта алу.
-Жерге отырып допты аяқ ұшына жеткізу. 1,2,3,4.
-Допты кезек-кезек аяқ арасынан өткізу.
V. Ленталар.
Оң қолмен лентаны кезек-кезек жоғары-төмен тербете қимыл жасау.
Шеңбер болып айналып, музыка әуеніне қосылып, ленталармен әр-түрлі қимылдар
жасау.
VІ. Бубен кімде?
Шеңбер болып отырып, бубенді бір-біріне жылдам береді. Кеннет музыка тоқтағанда
бубен кімде болса сол өз айбын өтеуге тиіс. (өз өнерін көрсетеді.)
VІІ. Жалаушалар ойыны.
Көгілдір жалауша-шапалақтау.
Жасыл жалауша-тебіну.
Сары жалауша-үндемеу.
Қызыл жалауша-«алақай!»деп айқайлау.
VІІІ.Құлақ-мұрын ойыны.
Балалар отырады.
Қызыл жалауша көрсеткенде оң қолымен сол құлағын, сол қолымен оң құлағын
ұстайды. Ал сары жалаушаны көрсеткенде оң қолымен мұрнын, сол қолымен оң
құлағын ұстайды. Бірнеше реет қайталау.
ІХ. Алтын балық әуенді ойыны.
Баланың сөздік қорын дамытуға, әуенді тыңдауға, әуеннің ырғағын соғуға, қозғалыс
қимылының үйлесімділігіне, ойлау қабілетінің артуына арналған әуенді ойын.
Оқушылар жаздың жайма шуақ күндерінің бірінде балық аулауға шығады. Түрлі
кедергілерден өтіп, аяқтарына массаж жасап, көпірден өтіп, балық аулайды. (Әр бала
балық аулағанда жеке-жеке аулаған балықтағы сұрақтарға жауап береді.)
1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын ата.
2.Мемлекеттік рәміздерді ата.
3.Саған ұнайтын әнші-топ.
4.Ән айту ережелерін айт.
5.Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Шеше-шеше,
Неше кесе,
Сынды кеше?
6.Қазақтың жаңа-жыл мерекесі қай кезде?
7. Дауысы бар жаны жоқ,
Шертсең күйі, әні көп.
Құлағын оның бұра,
Ол не? (домбыра)
8. Ән кім туралы жазылған?
9. Әуеннің атын ата.
10.Әуеннің ырғағын соқ.
11.Әнұранның сөзін жазған кім?
12.Сергіту сәтін жаса.
13.Бесік жырын білесің бе?
14.Жаңылтпашты жаңылмай айт.
Ақ шар бар,
Көк шар бар.
Көп шар бар,
Төрт шар бар.
15.Сынып өнерін көрсет.
Х.Тыныс алу жаттығулары.
Қоңыз. Балалар тұрады. Қолдарын жанына ұстаған. Олардың қолдарын көтеріп, дем
алуын сұраймын. Тыныс шығара, қоңыздың ызылдағанын көрсетуін талап етемін.
Қолдарын бір мезгілде төмен түсіреді. Ж-ж-ж.
ХІ. Сабақтың соңы.
Оқушылар сап түзеп, мақтап-марапатталады. Алдағы өтетін өнер фестиваліне
жолдамалар ұсынылады. Оқушылар қоштасып, залдан саппен шығарылады.

Contenu connexe

En vedette (6)

01а
01а01а
01а
 
Property investment - global serviced offices
Property investment - global serviced officesProperty investment - global serviced offices
Property investment - global serviced offices
 
Accord collectif dans la branche de l'enseignement privé
Accord collectif dans la branche de l'enseignement privéAccord collectif dans la branche de l'enseignement privé
Accord collectif dans la branche de l'enseignement privé
 
654
654654
654
 
Edital - concurso da Polícia Civil de Pernambuco
Edital - concurso da Polícia Civil de PernambucoEdital - concurso da Polícia Civil de Pernambuco
Edital - concurso da Polícia Civil de Pernambuco
 
Amiel pangilinan how to use windowslive moviemaker
Amiel pangilinan how to use windowslive moviemakerAmiel pangilinan how to use windowslive moviemaker
Amiel pangilinan how to use windowslive moviemaker
 

Similaire à 32№

біздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыкабіздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыка
oquzaman
 

Similaire à 32№ (20)

56
5656
56
 
Lgi predshkol
Lgi predshkolLgi predshkol
Lgi predshkol
 
[ұ] мен [ү] дауысты дыбыстары
[ұ]  мен [ү] дауысты дыбыстары[ұ]  мен [ү] дауысты дыбыстары
[ұ] мен [ү] дауысты дыбыстары
 
біздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыкабіздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыка
 
57
5757
57
 
и. м. баязитова
и. м. баязитоваи. м. баязитова
и. м. баязитова
 
Сергіту жаттығулары
Сергіту жаттығуларыСергіту жаттығулары
Сергіту жаттығулары
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
эколог. ассорти
эколог. ассортиэколог. ассорти
эколог. ассорти
 
учитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятиеучитель года ермекбаева открытое занятие
учитель года ермекбаева открытое занятие
 
132fgfdgfdfff
132fgfdgfdfff132fgfdgfdfff
132fgfdgfdfff
 
ашық сабақ
ашық  сабақашық  сабақ
ашық сабақ
 
Muzyka lgi (1)
Muzyka lgi (1)Muzyka lgi (1)
Muzyka lgi (1)
 
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы музыкалық пәндік дамытушы орта
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы музыкалық пәндік дамытушы ортаМектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы музыкалық пәндік дамытушы орта
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы музыкалық пәндік дамытушы орта
 
внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үнівнеклассное мероприятие ұрпақтар үні
внеклассное мероприятие ұрпақтар үні
 
техкарта новый
техкарта новыйтехкарта новый
техкарта новый
 
6999fffffffff d fd f f fdfdgfg
6999fffffffff d  fd f f  fdfdgfg6999fffffffff d  fd f f  fdfdgfg
6999fffffffff d fd f f fdfdgfg
 
аюбаева
аюбаевааюбаева
аюбаева
 
коркем адебиет
коркем адебиеткоркем адебиет
коркем адебиет
 
21
2121
21
 

Plus de Nurlan Abilhanov

Plus de Nurlan Abilhanov (20)

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ Балтабаевна
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
 
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейдім. қабанбай. сурет салғым келмейді
м. қабанбай. сурет салғым келмейді
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
 
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
Сабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдеріСабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдері
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
 

32№

  • 1. Тілінде кемістігі бар балаларға арналған мектеп-интернатымызда, түзете-дамыта оқыту жүйесінде, білім беру мазмұны дәстүрлі жүйенің базалық компоненттерін сақтай отырып, оқытудың түзете-дамытуға бағытталуымен ерекшеленеді. Аталған жүйеде эстетикалық цикл пәндеріне (логопедия, ырғақ, музыка, бейнелеу өнері, еңбекке баулу, дене тәрбиесі) нақты тәжірибе негізінде алынған білімге үлкен мән беріледі. Ритмика сабағының негізгі міндеттері балалардың музыкаға, өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру болып табылады. Музыкалы ритмиканың негізгі қағидасы қимыл-қозғалыстың музыкамен байланыстылығында. Музыканы таңдауға үлкен көңіл бөлінеді. Ритмика пәнінің мақсаты: балаларды музыка түрін, қарқынын, музыкалық фразалардың қарама-қайшылығын ажыратуға, музыка әуеніне қарай қимыл-қозғалысын өзгертуге үйрету. Осы жұмыстардың нәтижесінде музыка түрін, қарқынын басшылыққа ала отырып, қимылды өз бетімен орындауға дағдыландыру болып табылады. Ритмика пәні бойынша өткізілген сабақ үлгісін тәжірибе алмасу ретінде ұсынып отырмын. Сабақтың тақырыбы: Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру. Сабақтың мақсаты: 1.Ырғақты-қимыл қозғалыс арқылы дене сымбатын жақсартып, бұлшық еттерін, сіңірлерін бекітіп, тез қимылдауға, әдемі қозғалыстар жасауға ықпал ету. Музыка екпініне қарай қозғалыстарды баяулатып, шапшаңдатып орындауға үйрету. Денені тік ұстап шеңбер бойымен жүруге үйрету. Қозғалыс үйлесімділігіне жаттықтыру дағдыларын үйрету. Әр түрлі кедергілермен ойындар ойнату арқылы би қимылдарын, ырғақты соғу, доп, шеңберше,ленталармен жаттығулар жасату арқылы дене қозғалыстарын дамыту. 2.Есту, сөйлеу, ойлау, есте сақтау, қабылдау процестерінің жетілуіне ықпал ету. Музыканың көмегімен ойын ойнап көрсету арқылы баланың тілін ширату, сөздік қорларын дамыту. 3.Оқушыларды ептілікке, әсемділікке, әдемілікке, әдептілікке, шапшаңдылыққа, татулыққа, икемділікке, достыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:Үнтаспа, ленталар, доптар, жалаушалар, бубен, сылдырмақ- сырнай, түрлі кедергілер, атребуттар. Сабақтың барысы: І. Кеңістікті бағдарлауға арналған жаттығулар. -Залға саппен кіру, сәлемдесу. ІІ. Керемет тілек жорығы. -Оқушылар шеңбер жасап тұрып, допты кезек-кезек бір-біріне лақтырып, жылы лебіздерін білдіреді.
  • 2. - Аспанымыз ашық болсын! - Елбасымыз аман болсын! - Күллі түркі әлемі тату болсын! - Дұшпанымыз жоқ болсын! - Елімізде бейбітшілік болсын! т.б. - 1,2 санап шеңбер жасау. - Тізені сәл бүгіңдер Қолды артқа ұатаңдар Алға мойын созыңдар Қазға қәне ұқсаңдар. Га-га-га. (мойнын созып, қаз сияқты жүреді.) - Көңілді қоңыз ұшады. Ж-ж-ж. (қолдарын «қанат» сияқты қағады.) - Екі қолын белге қойып, Үйрек шықты шалғынға. Кря-кря-кря. (теңселіп жүреді.) Суда қамыс шулады, Ш-ш-ш. (қолды төмен жіберіп теңселтеді.) - Тағы да тыныштық орнады. Ш-ш-ш. (жүрелеп отырады.) - Мінекей күнде шықты. Жоғары-жоғары-жоғары. (қолды жоғары көтереміз.) - Қолды белге қойып, аяқ ұшымен жүру. Тақылдатпа таяқты, Ақырын бас аяқты, Жай-жай-жай. -Өкшемен жүру. Айтқан кезде өлеңді, Қатты басқын еденді. Тарс-тарс-тарс. -Жыланша жүру Көк құстың артынан, Көк құстың артынан, Көк құстың артынан, Жүреміз ұзын керуендей. ІІІ. Ырғақты гимнастикалық жаттығулар. - Шеңбер бойымен жүру. Дөңгелегі дөңгелеп, Біздің поезд келеді. Балаларды алысқа, Апарғысы келеді. Гу-гу, Гу-гу, Гу-гу, Жүгіреді паравоз. Балаларды алысқа, Апарады паравоз. ІV. Дене тұлғасын жақсартуға арналған жаттығулар. -Сап түзеп тұрып, оңға, солға бұрылуды бірнеше рет қайталап жаттықтыру. -Қолды алға созып қайшылау. -Қолды, тізені бүкпей екі аяқтың ұшына жеткізу. 1;-2;-3;-4; -б.қ. -Б.қ. –қолдар белде, 1-3 – бір орында тұрып секіру, 1-90 градусқа бұрылып секіру. -Басты оңға, солға бұру. -Қолды жанға созып жұдырық түйілген күйі бір иіп, бір жазу. -Допты жерден қолға аламыз, оны жерге қайта қоямыз. -Қолды аяқ ұшына тигізіп, допты қайта алу. -Жерге отырып допты аяқ ұшына жеткізу. 1,2,3,4. -Допты кезек-кезек аяқ арасынан өткізу. V. Ленталар. Оң қолмен лентаны кезек-кезек жоғары-төмен тербете қимыл жасау.
  • 3. Шеңбер болып айналып, музыка әуеніне қосылып, ленталармен әр-түрлі қимылдар жасау. VІ. Бубен кімде? Шеңбер болып отырып, бубенді бір-біріне жылдам береді. Кеннет музыка тоқтағанда бубен кімде болса сол өз айбын өтеуге тиіс. (өз өнерін көрсетеді.) VІІ. Жалаушалар ойыны. Көгілдір жалауша-шапалақтау. Жасыл жалауша-тебіну. Сары жалауша-үндемеу. Қызыл жалауша-«алақай!»деп айқайлау. VІІІ.Құлақ-мұрын ойыны. Балалар отырады. Қызыл жалауша көрсеткенде оң қолымен сол құлағын, сол қолымен оң құлағын ұстайды. Ал сары жалаушаны көрсеткенде оң қолымен мұрнын, сол қолымен оң құлағын ұстайды. Бірнеше реет қайталау. ІХ. Алтын балық әуенді ойыны. Баланың сөздік қорын дамытуға, әуенді тыңдауға, әуеннің ырғағын соғуға, қозғалыс қимылының үйлесімділігіне, ойлау қабілетінің артуына арналған әуенді ойын. Оқушылар жаздың жайма шуақ күндерінің бірінде балық аулауға шығады. Түрлі кедергілерден өтіп, аяқтарына массаж жасап, көпірден өтіп, балық аулайды. (Әр бала балық аулағанда жеке-жеке аулаған балықтағы сұрақтарға жауап береді.) 1.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын ата. 2.Мемлекеттік рәміздерді ата. 3.Саған ұнайтын әнші-топ. 4.Ән айту ережелерін айт. 5.Жаңылтпашты жаңылмай айт. Шеше-шеше, Неше кесе, Сынды кеше? 6.Қазақтың жаңа-жыл мерекесі қай кезде? 7. Дауысы бар жаны жоқ, Шертсең күйі, әні көп. Құлағын оның бұра, Ол не? (домбыра) 8. Ән кім туралы жазылған? 9. Әуеннің атын ата. 10.Әуеннің ырғағын соқ. 11.Әнұранның сөзін жазған кім? 12.Сергіту сәтін жаса. 13.Бесік жырын білесің бе? 14.Жаңылтпашты жаңылмай айт. Ақ шар бар, Көк шар бар. Көп шар бар, Төрт шар бар. 15.Сынып өнерін көрсет. Х.Тыныс алу жаттығулары. Қоңыз. Балалар тұрады. Қолдарын жанына ұстаған. Олардың қолдарын көтеріп, дем алуын сұраймын. Тыныс шығара, қоңыздың ызылдағанын көрсетуін талап етемін. Қолдарын бір мезгілде төмен түсіреді. Ж-ж-ж. ХІ. Сабақтың соңы. Оқушылар сап түзеп, мақтап-марапатталады. Алдағы өтетін өнер фестиваліне жолдамалар ұсынылады. Оқушылар қоштасып, залдан саппен шығарылады.