SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  6
Сабақтың тақырыбы: Өнерін өрлеткен топ
Сабақтың мақсаты:
а) «Дос-Мұқасан» ансамблі туралы әңгімелеу
ә) Әнді әуенімен дұрыс орындауға, музыканы бағалай білуге тәрбиелеу.
б) Ойын арқылы қызығушылықтарын ояту, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың әдісі:баяндау, сұрақ-жауап, ойқозғау, орындау
Сабақтың көрнекілігі: Интернет материалы, өнер адамдарының суреттері, музыкалық
аспап
Сабақтың түрі : аралас сабақ
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру.
ІІ.Шаттық шеңбері. Ортаға дөңгеленіп тұрады. Ортаға «Музыка» деген ұғымды
тастайық. Өз ойларымызды «Өрмекшінің торын» құру арқылы ортаға салайық.
Оқушылар жауабы: Музыка – адамның ойын, іс-әрекетін дыбыстық формада суреттейді,
музыка - мәдениетке үйретеді, ойлай білуге, сезім сұлулығына үйретеді, жан сұлулығы,
рухани азық, жаныңды сергітеді, көңіл-күйіңді көтереді, мәдени талғамы өседі,
мұңайтады, өнердің түрі. Орындарына отырады.
Сендер өте жақсы айттыңдар. Иә, біздің өмірімізді музыкасыз елестету қиын. Сол үшін
де адам баласы келешектен күткен үмітін, көңіл түкпірінде ұялаған арманын да музыка
арқылы жеткізген. Ал музыканы қандайда бір аспаптың көмегімен жеткізген.
ІІ. Үй тапсырмасы.
Слайд-сұрақ
1.Батыс Еуропада фортепиано аспабы қай ғасырда пайда болды? (ХҮІІІ ғ).
Батыс Европада фортепиано аспабы ХҮІІІ ғасырда пайда болып, бүкіл мәдениеттің тарихи
даму жолына өз әсерін тигізді.
2.Фортепиано аспабын кім ойлап тапты?
1709 жылы Бартоломео Кристофори есімді италиялық музыкант алғашқы фортепиано
аспабын ойлап тапты. Содан кейін ол өзінің осы туындысын "gravicembalo col piano e
forte" (нәзік әрі жарқын дауыспен шығатын пернелі аспап) деп атады. Бұл атау уақыт
өте келе қысқартылып, жәй ғана «фортепиано» деп аталатын болды. Фортепиано —
ішекті соқпалы-клавишті рояль мен пианино музыкалық аспабының жалпы атауы.
Фортепиано өнері әлемдегі классикалық музыканың негізін қалады және ХІХ ғасырда ең
биік деңгейге жетіп, әлем халықтарының арасында зор беделге ие болды.
3.Классикалық музыка деп ең үздік әрі көрнекті күрделі, көркем туындыларды айтады
«Қазақстанның фортепиано өнері».
1.Қазақстандағы фортепиано өнері қалай қалыптасты?
2. Алматы консерваториясында фортепиано сыныбы қай жылы ашылды? (1945ж)
Алғаш ашылған фортепиано сыныбының меңгерушісі Мәскеу консерваториясының
профессоры Г.Н.Петров болды. 1947жылы консерваторияда алғаш рет пианистер сайысы
ұйымдастырылып, сол сайыста қазақтың тұңғыш пианисі Нағым Меңдіғалиев жеңімпаз
атанады.
Музыка
Меңдіғалиев Нағым- композитор, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері,
профессор. (1921-2006) жылы Орал облысында туған. Қазақтың алғашқы кәсіби пианисі.
Қазақстандағы фортепиано музыкасының дамуында болған жетістіктері Нағым
Меңдіғалиевтің атымен тығыз байланысты. Ол көптеген фортепианоға арналған алғашқы
туындылардың авторы. Ол 300 - ден астам аспаптық пьесалар, әндер, романстар,
спектакльдерге арналған музыка жазды.
1983жылы Алматы консерваториясының ректоры Ғазиза Жұбанова Кеңес үкіметі
басшыларынан пианистердің Бүкілодақтық іріктеу сайысын өткізуге рұқсат алады. Сөйтіп
алғаш рет Орта Азия халықтарының арасында бұрын-соңды болмаған ауқымды Одақтық
сайыс өткізіледі. Осы сайыста Станислав Бунин мен Жания Әубәкірова жеңіп шықты.
Екі орындаушы да Францияда өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды.Сол Париж
қаласында өткен сайыста алғаш рет Азия халықтарының арасынан барған қазақ қызы
Жәния Әубәкірова үлкен табысқа жетіп, лауреат атанды. Жания Әубәкірованың осы
жеңісі Қазақстанның фортепиано өнерінің биік кәсіби деңгейін өсіріп, әрі қарай дамуына
жол салды.
Жания Әубәкірова Күләш Байсейітова атындағы Республикалық музыка
мектебін тамамдаған. Мәскеу консерваториясынан білім алған. 1981 жылдан бастап
Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық қызмет атқарған. 1997
жылы осы консерваторияның ректоры болып тағайындалды. Ол – Қазақстанның халық
әртісі, Қаз.Р. Мем.сыйлығының иегері. 1983 жылы Францияда өткен Маргарита Лонг және
Жак Тибо атындағы халықаралық сайыста лауреат атанды. 2000 жылдан бастап Жания
Әубәкірова Орта Азия халықтарының арасында халықаралық пианистер сайысын өткізіп
келеді. Осы сайыста Қазақстанның жас орындаушылары фортепиано өнерінің биік
деңгейін көрсетіп, үлкен беделге ие болуда.
Ж. Әубәкірованың орындауында Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Домбыра
туралы аңыз» атты шығармасын тыңдап көрелік.
Шығарманың сипатын анықтау:
1. Шығарма қалай орындалды?
2. Қандай музыкаға жатады?
Оның «Домбыра туралы аңыз» атты концерттік пьесасы қазақ фортепианолық
музыкасының ең танымал туындысына айналды. Ал қазіргі таңда Алматы
консерваториясында қалыптасқан фортепиано мектебі классикалық музыканың дамуына,
дарынды жастарға әлемдік деңгейде білім беріп, кәсіби орындаушы болып қалыптасуына
зор ықпал жасап келеді.
Тақтаға назар аударайық
Музыканың түрлері: классикалық, камералық, джаз, рэп, рок, дәстүрлі ән мен күй,
симфониялық, эстрадалық.
Ән айтатын адамды кім дейміз? Әншілер әнді қалай орындайды?
Жеке дауыста, екеу, үшеу, төртеу болып орындайды. Жұппен айтатын әншілерді кім
дейміз? Жұппен айтатын әншілерді дуэт, үшеу-трио, квартет-төртеу. Мысал келтіру.
Арнау, Мұз-Арт, Жігіттер, Асыл, Дос-Мұқасан т.б.
«Дос-Мұқасан» тобының суреті. Осы топтың қай өлеңін жақынырақ білеміз? Олай
болса, осы бір әнді тыңдай қояйық. Өмірде өз орнын алған талай жастың, бүгінгі ел
ағалары мен ел аналарының кезінде жанынан, ойынан тастамайтын рухани еншісі,
махаббатының куәгері «Той жыры»әні әлі күнге дейін шырқалып, халықтың жүрегінен
орын табуда. Осы топ туралы тағы не білеміз? Сендерге зерттеп келу тапсырылған еді.
Оқушылардың жауабы. (Слайдпен жұмыс)
«Дос-мұқасан» тобының құрамы
1967 жылы Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық
техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар
(Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің
алғашқы буындарынан құралған. Яғни Досым, Мұрат, Қамит, Саня. Ансамбльдің аталған
алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов,
Н.Құсайыновтар қосылды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері
композитор Мұрат Құсаинов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды.
Шығармашылығы
Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың
халық әндері “Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың
сенің іргелі”, т.б., халық композиторларының және қазіргі қазақ композиторларының
әндері (“Сағындым сені”,“Алатау”, “Куә бол”, “Жыр жазамын жүрегімнен”, “Шофер келді
қырманға”, сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары “Той жыры”, “Күт мені”
, “Қайдасың”, “Қуанышым менің”, “Туған жер” орын алды.
Танымал әндері:
Дударай,Туған жер, Сұлу қыз, Наз қоңыр, Қарлығаш, Жанарым, Ақ сиса, Алатау,
Алматы түнi, Су тасушы қыз, Ауылың сенің іргелі, Ләйлім-шырақ, Бойжеткен.
Альбомдары
1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка
студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең
таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды.
«Дос-Мұқасан» ансамблінің 1973жылы 3компакт-диск,1976, 1980, 1983 жылдары
кассеталары шықты. – Ансамбльдің 40 жылдығына арналған кітап жарыққа шықты.
«Дос-Мұқасан» ансамблі туралы деректі фильм
Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы туралы деректі фильм 1972жылы шықты.
Даңқы дүркіреп тұрған тұста "Дос-Мұқасан" ансамблі жігіттерінің әрқайсысы өмірдегі өз
жолдарын таңдады және жетістіктерге де жетті. Олардың бірі парламент депутаты, елші
болса, енді бірі ғарыш агенттігін басқарды.
«Қандай жолда жүрсек те, өнердің игілігі үшін қызмет етеміз», дейді топ мүшелері.
Павлодар қаласында ескерткіш ашылды.
2008жылы Павлодар қаласында қазақстандық әйгілі “Дос-Мұқасан” ансамбліне
арналған ескерткіш ашылды. С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет аумағында
орналасқан ескерткіштің алдыңғы қатарында әйгілі топтың негізін қалаған төрт адамның
түргеп тұрған қола мүсіндері, ал артқы қабырғада ансамбльдің құрамына кейіннен келген
алты мүшесінің бетмүсіні бейнеленген.
Қазақтың битлзі
Ағылшынның аты әйгілі «Битлз» тобы совет жастарына өте қатты әсер еткен еді.
Осылайша батыстық мәдениеттің ықпалынан сол кезеңде Грузияда «Орэра», Ресейде
«Голубые гитары», «Веселые ребята», «Поющие гитары» секілді вокальді-аспапты
ансамблдер дүниеге келді. "Дос-Мұқасан" сол кезде Қазақстанның мәдени өміріне,
әсіресе, қазақ жастарының жан-жақты жарасымды дамуға бет алған мәдени-тұрмысына
ерекше серпіліс туғызған ансамбль болды.
Алматының жеті кереметінің бірі Көктөбеде «Битлз» тобына арналған ескерткіш-орындық
бар. Енді сол ескерткіштің жанына отандық Дос-Мұқасан» тобына арналған ескерткіш
орнатылмақ.
Жетістіктері
Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан —
бүкілодақтық “Халықтар достығы” фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар
байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде
өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан Ленин
комсомолы сыйлығының лауреаты (1974). Минск қаласында өткен ІІ Бүкілодақтық
кәсіпқой әртістер байқауында, Беларустың атақты «Песняры» тобымен ақтық сынға түсіп,
бірінші орынды жеңіп алды. Көп ұзамай, Германияда өткен Х дүниежүзілік жастар мен
студенттер фестивалінің Үлкен алтын медаліне ие болды.
Ансамбль мүшелері: Видео көрсету. (4.40-06.20)
Бүгінгі күні «Дос-Мұқасанның» арасында Қамит Санбаев, Шәріп Омаров, Бақытжан
Жұмаділов секілді асылдарымыз жоқ, қатал тағдыр оларды бұл өмірден ерте жұлып алып
кетті.
«Дос-Мұқасан» ансамблі халық композиторларының әндерін өңдеп, орындай бастайды.
Электрлі аспаптар сүйемелдеуімен орындалатын халық әндері жаңаша әуенмен халықтың
жүрегіне бірден жол табады. «Дос-Мұқасан» халықтың сүйіп тыңдайтын ансамбліне
айналады.Ансамбль мүшелері кәсіби музыканттар болмағанымен, жаңа әндер де жаза
бастайды. «Дос-Мұқасан» орындауындағы «Той жыры», «Алматы түні», «Құдаша», «Сұлу
қыз», «Куә бол» т.б әндері әртүрлі мерекелік кештердің, той думандардың, концерттердің
сәніне айналды.
«Дос-Мұқасан» әндерінен үзінді тыңдау.
Ән шырқайық - попурри
Тағы да табиғатқа арналған қандай әндерін білесіңдер? «Туған жер», «Алатау».
Алатау дегенде көз алдымызға не келеді?
Тау бөктері, ағаштар, су, шөп, гүлдер, тау шыңы.Олай болса, Дос-Мұқасан тобының
алғашқы репертуарынан «Алатау» әнін тыңдап, үйренейік. (11.47-13.45)
Осы әнді тыңдап, үйрене отырып, біз нені білдік?
Идеясы: туған жерге, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік, алып Алатаудың әдемі
шыңдары.
Мазмұны: алып, манаураған, қызыл-жасыл гүлді, көрікті,
Тәрбиелік мәні: сурет салу ( үйге тапсырма)
«Әуенді тап» Әртүрлі әндерден үзінді беріледі, балалар әннің атын табады.
16 қыз, Ақ сиса, Куә бол, Дударай, Сұлу қыз, Той жыры, Сұлу бойжеткен.
«Кезбе тілші» Есік қағылып, сыныпқа тілші және видеоға түсіруші кіреді. Сәлематсыңдар
ма, балалар!
Біздер, №4 мектеп-интернаттың тілшілеріміз, мектеп ұстаздарының іс-тәжірибесін
жинақтап, республика көлемінде шығатын кітапқа материал жинақтап жүрміз. Музыка
сабағы жүріп жатқанын естіп, балаларға бірнеше сұрақтар қояйын деп келіп едік.
Сендер тілшілердің қызметі туралы білесіңдер ме?
Тілшілер ел арасында өнерімен, еңбегімен, ерекше талантымен т. б. танылған адамдардан
сұхбат алады. Сұхбат дегеніміз кәдімгі әңгімелесу, немесе сұраққа жауап беру.
Қойылған сұраққа толық, анық жауап беруге тырысыңдар, жарай ма?
- Бастадық онда! (қолына микрофон ұстай сұрақ қою арқылы оқу іс - әрекетін
қорытындылайды)
1. Бүгінгі оқу іс - әрекеті барысында қандай музыкалық іс - әрекеттер орындалды?
2.Қандай топпен таныстыңдар?
3.«Дос-Мұқасан» ансамблі қай жылы құрылды?
4.Алғашқы мүшелері кімдер?
Алатау
5. Қандай музыка тыңдадыңдар?
6.Үйренген әннің аты қалай аталады?
7.Дос-Мұқасанның орындауындағы қандай әндермен таныстыңдар?
Рахмет, балалар. Бүгінгі сабақтан жақсы мағлұмат алған екенсіңдер.
Гүлбарам Хамзақызы өзіңіз не айтар едіңіз?
«Ақыл көпке жеткізер,
Өнер көкке жеткізер» деп халқымыз тегін айтпаған болар.
Тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің өнер саласында айтулы еңбегі бар, халқының,
ұлтының асқақ арманының туындай желбіреген, намысын қайшылап, рухын көтерген
«Дос-Мұқасанның» елеулі еңбегі жұрт жадында, халық жүрегінде, ол ешқашан
ұмытылмайды. Мәңгі шырқала береді.
Бүгінгі өнерімізді дамытатын, мәдениетімізді көркейтетін өнерлі өрендер сендерсіңдер.
Отанның игілігіне үлес қосатын білімді, тәрбиелі, азамат болыңдар!
Тілші: Сұхбаттарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар.
Рефлексия.
Ал енді, балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Алдарыңыздағы суреттерді
бояу арқылы сабақты қандай деңгейде түсінгендеріңізді білдіріңіздер.
Бағалау.
Өнерін өрлеткен топ

Contenu connexe

Tendances (20)

М. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығыМ. Әуезовтың шығармашылығы
М. Әуезовтың шығармашылығы
 
3223кеккекекууу
3223кеккекекууу3223кеккекекууу
3223кеккекекууу
 
мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5мухтар ауезов слайд 5
мухтар ауезов слайд 5
 
113сыввыавыавы
113сыввыавыавы113сыввыавыавы
113сыввыавыавы
 
Dvdvvd
DvdvvdDvdvvd
Dvdvvd
 
Сәкен Сейфуллин
Сәкен СейфуллинСәкен Сейфуллин
Сәкен Сейфуллин
 
М. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолыМ. Әуезов Абай жолы
М. Әуезов Абай жолы
 
Hjg
HjgHjg
Hjg
 
мұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезовмұхтар омарханұлы әуезов
мұхтар омарханұлы әуезов
 
ашық сабақ ысмағұл жәния 2017
ашық сабақ  ысмағұл жәния 2017ашық сабақ  ысмағұл жәния 2017
ашық сабақ ысмағұл жәния 2017
 
7878fd
7878fd7878fd
7878fd
 
Әже . Фариза Оңғарсынова.
Әже . Фариза Оңғарсынова.Әже . Фариза Оңғарсынова.
Әже . Фариза Оңғарсынова.
 
FariU
FariUFariU
FariU
 
Wewe
WeweWewe
Wewe
 
(1)3
  (1)3  (1)3
(1)3
 
урок жумабекова
урок жумабековаурок жумабекова
урок жумабекова
 
әдебиеттік оқу қазақстан қмж
әдебиеттік оқу қазақстан  қмжәдебиеттік оқу қазақстан  қмж
әдебиеттік оқу қазақстан қмж
 
жаяу муса 2
жаяу муса   2жаяу муса   2
жаяу муса 2
 
88
8888
88
 
мерует копия
мерует   копиямерует   копия
мерует копия
 

Similaire à Өнерін өрлеткен топ

а.жубаноов ашық сабақ
а.жубаноов ашық сабақа.жубаноов ашық сабақ
а.жубаноов ашық сабақoquzaman
 
біздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыкабіздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыкаoquzaman
 
ұлттық аспаптар әлемі
ұлттық аспаптар әлеміұлттық аспаптар әлемі
ұлттық аспаптар әлеміoquzaman
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Nurlan Abilhanov
 
музыка сабағының басқа пәндермен байланысы
музыка сабағының басқа пәндермен байланысымузыка сабағының басқа пәндермен байланысы
музыка сабағының басқа пәндермен байланысыAsem Sarsembayeva
 
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”Auyelbek Mombayev
 
музыкалық отбасы сайысы
музыкалық отбасы сайысымузыкалық отбасы сайысы
музыкалық отбасы сайысыAsem Sarsembayeva
 

Similaire à Өнерін өрлеткен топ (20)

Muzyka lgi (1)
Muzyka lgi (1)Muzyka lgi (1)
Muzyka lgi (1)
 
а.жубаноов ашық сабақ
а.жубаноов ашық сабақа.жубаноов ашық сабақ
а.жубаноов ашық сабақ
 
1 ашык сабак домбыра куандык
1 ашык сабак домбыра куандык1 ашык сабак домбыра куандык
1 ашык сабак домбыра куандык
 
ашық сабақ анар
ашық сабақ  анарашық сабақ  анар
ашық сабақ анар
 
алькеева аида
алькеева аидаалькеева аида
алькеева аида
 
киелі аспап қобыз
киелі аспап   қобызкиелі аспап   қобыз
киелі аспап қобыз
 
Lgi predshkol
Lgi predshkolLgi predshkol
Lgi predshkol
 
Домбыра мен қобыздың түрленуі
Домбыра мен қобыздың түрленуіДомбыра мен қобыздың түрленуі
Домбыра мен қобыздың түрленуі
 
біздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыкабіздің өміріміздегі музыка
біздің өміріміздегі музыка
 
көктем келді көңілді торшаева .ш.м
көктем келді көңілді  торшаева .ш.мкөктем келді көңілді  торшаева .ш.м
көктем келді көңілді торшаева .ш.м
 
ұлттық аспаптар әлемі
ұлттық аспаптар әлеміұлттық аспаптар әлемі
ұлттық аспаптар әлемі
 
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптары.
 
шахановвввв
шахановввввшахановвввв
шахановвввв
 
музыка сабағының басқа пәндермен байланысы
музыка сабағының басқа пәндермен байланысымузыка сабағының басқа пәндермен байланысы
музыка сабағының басқа пәндермен байланысы
 
презентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power pointпрезентация Microsoft office power point
презентация Microsoft office power point
 
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
“Әлемге танылған – Ұлы Абай”
 
музыкалық отбасы сайысы
музыкалық отбасы сайысымузыкалық отбасы сайысы
музыкалық отбасы сайысы
 
отчет слайд 2016 (1) г
отчет слайд 2016 (1) готчет слайд 2016 (1) г
отчет слайд 2016 (1) г
 
Егеменді еңселі елім менің!
Егеменді еңселі  елім менің!Егеменді еңселі  елім менің!
Егеменді еңселі елім менің!
 
атырау қаласы
атырау               қаласыатырау               қаласы
атырау қаласы
 

Plus de Nurlan Abilhanov

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Nurlan Abilhanov
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1Nurlan Abilhanov
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одеждыNurlan Abilhanov
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемNurlan Abilhanov
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуNurlan Abilhanov
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаNurlan Abilhanov
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағNurlan Abilhanov
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстарNurlan Abilhanov
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияNurlan Abilhanov
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласыNurlan Abilhanov
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertertNurlan Abilhanov
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh Nurlan Abilhanov
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)Nurlan Abilhanov
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” ОмонимNurlan Abilhanov
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanNurlan Abilhanov
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» ОмонимдерNurlan Abilhanov
 
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
Сабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдеріСабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдері
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдеріNurlan Abilhanov
 
Kурбанова Зульфия Османовна
Kурбанова Зульфия ОсмановнаKурбанова Зульфия Османовна
Kурбанова Зульфия ОсмановнаNurlan Abilhanov
 

Plus de Nurlan Abilhanov (20)

Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
Ауданды өлшеу. Квадрат дециметр және квадрат метрБ. Алманов атындағы орта мек...
 
микропланирование1
микропланирование1микропланирование1
микропланирование1
 
письмо культура одежды
письмо культура одеждыписьмо культура одежды
письмо культура одежды
 
жыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктемжыл мезгілі көктем
жыл мезгілі көктем
 
Едендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеуЕдендік жабындармен жұмыс істеу
Едендік жабындармен жұмыс істеу
 
Абишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ БалтабаевнаАбишева Гульназ Балтабаевна
Абишева Гульназ Балтабаевна
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
биология гул
биология гулбиология гул
биология гул
 
бастауыш құстар
бастауыш құстарбастауыш құстар
бастауыш құстар
 
Арифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессияАрифметикалық прогрессия
Арифметикалық прогрессия
 
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласытараз қал тараз қаласы тараз қаласы
тараз қал тараз қаласы тараз қаласы
 
787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert787878787878 rgre evrgrt ertert
787878787878 rgre evrgrt ertert
 
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh  84684fddddddddddd545 j k  jk k jkh
84684fddddddddddd545 j k jk k jkh
 
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
ана тілі. сиыр (ашық сабақ)
 
“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним“Қысқы ойындар” Омоним
“Қысқы ойындар” Омоним
 
The first President of Kazakhstan
The first President of KazakhstanThe first President of Kazakhstan
The first President of Kazakhstan
 
«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер«Қысқы ойындар» Омонимдер
«Қысқы ойындар» Омонимдер
 
8 сынып логика
8 сынып логика8 сынып логика
8 сынып логика
 
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
Сабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдеріСабақтың тақырыбы:  Сүт және сүт  өнімдері
Сабақтың тақырыбы: Сүт және сүт өнімдері
 
Kурбанова Зульфия Османовна
Kурбанова Зульфия ОсмановнаKурбанова Зульфия Османовна
Kурбанова Зульфия Османовна
 

Өнерін өрлеткен топ

  • 1. Сабақтың тақырыбы: Өнерін өрлеткен топ Сабақтың мақсаты: а) «Дос-Мұқасан» ансамблі туралы әңгімелеу ә) Әнді әуенімен дұрыс орындауға, музыканы бағалай білуге тәрбиелеу. б) Ойын арқылы қызығушылықтарын ояту, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Сабақтың әдісі:баяндау, сұрақ-жауап, ойқозғау, орындау Сабақтың көрнекілігі: Интернет материалы, өнер адамдарының суреттері, музыкалық аспап Сабақтың түрі : аралас сабақ Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру. ІІ.Шаттық шеңбері. Ортаға дөңгеленіп тұрады. Ортаға «Музыка» деген ұғымды тастайық. Өз ойларымызды «Өрмекшінің торын» құру арқылы ортаға салайық. Оқушылар жауабы: Музыка – адамның ойын, іс-әрекетін дыбыстық формада суреттейді, музыка - мәдениетке үйретеді, ойлай білуге, сезім сұлулығына үйретеді, жан сұлулығы, рухани азық, жаныңды сергітеді, көңіл-күйіңді көтереді, мәдени талғамы өседі, мұңайтады, өнердің түрі. Орындарына отырады. Сендер өте жақсы айттыңдар. Иә, біздің өмірімізді музыкасыз елестету қиын. Сол үшін де адам баласы келешектен күткен үмітін, көңіл түкпірінде ұялаған арманын да музыка арқылы жеткізген. Ал музыканы қандайда бір аспаптың көмегімен жеткізген. ІІ. Үй тапсырмасы. Слайд-сұрақ 1.Батыс Еуропада фортепиано аспабы қай ғасырда пайда болды? (ХҮІІІ ғ). Батыс Европада фортепиано аспабы ХҮІІІ ғасырда пайда болып, бүкіл мәдениеттің тарихи даму жолына өз әсерін тигізді. 2.Фортепиано аспабын кім ойлап тапты? 1709 жылы Бартоломео Кристофори есімді италиялық музыкант алғашқы фортепиано аспабын ойлап тапты. Содан кейін ол өзінің осы туындысын "gravicembalo col piano e forte" (нәзік әрі жарқын дауыспен шығатын пернелі аспап) деп атады. Бұл атау уақыт өте келе қысқартылып, жәй ғана «фортепиано» деп аталатын болды. Фортепиано — ішекті соқпалы-клавишті рояль мен пианино музыкалық аспабының жалпы атауы. Фортепиано өнері әлемдегі классикалық музыканың негізін қалады және ХІХ ғасырда ең биік деңгейге жетіп, әлем халықтарының арасында зор беделге ие болды. 3.Классикалық музыка деп ең үздік әрі көрнекті күрделі, көркем туындыларды айтады «Қазақстанның фортепиано өнері». 1.Қазақстандағы фортепиано өнері қалай қалыптасты? 2. Алматы консерваториясында фортепиано сыныбы қай жылы ашылды? (1945ж) Алғаш ашылған фортепиано сыныбының меңгерушісі Мәскеу консерваториясының профессоры Г.Н.Петров болды. 1947жылы консерваторияда алғаш рет пианистер сайысы ұйымдастырылып, сол сайыста қазақтың тұңғыш пианисі Нағым Меңдіғалиев жеңімпаз атанады. Музыка
  • 2. Меңдіғалиев Нағым- композитор, ҚазССР-нің еңбегі сіңірген өнер қайраткері, профессор. (1921-2006) жылы Орал облысында туған. Қазақтың алғашқы кәсіби пианисі. Қазақстандағы фортепиано музыкасының дамуында болған жетістіктері Нағым Меңдіғалиевтің атымен тығыз байланысты. Ол көптеген фортепианоға арналған алғашқы туындылардың авторы. Ол 300 - ден астам аспаптық пьесалар, әндер, романстар, спектакльдерге арналған музыка жазды. 1983жылы Алматы консерваториясының ректоры Ғазиза Жұбанова Кеңес үкіметі басшыларынан пианистердің Бүкілодақтық іріктеу сайысын өткізуге рұқсат алады. Сөйтіп алғаш рет Орта Азия халықтарының арасында бұрын-соңды болмаған ауқымды Одақтық сайыс өткізіледі. Осы сайыста Станислав Бунин мен Жания Әубәкірова жеңіп шықты. Екі орындаушы да Францияда өтетін халықаралық сайысқа жолдама алды.Сол Париж қаласында өткен сайыста алғаш рет Азия халықтарының арасынан барған қазақ қызы Жәния Әубәкірова үлкен табысқа жетіп, лауреат атанды. Жания Әубәкірованың осы жеңісі Қазақстанның фортепиано өнерінің биік кәсіби деңгейін өсіріп, әрі қарай дамуына жол салды. Жания Әубәкірова Күләш Байсейітова атындағы Республикалық музыка мектебін тамамдаған. Мәскеу консерваториясынан білім алған. 1981 жылдан бастап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында ұстаздық қызмет атқарған. 1997 жылы осы консерваторияның ректоры болып тағайындалды. Ол – Қазақстанның халық әртісі, Қаз.Р. Мем.сыйлығының иегері. 1983 жылы Францияда өткен Маргарита Лонг және Жак Тибо атындағы халықаралық сайыста лауреат атанды. 2000 жылдан бастап Жания Әубәкірова Орта Азия халықтарының арасында халықаралық пианистер сайысын өткізіп келеді. Осы сайыста Қазақстанның жас орындаушылары фортепиано өнерінің биік деңгейін көрсетіп, үлкен беделге ие болуда. Ж. Әубәкірованың орындауында Н. Меңдіғалиевтің фортепианоға арналған «Домбыра туралы аңыз» атты шығармасын тыңдап көрелік. Шығарманың сипатын анықтау: 1. Шығарма қалай орындалды? 2. Қандай музыкаға жатады? Оның «Домбыра туралы аңыз» атты концерттік пьесасы қазақ фортепианолық музыкасының ең танымал туындысына айналды. Ал қазіргі таңда Алматы консерваториясында қалыптасқан фортепиано мектебі классикалық музыканың дамуына, дарынды жастарға әлемдік деңгейде білім беріп, кәсіби орындаушы болып қалыптасуына зор ықпал жасап келеді. Тақтаға назар аударайық Музыканың түрлері: классикалық, камералық, джаз, рэп, рок, дәстүрлі ән мен күй, симфониялық, эстрадалық. Ән айтатын адамды кім дейміз? Әншілер әнді қалай орындайды? Жеке дауыста, екеу, үшеу, төртеу болып орындайды. Жұппен айтатын әншілерді кім дейміз? Жұппен айтатын әншілерді дуэт, үшеу-трио, квартет-төртеу. Мысал келтіру. Арнау, Мұз-Арт, Жігіттер, Асыл, Дос-Мұқасан т.б. «Дос-Мұқасан» тобының суреті. Осы топтың қай өлеңін жақынырақ білеміз? Олай болса, осы бір әнді тыңдай қояйық. Өмірде өз орнын алған талай жастың, бүгінгі ел
  • 3. ағалары мен ел аналарының кезінде жанынан, ойынан тастамайтын рухани еншісі, махаббатының куәгері «Той жыры»әні әлі күнге дейін шырқалып, халықтың жүрегінен орын табуда. Осы топ туралы тағы не білеміз? Сендерге зерттеп келу тапсырылған еді. Оқушылардың жауабы. (Слайдпен жұмыс) «Дос-мұқасан» тобының құрамы 1967 жылы Қазақ политехнологиялық иниститутының(қазіргі Қазақ мемлекеттік ұлттық техникалық университеті) жанынан құрылды. Ансамбль аты оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің алғашқы буындарынан құралған. Яғни Досым, Мұрат, Қамит, Саня. Ансамбльдің аталған алғашқы құрамына кейіннен М.Молдабеков, Қ.Әжібаева, Ш.Омаров, Б.Жұмаділов, Н.Құсайыновтар қосылды. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі — 1972 жылдан бері композитор Мұрат Құсаинов. Ансамбль құрамы екі рет (1975, 1985) жаңарды. Шығармашылығы Репертуарынан электронды музыкалық аспаптар сүйемелімен орындалатын қазақтың халық әндері “Назқоңыр”, “Ахау бикем”, “Он алты қыз”, “Сұлу қыз”, “Құдаша”, “Ауылың сенің іргелі”, т.б., халық композиторларының және қазіргі қазақ композиторларының әндері (“Сағындым сені”,“Алатау”, “Куә бол”, “Жыр жазамын жүрегімнен”, “Шофер келді қырманға”, сондай-ақ, ансамбльдің өз мүшелерінің шығармалары “Той жыры”, “Күт мені” , “Қайдасың”, “Қуанышым менің”, “Туған жер” орын алды. Танымал әндері: Дударай,Туған жер, Сұлу қыз, Наз қоңыр, Қарлығаш, Жанарым, Ақ сиса, Алатау, Алматы түнi, Су тасушы қыз, Ауылың сенің іргелі, Ләйлім-шырақ, Бойжеткен. Альбомдары 1997 жылы Досмұқасанның құрылғанына 30 жыл толуына байланысты “Әуен” музыка студиясынан “Той жыры” деген атпен ансамбльдің 1967 — 75 жылдары орындаған ең таңдаулы әндерінің "Үнтаспа"-альбомы шығарылды. «Дос-Мұқасан» ансамблінің 1973жылы 3компакт-диск,1976, 1980, 1983 жылдары кассеталары шықты. – Ансамбльдің 40 жылдығына арналған кітап жарыққа шықты. «Дос-Мұқасан» ансамблі туралы деректі фильм Аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы туралы деректі фильм 1972жылы шықты. Даңқы дүркіреп тұрған тұста "Дос-Мұқасан" ансамблі жігіттерінің әрқайсысы өмірдегі өз жолдарын таңдады және жетістіктерге де жетті. Олардың бірі парламент депутаты, елші болса, енді бірі ғарыш агенттігін басқарды. «Қандай жолда жүрсек те, өнердің игілігі үшін қызмет етеміз», дейді топ мүшелері. Павлодар қаласында ескерткіш ашылды. 2008жылы Павлодар қаласында қазақстандық әйгілі “Дос-Мұқасан” ансамбліне арналған ескерткіш ашылды. С.Торайғыров атындағы мемлекеттік университет аумағында орналасқан ескерткіштің алдыңғы қатарында әйгілі топтың негізін қалаған төрт адамның түргеп тұрған қола мүсіндері, ал артқы қабырғада ансамбльдің құрамына кейіннен келген алты мүшесінің бетмүсіні бейнеленген. Қазақтың битлзі Ағылшынның аты әйгілі «Битлз» тобы совет жастарына өте қатты әсер еткен еді. Осылайша батыстық мәдениеттің ықпалынан сол кезеңде Грузияда «Орэра», Ресейде «Голубые гитары», «Веселые ребята», «Поющие гитары» секілді вокальді-аспапты ансамблдер дүниеге келді. "Дос-Мұқасан" сол кезде Қазақстанның мәдени өміріне, әсіресе, қазақ жастарының жан-жақты жарасымды дамуға бет алған мәдени-тұрмысына ерекше серпіліс туғызған ансамбль болды. Алматының жеті кереметінің бірі Көктөбеде «Битлз» тобына арналған ескерткіш-орындық бар. Енді сол ескерткіштің жанына отандық Дос-Мұқасан» тобына арналған ескерткіш орнатылмақ. Жетістіктері
  • 4. Досмұқасан халыққа кеңінен танылды, жастарға үлгі таратты. Досмұқасан — бүкілодақтық “Халықтар достығы” фестивалінің (Ташкент, 1971), кәсіби орындаушылар байқауының (Минск, 1973), сонымен қатар, 1973 жылы Берлинде, 1985 жылы Мәскеуде өткен жастар мен студенттердің халықаралық фестивальдерінің, Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты (1974). Минск қаласында өткен ІІ Бүкілодақтық кәсіпқой әртістер байқауында, Беларустың атақты «Песняры» тобымен ақтық сынға түсіп, бірінші орынды жеңіп алды. Көп ұзамай, Германияда өткен Х дүниежүзілік жастар мен студенттер фестивалінің Үлкен алтын медаліне ие болды. Ансамбль мүшелері: Видео көрсету. (4.40-06.20) Бүгінгі күні «Дос-Мұқасанның» арасында Қамит Санбаев, Шәріп Омаров, Бақытжан Жұмаділов секілді асылдарымыз жоқ, қатал тағдыр оларды бұл өмірден ерте жұлып алып кетті. «Дос-Мұқасан» ансамблі халық композиторларының әндерін өңдеп, орындай бастайды. Электрлі аспаптар сүйемелдеуімен орындалатын халық әндері жаңаша әуенмен халықтың жүрегіне бірден жол табады. «Дос-Мұқасан» халықтың сүйіп тыңдайтын ансамбліне айналады.Ансамбль мүшелері кәсіби музыканттар болмағанымен, жаңа әндер де жаза бастайды. «Дос-Мұқасан» орындауындағы «Той жыры», «Алматы түні», «Құдаша», «Сұлу қыз», «Куә бол» т.б әндері әртүрлі мерекелік кештердің, той думандардың, концерттердің сәніне айналды. «Дос-Мұқасан» әндерінен үзінді тыңдау. Ән шырқайық - попурри Тағы да табиғатқа арналған қандай әндерін білесіңдер? «Туған жер», «Алатау». Алатау дегенде көз алдымызға не келеді? Тау бөктері, ағаштар, су, шөп, гүлдер, тау шыңы.Олай болса, Дос-Мұқасан тобының алғашқы репертуарынан «Алатау» әнін тыңдап, үйренейік. (11.47-13.45) Осы әнді тыңдап, үйрене отырып, біз нені білдік? Идеясы: туған жерге, табиғат сұлулығына деген сүйіспеншілік, алып Алатаудың әдемі шыңдары. Мазмұны: алып, манаураған, қызыл-жасыл гүлді, көрікті, Тәрбиелік мәні: сурет салу ( үйге тапсырма) «Әуенді тап» Әртүрлі әндерден үзінді беріледі, балалар әннің атын табады. 16 қыз, Ақ сиса, Куә бол, Дударай, Сұлу қыз, Той жыры, Сұлу бойжеткен. «Кезбе тілші» Есік қағылып, сыныпқа тілші және видеоға түсіруші кіреді. Сәлематсыңдар ма, балалар! Біздер, №4 мектеп-интернаттың тілшілеріміз, мектеп ұстаздарының іс-тәжірибесін жинақтап, республика көлемінде шығатын кітапқа материал жинақтап жүрміз. Музыка сабағы жүріп жатқанын естіп, балаларға бірнеше сұрақтар қояйын деп келіп едік. Сендер тілшілердің қызметі туралы білесіңдер ме? Тілшілер ел арасында өнерімен, еңбегімен, ерекше талантымен т. б. танылған адамдардан сұхбат алады. Сұхбат дегеніміз кәдімгі әңгімелесу, немесе сұраққа жауап беру. Қойылған сұраққа толық, анық жауап беруге тырысыңдар, жарай ма? - Бастадық онда! (қолына микрофон ұстай сұрақ қою арқылы оқу іс - әрекетін қорытындылайды) 1. Бүгінгі оқу іс - әрекеті барысында қандай музыкалық іс - әрекеттер орындалды? 2.Қандай топпен таныстыңдар? 3.«Дос-Мұқасан» ансамблі қай жылы құрылды? 4.Алғашқы мүшелері кімдер? Алатау
  • 5. 5. Қандай музыка тыңдадыңдар? 6.Үйренген әннің аты қалай аталады? 7.Дос-Мұқасанның орындауындағы қандай әндермен таныстыңдар? Рахмет, балалар. Бүгінгі сабақтан жақсы мағлұмат алған екенсіңдер. Гүлбарам Хамзақызы өзіңіз не айтар едіңіз? «Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер» деп халқымыз тегін айтпаған болар. Тәуелсіздікке қолы жеткен еліміздің өнер саласында айтулы еңбегі бар, халқының, ұлтының асқақ арманының туындай желбіреген, намысын қайшылап, рухын көтерген «Дос-Мұқасанның» елеулі еңбегі жұрт жадында, халық жүрегінде, ол ешқашан ұмытылмайды. Мәңгі шырқала береді. Бүгінгі өнерімізді дамытатын, мәдениетімізді көркейтетін өнерлі өрендер сендерсіңдер. Отанның игілігіне үлес қосатын білімді, тәрбиелі, азамат болыңдар! Тілші: Сұхбаттарыңызға көп рахмет. Сау болыңыздар. Рефлексия. Ал енді, балалар бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыздар? Алдарыңыздағы суреттерді бояу арқылы сабақты қандай деңгейде түсінгендеріңізді білдіріңіздер. Бағалау.