SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  9
« Набережный орта мектебі» КММ
Шеберсынып.
Тақырыбы : «Сын тұрғысынан ойлау арқылы
оқушы танымын арттырудың тиімді тәсілдері.»
мастер класс.
Бастауыш сынып мұғалімі: Салтенова Айгуль
Сактагановна
2016 – 2017 оқу жылы
Мастер класс ( Шебер сынып)
Тақырыбы : Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы танымын
арттырудың тиімді тәсілдері.
Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерін сын тұрғысынан ойлаудың
тиімді тәсілдерімен таныстыру ( өз тәжірибемнен).
Міндеттері :
* Сын тұрғысынан ойлаудың тиімді тәсілдерін түсіну және кеңейту.
*тиімді тәсілдерді ұсыну.
Құрал жабдықтар : интерактивтік тақта, презентация
Күтілетін нәтиже:
* ұстаздар қауымы сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін үйренеді.
*тиімді тәсілдерді қолдану және жүзеге асыру
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Бүгінгі күні сіздермен
қауышқаныма өте қуаныштымын.Шебер сынып сіздерге пайдалы
болады деген ойдамын.
Психологиялық ахуал : Өзімді де жақсы көремін,
Сені де сыйлаймын.
Бүгін, ертең жақсылық болсын!
Топқа бөлу : көңілді смайликтермен
Теориялық мәлімет
Сын тұрғысынан ойлау « ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол
маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді
қамтиды.
Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды
болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль
оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойладуы дамытуды
саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау бақылау,
тәжірибе, толғау және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты
ұғыну,бағалау,талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып
табылады,сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы мүмкін.
Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға,баламалы шешім
қабылдауға,ойлау және іс- әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген
тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге
және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға білдіреді.Бастауыш мектеп –
баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін- өзі ашуға,
жалпы дамуының қалыптасуына жаңдай жасайтын негізгі саты. Заман
ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы,түрлері өзгеріп отырады.Ең
басты технологияларды тиімді,жүйелі қолдану керек. Ұстаз үшін ең негізгі
мақсат – әр сабағын түсінікті,тартымды,тиімді өткізу.Сабақ барысында
оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге
деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын сын
тұрғысынан ойлау модулі.
Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі :
* тиісті ақпарат жинауды
*дәлелдерді сын тұрғысынан ойлау мен бағалауды
*тиісті шешім қабылдау
Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта -
ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің
баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып
тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы,
бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені
өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары
мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың
белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу
жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет.
Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым
толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі».
Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың
қалыптасуымен тығыз байланысты. Баланың жеке тұлғасында танымдық
белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл
әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін
табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу
әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді.
Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта
болады: сыртқы және ішкі белсенділік.
Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері
(белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін
қойып қарауы, әрекеті т. б.)
бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.
Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті
жатады.
Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді.
Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен
мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға
тырысады.
Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және
күрделі шығармашылық т.б. белсенділік түрлері болады.
Ең оңтайлы тәсіл оқушылардың өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән
беруге ынталандыру.
Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай 3
бағытта ( этап)талап етіледі.
1-ші бағыт «Қызығушылықты ояту»
Оқушы өз-өзіңе сұраққояды. « Мен не білемін ?». Бұл сұрақ бойынша 2-
ші бағытта болуы мүмкін «Мен өзім», « Біз біргеміз» ( жұптық немесе
топтық тапсырма).Оқушылардың белсенділігін,ынта жігерін арттыру.Өз
беттерінше еске түсіреді,қағазға жазады,жұбымен, тобымен талқылайды.
Осы бағытта оқушының «мен нені білуім керек?» деген көзқарас туындауы
мүмкін.
2-ші бағыт « Мағынаны тану»
Мағынаны тану бұл кезеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады,
тақырып бойынша жұмыс істейді,әр түрлі тапсырмаларды орындайды.
3-ші бағыт
«Ой толғаныс» Венн диаграммасы, Аялдама,Джиксо, Ой қозғау,Ыстық
орындық,5 жол өлең, Топта оқыту, мәтінді бөліп оқу, негізгі мағынаны ашу,
Тыңдалым Айтылым Жазылым ,Түртіп алу, Эссе т.б стратегиялар
қолданылады.Осылар арқылы арқылы баланың дамуына, оның бойындағы
жеке қабелеттері ашылуына шығармашылықпен ізденуіне жол
ашады.Әдебиеттік оқу пәнінен «Жиырма тиын» Жәнібек.Кәрбозиннің
әңгімесі бойынша ашық сабақ өткіздім.Сын тұрғысынан ойлау бағыты
бойынша үш кезеңіңде қолдандым. Ең бірінші әрекер 3 топқа бөліп
алдым.Әр топта төрт үш баладан отырды. 1.Қызығушылықты ояту
мақсатында төрт елдің ақша түрлерін таратып, оқушылардың өз пікірлерін
білдім. Мысалы: Қазақстанның валютасы теңге , ұсақ ақша тиын екенін
бірден айтып берді, ал АҚШ елінін ақша түрінде ажырата білді доллар деп
атап айтылды. Рессей ақша түрінде біледі екен. Тек білмегендері Қытай
елінін валютасы Юань бірінші рет таныс болғандарын айтып жеткізді.
Екінші кезеңдегі ( мағынаны тану) мақсатым оқушының белсенділігін
арттыру болды.Ойткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап
ететін іс –әрекет.Әңгімені түсініп оқу,талқылап,ой
қозғап,пікірлесіп,талқылап,ойларын флипчаткаға салды.Осы орады
оқушылардың ортасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасып
отырды.Топтың көшбасшы( спикер),орындаушы, бақылаушы, бағалаушы
болып топтық жұмыс атқарады. Әр топ белсенді қатысып, әңгіменің негізгі
ойын аша білді. 3.»Ой толғаныс» кезіңде сабақты қорытындылаумақсатында
«Ақылдының алты қалпағы» тәсіл арқылы синтездеу :Ақ қалпақ-
сипаттама,Сары қалпақ- жағымды,Қара қалпақ- теріс пікір,Қызық
қалпақ- негізгі ой,Жасыл қалпақ -жаңа идея,Көк қалпақ -сын пікір.
Кері байланыс «Ұшақ » әдісі әр топ бір бірлеріне сұрақ жауап арқылы
бекіту.
Рефлексия :-Бүгінгі сабақ қызықты болды ма?- Не ұнады?- Неліктен ?
Бұл сабақта жақсы окитын,орта оқитын,төмен оқитын оқушылар барлығы
қатысып отырды.Ал мұғалімнің рөлі қандай деп ойлайсыздар? Сын
тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ой қозғау арқылы оқушылар жеке
ойланды, жұппен әңгімеледі, топпен ортаға салды.Ойларын флепчаткаға
түсірді.Жауап беру арқылы пікір алмасты, оқушылардың көшбасшылық
қабілеттері де байқалды.
Қазіргі уақытта сабақ барысында мыңа стратегияларды меңгерді
«Топтастыру»,»Венн диаграммасы»,ББҮ, «Аялдама»,»Ыстық орындық»
стратегиялары сабақ барысында өте жақсы көмектеседі.
Тәжірибе бөліміне кірісейік :
Әр топқа жұмбақ арқылы топ атын анықтау :
1- Топ Аяз қысып, өрнексызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғанапжастар ойнайды. ҚЫС
2- Гүл - гүл жайнап жер, аспан,
Гүрілдейді сайда өзен.
Гүлжазиражарасқан
Гүлдерімен қай кезен? КӨКТЕМ
3- Өрік алма,
Жидек жүзім піседі.
Қауын қарбыз,
Қияр, сәбіз дүкендергетүседі.
ЖАЗ
Әр топқа топтастырумақсатында шағын әңгімелемен танысу «Аялдама»
тәсілін қолдану
1 -Топ « Ұстазбен шәкірт»
2-Топ « Бақытсыз бай»
3-топ « Хан»
Рефлексия» Ақылдының алты қалпағы» тәсілі арқылы синтездеу
Ақ қалпақ- сипаттама,
Сары қалпақ- жағымды,
Қара қалпақ- теріс пікір,
Қызыл қалпақ- негізгі ой,
Жасыл қалпақ -жаңа идея,
Көк қалпақ -сын пікір.
Кері байланыс : Екі жұлдыз
Бір тілек
Сын тұрғысынан оқыту технологиясын тәжірибемде қолданғанымда
мынандай қорытынды жасауға болады: оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға
үйренеді, еркін сөйлеуге,ой бөлісуге,ізденуге және шығармашылық
тапсырмаларды орындауға қалыптасады.Сын тұрғысынан ойладу дамыту
сабақтарының негізінде оқушылар арасында :- белсенді шығармашылықты
ойлауға негіз қаланды : - пікір алмастыруға үйренеді,- бір біріне құрметпен
қарауға үйренеді,- өздерін жеке дара тұлға ретінде тани білуге,бір бірлерін
бағалауға үйренеді,кез келген мәселені шешу жолдарын іздей
отырып,қиындықты шешуге талпынады.
Пайдаланған әдебиеттер : Интернет жүйесі.
NIS III деңгей МАН оқулығы.
доклад   класс (автосохраненный)

Contenu connexe

Tendances

Пікірталас жүргізуге арналған құралдар
Пікірталас жүргізуге арналған құралдарПікірталас жүргізуге арналған құралдар
Пікірталас жүргізуге арналған құралдар
Айбек Қуандықұлы
 

Tendances (20)

сын тұрғысынан-ойлауды-дамыту
сын тұрғысынан-ойлауды-дамытусын тұрғысынан-ойлауды-дамыту
сын тұрғысынан-ойлауды-дамыту
 
ашық сабақ уровника
ашық сабақ уровникаашық сабақ уровника
ашық сабақ уровника
 
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі
Көшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігіКөшбасшылық  жұмыстарды   жүргізудің  ерекшелігі
Көшбасшылық жұмыстарды жүргізудің ерекшелігі
 
Пікірталас жүргізуге арналған құралдар
Пікірталас жүргізуге арналған құралдарПікірталас жүргізуге арналған құралдар
Пікірталас жүргізуге арналған құралдар
 
баяндама сыни тұрғыдан ойлау
баяндама сыни тұрғыдан ойлаубаяндама сыни тұрғыдан ойлау
баяндама сыни тұрғыдан ойлау
 
шеберлік сыныбы
шеберлік сыныбышеберлік сыныбы
шеберлік сыныбы
 
2002dfdfdfddffefefefefefefef
2002dfdfdfddffefefefefefefef2002dfdfdfddffefefefefefefef
2002dfdfdfddffefefefefefefef
 
интерактив методлар
интерактив методларинтерактив методлар
интерактив методлар
 
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН А...
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ  ОЙЛАУ  ҚАБІЛЕТІН А...СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ  ОЙЛАУ  ҚАБІЛЕТІН А...
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІН А...
 
5п
5п5п
5п
 
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬лLеsson study  м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
лLеsson study м -__ал¦мн¦__ к__с¦би __рлеу жолы¬
 
019 toptama site
019 toptama site019 toptama site
019 toptama site
 
«Оқыту мен оқудағы жаңа тісілдер» Диалогтық оқыту әдістерін тәжірибеге енг...
«Оқыту мен оқудағы жаңа  тісілдер»  Диалогтық оқыту әдістерін  тәжірибеге енг...«Оқыту мен оқудағы жаңа  тісілдер»  Диалогтық оқыту әдістерін  тәжірибеге енг...
«Оқыту мен оқудағы жаңа тісілдер» Диалогтық оқыту әдістерін тәжірибеге енг...
 
шарикбаева ш.д коучинг
шарикбаева ш.д  коучингшарикбаева ш.д  коучинг
шарикбаева ш.д коучинг
 
мен зерттеушимин
мен зерттеушиминмен зерттеушимин
мен зерттеушимин
 
201456
  201456  201456
201456
 
777
777777
777
 
бекмағанбетова нурсулуj
бекмағанбетова нурсулуjбекмағанбетова нурсулуj
бекмағанбетова нурсулуj
 
абишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосыабишева и.о портфолиосы
абишева и.о портфолиосы
 
Kou4ing222
Kou4ing222Kou4ing222
Kou4ing222
 

Similaire à доклад класс (автосохраненный)

Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
ssuser85477d
 

Similaire à доклад класс (автосохраненный) (20)

16424rtrtrtrt
16424rtrtrtrt16424rtrtrtrt
16424rtrtrtrt
 
утегенова галина жұмысы
утегенова  галина  жұмысыутегенова  галина  жұмысы
утегенова галина жұмысы
 
Әдіс.pptx
Әдіс.pptxӘдіс.pptx
Әдіс.pptx
 
ныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовнаныгыметова амина жанатовна
ныгыметова амина жанатовна
 
конферен
конференконферен
конферен
 
9559,nmnknk
9559,nmnknk9559,nmnknk
9559,nmnknk
 
2323j
2323j2323j
2323j
 
623
623623
623
 
221ваываыввввввв
221ваываыввввввв221ваываыввввввв
221ваываыввввввв
 
шыгар жоба
шыгар жобашыгар жоба
шыгар жоба
 
23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss23erewrewrwsssssssssss
23erewrewrwsssssssssss
 
сөздік
сөздіксөздік
сөздік
 
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docxДарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
Дарынды балалармен жұмыс жоспары.docx
 
жұмыс кушманова к.а №19 ом
жұмыс кушманова к.а №19 омжұмыс кушманова к.а №19 ом
жұмыс кушманова к.а №19 ом
 
дарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмысдарынды балалармен жұмыс
дарынды балалармен жұмыс
 
іс тәжірибе
іс тәжірибеіс тәжірибе
іс тәжірибе
 
242458
242458242458
242458
 
сб данияровой 2я
сб данияровой  2ясб данияровой  2я
сб данияровой 2я
 
абаканова а.
абаканова а.абаканова а.
абаканова а.
 
өзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақөзін өзі тану ашық сабақ
өзін өзі тану ашық сабақ
 

доклад класс (автосохраненный)

  • 1. « Набережный орта мектебі» КММ Шеберсынып. Тақырыбы : «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы танымын арттырудың тиімді тәсілдері.» мастер класс. Бастауыш сынып мұғалімі: Салтенова Айгуль Сактагановна 2016 – 2017 оқу жылы
  • 2. Мастер класс ( Шебер сынып) Тақырыбы : Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы танымын арттырудың тиімді тәсілдері. Мақсаты: Бастауыш сынып мұғалімдерін сын тұрғысынан ойлаудың тиімді тәсілдерімен таныстыру ( өз тәжірибемнен). Міндеттері : * Сын тұрғысынан ойлаудың тиімді тәсілдерін түсіну және кеңейту. *тиімді тәсілдерді ұсыну. Құрал жабдықтар : интерактивтік тақта, презентация Күтілетін нәтиже: * ұстаздар қауымы сын тұрғысынан ойлау тәсілдерін үйренеді. *тиімді тәсілдерді қолдану және жүзеге асыру Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар! Бүгінгі күні сіздермен қауышқаныма өте қуаныштымын.Шебер сынып сіздерге пайдалы болады деген ойдамын. Психологиялық ахуал : Өзімді де жақсы көремін, Сені де сыйлаймын. Бүгін, ертең жақсылық болсын! Топқа бөлу : көңілді смайликтермен Теориялық мәлімет Сын тұрғысынан ойлау « ойлау туралы ойлану» деп сипатталады. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Сын тұрғысынан ойлау- Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік.Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойладуы дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау бақылау,
  • 3. тәжірибе, толғау және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну,бағалау,талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады,сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы мүмкін. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға,баламалы шешім қабылдауға,ойлау және іс- әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға білдіреді.Бастауыш мектеп – баланы оқуға үйрету мен тәрбиелеу оның тұлға ретінде өзін- өзі ашуға, жалпы дамуының қалыптасуына жаңдай жасайтын негізгі саты. Заман ағысына сай технологияларды қолдану ауқымы,түрлері өзгеріп отырады.Ең басты технологияларды тиімді,жүйелі қолдану керек. Ұстаз үшін ең негізгі мақсат – әр сабағын түсінікті,тартымды,тиімді өткізу.Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын сын тұрғысынан ойлау модулі. Бастапқы деңгейде сын тұрғысынан ойлау үдерісі : * тиісті ақпарат жинауды *дәлелдерді сын тұрғысынан ойлау мен бағалауды *тиісті шешім қабылдау Танымдық белсенділік дегеніміз – оқушының оқуға, білімге деген ынта - ықыласының, құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы: мұғалімнің баяндап тұрған материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып тыңдауы, алған білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тәжірибе жасау, жазу, сызу сияқты жұмыстар істеуі керек. Өйткені өтілген материалды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушылардың белсенділігі ауызша, жазбаша жұмыстарда, бақылау эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен айтқанда, оқу үрдісінің барлық кезеңінде қажет. Ал, «таным – ойдың білмеуден білуге қарай дәл емес, білуден неғұрлым толық дәл білуге қарай ұмтылатын ой - өрісінің күрделі үрдісі». Танымдық белсенділік көп түрлі тұлғалық қатынастардың қалыптасуымен тығыз байланысты. Баланың жеке тұлғасында танымдық белсенділігінің дамуы бес - алты жас аралығында қарқынды келеді. Бұл әсіресе баланы логикалық тапсырмаларды белсенді орындауы, жауап кілтін табуға ширақ келуі, білуге деген ұмтылысы танымдық ойындар арқылы оқу әрекетінің міндеттерін шешуде айқын көрінеді. Оқу үрдісінде оқушының белсенділігі, негізінен екі түрлі сипатта болады: сыртқы және ішкі белсенділік. Сыртқы белсенділік дегеніміз – оқушы әрекетінің сыртқы көріністері (белсенді қимыл қозғалыстары, практикалық әрекеттері, мұғалімге зейін қойып қарауы, әрекеті т. б.) бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін. Оқушының ішкі белсенділігіне оның белсенді түрде ойлау әрекеті
  • 4. жатады. Оқушы белсенділігі қандай болғанда да ой дербестігіне сүйенеді. Оқыту үрдісінде оқушылардың белсенділігін дамытуды мақсат еткен мұғалім сабақтың барлық кезеңдерінде олардың ой дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік бір қалыпта болмайды, оның қарапайым және күрделі шығармашылық т.б. белсенділік түрлері болады. Ең оңтайлы тәсіл оқушылардың өз тәжірибесіндегі дәлелдерге мән беруге ынталандыру. Қазіргі таңда Қазақстанда кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай 3 бағытта ( этап)талап етіледі. 1-ші бағыт «Қызығушылықты ояту» Оқушы өз-өзіңе сұраққояды. « Мен не білемін ?». Бұл сұрақ бойынша 2- ші бағытта болуы мүмкін «Мен өзім», « Біз біргеміз» ( жұптық немесе топтық тапсырма).Оқушылардың белсенділігін,ынта жігерін арттыру.Өз беттерінше еске түсіреді,қағазға жазады,жұбымен, тобымен талқылайды. Осы бағытта оқушының «мен нені білуім керек?» деген көзқарас туындауы мүмкін. 2-ші бағыт « Мағынаны тану» Мағынаны тану бұл кезеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді,әр түрлі тапсырмаларды орындайды. 3-ші бағыт «Ой толғаныс» Венн диаграммасы, Аялдама,Джиксо, Ой қозғау,Ыстық орындық,5 жол өлең, Топта оқыту, мәтінді бөліп оқу, негізгі мағынаны ашу, Тыңдалым Айтылым Жазылым ,Түртіп алу, Эссе т.б стратегиялар қолданылады.Осылар арқылы арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабелеттері ашылуына шығармашылықпен ізденуіне жол ашады.Әдебиеттік оқу пәнінен «Жиырма тиын» Жәнібек.Кәрбозиннің әңгімесі бойынша ашық сабақ өткіздім.Сын тұрғысынан ойлау бағыты бойынша үш кезеңіңде қолдандым. Ең бірінші әрекер 3 топқа бөліп алдым.Әр топта төрт үш баладан отырды. 1.Қызығушылықты ояту мақсатында төрт елдің ақша түрлерін таратып, оқушылардың өз пікірлерін білдім. Мысалы: Қазақстанның валютасы теңге , ұсақ ақша тиын екенін бірден айтып берді, ал АҚШ елінін ақша түрінде ажырата білді доллар деп атап айтылды. Рессей ақша түрінде біледі екен. Тек білмегендері Қытай елінін валютасы Юань бірінші рет таныс болғандарын айтып жеткізді. Екінші кезеңдегі ( мағынаны тану) мақсатым оқушының белсенділігін арттыру болды.Ойткені үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс –әрекет.Әңгімені түсініп оқу,талқылап,ой қозғап,пікірлесіп,талқылап,ойларын флипчаткаға салды.Осы орады оқушылардың ортасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасып отырды.Топтың көшбасшы( спикер),орындаушы, бақылаушы, бағалаушы болып топтық жұмыс атқарады. Әр топ белсенді қатысып, әңгіменің негізгі
  • 5. ойын аша білді. 3.»Ой толғаныс» кезіңде сабақты қорытындылаумақсатында «Ақылдының алты қалпағы» тәсіл арқылы синтездеу :Ақ қалпақ- сипаттама,Сары қалпақ- жағымды,Қара қалпақ- теріс пікір,Қызық қалпақ- негізгі ой,Жасыл қалпақ -жаңа идея,Көк қалпақ -сын пікір. Кері байланыс «Ұшақ » әдісі әр топ бір бірлеріне сұрақ жауап арқылы бекіту. Рефлексия :-Бүгінгі сабақ қызықты болды ма?- Не ұнады?- Неліктен ? Бұл сабақта жақсы окитын,орта оқитын,төмен оқитын оқушылар барлығы қатысып отырды.Ал мұғалімнің рөлі қандай деп ойлайсыздар? Сын тұрғысынан ойлау стратегиясы бойынша ой қозғау арқылы оқушылар жеке ойланды, жұппен әңгімеледі, топпен ортаға салды.Ойларын флепчаткаға түсірді.Жауап беру арқылы пікір алмасты, оқушылардың көшбасшылық қабілеттері де байқалды. Қазіргі уақытта сабақ барысында мыңа стратегияларды меңгерді «Топтастыру»,»Венн диаграммасы»,ББҮ, «Аялдама»,»Ыстық орындық» стратегиялары сабақ барысында өте жақсы көмектеседі. Тәжірибе бөліміне кірісейік : Әр топқа жұмбақ арқылы топ атын анықтау : 1- Топ Аяз қысып, өрнексызып, Терезені торлайды. Қарға омбығып, Бет домбығып, Сырғанапжастар ойнайды. ҚЫС 2- Гүл - гүл жайнап жер, аспан, Гүрілдейді сайда өзен. Гүлжазиражарасқан Гүлдерімен қай кезен? КӨКТЕМ 3- Өрік алма, Жидек жүзім піседі. Қауын қарбыз, Қияр, сәбіз дүкендергетүседі. ЖАЗ Әр топқа топтастырумақсатында шағын әңгімелемен танысу «Аялдама» тәсілін қолдану
  • 6. 1 -Топ « Ұстазбен шәкірт» 2-Топ « Бақытсыз бай» 3-топ « Хан»
  • 7. Рефлексия» Ақылдының алты қалпағы» тәсілі арқылы синтездеу Ақ қалпақ- сипаттама, Сары қалпақ- жағымды, Қара қалпақ- теріс пікір, Қызыл қалпақ- негізгі ой, Жасыл қалпақ -жаңа идея, Көк қалпақ -сын пікір. Кері байланыс : Екі жұлдыз Бір тілек
  • 8. Сын тұрғысынан оқыту технологиясын тәжірибемде қолданғанымда мынандай қорытынды жасауға болады: оқушылар сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді, еркін сөйлеуге,ой бөлісуге,ізденуге және шығармашылық тапсырмаларды орындауға қалыптасады.Сын тұрғысынан ойладу дамыту сабақтарының негізінде оқушылар арасында :- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды : - пікір алмастыруға үйренеді,- бір біріне құрметпен қарауға үйренеді,- өздерін жеке дара тұлға ретінде тани білуге,бір бірлерін бағалауға үйренеді,кез келген мәселені шешу жолдарын іздей отырып,қиындықты шешуге талпынады. Пайдаланған әдебиеттер : Интернет жүйесі. NIS III деңгей МАН оқулығы.