SlideShare une entreprise Scribd logo
1  sur  8
Сабақтың тақырыбы: «Жаса, Наурыз, дәстүрлі»
Сабақтың мақсаты: Балаларға қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде,
әдет- ғұрпында ерекше орын алған « Наурыз» тойының ерекшелігін, табиғат
пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын түсінікті
әрі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түсіндіру. Ұмытылып бара
жатқан әдет- ғұрыпты: имандылыққа, тіл мен дініміздің берік орын алуына
тәрбиелеу, бағдар беру.
Сабақтың барысы:
Наурыз келді, Наурыз келді ағайын!
Құшырлана құшағымды жазайын.
Көктем шыға күлімсіреп көк аспан.
Әнге толды, күйге толды маңайым!
Наурыз елдің ақжарылқап айындай,
Тербетілген кербез, сұлу қайыңдай.
Малдар төлдеп, қой қоздап.
Сүтпен бұлақ ағызған,
Жаңа жылдың сипаты,
Молшылыққа аңыз боп,
Басталыпты Наурыздан!
Қазақтар Наурызды жыл басы санайды. Наурыздың 21-ші
жұлдызында Қыдыр ата даланы аралайды екен. Қыдыр ата адамдарға бақыт,
дәулет әкелетін көзге көрінбейтін ақсақал. Жаңа жылда үйді тазалап,
ағартып отырған. Сол күні қар немесе жаңбыр жауса нұр жауды деп
санаған. Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар ( ортаға екі ер
бала шығады).
Қуанышты музыка. Қызыр баба шығады.
Қызыр баба домбырамен әндетіп:
Ау, аман ба, жараңдар,
Алтын таңға қараңдар.
Ерте жайнап атты таң
Естіліп тұр шаттық ән
Жас балаша нұрланып,
Жадырайды күніміз,
Күннің жаңа нұры бар,
Мұның ғажап сыры бар.
Халық сүйген мейрам- бұл:
Қарсы алайық, тұрыңдар!
Бәрі орындарынан тұрып шапалақтайды.
Балалар, ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар ( ортаға
екі ер бала шығады).
- Ассалаумағалейкум!
- Уағалейкумассалам!
- Мал- жан аман ба?
- Шүкір- шүкір!
- Наурыз құтты болсын!
- Бірге болсын!
Балалардың өлеңі:
1- бала: Көктем келді бүгін,
Күнім төкті нұрын.
Сайрап барлық құстар,
Ән салуға құштар.
2- бала: Қарды ерітіп жылғасы.
Наурыз келді- жыл басы
Шуақ төкті жарық күн,
Мейрамында халықтың.
3- бала: Бата беріп атамыз,
Бата беріп апамыз.
Тәтті болып жасалған,
Наурыз дәмін татамыз.
Енді, балалар әдет- ғұрып, салт- дәстүр туралы әңгімелесейік. Қазақта
әдет- ғұрып, оның мәдениеттік ерекшеліктері болып табылады. Халық
әдептілік пен ілтипаттылықты ұрпағына әуелі үйретіп, дағдыландырып,
әдепті қалыптастырған. Қалыптасқан әдеп- ғұрыпқа айналып, халықтың
санасына сіңіп, салт- дәстүр пайда болған.
Салт- дәстүр: « Тұсау кесу»
Қаз- қаз балам, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін.
Тұсауыңды кесейін.
Қаз- қаз балам, қаз балам
Қадам бассаң мәз болам
Басқаныңа қарайық,
Қадамыңды санайық.
Қазақтың тыйым сөздері өте көп. Олар жас ұрпақты табиғатты
қорғауға, әдепті болуға, қарапайымдылық пен имандылыққа баулиды. Үйде
ата- әжелер сендерге тыйым сөздерді үйретіп, ақылдарын айтып отырады
емес пе?
Балалар тыйым сөздерді айтады:
Ұлттық салттан бұлжыма,
Жұма күні кір жума.
Шаршасаң сәл аялда,
Бірақ жерді таянба.
Ұмытып кетпе,
Есікті теппе
Кір жайма түнде далаға.
Түнде шық далаға
Аспанға қара да.
Қызықта
Бірақта,
Жұлдызды санама.
- Балалар, көктем мезгілінде табиғат оянады, құстар ұшып келеді, күн
жылынады, мал төлдейді, ағаштар бүршік жарады, Жыл басы- Наурыз
тойланады, балалар далаға шығып ойын- сауық құрып ойнайды.
- Балалар бізде сендермен қазақтың ұлттық ойынын ойнасақ жақсы
болар еді. Ендеше ер балалармен « Қол күресу» ойынын ойнайық.
Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық ойыны туралы білім беру. Қол
бұлшық еттерін дамыту. Ұлттық салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.
Балалар өлеңдерін айтады:
4- бала :
Ашық болса күніміз
Ашылады нұрымыз
Бай тұлғалы өңірде
Айтылады жырымыз.
5- бала :
Наурыз- көктем тойымыз,
Той дәмі мол тойыңыз.
Күн ұзарар жылынып,
Өсер біздің бойымыз.
6- бала:
Наурыз тойы- береке,
Наурыз тойы- жыр аңыз.
Қызып әсем мереке,
Қызық думан құрамыз.
Ұлттық ойын: « Тақия тастамақ»
Мақсаты: Балаларға ұлттық ойынның мазмұны жайлы білім беру.
Ойынға деген қызығушылықтарын, шапшаңдықтарын дамыту. Патриоттық
сезімдерін дамыту.
Қазақта балаларды тәрбиелеу үшін талап ету, талап қою рәсімдері
өмірлік ереже болып қалыптасқан. Мысалы қыз балаға әдепті болу, таза
жүру, әсем киіну, әке- шешені күту, өнерлі болу, тамақ дайындай білу, әдеп
сақтау, өсек айтпау, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, т.б. талаптар қойылады.
Сол сияқты ер балаға да көптеген талаптар қойылып, оның іскер, инабатты,
батыл, ержүрек, жігерлі азамат болып өсуіне қамқорлық жасалады.
Ән: « Наурыз жыры»
Ұлыс күні жеті түрлі заттан: сүр ет, сүт,тары, тұз, құрт, айран, күріштен
қазан толы Наурыз- көже беріледі.
Әженің әсем әуені естіледі. Ол Наурыз- көжеге балаларды шақыра
келеді.
Айналайын, балалар!
Жеп- ішсін деп, тамсанып.
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз- көже пісірдім.
Ішер бірақ-ақ тостаған.
Еңбекшіге талапты
Қоямын қос табақты,
Көжеге жас- кәріңді
Шақырамын бәріңді.
Қызыр баба бата береді
Жаңа ағытқан қозыдай,
Жамырасқан өрістен,
Ұлыс күні қазан толса.
Ол жылы ақ мол болар.
Ұлы кісіден бата алса.
Сонда олжалы жол болар.
Сабақты сұрақтар арқылы қорытындылау. Наурыз- көжені балаларға
ұсыну.
Төлдеді де малымыз
Тамыр жайды талымыз,
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса, Наурыз, дәстүрлі!!!
№7 « Айша» мектеп- бақшасы
Тақырыптық сабақ:
«Жаса,Наурыз,дәстүрлі!»
Оспанова А.А.
Көкшетау қаласы
оспанова а.а

Contenu connexe

Tendances (6)

Zin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-sabaZin zi tanu-lgi-saba
Zin zi tanu-lgi-saba
 
астана слайд
астана слайдастана слайд
астана слайд
 
ашық сабақ балбобек
ашық сабақ балбобекашық сабақ балбобек
ашық сабақ балбобек
 
қыс
қысқыс
қыс
 
аюбаева
аюбаевааюбаева
аюбаева
 
Туыстық қатынас.ppt2
Туыстық қатынас.ppt2Туыстық қатынас.ppt2
Туыстық қатынас.ppt2
 

Similaire à оспанова а.а

Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзАйбек Қуандықұлы
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағNurlan Abilhanov
 
121вцвцвцвц
121вцвцвцвц121вцвцвцвц
121вцвцвцвцnurlan93kz
 
Наурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағНаурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағRauan Ibraikhan
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер классAsem Sarsembayeva
 
отбасым киелі шаңырағым
отбасым   киелі  шаңырағымотбасым   киелі  шаңырағым
отбасым киелі шаңырағымnurbolat84
 
венера халмуратовна
венера халмуратовнавенера халмуратовна
венера халмуратовнаAsem Sarsembayeva
 
№56 береке бб астана күні!d
№56 береке бб астана күні!d№56 береке бб астана күні!d
№56 береке бб астана күні!dNurlan Abilhanov
 

Similaire à оспанова а.а (20)

Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұзЖыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
Жыл басы – Наурыз, мол болсын дәм – тұз
 
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағұлыстың ұлы күніі тәр сағ
ұлыстың ұлы күніі тәр сағ
 
1369 i__85
1369  i__851369  i__85
1369 i__85
 
121вцвцвцвц
121вцвцвцвц121вцвцвцвц
121вцвцвцвц
 
Nauryz
NauryzNauryz
Nauryz
 
толкын
толкынтолкын
толкын
 
Наурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағНаурыз тәрби сағ
Наурыз тәрби сағ
 
тарбие сагаты
тарбие сагатытарбие сагаты
тарбие сагаты
 
sdsdsds
sdsdsdssdsdsds
sdsdsds
 
Наурыз
НаурызНаурыз
Наурыз
 
алматы мастер класс
алматы мастер классалматы мастер класс
алматы мастер класс
 
отбасым киелі шаңырағым
отбасым   киелі  шаңырағымотбасым   киелі  шаңырағым
отбасым киелі шаңырағым
 
арулар асыл жандар
арулар асыл жандарарулар асыл жандар
арулар асыл жандар
 
венера халмуратовна
венера халмуратовнавенера халмуратовна
венера халмуратовна
 
2105
21052105
2105
 
№56 береке бб астана күні!d
№56 береке бб астана күні!d№56 береке бб астана күні!d
№56 береке бб астана күні!d
 
сабак
сабаксабак
сабак
 
4666а
4666а4666а
4666а
 
наурыз мейрамы
наурыз мейрамынаурыз мейрамы
наурыз мейрамы
 
оку заман
оку заманоку заман
оку заман
 

Plus de Вспомогательный образовательный сайт

Plus de Вспомогательный образовательный сайт (20)

метод.в орлеу1
метод.в орлеу1метод.в орлеу1
метод.в орлеу1
 
открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.открытый урок украинченко ю.с.
открытый урок украинченко ю.с.
 
стасенко о.а.
стасенко о.а.стасенко о.а.
стасенко о.а.
 
откр.урок состав слова
откр.урок состав словаоткр.урок состав слова
откр.урок состав слова
 
менің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігімменің педагогикалық жетістігім
менің педагогикалық жетістігім
 
ашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысыашық сабақ т дыбысы
ашық сабақ т дыбысы
 
открытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамотеоткрытый урок по обучению грамоте
открытый урок по обучению грамоте
 
2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла2 мәуе презента бағдарла
2 мәуе презента бағдарла
 
джунелбаева
джунелбаеваджунелбаева
джунелбаева
 
методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.методическое пособие от филатовой а. н.
методическое пособие от филатовой а. н.
 
пед.чтение ижанара
пед.чтение ижанарапед.чтение ижанара
пед.чтение ижанара
 
фото с урока
фото с урокафото с урока
фото с урока
 
урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.урок кошанова г.б.
урок кошанова г.б.
 
этноград работа
этноград   работаэтноград   работа
этноград работа
 
оразбай сабина 1г
оразбай сабина 1горазбай сабина 1г
оразбай сабина 1г
 
тельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 втельмарова айзере 1 в
тельмарова айзере 1 в
 
алиева жамиля 1в
алиева жамиля 1валиева жамиля 1в
алиева жамиля 1в
 
малдагар али 1 в
малдагар али 1 вмалдагар али 1 в
малдагар али 1 в
 
самопознание
самопознаниесамопознание
самопознание
 
джандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPptджандаралова гк портфолиоPpt
джандаралова гк портфолиоPpt
 

оспанова а.а

  • 1. Сабақтың тақырыбы: «Жаса, Наурыз, дәстүрлі» Сабақтың мақсаты: Балаларға қазақ халқының тұрмыс- тіршілігінде, әдет- ғұрпында ерекше орын алған « Наурыз» тойының ерекшелігін, табиғат пен адамның байланысын, қазақша жаңа жылдың келу салтанатын түсінікті әрі баланың жас ерекшеліктеріне байланысты түсіндіру. Ұмытылып бара жатқан әдет- ғұрыпты: имандылыққа, тіл мен дініміздің берік орын алуына тәрбиелеу, бағдар беру. Сабақтың барысы: Наурыз келді, Наурыз келді ағайын! Құшырлана құшағымды жазайын. Көктем шыға күлімсіреп көк аспан. Әнге толды, күйге толды маңайым! Наурыз елдің ақжарылқап айындай, Тербетілген кербез, сұлу қайыңдай. Малдар төлдеп, қой қоздап. Сүтпен бұлақ ағызған, Жаңа жылдың сипаты, Молшылыққа аңыз боп, Басталыпты Наурыздан! Қазақтар Наурызды жыл басы санайды. Наурыздың 21-ші жұлдызында Қыдыр ата даланы аралайды екен. Қыдыр ата адамдарға бақыт, дәулет әкелетін көзге көрінбейтін ақсақал. Жаңа жылда үйді тазалап, ағартып отырған. Сол күні қар немесе жаңбыр жауса нұр жауды деп санаған. Ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар ( ортаға екі ер бала шығады). Қуанышты музыка. Қызыр баба шығады. Қызыр баба домбырамен әндетіп:
  • 2. Ау, аман ба, жараңдар, Алтын таңға қараңдар. Ерте жайнап атты таң Естіліп тұр шаттық ән Жас балаша нұрланып, Жадырайды күніміз, Күннің жаңа нұры бар, Мұның ғажап сыры бар. Халық сүйген мейрам- бұл: Қарсы алайық, тұрыңдар! Бәрі орындарынан тұрып шапалақтайды. Балалар, ұлы күнде сәлемдесудің де қалыптасқан дәстүрі бар ( ортаға екі ер бала шығады). - Ассалаумағалейкум! - Уағалейкумассалам! - Мал- жан аман ба? - Шүкір- шүкір! - Наурыз құтты болсын! - Бірге болсын! Балалардың өлеңі: 1- бала: Көктем келді бүгін, Күнім төкті нұрын. Сайрап барлық құстар, Ән салуға құштар. 2- бала: Қарды ерітіп жылғасы. Наурыз келді- жыл басы
  • 3. Шуақ төкті жарық күн, Мейрамында халықтың. 3- бала: Бата беріп атамыз, Бата беріп апамыз. Тәтті болып жасалған, Наурыз дәмін татамыз. Енді, балалар әдет- ғұрып, салт- дәстүр туралы әңгімелесейік. Қазақта әдет- ғұрып, оның мәдениеттік ерекшеліктері болып табылады. Халық әдептілік пен ілтипаттылықты ұрпағына әуелі үйретіп, дағдыландырып, әдепті қалыптастырған. Қалыптасқан әдеп- ғұрыпқа айналып, халықтың санасына сіңіп, салт- дәстүр пайда болған. Салт- дәстүр: « Тұсау кесу» Қаз- қаз балам, қаз балам. Қадам бассаң мәз болам. Күрмеуіңді шешейін. Тұсауыңды кесейін. Қаз- қаз балам, қаз балам Қадам бассаң мәз болам Басқаныңа қарайық, Қадамыңды санайық. Қазақтың тыйым сөздері өте көп. Олар жас ұрпақты табиғатты қорғауға, әдепті болуға, қарапайымдылық пен имандылыққа баулиды. Үйде ата- әжелер сендерге тыйым сөздерді үйретіп, ақылдарын айтып отырады емес пе? Балалар тыйым сөздерді айтады: Ұлттық салттан бұлжыма,
  • 4. Жұма күні кір жума. Шаршасаң сәл аялда, Бірақ жерді таянба. Ұмытып кетпе, Есікті теппе Кір жайма түнде далаға. Түнде шық далаға Аспанға қара да. Қызықта Бірақта, Жұлдызды санама. - Балалар, көктем мезгілінде табиғат оянады, құстар ұшып келеді, күн жылынады, мал төлдейді, ағаштар бүршік жарады, Жыл басы- Наурыз тойланады, балалар далаға шығып ойын- сауық құрып ойнайды. - Балалар бізде сендермен қазақтың ұлттық ойынын ойнасақ жақсы болар еді. Ендеше ер балалармен « Қол күресу» ойынын ойнайық. Мақсаты: Балаларға қазақтың ұлттық ойыны туралы білім беру. Қол бұлшық еттерін дамыту. Ұлттық салт- дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу. Балалар өлеңдерін айтады: 4- бала : Ашық болса күніміз Ашылады нұрымыз Бай тұлғалы өңірде Айтылады жырымыз.
  • 5. 5- бала : Наурыз- көктем тойымыз, Той дәмі мол тойыңыз. Күн ұзарар жылынып, Өсер біздің бойымыз. 6- бала: Наурыз тойы- береке, Наурыз тойы- жыр аңыз. Қызып әсем мереке, Қызық думан құрамыз. Ұлттық ойын: « Тақия тастамақ» Мақсаты: Балаларға ұлттық ойынның мазмұны жайлы білім беру. Ойынға деген қызығушылықтарын, шапшаңдықтарын дамыту. Патриоттық сезімдерін дамыту. Қазақта балаларды тәрбиелеу үшін талап ету, талап қою рәсімдері өмірлік ереже болып қалыптасқан. Мысалы қыз балаға әдепті болу, таза жүру, әсем киіну, әке- шешені күту, өнерлі болу, тамақ дайындай білу, әдеп сақтау, өсек айтпау, ұлттық дәстүрлерді құрметтеу, т.б. талаптар қойылады. Сол сияқты ер балаға да көптеген талаптар қойылып, оның іскер, инабатты, батыл, ержүрек, жігерлі азамат болып өсуіне қамқорлық жасалады. Ән: « Наурыз жыры» Ұлыс күні жеті түрлі заттан: сүр ет, сүт,тары, тұз, құрт, айран, күріштен қазан толы Наурыз- көже беріледі. Әженің әсем әуені естіледі. Ол Наурыз- көжеге балаларды шақыра келеді. Айналайын, балалар! Жеп- ішсін деп, тамсанып. Жеті түрлі дәм салып,
  • 6. Наурыз- көже пісірдім. Ішер бірақ-ақ тостаған. Еңбекшіге талапты Қоямын қос табақты, Көжеге жас- кәріңді Шақырамын бәріңді. Қызыр баба бата береді Жаңа ағытқан қозыдай, Жамырасқан өрістен, Ұлыс күні қазан толса. Ол жылы ақ мол болар. Ұлы кісіден бата алса. Сонда олжалы жол болар. Сабақты сұрақтар арқылы қорытындылау. Наурыз- көжені балаларға ұсыну. Төлдеді де малымыз Тамыр жайды талымыз, Жарқыраған жас нұрлы Жаса, Наурыз, дәстүрлі!!!
  • 7. №7 « Айша» мектеп- бақшасы Тақырыптық сабақ: «Жаса,Наурыз,дәстүрлі!» Оспанова А.А. Көкшетау қаласы